92
Философиялық антропологияның басқа пәндер арасындағы орны оның
пәні мен қызметтеріне байланысты. Философиялық антропология адам
туралы жаратылыстану (ең әуелі биология және медицина) және
гуманитарлық пәндер (дін, этика, онтология және тағы басқа философиялық
пәндер) кешенімен тығыз байланысты. Ол, бір жағынан бұл пәндердің
көзқарастық
және
әдістемелік
жағынан
маңызды
нәтижелерін
қорытындылайды, басқа жағынан алғанда, оларға көзқарастық және
әдістемелік негіздемелер жасай отырып, арнайы ғылыми білімнің осы
салаларына олар ұсынған өзекті міндеттерді рационалды түрде түсінуге
және бұл міндеттерді шешудің негізгі стратегиялары мен шешу әдістерін
анықтауға көмектеседі.
Пәннің негізгі кезеңдерін қамтитын қысқаша тарихи даму очеркі.
Адамның табиғаты мен мәні философтарды ылғи да қызықтырды, сондықтан
«қазіргі заманғы антропология» терминін кез-келген тарихи-философиялық
ілімге қатысты қолдануға болады. Мысалы, философия тарихында
«антропологиялық бетбұрыс» жағдайлары көп кездеседі. Бұл кезеңдерде
натурфилософияны немесе спекулятивті метафизиканы адамды барлық
жүйелер мен доктриналардың бастауы ретінде қарастыратын ілімдер
алмастырды. Ерте софистер мен Сократ алғашқыбастау туралы бұрынғы
ілімдерді антропологиялық тұрғыдан (Протагор үшін «адам барлық
заттардың
өлшемі»)
сынады;
Қайта
Өркендеу
дәуірі
көбіне
«теоцентризмнен» «антропоцентризмге» өту ретінде сипатталады; Канттың
«Коперник революциясынаның» және негізгі философиялық мәселелерді
«Адам дегеніміз не?» сұрағының төңірегін жинақтауының соңынан 19-
ғасырдың олар үшін адам философияға лайықты жалғыз тақырыпқа айналған
ілімдері (Фейербах, Штирнер, Къеркегор) ілесті. ХХ ғасырдың бірінші
жартысында М.Шелер, Г.Плеснер, А.Гелен, Э.Ротхакер, В.Зомбарт және
тағы басқа неміс ойшылдарының ілімдері кең тарады. Осы кезеңде Ницше,
Бергсон, Дильтейдің «өмір философиясы», Гуссерльдің феноменологиясы,
экзистенциализм, постмодернизм, прагматизм, персонализм және тағы
басқалары пайда болды. Философиялық антропологияның бұлардан
ерекшелігі – тек ол ғана жаратылыстану және медицина ғылымдарының,
әлеуметтану мен психологияның, этнография мен тарихтың, биология мен
экологияның адам туралы қазіргі заманғы мәліметтерін біртұтас жүйеге
жинақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: