81
ерекшеліктерін білу онымен жұмыс істеудің оңтайлы жолын табуға көмектеседі.
Мұндайда білім алушының келесі ерекшеліктерін ескеру маңызды:
-
баланың физикалық және психикалық дамуына әсер ететін
ерекшеліктер;
-
сөйлеу, зият, эмоциялық-ерік аясы;
-
балалардың жас және жеке ерекшеліктері;
-
балалардың қызығушылықтарын, қабілеттерін, мүмкіндіктерін
анықтап, дамытуға жағдай жасау;
-
психикалық процестері (қабылдау, назар аудару, есте сақтау, ойлау);
-
темперамент типі.
Жеке тәсіл аталған ерекшеліктерді ескеріп қана қоймай, әрбір білім
алушымен жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Кейбір білім алушылар үшін
жеке жұмыс істеу – дамудың негізгі шарттарының бірі екендігін естен шығармау
керек.
Осылайша, инклюзивті білім беру жағдайында қазіргі педагог қызметінің
негізгі ерекшелігі – кәсіби қызметінің көп бағыттылығы және әртүрлілігі.
Сабақта мұғалім шешетін міндеттердің ішінде ең бастысы – білімді меңгеруіне
қолайлы жағдай жасау негізінде білім алушыны кез келген оқу әрекетіне қосу.
«Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығында
ерекше білім беруді
қажет ететін білім алушылардың келесі топтары анықталған:
1)
мінез-құлық
және
эмоционалдық
проблемалары,
қолайсыз
психологиялық факторлары (отбасындағы тәрбиенің бұзылуы, бала-ата-ана және
отбасыішілік қарым-қатынастар) бар балалар;
2) әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, лингвистикалық мәдени
сипаттағы кедергілері (әлеуметтік қауіпті отбасы балаларының педагогикалық
немқұрайлылығы; жергілікті қоғамға бейімделуде қиындықтарға тап болған
балалар (босқындар, мигранттар, кандастар және т.б. отбасылар);
3) даму мүмкіндіктері шектеулі (есту, көру, интеллект, сөйлеу, тірек-
қимыл аппараты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалдық-еріктік
бұзылыстар) бар балалар.
Төменде ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, балаларды
оқыту стратегиясын құруда мұғалімдерге арналған ресурстар мен сілтемелер
берілген.
Достарыңызбен бөлісу: