бағытталған жартыкеш шаралардың іске асырылуы. Республикада экономикалық өзін-өзі
басқару және өзін-өзі қаржыландыру концепциясының қалыптасуы. Экономиканы басқару
жүйесіндегі өзгерістер. Одақтық басқаруға жататын мемлекеттік кәсіпорындар мен
ұйымдардың Қазақстан үкіметінің қарауына өтуі, т.б. шаралар.
Саяси өмірдегі өзгерістер. Желтоқсан оқиғасының себептері, барысы, салдары. КОКП
ОК-нің «Қазақстан Республиканың партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық және
патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысы туралы» қаулысында 1986 ж. Алматыдағы
желтоқсан оқиғасының «ұлтшылдық» деп бағалануы. 1991 ж. 12 желтоқсан Қазақстан
Республикасы Президентінің «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі
оқиғаларға қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке
тартылғандарды ақтау туралы» Жарлығы. «Желтоқсан»партиясы.
1989 жылғы «Жаңа өзен оқиғасы». Бейресми қоғамдық қозғалыстардың өмірге келуі.
«Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы. Ұлт-азаттық сананың өсуі. 1988 ж. Алаш қозғалысы
қайраткерлерінің А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев т.б. ресми
ақталуы. 1989 ж. ақпан «Невада-Семей» қозғалысының бастамасы. 1989 ж. 22 қыркүйек Қазақ
КСР-інде қабылданған «Тілдер туралы Заң». ХХ ғасырдың 80-жылдарында М.Шаханов
басқарған Балқаш пен Арал мәселелері бойынша құрылған комитет қызметі. 1991 ж. 28 тамыз
Семей ядролық полигонының жабылуы. Кеңес Одағының Ауғанстаннан әскерін әкетуі.
Ресейдегі тамыз оқиғасы. Қазақстан Коммунистік партиясының таратылуы. 1990 ж.
сәуір Республикада Президенттік қызмет орнын құру. 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР-ның
Мемлекеттік Егемендігі туралы декларацияның жариялануы.
Достарыңызбен бөлісу: