«5В020100 – философия» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет90/190
Дата13.02.2023
өлшемі1,65 Mb.
#67430
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   190
Байланысты:
5В020100-Философия

ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА 
 
Әлеуметтік философия: статусы, қызметтері және мәні 
Философияның қоғамтанулық арнасы. Философияның генезисі. 
Әлеуметтік философияның ғылыми статусы. Оның дүниетанымдық, 
әдіснамалық, гуманистік және жалпы мәдени қызметтері. Гуманитарлық 
және жалпы ғылыми білім жүйесіндегі әлеуметтік философияның орны. 
Әлеуметтік философия және әлеуметтану. Әлеуметтік философия және 
тарих. Әлеуметтік философия және гуманитарлық емес білім. Әлеуметтік 
философияның даму логикасы. Әлеуметтанулық идеализм. Географиялық 
детерминизм. Тарихи материализмнің алғышарттары мен мәні. Биологиялық 
детерминизм. Психологиялық бағыт. Техницистік бағыт. Әлеуметтік-
философиялық білімнің сараптамасы.
Әлеуметтік-философиялық білімнің тарихы 
Адамзат тарихының объективтілігі, дүниежүзілік сипаты, мәні. 
Адамзат жекелігінің дамуы тарихтың ішкі ұмтылысы ретінде. Әлемдік 
діндердегі қоғамның үлгілері (христиан, ислам, буддизм діндері). Тарих 
философиясының тарихынан: антика, орта ғасыр, Жаңа дәуір, гегельшілдік, 
марксизм. XX ғасырдағы әлеуметтік философия: К.Р. Поппер, Т. Адорно 
және т.б. концепциялары. Модерннен структурализмге және постмодернге. 


102 
Әлеуметтік-философиялық әдіснаманың мәселелері 
Әдістер мен әдіснама және олардың деңгейлері мен типологиясы 
туралы жалпы түсінік. «Табиғат туралы ғылым» және «Мәдениет туралы 
ғылым» дилеммасы: гуманитарлық ғылымның әдіснамалық мәселелердің 
бастамасы. Әлеуметтік таным әдіснамасы мәселелері контекстіндегі 
әлеуметтік 
философия. 
Марксизмнің 
диалектикалық-материалистік 
әдіснамасы. Франкфурт мектебінің диалектикасы мен әлеуметтік 
философиясы (Адорно, Маркузе, Хоркхаймер, Фромм және т.б.). Қоғамды 
талдаудағы жүйелік әдіснама және синергетиканың принциптері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет