Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы


-параграф. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласын көшбасшылық негізінде басқарудың



Pdf көрінісі
бет32/52
Дата09.02.2023
өлшемі1,03 Mb.
#66539
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52
Байланысты:
p2200000941.24-11-2022.kaz

 3-параграф. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласын көшбасшылық негізінде басқарудың 
тиімділігін арттыру 
Кезекке қоюдың ӛңірлік ақпараттық жүйелеріне қойылатын талаптар, оның 
ішінде ҰБДҚ-мен интеграция, міндетті аудит, LMS, блокчейн, бірінші жылы 
ақпараттық жүйені ӛнеркәсіптік пайдалануға енгізу жӛніндегі провайдердің 
міндетін енгізу және аттестаттаудан ӛту арқылы біріздендіріліп, күшейтілетін 
болады. Интеграция МДҰ-ға түскен кезде балаға бүкіл білім беру траекториясы 
бойында оның бірегей цифрлық ізін сақтайтын әмбебап ID беруге мүмкіндік 
береді. Композиттік мемлекеттік қызметте МДҰ-дан орын алу үшін кезекке 
қою белсенді емес, баланың ата-анасының немесе ӛзге де заңды ӛкілдерінің 
қалауы бойынша жүзеге асырылатын болады.


Мемлекеттік тапсырысты орналастыру жүйесі халықтың МДТО-ға 
қажеттілігін есепке алудың ӛзгеруіне және ата-аналар үшін ваучерлердің 
енгізілуіне байланысты қайта қаралатын болады. Ӛңірлік кӛші-қон ағындары 
мен бала туу, аумақтық бӛліністің (аудан, шағын аудан) демографиялық 
кӛрсеткіштерін болжамдау МДҰ-да мемлекеттік тапсырысты орналастыруды 
жоспарлаудың міндетті шарты болады.
Ваучерлерді енгізу қаражатты ата-анаға бекітуге және бәсекелестікті 
күшейтуге мүмкіндік береді, ӛйткені ата-аналар мектепке дейінгі білім беру 
қызметтерінің ең қолайлы жеткізушісін таңдауға нақты мүмкіндік алады.
Кӛшбасшылық қағидаттарын жаппай енгізу МДҰ менеджментінің деңгейін 
арттырудың маңызды шарты болады. Зерттеулер жүргізу арқылы МДҰ-ны 
басқаруда айрықша жетістіктерге қол жеткізген МДТО саласындағы 
кӛшбасшылар-басқарушылар корпусы құрылады. Бұдан басқа, эмпирикалық 
зерттеулер негізінде әрбір ӛңірде қолданыстағы МДҰ-лардың базасында ӛсу 
нүктесі болатын құзырет орталықтары жұмыс жасайтын болады. Мүмкіндік 
болған жағдайда, осындай құзырет орталықтарының айналасында бірыңғай 
басқару орталығымен МДҰ-лардың альянстары құрылатын болады. МДҰ-
лардың мұндай бірлестігі басқарушы кӛшбасшылардың озық тәжірибесін 
тұрақты негізде таратуға және мемлекеттік балабақшалар мен шағын 
орталықтардың практикасына енгізуге, сондай-ақ кадрлық және қаржылық 
ресурстарды оңтайландыруға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет