«5В020100 – философия» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет71/190
Дата13.02.2023
өлшемі1,65 Mb.
#67430
түріБағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   190
Байланысты:
5В020100-Философия

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
 
БОЛМЫС ФИЛОСОФИЯСЫ (ОНТОЛОГИЯ) 
 
Онтологиялық идеялардың тарихы 
Парменидтен Кантқа дейінгі онтологиялық идеялар тарихының 
метафизикалық кезеңдері. Бар болып, өмір сүріп отырғанның өзгермейтін 
және мәңгі бастауларын іздестіру. Субстанция идеясы. Аристотельдің 
«Алғашқы философияның» қажеттілігін негіздеуі.
Онтологиялық идеялар дамуындағы тоқырау кезеңі. Онтологияның 
гносеологиядағы (Кант), логикадағы (Гегель), табиғат философиясындағы 
(Шеллинг), ерік философиясындағы (Шопенгауэр), антропологиядағы 
(Фейербах) және тәжірибе философиясындағы (Маркс) «кеңеюі». 
Онтология дамуындағы қазіргі кезең. Уақыт идеясы мен болмыстағы 
білім онтологиясына кіріспе. Адамға қатыссыз тұрғыдан алғандағы 
болмыстың пайымдалмайтындығын түйсіну.
Болмыс – онтологияның орталық категориясы 
Шынайылыққа онтологиялық көзқарастың өзіндік ерекшелігі. Болмыс 
пен бейболмыс, барлық пен өмір сүру бастапқы философиялық-
онтологиялық категориялар. Болмыс қабаттары туралы идея. Рухани және 
реалды болмыс. Болмыс сезімдік шындық, абстракция, ұғым мен категория.
Болмыстың модустары – мүмкіндік пен шындық, қажеттілік пен 
кездейсоқтық. Бірге-болмыс, қолданбалы болмыс және өзге-болмыс. Өзіне-
болмыс. Болмыс адамзаттың өмірлік қызметіндегі туыстық шынайы процесс.
«Материя» ұғымының мәні. Материяны түсіндірудің көптүрлілігі. 
Материя обьективті шынайылық.Материяның құрылымы мен қасиеттері 
туралы нақты-ғылыми түсініктер. Ойлау мен материяның қатынасы 
мәселелері. Бейнелеу, қозғалыс, кеңістік, уақыт, жүйелілік материяның 
атрибуты. Материя мен қозғалыстың ажырамастығы. Қозғалыс болмыстың 
жалпы тәсілі. Қозғалыстың негізгі формалары. Тұрақтылық пен өзгергіштік, 
үздіктілік ен үздіксіздік қозғалыстың сипаттамалары.


80 
Материя субстанция ретінде. Субстанция ретіндегі материяның 
мәңгілігі мен шексіздігі, жаратылмайтындығы және жойылмайтындығы.
Рух болмыстың ерекше феномені. Рухты ұғымдар арқылы анықтаудың 
күрделілігі. Рух өмір сүрудің жоғары сапасы. Рух болмысының формалары. 
Жеке адам рухы (тұлға рухы). Ұжымдық рух (обьективті рух). 
Обьективтенген рух (рухтың аяқталған жаратуларының тұтастығы: мәселен, 
өнер туындыларындағы). Адам – рухани, жандық және тәндік тіршілік иесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет