Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы


-параграф. Педагогтің үздіксіз кәсіптік дамуы



Pdf көрінісі
бет29/52
Дата09.02.2023
өлшемі1,03 Mb.
#66539
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   52
Байланысты:
p2200000941.24-11-2022.kaz

 3-параграф. Педагогтің үздіксіз кәсіптік дамуы 
Қазіргі уақытта "педагог біліктілігін арттыру" парадигмасының "педагогтің 
үздіксіз кәсіптік дамуына" ауысуы пісіп-жетілді, бұл кезде осы процестің әрбір 
кезеңі (кәсіптік бағдарлау; педагогикалық даярлық; мектеп; біліктілікті 
арттыру) педагогтің кәсіптік дамуы бойынша ӛз функцияларын сабақтастық 
қағидатына және дәйекті орындауға негізделетін болады. Жаңа парадигмаға 
сәйкес педагогтің үздіксіз кәсіби даму тұжырымдамасы әзірленетін болады. 
Педагогтердің біліктілігін арттыру курстары бағдарламаларының мазмұны 
педагогке педагогикалық қызметтің барлық түрлерін іске асыру үшін қажетті 
пәндік, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік, цифрлық және басқа да 
құзыреттердің оңтайлы арақатынасын қамтитын болады. 


Педагогтердің кәсіптік құзыреттілігін арттыру үшін педагогтердің 
біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларының мазмұны 
қайта қаралатын болады. Кәсіптік құзыреттіліктерді қалыптастыру негізінде 
практикаға бағдарланған біліктілікті арттыру курстары енгізілетін болады. 
Сондай-ақ пәндер бойынша барлық оқу бағдарламаларын іске асыру 
шеңберінде инклюзивті ортада оқыту ерекшеліктерін зерделеуді кӛздейтін 
модульдер енгізілетін болады.
Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеу үшін педагогтердің 
біліктілігін арттыру оқытудың әмбебап дизайны қағидаты (сараланған 
тапсырмаларды қолдана білу, оқу бағдарламаларын бейімдеу, ЕБҚ бар 
балаларға қажетті қолдауды ұйымдастыру) негізінде жүзеге асырылатын 
болады. Педагог-ассистенттерді сертификаттау қағидалары және сертификаттау 
курстарының бағдарламалары (балалардың психологиялық-педагогикалық 
ерекшеліктері мен қажеттіліктерін есепке алу, сараланған кӛмекті дұрыс 
ұйымдастыра білу, кӛру қабілеті бұзылған балаларға арналған Брайль қарпін 
білу, есту қабілеті бұзылған балаларға арналған дактилологияны білу, аутизмі 
бар балаларға арналған арнайы технологияларды білу және т.б.) әзірленетін 
болады.
Біліктілікті арттыру курстары (пәндік, IT-құзыреттер, инклюзивтік және 
т.б.) арқылы педагогтердің құзыреттілігін дамыту, ӛңіраралық және 
республикалық деңгейлерде педагогтердің үздік практикаларын трансляциялау 
жалғасады.
Педагогтердің IT дағдылары деңгейінің диагностикасын жүргізу негізінде 
педагогтерді цифрлық дағдыларға оқыту бағдарламасы дамытылады және 
ӛзектілендіріледі.
Жоғары оқу орындарының институционалдық әлеуетін ұлғайту мақсатында 
балаларды ерте дамыту саласында білім беру қызметтерін ұсынатын ПОҚ-тың 
тағылымдамадан ӛтуі үшін мамандықтар "Болашақ" халықаралық стипендиясы 
үшін басым бағыттар тізіміне енгізілетін болады. 
Ісін жаңа бастаған педагогтердің кәсіптен кету проблемасын шешу үшін 
"Ӛрлеу" ҰБАО ісін жаңа бастаған педагогтер үшін кәсіпке кірісу және 
тәлімгерлерді оқыту бағдарламалары әзірленетін болады. Мамандығы бойынша 
жұмыс істемеген және ұзақ уақыт (3 жыл және одан кӛп) сабақ бермеген 
педагогикалық білімі бар адамдар үшін біліктілікті арттыру курстары 
әзірленетін болады. Бұл шаралар мұғалімдерге деген сұраныс мәселесін 
шешуге ықпал етеді.
Білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыс педагогтердің кәсіптік 
дамуымен тығыз байланысты, осыған орай біліктілікті арттыру курстарымен 
айналысатын ұйымдар мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын оқу-
әдістемелік 
сүйемелдеумен 
айналысуды 
жалғастырады. 
Нәтижесінде 
тәрбиеленушілер мен барлық деңгейдегі білім алушылардың білім сапасына 
бағытталған әдістемелік жұмыс педагогтер қызметінің сапасымен байланысты 
болады және тұрақты және үздіксіз сипатқа ие болады.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біліктілікті арттыру 
курстарын ӛткізу тәсілі қайта қаралатын болады.
Педагогтердің біліктілігін арттыруды педагогтерді оқыту тиімділігінің 
айқындылығы мен айқын индикаторлары негізінде біліктілікті арттыру 
курстарының сапасын сыртқы бағалау шеңберінде сапаның бекітілген 
сипаттамаларына сәйкес келетін ұйымдар үш жылда кемінде 1 рет жүзеге 
асыратын болады және "ӛмір бойы оқу" парадигмасына негізделеді.
Ӛзгерген жағдайларды және педагогтің кәсіптік деңгейіне қойылатын 
талаптардың жоғарылағанын ескере отырып, педагогтердің біліктілігін арттыру 
процесін ресурстық қамтамасыз ету тәсілдерін қайта қарау жоспарлануда. 
Біліктілікті арттыру курстарының құнын есептеу әдістемесі қайта қаралатын 
және 
бекітілетін 
болады. 
Бұл 
педагогтердің 
кәсіптік 
дамуының 
дербестендірілген траекторияларын табысты іске асыру үшін неғұрлым 
қолайлы мүмкіндіктер жасайды. Қолданыстағы біліктілікті арттыру 
бағдарламалары жаңартылады, жаңа білім беру бағдарламалары әзірленеді. 
Бизнес-мектептердің жаттықтырушыларын тарта отырып, кӛшбасшылық және 
басқарушылық құзыреттерді дамыту бойынша орта білім беру ұйымдары 
басшыларының жеке қажеттіліктерін айқындайтын зерттеулер негізінде 
бағдарламалар әзірлеу жоспарлануда. 
ТжКБ ұйымдарында оқыту сапасын арттыру үшін басқарушылық 
құзыреттер бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру, тиімділіктің 
негізгі кӛрсеткіштері, ротациялау тетігі, басшылар рейтингі бойынша 
басшылардың қызметін бағалауды енгізу жалғастырылады. Бұл заманауи 
менеджерлер командасын, сондай-ақ "Кӛшбасшылар корпусы" жобасы арқылы 
ТжКБ басшыларының кадрлық резервін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Педагогтердің құзыреттіліктерінің жаңа жиынтығын қалыптастыру үшін 
педагогикалық қызмет бойынша үздік практикалардың бенчмаркингі бойынша 
жұмыс ұйымдастырылады және ТжКБ жүйесінің педагогтері арасында кәсіптік 
шеберлік конкурстары ұйымдастырылады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде 
топ-менеджмент үшін біліктілікті арттыру курстары, сондай-ақ "Болашақ" 
бағдарламасы шеңберінде ПОҚ-ның тағылымдамалары ӛткізілетін болады. 
Сонымен қатар жоғары оқу орындары ПОҚ-ның оқытылатын пәндер мазмұны 
бойынша кәсіптік деңгейін арттырудың ауқымды бағдарламасын ӛткізу 
жоспарлануда.
Барлық осы шаралар тұтастай алғанда кәсіпқойлықтың, цифрлық 
сауаттылықтың, адами капитал, ең алдымен педагогтердің, ал одан әрі білім 
алушылардың сапасын арттырудың негізіне айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет