А. Амангелді, С. Симбаева


СЫН ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР



Pdf көрінісі
бет141/165
Дата07.02.2023
өлшемі53,4 Mb.
#66060
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   165
Байланысты:
Снимок экрана 2023—02—02 в 12.33.47

СЫН ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР 
(Словообразующие суффиксы имен прилагательных) 
1. ЕСІМДЕРДЕН СЫН ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР 
(Словообразующие суффиксы прилагательного от имен) 
-лы/-лі – пайдалы, балалы, үлгілі, өнерлі; 
-ды/-ді – ақылды, құмды, білімді, көлді; 
-ты/-ті – тасты, ағашты, көрікті, шөпті; 
-лық/-лік – қалалық, орталық, өлкелік, кісілік; 
-дық/-дік – жылдық, қоғамдық, шешендік, күндік; 
-тық/-тік – азаматтық, жолдастық, көйлектік, кәмелеттік; 
-лас/-лес – сырлас, бауырлас, тілеулес, көршілес; 
-дас/-дес – ауылдас, мұңдас, дәмдес, елдес; 


151 
-тас/-тес – туыстас, қанаттас, қызметтес, серіктес, әріптес; 
-сыз/-сіз – ақылсыз, суысыз, білімсіз, көліксіз; 
-қы/-кі – қысқы, сыртқы, ішкі, кешкі, түскі; 
-ғы/-гі – жазғы, ауызғы, күзгі, түнгі; 
-дай/-дей – таудай, судай, үйдей, әкедей, түлкідей; 
-тай/-тей – аттай, қыстай, құстай, сүттей; 
-шыл/-шіл – арманшыл, ұйқышыл, көпшіл, күлкішіл; 
-шаң/-шең – бойшаң, ашушаң, көйлекшең, сөзшең; 
-и – әдеби, мәдени, тарихи, әскери, діни; 
-қой – сәнқой, әзілқой, кәсіпқой, әуесқой; 
-қор – жемқор, жалақор, ызақор, бейнетқор; 
-паз – өнерпаз, білімпаз, талғампаз; 
-кер/-гер – табыскер, айтыскер, шипагер, найзагер; 
-дар/-тар – қарыздар, білімдар, хабардар, борыштар 
-мал – бауырмал 
 
2. ЕТІСТІКТЕРДЕН СЫН ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР 
(Словообразующие суффиксы прилагательного от глаголов) 
-қақ/-кек – жабысқақ, майысқақ, ұрысқақ 
-ғақ/-гек – тайғақ, құрғақ, тоңғақ; 
-ақ/-ек – қорқақ, қосақ, кесек, ирек; 
-ық/-ік – сынық, ашық, жатық, ісік, бітік; 
-қ/-к – ақсақ, ширақ, дөңгелек, сирек; 
-қыш/-кіш – тапқыш, айтқыш, кескіш, көргіш; 
-ғыш/-гіш – болжағыш, байқағыш, сезгіш, білгіш; 
-шақ/-шек – мақтаншақ, қызғаншақ, еріншек, сүріншек; 
-ыңқы/-іңкі – басыңқы, жатыңқы, кебіңкі, көтеріңкі; 
-ңқы/-ңкі – салбыраңқы, шашыраңқы, желбіреңкі; 
-ынды/-інді – туынды, ағынды, түйінді; 
-нды/-нді – жасанды, асыранды, серпінді; 
-малы/-мелі – таңдамалы, жинамалы, төгілмелі, үрлемелі; 
-палы/-пелі – ауыспалы, аспалы, көшпелі, серіппелі; 
-ымды/-імді – жағымды, жарасымды, үйлесімді, келісімді; 
-мды/-мді – ұстамды, шыдамды, жарамды; 
-улы/-улі – санаулы, жинаулы, ерттеулі, бүктеулі, ілулі; 
-уық/-уік – жылауық, маңырауық, сыбырлауық, тістеуік; 
-ма/-ме – құрама, қынама, жиналма, бұрама, көтерме; 
-ба/-бе – қызба, тұнба; 
-па/-пе – аспа, даурықпа, бөспе; 
-аған/-еген – қабаған, қашаған, сүзеген, тебеген; 
-қыр/-кір – ұшқыр, тапқыр, өткір; 
-ғыр/-гір – алғыр, қадалғыр, білгір; 
-кілікті – жеткілікті, кешкілікті; 
-ғылықты – тұрғылықты 


152 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет