Формальды және формальды емес білім берудің оқыту нәтижелерін тану
жүйесін құру үшін "оқыту нәтижелерінің каталогы" ("конструктор" қағидаты
бойынша) қалыптастырылатын болады.
Бұл каталог белгілі бір біліктілік шеңберінде оқыту нәтижелеріне қол
жеткізуді оқытудың және тәуелсіз бағалаудың бірыңғай құралы болады.
Жұмыс берушілер мен Жаңа кәсіптер атласының талаптарын ескере
отырып, ТжКБ мамандықтар мен біліктіліктер сыныптауышын ӛзектілендіру
жалғасады.
Жаңа технологиялардың дамуына сәйкес білім беру мазмұнын жаңарту
арқылы мамандықтар мен біліктіліктер бойынша оқулықтарды әзірлеу
жұмыстары жалғасады. Бұл жұмыс бейіні бойынша оқу-әдістемелік
бірлестіктермен бірлесе отырып жүргізілетін болады. Оқулықтарды әзірлеу
үшін білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілердің сарапшыларын тарта
отырып, авторлық топтар құру, оқулықтардың мазмұнын сараптау және
бағалау, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім білім беруді
ұйымдастыру үшін мемлекеттік тілде оқулықтарды басып шығару сияқты
шаралар қабылданатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: