12.2.
Тараптар
осы
Шарттың
бүкіл
қолданылу
мерзімі
ішінде
және
ол
аяқталғаннан/тоқтатылғаннан кейін кемінде үш жыл бойы осы бөлімнің талаптарына сәйкес
коммерциялық құпия режимін сақтауға міндеттенеді.
12.3. Осы Шарт бойынша екінші Тарап иесі болып табылатын ақпаратқа қатысты коммерциялық
құпия режимін бұзған Тарап ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес екінші Тарапқа осындай
бұзушылықпен келтірілген залалды өтеуі тиіс.
12.4. Орындаушы Тапсырыс берушінің дербес деректерін оларға заңсыз немесе кездейсоқ қол
жеткізуден, дербес деректерді жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, сондай-ақ
өзге де заңсыз әрекеттерден қорғау үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық
шараларды қабылдауға міндеттенеді.
12.5. Тапсырыс беруші онлайн-курс авторының зияткерлік меншігін қорғау бөлігінде ҚР
заңнамасының барлық нормаларын сақтауға міндеттенеді, атап айтқанда: Орындаушының
курстық материалдарына және зияткерлік меншіктің кез келген басқа объектілеріне оның
санкцияланған жазбашаға рұқсатынсыз үшінші тұлғаларға жазбауға, көшірмеуге және кіруге
рұқсат бермеуге міндеттенеді.
12.6. Шарттың 12.5-тармағын бұзған жағдайда Орындаушы Тапсырыс берушіден / келушіден 1
000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде материалдық залалды өндіріп алуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: