тебесі көкке жетпеді –
төбесі көкке жетті; тілде тиек жоқ, ерінде
жиек жоқ – тілде тиек, ерінде жиек бар деймісің т.б.
Әдетте жазба тіл дағдысына ендеп ене қоймаған, ауызекі тіл аясында
жүрген кейбір тұрақты орамдардың сөз саптауда мағыналық жақтан
құбыла беруі мүмкін. Мұндай қолданыстарда жақсының жаман,
жаманның жақсы, ақтың қара, қараның ақ т.б. болып өзгере кетуі де
ғажап емес. Ауызекі тіл орамдарына тән осындай ерекшелік жазушы
қаламынан қаға беріс қалмаған. «Абай жолы» романында немересімен
сағынып кездескен әже сөзін жазушы сөйлеу тілінің осы айтылған
өзіндік ерекшелігіне сәйкес берген. Мысалы:
Жаман неме маған бұрын
келмей, әкеңе кеттің-ау! Жаман дей беріп, қасына, құшағына немересі
барғанда, жаман неменің артынан ілезде: –
Қарашығым, қоңыр
қозым... Абайжаным.., - деп кемсеңдеп, жылауға айналып кетті (Абай
жолы).
Е, жүр-дағы жынды неме. Бүгін осында маза бермеген соң,
әжең екеуміз куып шыққамыз - деп әжесіне нұсқады (Абай жолы). Бұл
мысалдардағы
жаман неме, жынды неме төл мағынасындағы тіркестер
емес. Мәселен, дәл осы жерде бұл қарапайым атаулар өзгеше контекстік
мағынаға ие болып, тек ерке, шолжаң ұлға айтылып тұрған ананың зілі
жоқ сөзіне айналған. Мұндай құбылмалы тіркестердегі машықты мағына
«уақытша ұмытылып» жағымды оң, басқаша сипат алуы эксперссивті
әсер дарытудың, сөзді «тірілтіп», тілді жандандыра түсудің тағы бір
тиімді тәсілі болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: