таңдаулы, қадірлі» деген образды мағына фразеологизмнің жалпытілдік
үлгідегі түріне де, контекстегі түрленген нұсқасына да ортақ.
Жазушы қаламы кейде фразеологиялық орамдардың
мағыналарындағы образдылықты сақтай отырып, олардың лексикалық
құрамын әрі грамматикалық мағынасын да өзгертіп қолданады.
Жалпыхалықтық тілде
ел ішін ала тайдай бүлдірді деген
фразеологиялық түйдек бар, «жұртты дүрліктірді» деген мағынада
жұмсалады. Енді осы аталған фразеологизм көркем тіл кестесіне енгенде
өзгеше структуралық, грамматикалық өзгеріске түседі:
Тура қойылған
сұрақтан тұра қашқысы келген Біржан ала тайдай бұзылған аспанға
қарады. – Көк айныды. Мынаусы жаңбыр ғой (А.Сүлейменов. Адасқақ).
Жалпытілдік қолданыста етістік мағынасында жұмсалатын
фразеологизм сындық мәнге көшіп, аспанның анықтауышы болып тұр.
Мұндай түрлендіру сындық сапаның интенсивтілігін күшейте түскен:
«Көк жүзі көшкен жұрттай әбігерге түскен». Фразеологизмнің сырт
тұрпаты деформацияланғанмен, образды мағынасы бұзылмаған.
Көркем шығарма тілінде жиі жұмсалатын, эмоционалдық реңкке ие
бір алуан фразеологизмдер бар:
Достарыңызбен бөлісу: