фразеологиялық түйдек
аға, іні, жолдас тәрізді тематикалық бір өрістегі
сөздермен тіркеседі:
ағасына қолқа салды, жолдасына қолқа салды;
жолдасына қолқа салды т.б. Алайда жазушы қаламы осы айтылған
фразеологиялық түйдекті күтпеген жерден тематикалық өрісі өзге бір
сөздермен тіркестіру арқылы айрықша әсер тудырады.
Біржан қолға қолқа салмай-ақ бел котергісі келіп еді, болмасын лез
байқаған соң жер тіренді.
–
Сиыр қимылға жарап қапсың ғой, – деді Әпіш.
–
Күл, күл. Құдай қылса амал қанша?
–
Құдай? Аузыңа түспейтін сөз еді (А.Сүлейменов. Адасқақ).
Фразеологизмдер бұл шағын мәтінде (тексте) аса мол қолданылған.
Бірақ әр түрлі сапада да жұмсалғандықтан санының көптігі байқала
қоймайды. Кейіпкер тіліндегі фразеологизмдер (
сиыр қимыл, құдай
қылса, амал қанша, аузына түспеді) біріншіден, тілдік мінездеме ретінде
қызмет атқарып тұрса, екіншіден, сөйлеу тілі реңін беріп тұр. Ал автор
тіліндегі фразеологиялық тіркес
(бел көтеру) дағдылы қолданыста
жұмсалса, фразеологиялық түйдек (
қолқа салу) тосын тіркеске түскен.
Тосын қолданыстағы фразеологизм Біржанның «қасындағы жанашыр
жақындардың әлдеқандай көмегіне, сүйеуіне зәру күйін» танытқандай
имплициттік мағынаны аңғартады. Фразеологизмдердің бітім-тұлғасын,
мағыналық жүгін өзгертпей-ақ осылайша тосын тіркеске түсіру олардың
экспрессиялық-стилистикалық әсерін айрықша күшейте түседі. Бұл
фразеологизмдерді қолданудағы жазушы қаламының шеберлігін
танытатын бір тәсіл болса, екінші бір тәсіл – тосын контекст іздеу.
Мысалы:
Көреген де батыл сынның көмегіне ділгер шығарма бізде
Достарыңызбен бөлісу: