«денсаулығын» мезгіл-мезгіл түзеп отыру – қазіргі күннің үлкен
проблемасының бірі ғой. Қаншама тығыз, шапшаң дайындалып жатыр
дегеннің өзінде, жергілікті орындарда маман механизаторлар мүлде
жетіспейді. Шалағай мамандар техниканы тез істен шығарып
тастап, сайда саны, құмда ізі калып, не бір керемет машиналардың
басына құс саңғып жатқанын әлі де көресің (Ғ.Қайырбеков. Ағаның
ауылында. «Қазақ әдебиеті», 1981, 7 тамыз). Автор болымсыз мәндегі
фразеологизмді өзгеше тұлғаға көшіріп, экспрессиялық әсерді күшейте
түскен.
Сондай-ақ
жағымсыз мәндегі фразеологизмді (
адам айтқысыз)
жазушының жағымды мазмұнда қолдануы да тап осы тәрізді тосын әсер
тудырады. Бұл тәсіл әсіресе әзіл әңгіме, юмор жанрындағы контекспен
жақсы үйлесіп тұрады:
Жол-жөнекей біз жынды көбелек секілді ұшып
жүрген бірнеше әйелден басқа керемет дейтіндей ештеме көрмедік. Ал
ауа-райы адам айтқысыз тамаша болып тұрды (Э.Распе. Мюнхаузеннін
хикаялары. Аударған О.Әубәкіров).
Жазушы кейде фразеологизм сыңарларының дағдылы орнын
ауыстырып, инверсия жасайды. Көбіне еркін тіркестерге тән мұндай
тәсілді жазушы фразеологиялық орамдарда қолданып, оның мазмұнын
кеңейте түседі:
Ақжелкеден жаңалық хабарын естіп, жинасқан жерде
тұмсығымен сүйкесіп, жай-күйді танысатын бір илеудің
құмырсқасындай іштей ұғысып, бір-біріне ым қағып тарасқан болатын
(М.Әуезов. Қилы заман). Дағдылы қолданыста
илеудің құмырсқасындай
емес, керісінше,
құмырсқаның илеуіндей деп айтылатындығы белгілі.
Инверсия жасау арқылы жазушы «өріп, құжынап жүр» дегенге қоса
«сыбайлас» деген жаңа сема үстемелеп тұр.
Немесе түйенің үлкені
өткелде (көпірде) таяқ жейді дегенді
өткелде түйенің үлкені таяқ
жейді деп өзгертудің де өзіндік мәні бар:
Енді сені мен менің заманымда
Достарыңызбен бөлісу: