Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия


Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы



Pdf көрінісі
бет23/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы 
(немесе қайшылық заңы)
Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы (немесе 
қайшылық заңы) бар барлықтың табиғаты бірдей бола тұрып өзара 
күресте және бір-біріне қайшылықта болатын қарама-қарсы 
бастамалардан тұратындығын білдіреді (мысалы: күн мен түн, ыстық 
пен суық және с.с.). Қарама-қарсы бастамалардың бірлігі мен күресі 
бүкіл бардың, тіршілік ететіннің қозғалысы мен дамуының ішкі 
қайнар көзін, ескінің жойылып, жаңаның пайда болу себептерін 
көрсетеді.
Бұл заң диалектикалық дамудың аса маңызды бір ерекшелігін де 
ашып береді: қозғалыс, даму - өзіндік қозғалыс, өзіндік даму ретінде 
жүзеге асады. Мұның терең материалистік мәні – дүние белгісіз бір 
сыртқы себептердің салдарынан дамымай, өз заңымен, материяның өз 
қозғалысының заңымен дамиды деген сөз. Басқаша айтқанда, 
табиғаттан тыс құдіретті күш, «алғашқы қозғаушыны» іздеу керек 
емес.
39


 Барабарлық (тепе-теңдік, бірдейлік) – заттың, 
құбылыстың өзіне-өзі тең болуының шегіне жеткен 
формасын бейнелейтін ұғым. Құбылыстардың өзіне-
өзі мәңгі тең болуы мүмкін емес, олардың 
барабарлығы уақытша, өткінші, салыстырмалы, ал 
олардың дамуы, өзгеруі – абсолютті.
Абстрактілі
 немесе 
метафизикалық 
барабарлық 
(заттардағы тепе-
теңдікті 
абсолюттендіру)
Нақты барабарлық, яғни 
ақиқи, нақты барабарлық 
жекелік пен ерекшелікте, 
айырмашылықта бола 
тұрып, өзінде 
айырмашылықты, 
өзгерісті сақтайды.
 Ұқсастық - барабарлықтың бір моменті, 
көрінісі, сәті
 Айырмашылық – құбылыстар арасындағы 
сәйкессіздік, үйлеспеушілік шегіне жетпеген (ақ; 
ақ-емес; бірақ қара да емес)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет