Қазақстанда бұл тәжірибені қолдануға болады, енгізу жӛніндегі міндеттер
осы тұжырымдамаға енгізілген. Халықаралық тәжірибені ескере отырып,
Қазақстанда мектептердегі жұмыс істеп тұрған психологиялық қызметтердің
жұмысын
қайта қарап, тату әрі қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету
және жанжалды жағдайлардың алдын алу мақсатында мектептерде татуласу
қызметтерін құру қажет.
Педагогтердің кәсібилігін дамыту
Сингапурда, Гонконгта, Эстонияда, Финляндияда,
Канадада және басқа да
дамыған елдерде мұғалім ӛзінің кәсіби деңгейін тек ресми оқыту аясында ғана
емес, сонымен қатар бейресми түрде тренингтерге, вебинарларға, мастер-
класстарға қатысу, әріптестерімен ӛзара әрекеттесу,
мектептегі ішкі оқыту
нысандарына қатысу арқылы арттырады. Жалпы әлемде педагогтің үздіксіз
кәсіби дамуын педагогикалық жоғары оқу орындары ғана емес, сондай-ақ
біліктілікті арттыру провайдерлері де жүзеге асырады. Бұл процеске мектептер
қатысады.
Осы
факторлардың
барлығы
кәсіби
даму
процесінің
тұжырымдамалық тәсіліне негізделіп, бірлесіп әрекет етеді:
педагогикалық
жоғары
оқу орындарына іріктеу, педагогикалық даярлық, мамандыққа кіру
кезеңдерінде, оқытудың және ӛзінің кәсіби дамуының бастапқы кезеңінде.
Халықаралық практикада "Педагог" кәсіптік стандарты педагог кадрларды
даярлау және дамыту, педагог еңбегін бағалау және оны сертификаттау жүйесі
үшін әдіснамалық негіз болып табылады. Ол білім беру жүйесін реформалауды
ескере отырып, үнемі жаңартылып отырады. Кәсіптік стандартты әзірлеуге
практикасы бар педагогтер мен сарапшылар қатысады.
ЭЫДҰ елдерінде мектеп директорларының 30 %-ы педагогикалық
кӛшбасшылыққа
оқытылады.
Кӛптеген
елдерде,
мысалы,
АҚШ-та
педагогтердің кетуі бұрыннан бері халықаралық проблема ретінде танылған.
АҚШ-тың кейбір штаттарында жас педагогтердің 40 %-ы жұмысқа
орналасқаннан кейінгі алғашқы екі жылда кәсіптен кетеді. ЭЫДҰ елдерінде
әрбір оныншы педагог мектептен кетеді. Аталған
проблеманы шешу үшін АҚШ
жас педагогтерге тәлімгерлер тарту бойынша бағдарламалар қабылдады, бұл
проблеманы шешуге, ал елдің кейбір ӛңірлерінде осы бағдарламаларды іске
асырғаннан кейін жас педагогтерді 100 % сақтауға мүмкіндік берді.
Бұл халықаралық тәжірибені Қазақстанда Мемлекет басшысының 3
жылда
бір рет педагогтердің біліктілігін арттыруды ӛткізу жӛніндегі тапсырмасын,
сондай-ақ ӛмір бойы оқыту тұжырымдамасын іске асыру аясында қолдануға
болады. Сонымен қатар елімізде жаңа жағдайларды ескере отырып,
ӛзектендірілетін "Педагог" кәсіптік стандарты қолданылады.
Білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау
Білім беру сапасындағы алшақтықтың тағы бір себебі –
мектептердегі
басқарушы кадрлардың әлеуетін біркелкі бӛлу.
Халықаралық тәжірибе кӛрсеткендей, директорларды ротациялау жүйесі
кӛптеген елдерде қолданылады. Бұл стратегияның негізгі мақсаттары тиімді
менеджментті қалыптастыру және оны мектеп жүйесіне тарату болып
табылады. Мысалы, Сингапурда мектеп директорларын ротациялау жүйесі 2011
жылдан бастап енгізілген. Директорлар әр 5-7 жыл сайын ауысады. Кореяда
мектеп директоры бір мектепте ең кӛбі 8 жыл жұмыс істей алады, содан кейін
оған басқа мектепке ауысу мүмкіндігі беріледі. Табысты мектептердің
директорлары кӛбіне ауылдық және шағын жинақты мектептерге жіберіледі.
Қазақстанда ротация практикасы мүмкін және қолдануға болады.
Сонымен
бірге, белгілі бір уақыт ішінде мектеп директорлары ӛздерінің мектепке
тигізетін әсерін барынша арттырады деп саналады.
Достарыңызбен бөлісу: