2-6 жастағы балаларды сапалы МДТО-мен қамтамасыз ету бойынша нақты
шаралар қабылданады.
Ең алдымен, бұл МЖӘ және бизнесті тарту негізінде
балабақшаларды ашу.
ЖАО халықтың мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне қажеттіліктерін
есепке алу тәсілдерінің ӛзгеруіне, сондай-ақ кӛші-қон
ағындары мен бала туу
болжамына байланысты үлгілік балабақшалар салу жоспарларын қайта
қарайтын болады.
Меншік нысанына қарамастан балалардың мектепке дейінгі ұйымдарда
болу қауіпсіздігіне, дамытушы заттық-кеңістіктік ортаны жарақтандыруға және
абаттандыруға қойылатын талаптар арттырылады, сондай-ақ жайлы жағдайлар,
оның
ішінде ауыз сумен, санитариямен және гигиенамен қамтамасыз ету
жасалатын болады. Жұмыс істеп тұрған барлық мектепке дейінгі ұйымдарда
балалардың инклюзивті білім алуы үшін жағдайлар жасалады.
Мектепке дейінгі ұйымдар жанындағы ата-аналардың
консультациялық
пункттерінің саны ұлғайтылады, оларды ғылыми және әдістемелік қолдау,
оның ішінде оқыту онлайн курстары мен
мобильді қосымшалар арқылы
күшейтіледі. Бұл ретте ата-аналарды мектепке дейінгі ұйым қабырғасында
баланы тәрбиелеу процесіне тұрақты және белсенді тарту тетіктері
пысықталып, енгізіледі.
Түзету педагогикасы және инклюзивті практика
орталығы әдістемелік
сүйемелдеу деңгейін арттыру мақсатында авторлық оқу бағдарламаларын, оқу
басылымдары мен оқу құралдарын әзірлейтін болады.
Балаларды МДТО-мен қамтудың қосымша және баламалы тетігі ретінде
әлеуметтік бала күтушілер институтын енгізу мәселесі пысықталатын болады.
Таңдау бойынша мектепке дейінгі ұйымның қызметтеріне ақы тӛлеу үшін
қаржыландырудың ваучерлік
тетігін енгізуді қоса алғанда, балабақшалар
құрылысына жеке бизнесті тарту үшін қолдаудың жаңа нысандары әзірленетін
болады. Жеке меншік МДҰ-да МДТО-ға мемлекеттік білім беру тапсырысын
беруді Оқу-ағарту министрлігінің операторына жүктеу мәселесі пысықталатын
болады.
Достарыңызбен бөлісу: