Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
39
айта келе, әліпби құрастырғанда жауабын табуға тиіс ең алғашқы
сұрақ осы деп нақты жеткізеді. Әрмен қарай таңба санын анықтау
мен ол сандарды үнемдеудің түрлі жолдары бар екенін айтады.
Расында, араб графикасы болсын, латын графикасы болсын әліпби
жасалғанда бірінші қаралуы тиіс мәселе әліпбиге енетін таңба
мәселесі. Ал, оның ар жағында дыбыстар тұрғаны анық. Түптеп
келгенде, әліпби жасағанда графикадан бірінші дыбыс, таңба
мәселесі шешімін табуы тиіс. Ақымет Байтұрсынұлы алғаш қазақ
әліпбиін жасағанда дыбыстардың толық таңбалануына, таңба
санына, оны үнемдеуге баса назар аударды.
Ғалым өзінің «Жазу тәртібі» [18] деп аталатын мақаласында
қазаққа оқудың керектігі даусыз екенін алға тартып, оның екі түрі
бар деп көрсетеді: мұсылманша оқу, русша оқу (орысша оқу-
авторлар). Орысша оқудың ұзақ уақытты талап ететінін ескерте
келіп, қазақша білім алу керектігін тілге тиек етеді. Ал, қазақша
оқу деген сол күнгі мұсылманша оқу еместігін, ол жолдың
«бұрғалақ-жырғалағы» көп екенін, бұған да орысша оқыған секілді
уақыт кетіп қалатынын салыстырып көрсетіп, қазақ тілінде
дұрыстап хат тануға небәрі бір-екі-ақ жыл кететінін айтады. Сол
кезде ноғай, түрік, фарсы, араб тілінде жазылған кітаптар аралас
оқытылып, баланың миын ашытып, оқуды күрделендірді. «Осы
күнгі жазуымызда дыбыс басына арнаған белгіміз жоқ; бір
белгіменен әлде неше түрлі дыбыстарды жазамыз» [18] дей
отырып, ««о -ﻭ» жазамыз бес түрлі дыбысты, «ы-ﻯ»–менен
жазамыз үш түрлі дыбысты» деп мысал келтірді. Осылайша ғалым
бірдей жазылатын сөздерді балаға әр түрлі оқыту зорлық
болатынын айтады. Сонымен қатар, ғалым сол кездегі мынадай
негізгі кемшіліктерді атайды:
•
Әркім әртүрлі жазады. Бір жөнменен жазылатын жазу жоқ.
•
Жазғанымыздың қате я дұрыстығын айырарлық емле жоқ.
•
Оның жоқтығы қазақ тіліндегі дыбыстарға ашып арнаған
қаріптер жоқ.
Осындай кемшіліктерді тізіп көрсетіп, олардың байыбына барып,
қазаққа жаңа жазу қажет екенін түсінді. Ол жазудың дұрыс не
бұрыстығын ажыратып көрсететін емле қажет екенін, ал емле болу
үшін алдымен қазақ дыбыстарына әріптер керек екенін ашық
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
40
көрсетті. Яғни, алдымен қазақ дыбыстарына әріп арнау – жаңа
әліпби жасау деген сөз. Сол кездегі араб графикасының қазақ
дыбыстарын толық жеткізе алмайтынын ескеріп, әріптің тіл үшін
шығарылғанын айтып, «қарпі жоқ деп тілдегі дыбысты жоғалту
емес, ол дыбысқа жоқ қаріпті іздеп табарға керек» [18] деген
тұшымды пікір айтып, қазақ ағартушылары алдына нақты
тапсырма қойды. Бұлай жасау тек бізде ғана емес, өзге жұрт та
солай жасайтынын, яғни бұл жағдайдың қалыпты екенін жеткізеді.
Кемшіліктер нақты белгілі болған соң, оларды реттеу жолындағы
жұмыс айқын болмақ. Сонымен қатар оқу құралының да жанды
қинамайтын, жеңіл әрі түсінікті болуға тиіс екенін айтып, сол
жолда қызмет етті.
Жазу тәртібін ретке келтіру. Ғалым жұмысын қазақ тілінің төл
дыбыстарын анықтап, оларға өзінің айтуы бойынша «жазу
белгілерін», яғни әріптерді табудан бастады. «Қазақ тілінде 24
дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты
дауысты.
Дауысты дыбыстар: ﺍ(а),ﻭ (о),ﺅ (у),ﻯ (ы),ﻩ (е). Дауыссыз
дыбыстар:ﺏ (б),پ (п),ﺕ (т), ﺝ(ж), چ(ш),ﺩ (д),ﺭ (р),ﺯ (з), ﺱ (с),ﻍ (ғ),ﻕ
(қ),ﻙ (к),گ (г),ﺙ (ң),ﻝ (л),ﻡ (м),ﻥ (н). Жарты дауысты дыбыстар :ﺅ
(у),ﻱ (й)» [18].
Ғалымның түсіндіруі бойынша, енді осы дыбыстардың ішінде
үнемі жуан (қ, ғ), үнемі жіңішке айтылатындары бар (к, г, е).
Қалғандарының жіңішке, жуан нұсқалары бар. Қалған 19
дыбыстың әрбірін жуан, жіңішке етіп жазып отырсақ, 38 әріп
керек болады, оған қалған 5 дыбыс таңбасын қоссақ бар жоғы 43
әріп керек болады екен. Араб әліпбиінде онша әріп жоқ
болғандықтан, ғалым жіңішкелікті білдіретін арнайы белгі «ء» –
дәйекшіні енгізеді. Сол арқылы әліпбидегі әріптер санын азайтты.
Бұған себеп болғаны, қазақ тілінде дауыссыз дыбыстардың
дауысты дыбыстарға бағынатындығы. Бұл дегеніміз, дауысты
дыбыс жуан болса, сөздегі дауыссыз дыбыстар да жуан айтылмақ,
ал егер дауысты дыбыстар жіңішке болса, дауыссыз дыбыстар да
жіңішке айтылмақ. Себебі, қазақ тілі сингармониялық тіл. Бұл
шешім сол кез үшін жоғары деңгейде табылған жаңалық болды.
Қазіргі таңның өзінде бұл шешімнің оңтайлы болғанына ешкімнің
дауы жоқ. «Дауысты дыбыстарымыз: а-ﺍ, о-ﻭ, ұ-ﺅ, ы-ﻯ-лардың
|