Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы


-параграф. Педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілу және педагогикалық білім беруді



Pdf көрінісі
бет28/52
Дата09.02.2023
өлшемі1,03 Mb.
#66539
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52
Байланысты:
p2200000941.24-11-2022.kaz

 2-параграф. Педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілу және педагогикалық білім беруді 
жаңғырту 
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің, әсіресе балаларды 
ерте дамыту және оқыту тақырыбы бойынша оқыту тәсілдері мен мазмұнын 
және бағдарламасын жетілдіру жоспарлануда. МДТО педагогтерін даярлауды 
жүргізетін жоғары оқу орындары мен ТжКБ ұйымдарының жанынан кадрлар 


даярлауда теория мен практиканың бірлігін қамтамасыз ету үшін ресурстық 
орталықтар немесе балабақшалар құрылады. 
Баланың жан-жақты дамуы, бастамаларын жеке қолдау, балалардың 
эмоциялық, моральдық, психикалық, психологиялық салауаттылығы мен дамуы 
үшін балаға мейірімді даму процесі мен ортаны ұйымдастыру үшін педагогтің 
әр баламен сапалы маңызды ӛзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында 
үлкен (4 жастан бастап балалар), мектепалды топқа (5 жастан бастап балалар) 
есептеп, тәрбиеші лауазымының штат бірліктерінің саны артады.
Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиешілердің балаларға арақатынасы және 
кәсіптік жүктемесі ЭЫДҰ елдерінің нормаларына сәйкес келтіріледі.
Педагог кәсібін таңдау болашақ талапкердің осы салада жұмыс істеуге 
деген тікелей ықыласы мен бейімділігіне байланысты болуы керек. 
Педагогикаға бейімділікті анықтау үшін оқушылардың кәсіптік қалауын 
диагностикалау жүргізіледі және анықталған оқушылар үшін "болашақ 
мұғалімі" элективті пәні енгізіледі, сондай-ақ таңдалған мамандыққа түсуге 
қолдау кӛрсету бойынша шаралар кешені ұсынылады. Педагогикалық 
мамандықтар бойынша түсу үшін сапалы іріктеу жоғары оқу орнына түсу 
кезінде жоғары шекті деңгей арқылы қамтамасыз етіледі (75 балл).
Орта білім беру жүйесіне педагогикалық жоғары оқу орындары жанынан 
қайта даярлаудан ӛтетін магистр және PhD дәрежелері бар мамандар 
тартылады. Осылайша, мұғалім мамандығына "бүйірінен кіру" кеңінен дамиды, 
онда белгілі бір салада жұмыс тәжірибесі мен білімі бар мамандар мұғалімдер 
қатарын толықтырады, осылайша жалпы кәсіптің кәсіби деңгейін арттырады.
Мұғалімдер тапшылығы бар ӛңірлер үшін қолдау шараларының тиісті 
пакетімен мектептерге үздік педагогтерді тартудың арнайы бағдарламасы 
әзірленетін болады.
Жоғары оқу орындары базасында ТжКБ ұйымдарының түлектері қатарынан 
арнайы пәндер оқытушылары мен ӛндірістік оқыту шеберлерін даярлау 
ұйымдастырылатын болады. 
Даярлау бағыттарының сабақтастығын қамтамасыз ету үшін педагогикалық 
жоғары оқу орындары мен ТжКБ ұйымдарының, педагогтердің біліктілігін 
арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың мектепке дейінгі, қосымша, арнайы, 
мамандандырылған, орта және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарымен 
тығыз ғылыми-практикалық ӛзара іс-қимылы белгіленеді. Аталған білім беру 
ұйымдарында педагогикалық бағыттағы студенттер үшін 1 курстан бастап 
белсенді практикадан ӛту жоспарланған.
Ӛзгерген болмысқа және озық білім беру практикасына сәйкес "педагог 
құзыретінің шеңбері" – "Педагог" кәсіптік стандартын әзірлеу жоспарлануда, ол 
білім берудің барлық деңгейлеріндегі педагогтердің кәсіптік даму 
траекториясының бірыңғай бағдарына айналады. Кәсіптік стандартты ескере 
отырып, білім беру бағдарламалары, сертификаттау және аттестаттау рәсімдері, 
үздіксіз кәсіптік дамудың мазмұны әзірленіп, жаңартылады және педагог 
кадрдың қызмет бойынша жылжу стратегиясы құрылады. 


"Педагог" кәсіптік стандартының негізінде педагогті даярлау бӛлігінде 
педагогикалық және басқа жоғары оқу орындарын аккредиттеу стандарты 
қабылданады.
Педагогикалық білім беруді трансформациялау мақсатында педагогикалық 
бағыттар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындары 
мен ТжКБ ұйымдарын бейіндеу арқылы педагогтерді даярлау жүйесін 
жаңғырту жоспарлануда.
Үш тілде оқытуды ұйымдастыру үшін жоғары оқу орындарында ағылшын 
тілінде пәндерді оқытатын мұғалімдерді даярлау жалғасатын болады. 
Педагогикалық білімнің білім беру бағдарламалары балаларға қосымша 
білім беру жӛніндегі пәндермен толықтырылатын болады. 
Бағдарламалау, робототехника және 3D-принтинг бойынша бӛлімдерді қосу 
арқылы "Информатика" даярлау бағыты бойынша педагогикалық жоғары оқу 
орындарының білім беру бағдарламалары ӛзектілендірілетін болады. 
Педагогикалық кадрларды даярлаудың барлық бағыттары бойынша ЕБҚ бар 
балалармен жұмыс істеу модулі кӛзделетін болады.
Жоғары оқу орындарында педагог-психологтарды даярлаудың білім беру 
бағдарламаларын олардың практикаға бағдарлануын күшейту мақсатында 
қайта қарау жоспарлануда.
Педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру үшін аккредиттеу агенттіктері 
педагог кадрларды даярлауды жүргізетін ТжКБ ұйымдары мен жоғары оқу 
орындары үшін мамандандырылған стандарттарды әзірлеуді жоспарлады. Осы 
процеске қатысушылардың барлығының институционалдық ӛзара іс-қимылын 
қалыптастыратын педагогтерді үздіксіз кәсіптік дамыту тәсілдері енгізілетін 
болады. Осылайша, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ӛткізетін 
ұйымдар болашақ педагогтердің үздіксіз кәсіптік дамуын қолдау шеңберінде 
студенттерді қысқа мерзімді практикалық-бағдарланған курстарда оқытуды іске 
асыратын болады, сондай-ақ практикалық жұмыс тәжірибесін игеру 
мақсатында педагогикалық жоғары оқу орындарының ПОҚ үшін білім беру 
ұйымдарында тағылымдамалар ұйымдастыратын болады.
Қазақ әйелдер ұлттық педагогикалық университеті МТБ-ны жарақтандыру 
жолымен жаңғыртылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет