рәсімінің қолжетімділігін, айқындығын, ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-
ақ ТжКБ ұйымдары арасында бәсекелестікті күшейтеді.
Жастарды ТжКБ жүйесіне тарту үшін
кәсіптік диагностика, кәсіптік
сынамалар жүргізу және профессиограммалармен таныстыру арқылы
оқушылар арасында кәсіптік бағдарлау жұмысы күшейтілетін болады. Осы
мақсатта ТжКБ ұйымдарында кәсіптік бағдар және мансап орталықтары,
мектептерде кәсіптік бағдар кабинеттері құрылады және кәсіптік бағдар беру
бойынша
мамандарды
оқыту
ұйымдастырылады.
Кәсіби
бағдарлау
жұмыстарын жүргізу кезінде ақпараттық жүйе
және кәсіптік бағдарлау мен
мансаптың, оның ішінде Қазақстанның жаңа кәсіптерінің атласы негізінде
мобильді қосымшасы қолданылады.
ТжКБ ұйымдары тең мүмкіндіктер аумағына айналады. ЕБҚ бар адамдар
үшін тең жағдайлар мен кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша
жұмыс жалғасады. Негізгі міндет – әртүрлі мүгедектігі бар, кәсіптердің кең
спектрі бойынша кәсіби білім алған түлектер ӛз жұмыстарын мүгедектіксіз
түлектер сияқты тиімді орындайтынын жұмыс берушілерге кӛрсету. 2022 жылы
ТжКБ-ның 55 %-ында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау, ал 2025 жылға
қарай барлық мемлекеттік ТжКБ ұйымдарында жағдай жасау жоспарлануда.
Abilympics қозғалысын кәсіптік бағдарлау және
инклюзивті білім беруді
дамыту құралы ретінде дамыту шеңберінде "Атамекен" ҰКП-мен, жұмыс
берушілермен бірлесіп ЕБҚ бар адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесін
шешу үшін жұмыс жүргізілетін болады.
Жаңа кәсіптер атласының құзыреттерін ескере отырып, WorldSkills,
ZhasSkills және Abilimpics қозғалысын одан әрі дамыту жоспарлануда.
WorldSkills Kazakhstan чемпионаттарын ұйымдастыру мен ӛткізу жүйесін
жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында WorldSkills
Kazakhstan 30 халықаралық сарапшыларының біліктілігін арттыру үшін
WorldSkills
International, WorldSkills Europe, WorldSkills Asia-мен ӛзара іс-
қимылды кеңейту бойынша жұмыс жалғастырылады.
Еліміздің ұлттық құрамасын WorldSkills халықаралық чемпионаттарына
сапалы дайындау үшін серіктес демеушілер мен ТжКБ ұйымдары базасында
"спортшыларды олимпиадаға дайындау" қағидаты бойынша жаттығу лагерьлері
ұйымдастырылатын болады. Жыл сайын WorldSkills ӛңірлік және
республикалық чемпионатын ӛткізу үшін құзыреттер тізбесі кеңейтілетін
болады.
ТжКБ жүйесіне WorldSkills әдістемесін енгізу үшін WorldSkills
стандарттарын оқу процесіне енгізу, жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу,
кәсіптік бағдар беру, педагогтерді курстық оқыту,
WorldSkills талаптары
бойынша демонстрациялық емтихан ӛткізу кезінде ТжКБ ұйымдарын
әдіснамалық қолдау және сүйемелдеу бойынша жұмыс жалғастырылатын
болады.
ТжКБ ұйымдарының үздік студенттерін анықтау және ынталандыру
мақсатында "Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті"
жобасын іске асыру жалғасады, сонымен бірге
жобаның барлық қатысушы-