ІІІ. Синтаксистік қызметі
Синтаксические функции
1. Етістік шақ, рай тұлғаларында жіктеліп келіп, сөйлемде
баяндауыштың қызметін атқарады. Глагол, принимая формы времени,
наклонения и личные окончания в предложении, выполняет функцию
сказуемого. Мен кеше Омарды көргенмін. – Я вчера видел Омара.
2. Етістік есімдерше түрленіп, бастауыш, толықтауыш, кейде
анықтауыш та болады. Глагол в предложении выполняет функцию
подлежащего, дополнения и определения. Оқығаныңды айт. – Расскажи то,
что ты читал. Айтарын айттым, келер-келмесін білмеймін. – Сказать-то
сказал, но не знаю, придет или нет. Мен саған көрсеткен кітап. – Книга,
которую я показал тебе.
3. Етістіктің көсемше түрі пысықтауыш қызметін атқарады.
Деепричастие выполняет функцию обстоятельства. Бала үйден асыға
157
шықты. – Мальчик вышел из дома, торопясь. Ол бізге күлімсірей қарады. –
Он посмотрел на нас, улыбаясь.
ТУЫНДЫ ЕТІСТІКТЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ
(Образование производных глаголов)
1. Зат есімнен етістік тудыратын жұрнақтар (Словообразующие
суффиксы глагола от существительных)
А) -ла/-ле, -да/-де, -та/-те
ойла, хабарла, шегеле, бейнеле
тұзда, арқанда, көзде, емде
баста, аяқта, суретте, есепте
Ә) -а, -е
аса, ата, сына, түне, тіле, өрте
Б) -лас/-лес, -дас/-дес, -тас/-тес
саудалас, сырлас, қателес, күбірлес
ақылдас, ұйымдас, тілдес, күңкілдес
достас, қоштас, көмектес, өштес
В) -қар/-кер, -ғар/-гер
басқар, атқар, ескер
суғар, аңғар, теңгер
Г) -лан/-лен
пайдалан, ашулан, үйлен, иелен
2. Сын есім, сан есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар (Словообра-
зующие суффиксы глагола от прилагательных, от числительных)
Сын есім (имя прилагательное)
1. -ла/-ле, -да/-де, -та/-те
жұқала, сұлула, әдеміле, іріле
жаманда, жуанда, қалыңда, жеңілде
ақта, ұсақта, арықта, уақта, тікте
2. -ар/-ер/-р
жасар, ағар, қызар, көгер, тазар
3. -ай/-ей/-й
молай, күшей, көбей, қарай
Сан есім (Имя числительное)
1. -ла/-ле, -да/-де
алтаула, екеуле
онда, жүзде
2. лес/-дес
бірлес, жүздес
3.
Басқа
сөз
таптарынан
етістік
тудыратын
жұрнақтар
(Словообразующие суффиксы глагола от других частей речи)
Үстеу (Наречие)
1. -ла/-ле, -да/-де, -та/-те
жоғарыла,
қазақшала,
орысшала,
ілгеріле
шында, жылдамда, төменде, кейінде,
шақта, қыста
Одағай (Междометие)
1. -ла/-ле
ойбайла, құраула, көкеле, уһле
Еліктеу сөздер (Подражательные слова)
1. -ла/-ле, -да/-де, -та/-те
зула, сылдырла, гуле, уле
тарсылда,
жылтыңда,
ирелеңде,
желпілде
салпақта, елпекте
2. -ыра/-іре
жарқыра, бұрқыра, дүркіре, желбіре
158
Достарыңызбен бөлісу: |