4 – лекция. Көркем шығарманың идеялық мазмұны.
Пафос жəне оның түрлері.
Барлық сағат саны: 9 сағат.
Жоспары:
1. Пафос туралы түсінік.
2. Пафостың түрлері.
3. Жанр.
Əдебиетке тəн негізгі сипаттардың бірі – оның идеялылығы.
Идеялылық- өнер туындыларындағы көркем образдар арқылы бейнелегнен
оқиғалар мен характерлердің мəні жайындағы ой-пікірлердің көрінісі.
Демек, идеялылық ұғымын қаламгер позициясы, авторлық идея
мəселелерінен бөле-жара қарастыру мүмкін емес.
Көркем шығарма тек қоғамның жарқыраған «айнасы» ғана емес, сол
қоғамдағы болып жатқан реалды оқиғаны сырттай бейнелеу де емес, жанды
образдарды тудыруы мен қым-қиғаш оқиғаларға деген автордың көзқарас –
бағасын білдіруі немесе терістуі мен ризашылығын қоса сезініп, түйсінуі.
Яғни, кез келген көркем дүние табиғатынан автордың бейнелеп отырған
туындысына деген нақты қарым-қатынасы мен ой-пікірін анықтап, түсіну
деген сөз. Ал, оны біз көркем шығарма мазмұнындағы автор позициясынан
айнытпай тани аламыз. Егер авторлық позиция оқырманның іздеген
ойларымен дөп келсе, аңсар сезім күйімен үйлесе кетсе, онда көркем
шығарманың да құндылығының артқаны. Өйткені көркем шығармадан
адамның рухани жақтан тілеген, белгілі бір жайға көзін анық жеткізілген
позициялары табылып жатса, сонда ғана шығармашылық позицияға сай
автордың да шығармашылық тұлғасы анық бой көтереді. Себебі өнер
дүниесінен адам өзіне эстетикалық лəззат алуды, танымдық қажеттілікті
іздейді. Ал, көркем туындыағы авторлық позиция оқырманның рухани
танымын тереңдетуге, эстетикалық талғамның өсуіне ерекше ықпал етері де
сөзсіз. Сондықтан Ф.М.Достоевский: «Адам бойында адамдық образды
қалпына келтіру керек» дей отырып, «Эстетика дегеніміз адам баласының
өзін-өзі кемелдендіру кезінде жан дүниесінде ашылатын ғажайып сəттер»
екенін ой жібереді. Авторлық позицияның тағы бір тылсым қыры тап осы
арада анықтала түседі. Автор шығармасы арқылы адамгершілік пен ізгіліктің
құдіретін оқырманына айқын таныта түсіп, оқырман болмысына сіңіре түсу
үшін жан дүниесіндегі ғажайып эстетикалық сезім күйін сомдап отырған
образдың табиғатына еріксіз «сыйлауға» мəжбүр болады. Сол арқылы
оқырманға аса қуатты эстетикалық-эмоциональдық позиция тұрғысынан əсер
етеді.
Əдебиеттің идеялылығы жəне оның қаламгердің тəрбиелеушілік
сипаттағы ұлы парызын жүзеге асырудағы маңызы жайында сөз еткен кезде
көркемдік ойлаудың өзіндік ерекшеліктерін білмейінше, əдебиеттің
идеялылығы мəселесінің күрделілігін дұрыс түсіну мүмкін емес.
Идеялылық бағыттылықтың жақсы немесе жаман болуы тек қана
мазмұнға қатысты емес, сонымен қатар бейнелеу пішіні арқылы да
анықталады. Көркем туындылардағы идеялар сөз арқылы тікелей берілмей,
негізінен, көркем образдар арқылы жанама түрде көрінетіндіктен, олар көзге
ұрып тұрмайды, туындының өне бойында тұтас күйінде, шығармадағы тілдік
– бейнелік образдар байланысы арқылы ашылады.
Идеялылық – көркем туынды мазмұнына тəн сипаттарды , яғни
тақырыптың əлеуметтік, саяси, философиялық немесе этикалық маңызын,
қоғамдық бағыттылығы мен идеологиялық тенденциялығын, көркем идеяның
шынайылығын біріктіре бағалайтын эстетикадағы өнердің жалпы өлшемі.
Пафос түсінігінің шығарманың идеялық-эмоциональдық бағыт
ретіндегі ғылыми тарихы жəне «пафос» терминінің тарихы бір-біріне сəйкес
емес. Мұндай жағдай ғылымда жиі кездеседі. Өнертану жəне əдебиеттану
эстетикасына «пафос» термині Белинский заманынан бері қолданыстағы
əдеттегі «поэтикалық идея» мағынамын бірден ала қойған жоқ.
«Пафос» сөзі этимологиялық тұрғыдан басқа барлық тілектерді адам
кеудесінен ығыстыратын, одан асқақ болатын жəне оның еркіне
бағынбайтын, бəрін де жеңетін қатты құмарлықты білдіреді. Осыған
байланысты пафос көбінесе азап шегумен тоғысып, ым, ишарада, жоғары
эмациональдық сөйлеуде жəне т.б. көрініс береді. Пафос – Кипрдегі қала.
Онда аңыз бойынша, теңіз көбігінен махаббат құдайы Афродита жаралған
(«Пафия», «Пафос құдайы»).
Б.д.д. ҮІ-Ү ғ.ғ Афрадита Пандемос пен Афродита Уранияны
философтар ажырата бастаған.
Əдеби жанр (французша – тек, түр) термин ретінде шартты 2
мағынада қолданылады: 1/ əдебиеттердің тектері эпос, лирика, драма; 2/əдеби
шығармалардың түрлері - əңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия
т.б.
Жанр мəселесінің маңында шартты пікірлер көп. Əдебиет теориясына
арналған еңбектерде көбіне əдебиеттің тегі – жанр, əдеби шығарма –
жанрлық түр деп танылып жүр.
Əрбір əдеби туындының жанрлық табиғатына əр алуан. Эпикалық
шығармада қаламгердің өзін қоршаған дүниені көркемдік пен суреттеуміне
қатар, өмір шыныдығын əдеби образға жинақтап, олардың өзара қарым-
қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылса, лирикада өмірдің
түрлі
құбылысмтарынан
туындаған
ой-сезімдерді
ақынның
тікелей
бейнелеуіне бағытталады. Драмада алғашқы екеуінің мүмкіндіктерін өз
бойына біріктіреді. Яғни пьесадағы түрлі кейіпкерлердің мінездері өздерін-
өздері тікелей көрсетуі арқылы ашылады.
Аталмыш үш тектің негізгі ұстанымдары өзгеріссіз қалпында
ғасырлар бойына əдебиет туындысының сипатын айқындап келеді.
Əдебиет тектерінің тұрақтылығын былай түсіндіруге болады. Адам нақты
бір қоғамдық жағдайларда дамиды, белгілі бір əрекеттер, ойлар мен
толғаныстар арқылы өзін-өзі танытады. Эпос, лирика, драма өзара ұштаса
отырып, халықтар өмірінің тұтастай дəуірін қамтитын аса күрделі қоғамдық
үрдістерді бейнелеуден бастап, бір ғана адамның толғаныс-толқыныстарын
көрсетуге дейінгі адам санасы мен өмірді терең де жан-жақты суреттеуге
шексіз мүмкіндіктер ашады.
Өнер өмірден туады. Эпос, лирика, драманың əрқайсысы осынау
күрделі, қиын өмірдің өз қажетінен рпайда болған. Сынның туу, қалыптасу,
даму тарихын білу қажет.
Əрбір əдеби шығарма – белігіл бір дəуірдегі қоғамдық шыдықтың
сəулесі. Əр дəуірдің өз шындығы бар. Бұлар бірін-бірі қайталамайды. Тектері
мен түрлері ұқсас болғанымен Шкспир трагедиясы Мүсірепов жазған
трагедиядан, Бальзак романы Əуезов романынан, Абай поэзиясы Жансүгіров
поэзиясынан өзге екені даусыз. Осы өзгешеліктерді, ажырату əрекетінің өзі
жанр мəселесін тарихи тұрғыдан қарастыруға əкеледі.
Жанр - даму үстіндегі ұғым. Əрбір тарихи дəуір əр түрлі жанрдың түп
негізін сақтай тұра, оның табиғатына өз ерекшеліктерін енгізеді. Мұндай
ерекшеліктер, бір жағынан, əр əдебиеттің ұлттық сыр-сипатымен тығыз
байланыста болса, екінші жағынан əр жазушының əлеуметтік орта мен əдеби
процесті атқарар роліне алар орнына байланысты. Жнарлық дамудың өзі –
тірі поцесс. Жанрлар туады, өседі, өзгереді, жоғалады, жаңадан пайда
болады. Бұл да əр əдебиеттің тарихи тағдырлары мен ерекшеліктеріне
ұштасып жатады.
Жанр – нақты тарихи түр. Қазақ эпосы бр кезде батырлар жыры
түрінде көрінсе, кейін аралық сипаттағы лиро-эпосқа көшті, одан келе
жанрлық табиғатына мүлде жаңартқан жаңа сападағы поэмаларға ауысты.
Дəстүрлі түрде əдеби тектер үшке бөлініп, əрқайсысы сөздің белгілі бір
қызметіне сай келеді де, оның эстетикалық ерекшелігін белгілейді.
1. Эпос, болмысты белгілі бір ауқымда, көлемде, уақыт пен кеңістік
аясында жəне оқиғалар шеңберінде, сюжеттік желі негізінде қамтиды.
2. Лирика, жеке адаманың ішкі дүниесін, сезімнің қалыптасып,
өзгеруімен, мұң-қиялымен, көңіл ауанымен, қайғғы-қуанышымен ашып
көрсетеді.
Драма, сөздік əрекеттерді эмоционалды ерікті ұмтылысымен,
əлеуметтік-психологиялық сипатымен, ішкі еркіндігімен жəне сыртқы
шектеулілігімен,
қысқасы
екі
жақты
экспрессивті
–сюжеттік
қатынастарымен танытады. Сол арқылы əдебиеттің бұл тегі өз бойында
лирика мен эпостың сипаттарын ұштастырады. Кең суреттейтін, адам мінезін
мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр.
Эпостың туу, қалыптасу тарихы адам санасының алғаш ояну
дəуірлеріне тамыр тартып жатыр.
Белинский эпикалық шығарманың ерекшелігі, мəселен, драмадағы
басты нəрсе – адам болса, эпостағы басты оқиға екенін ескертеді. Бұдан
шығатын қорытынды- эпос жан-жақты жанр: эпикалық шығармада адамның
өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік
толық жинақталады, ол жасаған оқиғалар молынан суреттеледі, ол жасаған
іс-əрекеттер тұтас бейнеленеді, адамдар арасындағы қарым-қатынастар əр
қырынан айқын көрсетіледі. Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу
мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр 3 түрге бөлінеді. 1/ шағын көлемді
эпикалық түр. 2/ орта көлемді эпикалық түр. 3/ кең көлемді эпикалық түр.
Қандай эпостық шығарма болсын, бəрібір осынау 3 түрдің біріне жатады.
Шағын көлемді эпикалық түрге жататын əдеби туындыларда,
негізінен, өмір шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде, адам
тағдыры бір немесе бірер жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқиғаға
қатысатын қаһармандар санаулы, олардың басынан өтетін құбылыстардың
бəрі емес, кейбір үзіктері ғана суреттеледі. Адам мінезі мұнда көбіне
қалыптасқан дайын қалпында көрінеді.
Шағын эпикалық шығармалар əдеби тарихның əр кезеңінде əр сипатта
болған. Мысалы: ежелгі көне дүниедегі бұл тектес көркем туынды – мия,
одан кейін – аңыз, ертегі, мысал, новелла т.б.
Миф – табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын
қиял ғажайып оқиғаға айнадыра бейнелейтін фантастикалық баян. Бұл
байырғы халықтардың бəрінде бар, бірақ түпкі туған жері ежелгі Греция.
Эпостың көне түрлерінің бірі – аңыз. Бұл да миф секілді əсіре қиял аралас
фантастикалық қиял.
Бірақ мифтен өзгешелігі – аңыздың негізінде шындыққа жөн асымды,
көбіне өмірде болған халық есінде сақталған оқшау оқиғалар жатады. Шағын
көлемді эпикаға тəн жанрлық түрлердің бірі – ертегі. Бұл да миф пен аңызға
ұқсас, адам өмірін де, не хайуанат дүниесінде болуға лайық əр алуан қызық,
кейде ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре əңгімелейтін көркем
хикая.
Ертегінің тақырыбы ғана емес, табиғаты да əр алуан.
Мысал – эпостық шығарманың ішіндегі ең қысқа түрі. Əрқашан
сатиралық сипатта, көбіне аң, хайуанат, кейде зат туралы жазылады да, сол
арқылы адам бойындағы мін, əлеуметтік ортадағы кемшілік күлкіге
келекеге, мазаққа айналдырып, сықақпен сыналады. Мазмұны бүкпелі
болғанымен, идеясы астарсыз, ашық, тура, тілі өткір болады.
Новелла - итальянша-жаңалық, соңғы сөз деген мағына береді.
Негізгі əдебиеттер:
1. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 1992ж.
2. Қожекеев Т. Сатиралық жанрлар. – Алматы, 1983ж.
3. Əдебиеттану терминдерінің сөздігі. Алматы, 1997ж.
4. Жанр жəне шеберлік. Алматы, 1968ж.
5. Жанр сипаты. –Алматы, 1971ж.
Қосымша əдебиеттер:
1. Абрамович Г. Ввдение в литерауроведение. Москва, 1979.
2. Аристотель. Поэтика. Москва, 1957.
3. Горький А.М. Əдебиет туралы, Алматы, 1984ж.
4. Жұмалиев Қ. Əдебиет теориясы. Алматы, 1970ж.
Достарыңызбен бөлісу: |