ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕССТЕР ПСИХОЛОГИЯСЫ
Түйсіну мен қабылдау психикалық процестер жүйесінің бірінші
деңгейі ретінде
Түйсіну- қоршаған болмысты шынайы танып білу мен бейнелеудің
негізгі процесі. Түйсінудің қозғалысты реттеудегі рөлі. Түйсіну- психикалық
дамудың негізгі көзі. Сенсуализм және оның психология тарихындағы
әралуандығы.
Түйсінудің негізгі қасиеттері: модальдылығы, интенсивтілігі, кеңістіктік-
уақыттық құрылымы.
43
Түйсінулердің жіктемесі. Түйсінудің негізгі түрлері (модальдылықтың):
көру,
есту,
тактильдік,
кинестетикалық,
статикалы-динамикалық,
температуралық, дәм сезу, иіс сезу, вибрациялық, ауырсыну, интероцептивті
түйсінулер. Вундт химиялық, механикалық және физикалық түйсінулер
жайлы.
Экстероцептивті, интероцептивті, проприоцептивті түйсінулер (Ч.
Шеррингтон). Түйсінулердің механикалық, физикалық, химиялық түрлері.
Пропатикалық және эпикритикалық сезгіштік.
Түйсінудің жеке түрлеріне сипаттама. Көру түйсінуі. Жарық
түйсінуінің сапасы: жарықтығы, түс және контраст, қанықтылығы. Геринг
пен Юнг-Гельмгольцтың түстерді көру теориялары. Жарық сезгіштігі. Көру
өрісі мен бұрышы. Көрудің өткірлігі. Жарық және қараңғылық адаптациясы.
Есту түйсінуі. Есту анализаторының құрылымы мен функциялары. Есту
түйсінуінің сапалары: қаттылығы, биіктігі, дыбыс тембрі. Есту теориялары.
Сөйлеу және музыкалық есту қабілеті. Фонема, фонематикалық есту, оның
қалыптасуы.
Вибрациялық түйсіну ерекшеліктері. Вибрациялық түйсінулер есту
қабылетімен туыс. Вибрациялық түйсіну арқылы есту компенсациясы.
Иіс сезу, дәм сезу және интероцептивті (органикалық) түйсінулердің
сипаттамасы. Дәм сезу анализаторы, оның түрлік вариабелділігі. «Дәм сезу
есі» түсінігі. Дәм сезу түйсінуінің түрлері. Иіс сезу және дәм сезу
түйсінулерінің ерекше өзара байланысы. Х. Хенингтің иіс сезу түйсіну
жіктемесі.
Иіс сезу анализаторы. Иіс сезу теориялары. Иіс сезу түйсінуінің адам
мен жануарлардағы тамақ және сексуалды мінез-құлығындағы рөлі. Иіс сезу
мен дәм сезу түйсінулерінің адамның эмоциялық күйіне әсері. Индивидуалды
ерекшеліктер және кәсіби іс-әрекеттер (дегустаторлар, парфюмерлер).
Кинестезиялық түйсіну және оның соқыр адамдарда көру немесе есту
қабілеті бұзылған жағдайда, сонымен бірге сөйлеудегі аффазияда
компенсациялау мүмкіндіктері.
Статикалы-динамикалық түйсінулер, тепе-теңдік пен жылдамдық
түйсінулеріне жалпы сипаттама. Статикалы-динамикалық түйсінулерінің
қалыпты жұмыс позасын, күрделі спорттық қозғалыстарды, локомоцияны
реттеудегі рөлі.
Тактильді түйсіну - енжар сипап сезу. Жанасу, қысым. Ауырсыну және
температуралық түйсінулері. Тері сезгіш орган ретінде. Тактильді түйсінудің
сипап сезу құрамына енуі. Сипап сезудің еңбек процесінде, қарым-қатынас
және танымдағы рөлі. Қол- сипап сезудің негізі органы. Қол мен
саусақтардың функциясы. Енжар, белсенді, мономануальды, бимануальды,
тікелей және инструментальды сипап сезу. Көрмейтін адамдардың сипап
сезуі.
Ауырсыну табиғатының екі жақты табиғаты: түйсіну және эмоциялар.
Ауырсыну түйсінуінің биологиялық мағынасы. Температуралық түйсіну-
қоршаған орта температурасы мен ағзаның және дененің әртүрлі
44
температурасына реакциясы.
Түйсінудің анотомиялық-физиологиялық негіздері және сенсорлы
процесстердің психофизикасы. Анализаторлар және рецепторлар. Адамның
сенсорлық ұйымдасуы, Б.Г. Ананьев бойынша филогенез процесі мен
тарихта құралған анализаторлардың арасындағы тұрақты байланыстар жүйесі
ретінде.
Түйсіну табалдырығы жайлы түсінік. Абсолютті (төменгі және жоғарғы)
сенсорлы табалдырықтар. Дифференциальды сенсорлы табалдырық. Бугер-
Вебер-Фехнер заңы. Стивенс заңы. Психофизиканың заманауи зерттеулері.
Сезгіштік және оның динамикасы жайлы түсінік. Субсенсорлы құбылыстар. Анализаторлардың
адаптациясы мен сенсибилизациясы. Іс-әрекеттің анализаторлардағы сезгіштікті көтерудегі рөлі. Түйсіну
ассоциациясы. Синестезия.
Түйсінуді зерттеу әдістері. Түйсінудің абсолютті және айыру табалдырығын анықтау әдістері.
Қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері
Қабылдау - сезімдік бейнелеудің негізгі процесі. Қабылдауды зерттеуге
екі негізгі ықпалдың жалпы сипаттамасы: объективті және субъекті-
бағдарлаушы ықпалдар. Б.Г. Ананьев пен А.Н. Леонтьевтің мектептері,
гештальтпсихология, когнитивті психологияның қабылдау психологиясына
қосқан үлесі.
Қабылдау
қасиеттері:
қабылдаудың
тұрақтылығы,
заттылығы,
тұтастығы, категориялық пен таңдамалылығы. Аперцепция.
Қабылдаудағы ішкі дайындықтың рөлі. Қабылдауға жеке адамның ішкі
дайындығының әсерін эксперименттік зерттеу.
Кеңістікті, уақытты, эмоциялық күйді қабылдау иллюзиясы. Фи-
феномен. Автокинетикалық эффект.
Қабылдау
перцептивті
іс-әрекет
ретінде.
Заттық
іс-әрекет
қабылдаудың заттылығының себебі мен салдары ретінде. Іс-әрекет
процесіндегі қабылдаудың дамуының индивидуалды ерекшеліктері.
Кеңістікті, уақытты, қозғалысты қабылдау.
Кеңістікті қабылдау. Кеңістікте бағдарлану процесіндегі қозғалыс
анализаторының рөлі. Мидың функциональды ассиметриясы кеңістікті
сипаттаудың негізгі механизмі ретінде. (Б.Г. Ананьев мектебінің
зерттеулері). Нативист және генетистер теориялары.
Шамалар мен формаларды қабылдау. Кеңістікті қабылдау: орналасуы,
өлшемі мен объектінің алыстатылуы. Бағыт-бағдарды қабылдау, зат
қасиеттерінің ұзартылуы, оның формасы, шамасы мен көлемі. Заттардың
арасындағы
арақашықтығы,
орналасқан
орындарын
қабылдау.
Бақылаушыдан алыстатылған заттарды қабылдау. Кеңістіктік қабылдаудың
бұзылуы.
Көру бұрышы заңы, алыстаудың негізгі принциптері. Тереңдікті
қабылдау, стереокөру механизмі. Көлемді қабылдаудағы бинокулярлы
көрудің рөлі. Алысты қабылдаудағы аккомодация мен конвергенция маңызы.
Уақытты қабылдау. Уақыт созылмалығын қабылдау және уақыт
бірізділігі. Темп пен ритм түсінігі. Уақытты қабылдаудағы эксперименттік
зерттеулер. Оқиғаларды қабылдау. Себептілікті қабылдау.
45
Уақытпен толтырылған жағдай заңы. Объективті уақыттан өткенді еске
түсіретін психологиялық уақыттан бас тарту. Уақытты эмоциялы себепті
бағалау заңы. Уақытты қабылдаудағы индивидуалды айырмашылықтар.
Уақытты қабылдауды зерттеу.
Қозғалысты қабылдау. Ритм мен қозғалысты қабылдаудағы кинестезия
мен есту түйсінуінің рөлі.
Қозғалысты қабылдау процесі. Қозғалысты қабылдаудың негізгі
теориялары
(В.Вундт,
М.Вертгеймер).
Қозғалысты
қабылдауды
гештальтпсихология аясында зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |