Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы


-параграф. Дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау жөніндегі жұмысты жетілдіру



Pdf көрінісі
бет36/52
Дата09.02.2023
өлшемі1,03 Mb.
#66539
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   52
Байланысты:
p2200000941.24-11-2022.kaz

 4-параграф. Дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау жөніндегі жұмысты жетілдіру 
Дарынды балаларды қолдау мақсатында жоғары оқу орындарына 
конкурстан тыс түсу үшін гранттар ұсыну, сондай-ақ біржолғы ақшалай 
сыйлықақылар тӛлеу арқылы халықаралық пәндік олимпиадалардың 
жеңімпаздары мен жүлдегерлерін кӛтермелеу тетігі әзірленуде. Бекітілген 
тізбеге енгізілген халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен 
жүлдегерлері мемлекеттік марапаттауға ие болады. 
Ауылдық жерлерде тұратын дарынды балаларды, сондай-ақ аз қамтылған 
және кӛп балалы отбасылардан шыққан балаларды анықтау жүйесін енгізу және 
олардың әрқайсысы үшін қабілеттерін қолдау және дамыту бойынша жеке жол 
картасын құру жӛніндегі жол картасын іске асыру жалғасатын болады. 
Ауылдан келген оқушыларға арналған "Мың бала" ұлттық олимпиадасы 
жалғасып, жеңімпаздар әрі қарай мамандандырылған оқу орындарында білім 
алу мүмкіндігіне ие болады.
Ауылдық жерлердегі дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында 
балаларды әртүрлі деңгейдегі олимпиадалық тапсырмаларды шешуге үйрету 
үшін оқу-жаттығу жиындарын ӛткізу жоспарлануда.
Зияткерлік олимпиадаларды, ғылыми жобалар жарыстарын ӛткізу үшін 
дарынды және талантты балалардың бірыңғай базасын құруға мүмкіндік 
беретін кӛпфункционалды платформа құрылады.
Технопаркті, ЅТЕАМ, ART-студияларды, жаратылыстану-математикалық 
бағыттағы пәндер бойынша зертханаларды, бейіндік ауысымдарды ӛткізу үшін 
бизнес-инкубаторларды, әртүрлі деңгейдегі пәндік олимпиадаларға дайындық 
бойынша оқу-жаттығу жиындарын қамтитын "Daryn-Space" ұлттық хабын құру 
мәселесі пысықталады.
Ғылыми зерттеулер шеңберінде дарынды және ынталы білім алушыларды 
сүйемелдеудің кешенді бағдарламасы әзірленеді, ол педагогтер мен 
психологтарға дарынды оқушыларды анықтау және қолдау бойынша 
психологиялық-педагогикалық әдістемелерді бейімдеуге мүмкіндік береді. 
Мамандандырылған мектептердің пән мұғалімдері қауымдастығы жекелеген 
пәндерді тереңдетіп оқыту бағдарламаларын, сондай-ақ элективті курстар 
бағдарламаларын әзірлейтін болады. Ауылдық жерлердегі педагогтер үшін 
олимпиадалық тапсырмаларды шешу, сондай-ақ жобалау және зерттеу 
қызметінің ерекшеліктері бойынша оқыту семинарлары ӛткізілетін болады.
Заңнамаға зияткерлік олимпиадаларды, ғылыми жарыстар мен 
шығармашылық конкурстарды ұйымдастыру және ӛткізу бойынша ӛзгерістер 
енгізілетін болады. Ғылыми жобалар бойынша жарыстарға ерекше назар 
аударылатын болады, жобалау-зерттеу қызметіне баса назар аударылады, 
осылайша осы бағыттағы озық отандық әдістемелерді (НЗМ, БИЛ) тарату 


кӛзделген. Сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық 
олимпиаданы ӛткізу қағидаларына мынадай ӛзгерістер енгізілетін болады: егер 
бұрын 9 – 11 сынып оқушылары қатыса алса, пәндік олимпиадаларға қатысу 
мүмкіндігі 2-сыныптан бастап берілетін болады.
Информатика пәні бойынша олимпиадалар республикалық деңгейде әр 
түрлі бӛлімдер бойынша ӛтеді. Мысалы, АКТ, графика, дизайн, мәліметтер 
базасы, логика, ақпарат теориясы, есептеу техникасының тарихы, 
робототехника және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет