Бас редакторы: Серкебаев Қайрат Есенбекұлы Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет13/19
Дата07.02.2023
өлшемі1,07 Mb.
#66076
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
OU 10.7

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


27 
27 
27 
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР 
 
 
 
Есенгелдиева Алия Тажикуловна
 
Түркістан облысы, Байдібек ауданы, Боралдай ауылы 
«С.Ерубаев жалып орта мектебі» 
Тарих және география пәні мұғалімі 
Халықты халықпен, 
адамды адаммен 
теңестіретін –БІЛІМ 
М Әуезов 
Бүгінгі таңда педагогтің міндеті оқушыларды білім мөлшерімен жабдықтау емес, білімді өз бетімен алу 
үшін жағдай жасау болып табылады. Осыған орай, география пәнінің оқытылу сапасын жақсарту, оқыту 
әдістемесін ғылыми зерттеу нысанына ала отырып, соны ізденістер жасау, оны тікелей іс-тәжірибе арқылы 
дәлелдеуге қол жеткізу кезек күттірмейтін маңызды мәселеге айналуда. 
Қазіргі кездегі жаңартылған білім беру негізінде оқу әрекетін ұйымдастыруда жеке тұлғаның өзін-өзі 
таныту тетіктерін, ғылыми ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін игеруді, кәсіби мақсаттарын 
қалыптастыруды қамтамасыз ету қажеттілігі бірінші орында.
Мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде оқушыларға құндылықтар арқылы тәрбие беруді қалыптастырудағы 
аймақтық-өлкетану мәліметтерін пайдаланудың рөлін арттыру, аймақтық базалық білім берумен 
байланыстыру, педагогикалық шарттарын айқындау, аймақтық-өлкетануға тән ерекшеліктерді анықтау – 
география пәнінің негізі ретінде саналады. Аймақтық-өлкетану арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу
– жалпы білім беретін орта мектептердің оқу-тәрбие үдерісіндегі маңызды компоненттердің бірі. Мектеп 
оқушыларының отансүйгіштік қасиеттерін жетілдіруде өлкетану мәліметтерін мектептің оқу бағдарламасына 
кешенді түрде енгізу, сабақ барысында кіріктіру мүмкіндіктері қарастырылу қажет. 
Географиядан білім беру оқушылардың мәтінді ой көзімен түсіне оқып, жан-жақты талдау жасаумен 
ерекшеленеді. Тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиеленуі бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр. География 
пәнін оқытуда оқушының адамзаттық құндылықтарды игеруі жаратылыстану, табиғат байлықтарын, туған 
өлкенің байлықтарын түйсінуі арқылы бойына сіңірілмек. Ол үшін сабақта әр оқушының өзінің 
интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерінің шыңына жету мүмкіндігін қамтамасыз ететін, 
құзыреттілігін қалыптастыратын оқу тапсырмаларын әзірлеу қажеттігі туындайды. 
Оқу үдерісінде өлкетану жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру оның деректерін пайдалану әсіресе, 
тәуелсіздік алған тұстан бері қозғалып келе жатқан мәселе. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мәдени-рухани 
мұралар, тастағы жазбалардағы өсиет, өнеге, нақыл сөздер, өлкетану мұражайларына орналасқан жәдігерлер 
қазіргі жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ерлік сезімді ұялатып, олардың туған жерге, өскен елге, ұлт 
мәдениетіне деген сүйіспеншілік қасиеттерді қалыптастыруға игі ықпал етеді. Халқымыз ертеден табиғат 
болмысын, оны бүкіл өзінің өмір тіршілігінің дамуы мен қалыптасуының көзіне айналдыра білген. 
Халқымыздың көшпелі өмір тәжірибесінде табиғатты пайдаланумен қатар, оны аялаудың, қорғаудың тамаша 
үлгілерін сабақ барысынада бүгінгі заманауй өмір сүру ұстанымымен кіріктіре көрсету маңызды. 
География пәнін оқытуды үлкен маңызды күрделі мәселелерді шешуге, әртүрлі территориялардың 
ресурсын зерттеп оқып, сол жердің табиғи ресурсын тиімді пайдалануға, құрылыс, зауыт, қала, жол салуға ең 
қолайлы жерлерді анықтауға байланысты сауаттылықтарын дамытуға бағыттау ұстазға кәсіби шеберлікті талап 
етеді. Географиялық білім берудегі тәжірибелік бағытты күшейту міндетін шешу – оқытудағы теория мен 
практиканың бірлігін қамтамасыз ететін, жалпы оқу және зерттеу біліктілігі мен дағдыларын 
қалыптастыратын, оқушылардың оқу-зерттеу жұмыстарын мақсатты, жүйелі ұйымдастыру арқылы жүзеге 
асырылады. Оқыту процесінің нәтижелі болуы қойылған мақсаттың нақтылығынан, оны оқушылардың жете 
түсінуіне байланысты. 
Жаңартылған білім мазмұны мақсатына сай үлкен модульдарды оқыту соңында дәстүрлі тест, бақылау 
жұмыстарынан басқа оқушыларды кіші жоба жұмыстарын әзірлеп қорғату тәжірибеде қолданылуда. Әрине, 
жоба жұмысы оқушылардың зерттеу әрекетіне байланысты жүргізіледі. Зерттеу жұмысының бірінші кезеңінде 
оқытушы оқушылардың алдына мәселе қойып, оны шешу әдістерін белгілейді. Шешу жолдарын оқушылар өз 


28 
28 
28 
бетінше іздестіреді. Екінші кезеңде оқытушы тек мәселе қояды, ал оны шешу жолдарын оқушы өз бетінше 
қарастырады. Үшінші кезеңде мәселе қою, оны шешу жолдарын қарастыру және мәселені шешуді оқушы 
өздігінше атқарады. Өзіндік зерттеу жұмыстары негізінде оқушылардың қосымша оқу құралдарымен, ғылыми 
әдебиеттермен, анықтамалықтармен, көрсеткіштермен жұмыс істеу еп-дағдылары қалыптасады. 
Зерттеу жұмысын ұйымдастыруда оқушылардың ой-өрісін дамыта оқыту технологиясын жетілдіріп отыру 
қажет. Солардың бірі, зерттеушілік әрекеттер арқылы білім беруді дамыту. Яғни, мәселе ұсынып, тәжірибелер 
нәтижесін көрсете отырып шешу жолына әкелу . Бұл жерде мұғалім бағыттаушы рөл атқаруы тиіс. Оқушы 
қиналған жағдайда мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы көмектесіп отырады. Жаратылыстану-география 
пәніндегі зерттеу жұмысы оны тәрбие беру үрдісімен байланыстыру тіні экскурсия (топсеруен) арқылы да 
дамытылады. 
Топтық ізденіс оқушыларға қолданбалық бағытта сапалы білім алуға көмектеседі. Топсеруен кезінде 
алдын-ала берілген тақырыптарға байланысты тапсырмаларға сәйкес жасалған суреттерді, пікірлерді, 
сызбаларды, кестелерді әзірлеу, қосымша ақпараттар жинау, өңдеу оқушылардың функционалдық 
сауаттылықтарының дамуына көмектеседі. Тұлғаның зерттеу іс-әрекетін дамытуда мүмкіндігінше жергілікті, 
аймақтық проблемаларды көтеру оған оқушылардың араласуын, туған өлкесіне деген патриоттық сана-сезімін 
ояту барысында жер-су атауларының шығу тегі туралы пікірталас, ой-талқы, тренингтер өткізу маңызды орын 
алады. Жергілікті жердің фаунасы мен флорасының проблемасын шешуде сирек аң мен құстарды анықтау, 
ағаш отырғызу, бүлінген жерлерді қорғау мәселелері тақырыбында бейнежазба, экобайқаулар, эссе, 
таныстырылымдар оқушылардың өздігінен білім алуларына жағдай жасайды. 
Ұрпақ бойында ғасырдан бергі үздіксіз келе жатқан тәжірибені дамыту, келешекке жеткізу, оқушылардың 
ортамен қарым-қатынасын дамыту, өзінің қоғамдағы орнын анықтау, өзін және өзгені танып-білудің құралына 
айналдыру-нәтижеге бағдарланған білім негізінің басты бағыттары болып отыр. Ендеше, география пәнін 
оқытуда бүгінгі ХХІ ғасыр ұстазы жаңалықтың ішінде болуы заңды. 


29 
29 
29 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет