10
Ауыз әдебиет, жазба әдебиеттің айырым белгісі хатқа түскен, тасқа
басылған сөз фактісінде емес, шығарманың, туындының жазылу стилінде,
дәстүр үрдісінде, жанрлық өзгешелігінде жатыр.
Сол өзгешеліктердің бірі
- XIX ғасырдағы ақындар айтысы, жалпы айтыс
өнері, айтыс өлең фольклористикада, әдебиеттану ғылымында Шоқан
дәуірінен бері зерттеліп келеді. Ұзақ уақыттар бойы әдебиетіміздің көп асыл
мұрасы сияқты айтыс ауыз әдебиетінің еншісі есебінде зерттелді. Бірте-бірте
зерттеу проблемалары күрделеніп, ауқым аймағы кеңи түсті. Жекеленген
зерттеушілер XIX ғасырдағы ақындар айтысының табиғатындағы дәстүрлі
айтыс өлеңмен туыс тұсты да, оның өзіндік белгілерін де аша сөйлеуге ауысты.
Осы айырым, ажырату тұсында XIX ғасырдың айтысында атап айтар, айқын
өзгешеліктер, әрине аз емес.
Айтыстың дәстүрлі сипатына қарай, мазмұн, мәніне, орындалу орны,
мақсатына қарай түрге бөлінуінде айтыстың табиғатын зерттейтіндердің
бәрінің көзқарасы бірдей емес. Әрине, олай болуы мүмкін де емес.
Осы орайда,
А.Байтұрсынұлының айтыс жайлы тұжырымдары XIX
ғасыр айтысының табиғатын тануда таптырмайтын өлшем үлгісі.
А.Байтұрсынұлы XX ғасыр басындағы айтыс күйінен «Жазу жайылған сайын
айтыс өлең азайып, құруға бет алып барады» деп хабар береді. Бұл түйін -
айтыстың, дара ақындар айтысының аса жанданған әдеби үлгі, жаңа көркемдік
арна екендігін айғақтай түсетін түйін.
Мысалға,
Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихында» қазақ әдебиеті үлгілерін
қарастырудың негізін салды. Әдебиеті ауызша әдебиет, жазба әдебиет деген
үлкен екі салаға бөліп, ауызша әдебиеттің жазбаша әдебиеттен
айырмашылығын атап көрсетіп берді. Оның арғы-бергі әдебиет үлгілеріне
қатысын көрсетеді.
Ә.Қоңыратбаев XІX ғасырда туған айтыс поэзиясын беске бөледі.
Ілгеріде айтысты зерттеушілер
әдет-ғұрып, қайым, жұмбақ, діни, ақындар
Достарыңызбен бөлісу: