екендігі байқалады. Бірінің артында өлмелі шал-кемпірі қалған, бірінің
артында шиеттей бала-шағасы қалған арыстай екі жігіт арыстандай
алысып, әлдеқайдағы бір-бірімен бақталас екі байдың жыртысын
жыртып мерт болады. Мысыққа ойын керек дегендей екі байдың ермек
еткен асығы тәрізді.
Фразеологизмдердің сыңарларын синонимдес және өзге де сөздермен
ауыстыру көркем шығармада белгілі бір мақсатқа бағынады. Сондықтан
мұндай жаңғыртулар стильдік түрлендіруге жатады, ал сөйлеу тілі
контексінде ұшырасатын жаңғыртулар пәлендей дерлік көркем
мақсаттан туындап жатпайды. Мысалы,
сөзі удай дегенді
тілі удай деп
өзгерту көркемдік максатқа байланысты деуге болмайды.
Жазушы кейде фразеологиялық сөз орамдарының сынарларын
синонимдес немесе мағына жағынан белгілі бір тематикаға жататын
сөздермен түрлендіргенде, зат пен құбылыстың өзі емес, жеке
белгілеріне қарай алмастыруы мүмкін. Мысалы,
қан сөзінің тұрақты
атрибуты –
қызыл. Осыны негізге ала отырып жазушы
қан майдан деген
фразеологиялық тіркесті
қызыл майдан деп өзгертеді:
Қызыл майдан бұл
Достарыңызбен бөлісу: