36
3. Қандай халықаралық құқық қорғау ұйымдарын білесіз?
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
1-тапсырма. Қазақстанның қазіргі Конституциясы қандай бөлім-
дерден тұратынын, бөлімдерде не тұжырымдалатынын қысқаша
дәптерлеріңізге жазыңыз.
2-тапсырма. Болашақ мамандығыңыздың тәртіптік және
әкімшілік-құқықтық жауапкершілігі туралы әңгіме құрастырыңыз.
ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Сіздің назарыңызға бір немесе бірнеше дұрыс жауаптары бар тест
тапсырмалары ұсынылады. Барлық дұрыс жауаптарды белгілеңіз.
1. Сөйлемді толықтырыңыз. Халықаралық қатынастарда
халықаралық құқықтың ... қызметі көрінеді
A) реттеушілік
B) қорғаушылық
C) жазалаушылық
D) тәрбиелеушілік
Е) қамтамасыз етушілік
2. Сөйлемді толықтырыңыз. Халықаралық құқық ... заңды құқығы
мен мүддесін қорғайды
A) адамдардың
B) азаматтардың
C) мемлекеттердің
D) жеке тұлғалардың
Е) заңды тұлғалардың
Достарыңызбен бөлісу: