Қорытынды
Қорыта келе, қола дәуірі кезеңін зерт- теуде ең түйткілді мәлелелердің бірі жер- леу салтындығы әркелкі
салттардың кездесуі және олардың қалыптасуы мен дамуы туралы ғылыми тұжырымдардың әркелкілігін көріп
отырмыз. Федоров мәдениеті таралған негізгі аймақтардың бірі саналатын Шығыс Қазақстан өлкесі де
жоғарыда аталған мәселелерден тыс қалмақ емес. Керісінше, қола дәуіріндегі миграциялық үдерістер
тұрғысынан жер- леу ескерткіштерінде кездесетін кейбір дәстүрлер жергілікті халыққа тиесілі ме, әлде көші-
қон үрдістері кезінде сырттан келген халықтармен бірге келген дүниетанымдық жоралғылар негізінде сіңісіп
отырды ма? Сондай-ақ, зерттеуімізде қарастырып отырған кейбір қорытындылар негізінде, қола дәуірі
халықтарының шығу тегі мен миграциялық үрдістерге қатысты жаңа тұжырымдар жасауға мүмкіндік аламыз.