ШЕТ ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫН ҚОЛДАНУ. Нуридин А. «Шетел тілдері: екі шет тілі» мамандығының 4 курс студенті Ғылыми жетекші: аға оқытушы Байдалина Ж.Ж.
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім
берудің ұлттық моделіне ӛту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық
дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа
технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу
қажеттілігі тұр. Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті,
шығармашылықпен ойлауды талап етеді.Мұғалімдер оқушыларға білім беруде
түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқытса, оқытуда үлкен жетістікке жетері
анық. Сондықтан қазіргі таңда білім беру аясында«Блум таксономиясы»
кеңінен қолданылып жүр. Бенджамин Блум (ағыл. Benjamin Bloom), (1913-1999) – америкалық оқыту
әдістемесінің психологі, «Блум таксономиясының» авторы.
Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пеньсилван
университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы
Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы»
атты кітабында ӛз теориясын дамытқан. Адами мінездеменің ӛзгеруі мен
бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу. «Блум таксономиясы»
арқылы кез-келген пәнді түсінікті ,жетік меңгеруге жол ашады. Себебі, әр алған
білімдерін теориялық және практикалық жағынан да ой елегінен ӛткізіп,
саралай алады. [1]
Таксономия – белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні
жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады. Блум таксономиясының мақсаты
– оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру болып табылады.
«Блум таксономиясы» бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын
ақпаратты қабылдауынан гӛрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне,
талдауына, салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта
кеткен жӛн. «Блум таксономиясы» адамның ақыл-ой қабіліттерінің құрылымы
танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп ӛту
барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды
құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні –
оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын «Блум
таксономиясына»
салып,
бағдарламада
белгіленген
жеті
модульді
ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай
алатынын , сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін
тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, ӛз
қабілеттеріне сенім арттырып, ол ӛз кезегінде жаңа материалды саналы түрде
меңгеруіне әсер етеді деп ойлаймын [2].
249
Бұл әдіс бойынша білім алу таным мен ойлаудың негізінде жүзеге
асырылады. Таным мен ойлау бірнеше деңгейден тұрады: