17
Бағдарламаның мазмұны студенттердің ғылыми-кәсіби саладағы
қажеттіліктерімен, қазақ тілін ғылыми салада қолдана алу мүмкіндіктерімен
анықталады. Тілді практикалық жағынан меңгерудегі коммуникативтік
мақсаттар пен міндеттер ең басты тұжырымдама болып табылады. Бакалавр
студенттері ғылыми ортаға байланысты жаңа тілдік дағды мен білімін
жетілдіре отырып, терең әрі сапалы тілдік білімін қалыптастырады.
Пәннің міндеті бірқатар қатысымдық (коммуникативтік) және
танымдық (когнитивтік) міндеттердің орындалуы барысында жүзеге
асырылады. Атап айтқанда:
- кәсіби мазмұндағы орта көлемді мәтіндерді, нұсқаулықтарды,
анықтамалықтарды, БАҚ өнімдерін жатық оқу;
- аударма, кәсіби бағыттағы сөздіктерді пайдалана білуге үйрету;
- кәсіби аяда жиі қолданылатын белсенді (актив) сөздер мен сөз
тіркестерін, кәсіби лексика, салалық ұғым, атаулар мен терминдердің
мән-мағынасын еркін түсіну;
- әртүрлі стильде жазылған мәтін, өз мамандықтарына сәйкес еңбектер
мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу дағдысын
қалыптастыру;
- кәсіби
аяда ауызша монолог, диалог түрінде
(хабарлама,
таныстырылым (презентация), баяндама, дискуссия және т.б.)
әңгіме құру, сұхбат жүргізу;
- кәсіби аяда жазба жұмыстарын
(эссе, аннотация, түйіндеме, жоспар,
тезис, мәлімдеме, пресс-релиз, өтініш, хат, аударма, аннотация,
реферат және т.б.) орындау;
- кәсіби аяда қолданылатын қалыпты сөйлеу (этикет) үлгілерін қолдану
және белгілі бір кәсіби қатынас саласындағы танымдық-қатысымдық
міндетті шешуге керекті ақпарат тыңдау арқылы түсіне білуге
дағдыландыру;
- өз мамандығы бойынша ғылыми мәтіндерге пікір беруге, ғылыми
мақала, баяндама жазуға машықтандыру;
- сонымен қатар, кәсіби бағыттағы тақырыптар бойынша тіл үйренушіні
қазақ тілінде жүйелі талдау жасауға, өз ойын еркін жеткізуге және
ұсынылған материалдар бойынша сипаттама, салыстырма, қорытынды
жасай білу сияқты т.б. тілдік біліктілікті жетілдіруші әрекеттерге
дағдыландыру.
Достарыңызбен бөлісу: