Курстың мақсаты: жалпы психология курсынан алған білімдерді
зерттеу мен меңгеру негізінде студенттердің психологиялық ойлауын
дамыту,
семинар
және
практикалық
сабақтарда
психологиялық
құбылыстарды
жүйелік
талдаудың
ептіліктері
мен
дағдыларын
қалыптастыру.
Курстың міндеттері: 1) әлемдік және отандық психологиялық ғылымдардың бағыттарымен,
негізгі принциптерімен, ұғымдарымен, әдістерімен, пәнімен, тарихымен
студенттерді таныстыру;
2) өткізіліп жатқан конгресстер мен конференциялар материалдары
негізінде әлемдік психологиялық жаңа заманауи зерттеулермен және
әдістерімен таныстыру;
3) психикалық процестер танымының бірыңғай жүйесімен, оның
тарихымен, сонымен қатар эксперименттік психологиялық зерттеулердің
теорияларымен, әдістерімен және әдістемелерімен таныстыру;
4) әртүрлі психологиялық теорияларды, құбылыстарды, мәліметтерді
жүйелі-психологиялық талдау процесінде студенттердің танымдық іс-әрекет
дағдылары мен ептіліктерін дамыту;
5) психологиялық әдістерімен, зерттеу әдістемелерімен жұмыс жасау
дағдылары мен ептіліктерін қалыптастыру;
6) қоршағандардың және өздерінің міне-құлықтарын рефлексиялау мен
талдау дағдыларын қалыптастыру.
Курстың пререквизиттері: жоқ.
Постреквизитте: «Даму
психологиясы»,
«Дифференциалды
психология», «Әлеуметтік психологияға кіріспе», «Тұлға психологиясына
кіріспе»,
«Психологиялық
кеңес
беру
негіздері»,
«Медициналық
психология» және басқалар.
Курсты оқығаннан кейінгі студенттердің алатын негізгі құзыреттіліктері: Студент мыналарды білуі тиіс:
жалпы психологиялық ғылымдардың дамуы мен құрылу тарихын;
эксперименттік және қолданбалы зерттеулердің әдістері мен
тәсілдерін, негізгі ұғымдары мен әдіснамалық прнициптерін; психологиядағы
негізгі мектептер мен бағыттарды;
танымдық процестерді жүйелі ұйымдастыру мәселелері мен қазіргі
заманғы теорияларды;
психикалық
танымдық
процестердің
сипаттамалары
мен
ерекшеліктерін, дамуы мен жұмыс жасау заңдарын;
тұлғаның индивидуалды-типологиялық ерекшеліктерін.