Бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу тапсырмалар жиынтығы Әдістемелік көмекші құрал



Pdf көрінісі
бет16/18
Дата07.02.2023
өлшемі0,63 Mb.
#65889
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
бастауыш

 
Дүниетану 
1. Табиғатта болатын құбылыстарды бақыла, зерттеу үшін қандай 
құралдарды қолдандың, оны қалай жүргізгенің жөнінде әңгімеле. 
2. Адам тіршілігіне қажетті жағдайларды анықтап, олардың әрқайсысының 
маңыздылығын дәлелдейтін мысалдар келтір. 
3. «Адам денесінің сымбатты болуы» деген тақырыпта ізденіс жасап, 
сыныптағы құрбыларыңмен өз пікіріңді бөліс. 
4. Сымбатты, енжар, ақылды, арық, шымыр, еңбекқор, толық, салмақты, 
ақылсыз, күшті сөздерін пайдаланып өзің жақсы көретін құрбыңа сипаттама 
бер.
5. Көкжиек тұстарын анықтайтын құралды пайдаланып, көкжиек тұстарын 
анықта және әр тұстың табиғаты, ауа райы, адамдарының тұрмыс тіршілігін 
бейнелейтін суретін сал. 
6. Өзің тұратын қаланың немесе ауылдың орналасқан жерін картадан 
анықтап, сол өңірдегі тау, өзен, көл, тау жыныстары жөнінде мәлімет жина, 
олардың жергілікті халыққа тигізер пайдасы жөнінде шығарма жаз. 
7. Адам әрекеттері арқылы өсімдіктердің жойылуына тигізген әсері жөнінде, 
өсімдіктерді қорғау үшін отбасында, мектепте қандай жұмыстар 
атқарғандарың жөнінде әңгімеле.
8. Кішкентай Дархан көрген нәрсесін айтып жеткізе алмай тұр. Ішкі үйге бір 
құс ұшып кіріп, қайта шығыпты. Дәл сондай құс Сәрсен атайдың ауызғы 
үйіне ұя салыпты. Дарханның көргені қандай құс? Көмекке кел. Сипаттап 
көр.
9. Сынып оқушыларының Сара әжейге қамқор болып, көмектесіп 
жүргендеріне көп бола қойған жоқ. Ол – жалғызілікті кісі. Ұлы Отан соғысы 
кезінде ауылда трактор айдаған. Оқушылар Жеңіс күніне әжейге қандай 
сыйлық аламыз деп көп таласты. Сенің ұсынысың қандай болмақ?
10. Мектепте жаңадан табиғат зерттеушілер және тоғызқұмалақ үйірмелері 
ашылды. Сен табиғат зерттеушілер үйірмесіне қатысқың келеді. Ал ағаң 
тоғызқұмалақ үйренгеніңді қалайды. Ағаңа өз пікіріңнің дұрыстығын 
дәлелде.
11. Далада ойнап жүрген Жанат үйге жүгіріп кірді. Апасынан далада жаюлы 
тұрған кірлерді алуын өтінді. Апасы түсінбей, себебін сұрады. Жанат қандай 
жауап берді деп ойлайсың? 
12. Үш бала әңгімелесіп отырды. 
Балабек:
- Қарға неге қара? – деген сауал қойды.
Жаңабек:
- Қара бояу жаққан, - деп жауап берді.
- Анасына тартқан, - деп топшылады Данабек.
Сен қалай ойлайсың? 


34 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет