Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
49
Қазақтың
бірегей
тұлғасы,
көрнекті
ғалым
Ақымет
Байтұрсынұлының еңбектері әлі тереңдей зерттеуді қажет етеді.
Ғалымның жұмыстарын оқи отырып, осыдан тура бір ғасыр бұрын
өмір сүрген ғұламаның білімінің тереңдігі, ойының ұшқырлығы,
тілге деген сүйіспеншілігі, тілдің табиғи заңдылықтарына деген
беріктігі, ғылымға деген адалдығы, жан-жақты ізденіпмаздығы,
қазақ халқына деген шынайы жанашырлығы, еліне деген шексіз
махаббаты, мінезінің өткірлігі, өзіне деген сенімділігі, «Тіл –
құрал» арқылы (өзінің айтуы бойынша) қазақ тілін қандай құрал
екендігін тұтас түрінде таныту үшін түрлі бөлшектерін, тетіктерін
ұсағын ұсағынша, ірісін ірісінше жүйелі тұрған орнында алып
көрсетіп танытқандығы ғалымның барлық құрмет пен атаққа
лайықты екендігіне көзімізді жеткізеді. Ғалымның адалдық пен
ізденімпаздықты, еңбекқорлықты талап ететін ғылым алаңындағы
салған сара жолы, өмір жолы, аса құнды еңбектері біз секілді
келесі замандық із жалғаушы шәкірттеріне тілге қызмет ету
жолында ерекше күш-қуат береді.
Ақымет Байтұрсынұлының жазуға қатысты еңбектері біздің
қолымызда бар деректерге сүйенсек 1910 жылдан 1929 жылға
дейінгі аралықта жазылған және бәрі де құнды. Ғалымның 1937
жылға дейін де жазылған еңбектері болуы ықтимал. Болашақта
табылып жатса, бұл саланың тереңдей түсуіне ықпал ететініне
сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: