Пән силлабусы пән туралы ақпарат


«Философия» пәнінің негізгі міндеттері



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата07.02.2023
өлшемі227,21 Kb.
#65721
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Силлабус 2022-2023 философия (1) (1) (1)

«Философия» пәнінің негізгі міндеттері:
1) Білім алушылардың қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі заманның 
жаһандық міндеттерін шешудегі философияның рөлін түсіну аясында білім алушылардың 
философиялық-көзқарастық және әдістемелік мәдениет негіздерін игеруі;
2) Студенттердің бойында философиялық рефлексияны, өзін-өзі сараптау және 
адамгершіліктік өзін-өзіреттеу дағдыларын қалыптастыру;
3) Ғылыми зерттеу қабілеттерін дамыту, интеллектуалдық және шығармашылық 
әлеует қалыптастыру.
«Философия» пәнін оқыту негізінде күтілетін нәтижелер: 
 
• философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың негізгі 
мазмұнын сипаттау;
• нақты дүниені философиялық зерделеудің ерекшелігін түсіндіру; 
• дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық зерделеу мен 
зерттеудің нәтижесі ретінде негіздеу;
• дүниені танып-білудің ғылыми және философиялық әдістерін жіктеу; 
• мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның ерекшеліктері мен мазмұнына 
түсініктеме жасау;


• негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның қазіргі әлемдегі 
жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде негіздеу;
• медиамәтіндер, әлеуметтік-мәдени және жеке тұлғалық жағдайлардың 
философиялық қырларына этикалық шешімдерді қабылдау және негіздеу үшін 
талдау жасау;
• қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты өзінің адами ұстанымын 
қалыптастыру және сауатты дәйектеу; 
• кәсіби саладағы мәселелердің философиялық мазмұнын анықтау үшін өзекті болып 
саналатын зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін талқылауға ұсыну.
 
4. Курстың академиялық саясаты: 
Пән бағдарламасы тақырыптық принцип бойынша құрылған. Әр тақырып оның мазмұнын 
ашатын негізгі мәселелер тізімін қамтиды, дәрістік курста жүйелі түрде баяндалады және 
студенттерге практикалық сабақтарда, сондай-ақ өзіндік жұмыс барысында оқытылады. 
Осы мәселелерді білу студентке оқу үдерісінде, ал оқытушыға бақылау іс-шаралары кезінде 
пәннің жекелеген тақырыптарын меңгеру дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет