91
• жалпы психологиялық білімдермен бірлікте тұлғаның мәселелерін
түсіну;
• тұлға психология мәселелері бойынша әлемдік психологияның әр
түрлі бағыттары бойынша негізгі ұғымдар мен идеяларды меңгеру;
• тұлғаның құрылымы мен оны құрастырудың «бірлігі» және дамуды
ынталандыратын тетіктер туралы білімдерді меңгеру;
• психологияның әр түрлі бағыттары тұрғысынан тұлғаның қалыптасу
және даму ерекшеліктерін талдай және біріктіре алады.
• өмір аясында (контексінде) тұлғаны зерттеуге тұтас көзқарасты
жүзеге асыру;
• басқа да психологиялық пәндерді оқып- үйрену барысында тұлға
психологиясы бойынша алған білімдерін қолдана білу;
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Психологиядағы тұлға мәселесі. Тұлға психологиясының пәні мен
міндеттері.
Тұлғаны түсінудегі психологиялық тұрғыдан келу ерекшеліктері. Тұлға
психологиясы қалыптасуы мен даму тарихы. Тұлға туралы ғылымға дейінгі
көзқарастар. Тұлғаны зерделеудегі үш негізгі тарихи кезеңдер:
философиялық - әдеби, клиникалық және эксперименттік, олардың
ерекшеліктері және бұл білім саласының қазіргі жай-күйіне тигізеті әсерлері.
Тұлға тұтас Адам жүйесінде. Адам биогенез жүйесінде индивид
ретінде. Адам социогенез жүйесінде тұлға ретінде. Адам персоногенез
жүйесінде даралық ретінде. «Индивид», «даралық», «тұлға» ұғымдары
көлемінің арақатынасы және олардың мазмұны. Олардың жүйелік
ұйымдасуы тұлға психологиясының пәні ретінде.
Тұлғаны зерттеу мәселесі. «Тұлға» ұғымын ғылыми анықтау және
тұлға феноменінің күрделілігі. Ғылыми білімдер жүйесіндегі тұлға
психологиясының орны. Тұлға психологияның зерттеу пәні ретінде. Тұлғаны
зерттеуде жүйелік және тарихи эволюциялық тұғыр. Тұлға психологиясының
пәні мен пән аралық байланыстары. Тұлғаны кешенді зерттеу қажеттілігі.
Тұлға құрылымының түрлі үлгілері. Тұлға психологиясы практикалық
психологиямен тікелей байланысты.
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуының қозғаушы күштері, шарттары мен
тетіктері. Тұлға дамуындағы түрлі тұғырлар. Әлеуметтік және тарихи өмір
салты тұлға дамуының қайнар көзі ретінде. Әр түрлі мәдениеттегі тұлғаны
салыстырып зерттеу. Мәдениет және мінез құлық бағдарламасы. Тұлға
дамуының жүйелілік детерминациясы.
Достарыңызбен бөлісу: