Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы


-параграф. Шарттарды жаңарту және жұмыс берушілерді техникалық және кәсіптік білім



Pdf көрінісі
бет41/52
Дата09.02.2023
өлшемі1,03 Mb.
#66539
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52
Байланысты:
p2200000941.24-11-2022.kaz

 3-параграф. Шарттарды жаңарту және жұмыс берушілерді техникалық және кәсіптік білім 
беруге тарту 
ЖАО мемлекеттік ТжКБ ұйымдарын қазіргі заманғы жабдықтармен 
жарақтандыру бӛлігінде МТБ-ны нығайту жӛніндегі жұмысты жалғастырады.
ТжКБ ұйымдарында арнайы пәндерді оқыту үшін ӛндірістен мамандар 
тартылатын болады. Бұл ретте "Атамекен" ҰКП жанындағы тәлімгерлер 
мектебі тәлімгерлерді ӛндірістен педагогикалық дағдыларға оқытуды 
жалғастырады.
Сонымен қатар студенттерді арнайы пәндер бойынша даярлау және 
ӛндірістік оқыту сапасын жақсарту үшін кәсіпорындар базасында педагогтерді 
тағылымдамадан ӛткізу тетігі пысықталатын болады.
Студенттерді сапалы даярлауда еңбек нарығының талаптарына сәйкес 
кадрлар даярлау сапасын арттыруға жәрдемдесетін республикалық кеңестің
салалық және ӛңірлік кеңестердің қызметі маңызды мәнге ие болады.
Сондай-ақ әлеуметтік әріптестерді, жұмыс берушілерді кеңінен тарта 
отырып, индустриялық кеңестердің қызметі қамтамасыз етілетін болады. ТжКБ 
ұйымдары мен кәсіпорындардың ынтымақтастығы туралы шарттар жасай 
отырып, бизнестің оқу орындарына қамқорлығы дамитын болады. ТжКБ 
ұйымдарын дамытудың басым бағыттары мәселелері бойынша қамқоршылық 
кеңестердің рӛлі күшейтіледі. Кәсіпорындар WorldSkills жарыстарын ӛткізуге, 
білім алушылардың кәсіптік практикасын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік 
дағдылар негіздерін оқытуға, жастарды белсенді ӛмір салтына тартуға, сондай-
ақ түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыруға белсенді қатысады.
Жұмыс берушінің және түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша ТжКБ-
ның ортақ жауапкершілігін нормативтік құқықтық актілерде ескеру қажет, бұл 
ТжКБ ұйымдары түлектерін жұмысқа орналастыруды ғана емес, бюджет 
қаражатын пайдаланудың тиімділігін де қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Түлектерді жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру туралы шынайы 
және толық ақпарат алу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың ақпараттық 
жүйелерін интеграциялау бойынша жұмыс басталды.
Еңбек нарығын кадрларды сапалы даярлаумен қамтамасыз ету үшін 
Ӛңірлік кәсіптер атласы іске асырылады, ол жеке ӛңір мысалында болашағы 
бар және талап етілетін кәсіптер бойынша кадрларға қажеттікті болжаудың 
тетіктерін жүзеге асыруды қарастырады. 
Кадрларды даярлаудың желілік нысанын дамыту шаралары қабылданады.
Кадрларды даярлаудың желілік нысаны жұмыс берушілердің салалық 
қауымдастығы, кәсіпорындар, бейінді ЖОО мен ТжКБ ұйымдары арасында 
желілік ӛзара іс-қимыл жасау туралы шарт негізінде іске асырылады.
Кадрларды даярлаудың желілік нысаны арқылы білім беру 
бағдарламаларын іске асыру ӛзара іс-қимыл жасаушылардың арасында 
теориялық даярлауды, ӛндірістік тәжірибені және (немесе) оқу практикасын
зертханалық, практикалық сабақтарды ӛткізу бӛлігінде жауапкершілікті бӛлуді 
қарастырады. 
Сабақтың нысандары мен түрлерін тараптардың мүмкіндіктеріне және оқу 
бағдарламаларын іске асырудың сапалы жағдайларын қамтамасыз ету 
талаптарына сәйкес аталған ұйымдар ӛздері анықтайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және "Атамекен" 
ҰКП-мен бірлесіп ұлттық біліктілік жүйесін одан әрі дамыту жалғастырылатын 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет