нигилизм феноменiн сынап зерделей отырып М.Хайдеггер болмыс тақырыбына оралып,
адамның өзiнiң болмысын өзектi мәселе ретiнде қарастырады. Философтың ойынша адам
осындағы - болмыс болып табылады. Адам өмiрi көбiне мәнсiздiктi сезiнумен,
жалғыздықпен, азап шегумен байланысты. Олай болса, не нәрсе мәндi болып табылады?
Мәндi болып табылатын нәрсе – адамның нақты болмысы, уақыттағы болмыс.
Адамның өмiр сүруi бүкiл бүтiндi, әлемдi өзiне қамтитын “осы” мүмкiндiгiн жүзеге
асырумен сипатталады. Демек, “Болмыстың болмысы” мәндi болып шығады, ал оны ұғыну
үшiн тiлге құлақ түру қажет, тiлдiң өзiн сөйлету керек. Тiл арқылы әрбiр адам өзiн-өзi
ашады, өзiнен хабар бередi, өзiнiң жағдайын, көңiл-күйiн бiлдiредi, ал сол арқылы өзiнiң
әлемге деген, өзiне қатынасын айқындайды. осындай тiл адамның жағдайын, көңiл-күйiн,
оның өзiндiгiн, ол қандай болса соған сәйкестiгiн ашып көрсетедi. Поэзия әлемдi, ондағы
ахуалдандыру “тәсiлiн ашып”, поэзиялық тiлдiң арқасында адам өзiнiң кiм екенiн, өзiнiң
мақсаты мен тағдырын таба алады.
Достарыңызбен бөлісу: