67
1-сыныпта оқушылар демалып, келесі сабаққа дайындалуы үшін мазмұнды
демалыс пен физикалық минуттар үшін үзілістерді ұзарту ұсынылады.
Адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастырудың бір жолы – кітап
оқу. 2022-2023 оқу жылында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және
оны қолдау, кітап мәртебесін
(«Кітап оқу – сән») арттыру мақсатында білім
алушылар арасында
«Оқуға құштар мектеп» жобасы жалғасады. Жобаның
негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас пен әлеуметтік әріптестік арқылы білім
алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін
арттыруды, оқу сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуын
жалғастыруды, оқырмандар қауымдастығын қалыптастыруды, іс-шараларға ата-
аналарды қатыстыруды көздейді.
Мектеп сайтында үздік балалар әдебиеті мен мектеп әдебиетіне арналған
түрлі сервистер, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу үрдісін кеңейту
бойынша
ресурстар
(интернет-викториналар,
сервистік
ұсынымдар,
кітапханалар туралы ақпарат және т.б.) ұсынылуы тиіс. Әрбір мектепте және
отбасында 20 минуттық кітап оқу ұйымдастырылады. Мектеп холдарында үлкен
үзілістерде кітап оқуды ұйымдастыру үшін «Буккроссинг» бұрыштарын құру
ұсынылады.
Кітаптарды
электронды
форматта,
соның
ішінде
мобильді
құрылғылардың көмегімен оқу мүмкіндіктерін кеңейтетін, балаларға әдебиетті
таңдауда дұрыс бағдар алуына көмектесетін, кітап оқуға құмар балалар санын
арттыратын жаңа электронды ресурстарды пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: