Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы


-тарау. Орта білім беру жүйесі арқылы саналы және жан-жақты дамыған азаматты



Pdf көрінісі
бет33/52
Дата09.02.2023
өлшемі1,03 Mb.
#66539
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52
Байланысты:
p2200000941.24-11-2022.kaz

 4-тарау. Орта білім беру жүйесі арқылы саналы және жан-жақты дамыған азаматты 
қалыптастыру 
 1-параграф. Мектепте қолайлы жағдайлар мен оқу ортасын құру 
Оқытудың қолайлы ортасын құрудың негізгі нысаналы кӛрсеткіштерінің 
бірі 2030 жылға қарай бір ауысымдық оқытуға кӛшу болады. Жаңа мектептер 
салу демографиялық және кӛші-қон кӛрсеткіштерін ескере отырып жүзеге 
асырылатын болады. 2025 жылға дейін 1000 жаңа мектеп, оның ішінде МЖӘ 
тетігі, жеке меншік мектептерді ашу есебінен салынатын болады, бұл 
авариялық және үш ауысымды мектептер проблемаларын, контингенттің ӛсуін 
ескере отырып, оқушы орындарының тапшылығын шешуге мүмкіндік береді.
Құрылысқа арналған қаржыландыруды бӛлу кезінде басымдық 
ғимараттардың табиғи тозуы, авариялығы, күрделі жӛндеуге қажеттілік, үш 
ауысымдылық, оқушы орындары тапшылығының болуы, халықтың табиғи ӛсуі 
мен кӛші-қоны болады.
Бір ауысымдық оқыту нысаны бар 2000 және 2500 орындық мектептердің 
үлгілік жобалары әзірленеді. Жоба бойынша оқу-тәрбие процесін сапалы 
жүргізу үшін бастауыш, негізгі және орта буынға арналған жеке блоктар 
қарастырылған.
Мектептерде білім алушыларға қолайлы және қауіпсіз жағдайларды жасау 
мақсатында "Жайлы мектеп" ұлттық пилоттық жобасы іске асырылады, оның 
шеңберінде оқушы орындарына тапшылықты қысқарту, мектеп кеңістігінің 
сыртқы түрі заманауи эстетикалық тартымды болатындай мектепті оқу 


жабдығының толық жинағымен және жиһазбен жабдықтау стандартын бекіту 
қарастырылған.
"Жайлы мектеп" ұлттық пилоттық жобасы шеңберінде МЖБС сәйкес 
2025 жылдың соңына дейін бірыңғай заманауи құрылыс және тиісті 
жабдықтармен жарақтандыру жобалары бойынша кемінде 800 мың орындық 
мектеп салу кӛзделген.
Мектептерде мамандандырылған кабинеттер, заманауи жабдықтармен 
жабдықталған әмбебап шеберханалар, спорт залдары, кітап қоймасы, ресурстық 
орталық, медиатека және оқу залы бар кітапхана жұмыс істейтін болады. 
Мектеп аумағында дене шынықтыру-спорт аймақтары, ашық ойындарға 
арналған алаңдар орналасатын болады.
Шағын елді мекендердің инфрақұрылымын жаңарту және балаларды қолдау 
мақсатында жылдам салынатын технологияларды қолдана отырып заманауи 
жабдықтармен жарақтандырылған 110 және 180 орындық ШЖМ салу 
бағдарламасы іске асырылатын болады, балалардың мектеп ғимаратында және 
оның аумағында ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйелері арқылы болуының 
қауіпсіз жағдайлары жасалатын болады.
Мектеп үй-жайларын кеңістікте ұтымды ету және оларды әр ӛңірде 
пайдалану тиімділігін арттыру жоспарлануда.
Кейіннен демографиялық толқынның бәсеңдеуін ескере отырып, мектептер 
тірек ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтарындағы негізгі қоғамдық 
аймақтар ретінде жобаланатын болады.
ЖАО балаларға қолайлы жағдай жасау мақсатында барлық мектептер ауыз 
судың базалық кӛздерімен, бӛлек ең аз жабдықталған дәретханалармен және 
қол жууға арналған базалық құралдармен қамтамасыз етілетін болады. Сондай-
ақ мектептердің барлық ғимараттары компьютерлермен жабдықталады (1:5 
есебінен), интернетке қосылу жылдамдығы 50 МГб/сек-тен тӛмен емес және 
шектеусіз трафик болады. Барлық мектептерде қазақстандық ӛндірістің 
жабдықтарын қолдана отырып, сымсыз оқу желілері орналастырылатын 
болады.
Білім беру жүйесінің күтпеген және тӛтенше жағдайларға тұрақтылығын 
арттыру, қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық 
қолжетімділігі тӛмен ӛңірлерден бастап мектептерді компьютерлік техникамен 
жарақтандыру жалғастырылады.
Оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге арналған бұлтты білім беру 
ресурстары (бейнематериалдар, оқыту ойындары, онлайн-тесттер, сабақ 
сценарийлері және т.б.) үнемі жаңартылып отырады. Қашықтан оқыту 
форматтары үшін ақпараттық жүйелердің сапасы артады.
Цифрлық білім беру ортасы дәстүрлі баламасымен бірге, қажет болған 
жағдайда 
оны 
толықтырып, 
мұғалім 
мен 
оқушылар 
арасындағы 
коммуникацияның және кері байланыстың жаңа арналарына қолжетімділікті 
аша отырып, жұмыс істейтін болады.
Тегін курстар, цифрлық дағдыларды дамыту бойынша оқушыларға арналған 
жазғы лагерьлер ұйымдастырылады: кодтау, бағдарламалау, робототехника, 3D 


басып шығару және басқалар. Робототехника кабинеттері қажетті құралдармен 
жабдықталады (lego mindstorms ev3, Arduino және т.б.).
Мектептерді цифрлық білімге жаппай қосу ата-аналар мен білім 
алушылардың қашықтан оқыту форматын таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 
Қашықтан оқыту білім беру сапасын бақылауды қамтамасыз ете отырып, 
оқытудың ықтимал форматының бір бӛлігі ретінде одан әрі дамытылады және 
нормативтік құқықтық қамтамасыз етіледі.
ЦБР-ға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін әлеуметтік осал отбасылардан 
шыққан балаларға білім беру сапасын арттыруға бағытталған "Цифрлық 
мұғалім" жобасы іске қосылады. Білім беруді дараландыру үшін әрбір баланың 
қажеттіліктерін ескере отырып, қолданыстағы ақпараттық жүйе шеңберінде 
"Цифрлық портфель" дамытылады, ол сапалы онлайн-білім беру контентіне қол 
жеткізуге жол ашатын болады.
Барлық мектеп пәндері бойынша бұлтты жүйені қолдана отырып, біртіндеп 
оқуға кӛшу, білім беру мазмұнына ашық қол жеткізу жоспарланған. Бұлттық 
жүйе цифрландырылған оқу материалдарын, білім алушылардың оқу 
жетістіктерін, LMS платформаларын және басқа да цифрлық ресурстарды 
қамтитын болады. 
Оқушының оқу жетістіктері және ол туралы барлық ақпарат әрбір білім 
алушының ID-не байланыстырылады. Педагогтердің кәсіби деңгейін кӛрсететін 
материалдарды жинақтау, сақтау үшін электрондық портфолио құру 
жоспарланған.
ҰБДҚ цифрлық трансформацияның негізіне айналады, ол білім 
алушылардың даму траекториясын қадағалауға, олардың жеке қажеттіліктерін 
ескере отырып оқуын талдауға және болжауға мүмкіндік береді. Білім беру 
жүйесін сапалы мониторингтеуді және икемді басқаруды қамтамасыз ету үшін 
білім берудің барлық ақпараттық жүйелерін ҰБДҚ-мен интеграциялау 
қамтамасыз етіледі.
Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға ӛткен мектептерде 
қолданыстағы штат шеңберінде жүйелік әкімші лауазымы енгізілуі мүмкін. Бұл 
лауазымды басқа мектептерде енгізу мәселесі қосымша пысықталатын болады.
Интеграцияланған деректер базасы қазақстандықтардың, ең алдымен, 
балалардың негізгі кӛші-қон ағындарын қадағалауға мүмкіндік береді. 
Ағындарды талдау білім беру жүйесіне жүктемені болжауға және туындаған 
қажеттіліктерді қанағаттандыруға қаржы ағындарын нақты бағыттауға 
мүмкіндік береді. Бұдан басқа, кӛші-қон ағындары елдің урбандалу үрдісін 
кӛрнекі бақылауға және мемлекеттік саясаттың басқа салаларына (денсаулық 
сақтау, қоғамдық қауіпсіздік, еңбек нарығы және т.б.) жүктемені болжауға 
мүмкіндік береді.
Білім беру ұйымдарында білім беру процесін автоматтандыру арқылы 
парасаттылық қағидаттарын енгізу, оның ішінде "бір терезе" қағидаты бойынша 
білім алушыларға қызметтер кӛрсету және оқуға түсу және мемлекеттік 
кӛрсетілетін қызметтерді алу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет