Философия в современном мире: стратегии развития


  ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ



Pdf көрінісі
бет42/80
Дата03.03.2017
өлшемі3,05 Mb.
#6003
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80

433 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

түсінеді. А. Тойнби де осы мазмұнда бағалап отыр. Ал, бұл тарап-

та  еркіндікті  де,  гуманизмді  де  түсіндіруге  болмайды.  Еркіндік 

әр  жеке  адамның  басқа  адамдармен,  жалпы  қауымдастықпен 

ара-қатынасында  көрінеді,  әрбір  қауымдастық  мүшесінің  оның 

аясындағы  өзін-өзі  анықтай  алатындығы,  ал  құлдық  –  анықтай 

алмайтындығы, өз тағдырына өз иелігі немесе ие еместігі, өз іс-

әрекеттерінің бірден бір шығар көзі өзі екендігі немесе керісінше. 

Осындай мазмұнда қарағанда көшпенділер қауымында жеке 

адамның  дербестікке  әлдеқайда  ие  екендігі  көрінеді.  Көшпен-

ділер  дегенде  біз  алдымен,  әрине,  қазақтарды,  қырғыздарды, 

түрікпендерді, олардың тарихын ескереміз. Бірақ, ертерек тарихи 

кезеңдерді алсақ, көптеген халықтар оны бастан өткізген, соның 

ішінде барлық түріктер, арабтар, т. б. өз кезінде көшпенділікте 

болған.  Кейбір  батыстық  ой  үрдісіндегі  тарихшылардың  тұр-

пайы түрде сипаттайтындай көшпенділік құр тәртіпсіз кезбелік 

емес, қатаң жүйелі түрдегі шаруашылық, жалпы өзгеше өркениет. 

Архаикалық  деп  аталатын  қауымдық  жүйені  алсақ  қазақтар 

тарихында ол тайпалық-рулық қоғам, бір ата-аналардан тараған 

туыстық  жүйе  деп  есептелген.  Олай  біріккендік  іс  жүзінде  со-

лай бола бермеуі де мүмкін, бірақ бірігудің принципі – туыстық 

бірлік. Сондай туыстықтан тарау болмаған күнде де бірігудің ру-

хани негізі осы. Яғни қауымдасу жеке, даралықты негізге алмай-

ды. Бірақ, ол жеке адамның жекелігі болмайды деген сөз емес. 

Жекелік,  индивидуализм  алаңсыз  жоғалып  кететін  қоғам  бол-

майды.  Қауымдық-рулық  қатынастар  да  солай.  Рулық  қауымда 

жеке  адамның  мүддесі  ортақ  мүдденің  іске  асу  жолы  ғана  бо-

луы мүмкін немесе рулық-қауым мүддесі әр жеке мүшесінің де 

мүддесі, ал әрбір рудың ортақ мүддесі – оның жеке мүшесінің 

де  мүддесін  қамтамасыз  ету.  Қауым  мен  қауым  мүшелерінің 

арасы әлі жіктелмеген, олар әлі бір нәрсе. Қауым – өзара белгілі 

қатынастарда біріккен оның мүшелері. 

Көшпенділік қауымдарда ең алғашқы құндылық-бірлік, ынты-

мақтастық, ал негізі – туыстық. Туыстастардың барлығы да тең, 

олардың құқықтары бірдей. Тіпті ақсақалдары да, көсемдері де 

ешбір артықшылықтарға ие емес. Ондай артықшылық – қауым-

ның  мүддесінің  не  екендігін  басқаларға  қарағанда  жақсырақ 

білуінде, даналығында, оларды қорғауға үлгі бола білуінде ғана. 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

434 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Жеке дара мүдденің өзімшілдігіне ешбір орын жоқ. Егер ондай 

өзімшілдік көрініп, зиянын тигізе бастаса, олар өз құқығынан ай-

рылады. Ертедегі көшпенді түріктердің дүниеге көзқарасы кейінгі 

дәуірде  де  көшпенділікті  белгілі  дәрежеде  сақтап  қалған  қазақ, 

түрікпен,  қырғыз,  башқұрт,  тағы  басқа  оңтүстік  Сібірдегі  ұсақ 

түрік  тұқымдас  халықтардың  аңыздары  мен  ауыз  әдебиетінде, 

әдет-ғұрыптарында осы кезге дейін айқынырақ көрініс береді. 

Ол  дүниеге  көзқарас  сол  кездегі  барлық  түріктерге  тән 

Тәңірлік діни нанымдарға байланысты. Оның түпкі мәнін бүкіл 

әлемді, оның құрылымын рулық туыстық қатынастармен бара-

бар деп қабылдайтыны деуге болар еді. Тәңірлік нанымдар бой-

ынша бүкіл табиғатты, адамдарды, материалдық дүниені жара-

тушы  құдірет,  Аспан,  Тәңірі.  Ал  Тәңірі,  ол  –  әке,  оның  нақты 

көріністері – күн, ай, жұлдыздар. Әке, ол – бүкіл жер бетіндегі 

тіршілікке,  әсіресе  адамдарға  үнемі  қуат  беретін,  жандандыра-

тын  күш.  Ал  сол  қуаттан  адамдарды  туатын  ана  –  Жер,  Ұмай 

ана. Бүкіл Әлем – туыстық қатынастар. Туыстық қатынастар – 

бүкіл Әлем бірлігінің ішкі негізі. Қуаттың негізгі шығар көздері 

– Аспан денелері. Сондықтан да, барлық түріктердің рухани жүзі 

–  аспан  денелеріне,  әсіресе  Күнге  бұрылған.  Бұндай  дүниеге 

көзқарас кейінгі тайпалардың бірігіп, халыққа айнала бастаған 

кезінде де, түрік империялары құрылған кезден де көреміз. Бұл 

туралы  түрік  империясын  билегендердің  бірі  Білге-қаһанның 

қолбасшы  інісі  Күлтегіннің  құлпы  тасына  қашатып  жаздырған 

сөздерінде  де  айтылады.  «Тәңіртектес,  тәңіртумыс  түрік  білге 

хаһаны  мен  мұнда  отырдым  (билікке).  Сөзімді  түгел  естіңдер 

соңыма ерген туыстарым, ұлдарым, одақтас менің тайпаларым 

мен халықтарым» деп басталады [4]. 

Ру-тайпалардың одағы бірігіп, мемлекет құрып, ол империяға 

айналған кезде де алғашқы қарапайым қауымдастықтың негізгі 

дүниетанымдық  өзегі  сақтала  береді,  бірақ  енді  ол  халықтық 

тұтастықтың бірігу принципі болып шығады. Білге қаһанның өзі 

де мұны бүкіл түріктіктің бірден бір белгісі ретінде жариялай-

ды. Енді, бірақ, ол аспан тектес түріктердің, әсіресе, оларды би-

леп отырған хаһанның – Тәңірі ұлының басқа барлық халықтар 

мен тайпаларды билеуін ақтай алатын негіз түрінде маңыз алған. 

Өзін сыртқы қауіптерден қорғап, сақтаудың принципі енді басқа 



I Казахстанский философский Конгресс 

435 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

халықтарды бағындырып билеудің принципіне ұласады. Ол им-

перия  халық  ретінде  қалыптасуға  негіз  берсе,  қоғамның  іштей 

күрделіленіп,  сан  салаларға  жіктеліп,  топтарға  бөлініп,  даму-

ына  мүмкіндік  береді.  Осы  күрделіленудің  нәтижесі  ретінде 

оның әртүрлі тараптары арасындағы байланысты, т. б. көптеген 

мұқтаждықтар империя жағдайында жазу алфавитін қажет етті, 

ертедегі түрік жазуы пайда болды. Билік енді тікелей халықтың 

өзі  атқаратын  іс  болудан  қалып,  белгілі  бір  адамдар  тобының, 

«игі жақсылардың» мөлдек ісі ретінде атқарыла бастайды. Енді 

билік пирамидасының ең жоғарғы ұшында отырған хаһан «ке-

дей халықты бай халық, аз халықты көп халық еттім» дей алады. 

Оның сөзі өктем. Басқа халықтардың, бөтен тайпалардың бәрін 

түріктер маңына топтастыру жолында алға ілгері теңізге дейін, 

артқа  темір  қақпаға  дейін,  оңтүстікке  түске  (Тибетке)  дейін, 

солтүстікке мұзды теңізге дейін сәл жетпедім, жорықтар жаса-

дым, бәрін де өзіме қараттым, «басы бардың басын игіздім, тізесі 

бардың  тізесін  бүктірдім»  [4,  209  б.]  –  дейді.  Соның  барлығы 

Тәңірінің бұйрығымен істелгендей. 

Яғни, ертедегі қауымдық құрамалар кейінгі халықтан бөлініп, 

өз  алдына  оларға  қарама-қарсы  тұрған  билік  емес,  ол  –  ең 

алғашқы демократиялық жүйе. Әрине, ол әлі жетілмеген, іштей 

жіктелмеген  балаң  демократия.  Қауым  өзін-өзі  билейді,  бас-

қарады,  қабылданатын  шешімдер  қауым  мүшелерінің  бәрінің 

қатысуымен  қабылданады.  Оларда  заң  шығарушы,  атқарушы, 

сот билігі әлі бөлінбеген. Олардың жеке дербес институттар бо-

луына ешбір қажеттілік жоқ. 

Әдебиеттер

1 Власть как ценность и власть ценностей: Метаморфозы свободы. 

– Алматы, 2007. 

2 Тойнби А.Дж. Постижение истории. – М., 1991. – С. 208. 

Абишев К. Свобода как глубинная ценность человеческого бытия. 

Казахстанская философия в канун ХХI века. – Алматы, 1998.

Айдаров Г. Язык памятника Кюль-тегину. – Алматы: Гылым, 1993. 

205–209 с.



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

436 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ ӘМБЕБАПТАРДЫҢ ҚАЗАҚ 

РУХАНИ ӘЛЕМІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ

Жазира ОШАҚБАЕВА

(Алматы)

Дүниетаным туралы белгiлi бiр түсiнiк даналық, философия, 

метафизика, дiн ұғымдарының мағыналары арқылы өте ертеден-

ақ  жинақтала  бастаған.  Бұл  адамды  даналыққа  жетелейтiн, 

еңбектену  арқылы  келетiн,  өте  құнды  жоғары  бiлiм  туралы, 

әлемде, өзiңде болып жатқанды түсiнумен ғана шектелмей, оны 

дұрыс өмiр сүруге үйрететiн түсiнiк. Дүниетанымның негiзгi ны-

саны әлем десек, оның құрамында белгiлi тұтастықты құрайтын 

түрлi құбылыстар мен процестер жинақталған. 

Диоген  Лаэртскийдің  ойынша  философия  ұғымын  алғаш 

қолданған  Пифагор  да  даналық  тек  құдайға  ғана  тән,  адамдар 

тек даналыққа деген махаббатпен – философиямен шектеледі [1, 

66 б.] деп есептеген. Мұндай ойды Платон да қолдайды. Өзінің 

«Пир»  диалогында  «даналықпен  айналысу  құдайлардың  ісі,  ал 

философ  дана  мен  наданның  арасын  таңдайды»  [2,  134  б.]  де-

ген. Дүниетаным ұғымын философия тарихында алғаш енгізген 

және таным мен дүниені талдау арасындағы шекараны анықтаған 

неміс  философы  И.Кант  болды.  Канттың  ойынша,  философия 

адам не біледі, не білуі керек, неге үміттенеді және адам дегеннің 

өзі не деген сұрақтарға жауап беретін зерде мен даналық туралы 

ғылым. Ол дүниені ұғынуды адамның рулық өзіндік санасы деп 

түсінген  және  теориялық,  яғни  «табиғат  адамнан  не  жасайды» 

және прагматикалық, адам еркін әрекет етуші ретінде «өзінен өзін 

жасай ма, жасауға тиіс пе» деп екіге бөліп қарастырған [3, 352 б.]. 

В.C.  Степин  дүниетанымдық  әмбебаптарды  мәдениет  ка-

тегориялары  ретінде  қарастырады  [4,  16  б.].  Бұлар  адамның 

түсінігінде,  іс-әрекетінде,  кеңістік  пен  уақытта,  себептілікте, 

ақиқатта,  еркіндікте,  шындықта,  жақсылық  пен  жамандықта 

жинақталған  өмірлік  мәндер.  Әмбебаптар  мәдениет  пен  әлеу-

меттік  өмірде  үш  түрлі  қызмет  атқарады.  Біріншіден,  олар 

тұрақты дамудағы әлеуметтік тәжірибенің мәдени ағынға қосы-


I Казахстанский философский Конгресс 

437 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

луын,  таңдалуын  қамтамасыз  етеді.  Екіншіден,  осы  дүние-

танымдық  әмбебаптарды  адамдар  оқып-үйрену  арқылы  меңге-

реді. Үшіншіден, олар өз әрекеті арқылы дүниетаным деп атала-

тын адам әлемінің тұтас бейнесін жасайды. Мәдениеттің дүние-

танымдық  әмбебаптарында  түрлі  мәдениетке  тән  және  адам 

санасының  терең  құрылымдарын  жинақтайтын  кейбір  жалпыға 

ортақ мазмұн, өзіндік тұрақтылықты бөліп көрсетуге болады. Бі-

рақ бұл өзінше таза күйінде болмайды. Ол адамдардың іс-әрекеті 

мен  қарым-қатынас  тәсілдерінің  ерекшеліктерін  көрсететін, 

ондағы  қабылданған  құндылықтардың  ерекшеліктерін  сақтау 

мен әлеуметтік тәжірибені беретін қоғамның тарихи анықталған 

түріне тән мәдениетпен, ерекше мәндермен біріккен. 

Дүниетаным  қоғамдық  және  жеке  адамдық  сананың  ең 

жоғарғы деңгейі болып табылады. Ол субъектінің жалпы әлемге 

қатынасын  және  әлемнің  біртұтастығын,  Әлемдегі  адамның 

орнын,  әмбебаптардың  жалпыға  ортақ  деңгейіндегі  адам  мен 

Әлемнің өзара қатынасын ретке келтіреді. Дүниетаным өзегі ка-

тегориялар мен әмбебаптық ұстанымдардан тұрады. Категория-

лар Әлемге рухани және практикалық қатынастардың жалпыға 

ортақ  бағдарларын  ұсынады.  Категорияларды  әрбір  адам  сана-

сында  бейнеленген  ойлау  формалары  ретінде  көруге  болады. 

Адам  іс-әрекетіне  қосылған  нысандардың  жалпы,  атрибутивті 

мінездемесін  белгілейтін  категориялар  адам  санасының  тірегі 

ретінде іске асады. Олар әмбебап, себебі, қандай нысан болмасын 

ол іс-әрекеттің атауы бола алады және барлық нысанда заттық 

әлемде дамыған практика жүзінде айқындала отырып, қозғалыс, 

зат, қатынас, сан, сапа, себептілік, кездейсоқтық, қажеттілік 

т.  б.  категориялар  формасында  белгіленеді.  Бірақ  адам  әлемі 

олардың  қажеттілігін  қанағаттандыратын  зат  ретінде  қарайтын 

нысандардан  ғана  тұрмайды.  Адам  әлемі  адамның  өзін  оның 

іс-әрекетінің,  мінез-құлқының,  қарым-қатынасының  субъектісі 

ретінде,  оның  белсенділігін,  рухани  өмірін  және  басқалармен 

қарым-қатынасын  көрсетеді.  Сондықтан  мәдениеттің  даму  та-

рихында  нысандар  әлемін  бейнелейтін  категориялармен  қатар 

адамдарды  өз  іс-әрекетінің  субъектісі  ретінде  қарастыратын, 

олардың  қоғаммен  біртұтастығы  қатынасын  көрсететін,  әлеу-

меттік өмірдің мақсаты мен құндылығына негізделген категория-



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

438 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

лар қалыптасты. Оларға адам, қоғам, сенім, үміт, сұлулық, ұят, 



ақиқат, еркіндік т. б. жатады. 

Адам  іс-әрекетінің  объктіге  өзгеруі  адам  әлемінің  мәні  мен 

негізін көрсететін адамның өзінің анықтамасы болып табылады. 

Сондықтан  да  адам  іс-әрекетіне  қосылған  жалпы  объектілерді 

белгілейтін  категориялар  адам  санасының  негізгі  құрылымы 

ретінде  алға  шығады.  Олар  әмбебап,  өйткені  қандай  объекті 

болмасын (табиғи, әлеуметтік, сонымен бірге ойлаудың белгілік 

объектілері) іс-әрекеттің негізіне айналуы мүмкін, және қандай 

объектіде  болмасын  кеңістік,  уақыт,  қозғалыс,  зат,  қасиет, 

қатынас, сан, сапа, мөлшер, нысан, мазмұн, себептілік, кездей-

соқтық, қажеттілік т. б. категориялар формасында белгілейді. 

Адам – практика кезінде тек табиғи және әлеуметтік объек-

тілерді өзгертуші ғана емес, өзін де іс-әрекет субъектісі ретінде 

өзгертетін  әрекет  етуші  жаратылыс  иесі.  Ол  өзі  соның  жемісі 

болып табылатын ортаны жасайды. Өз іс-әрекетін дамыта оты-

рып,  адам  өзінің  қарым-қатынас  нысанын  қайта  құрады.  Осы 

негізде оның өзін ұғынуы, басқаға деген қатынасы, өзінің рухани 

әлемі дами түседі. Бұл объектілер әлемін белгілейтін категори-

алды  құрылымның  дамуымен  ғана  байланысты  емес,  сонымен 

бірге мәдениеттің тарихи дамуында адамды іс-әрекет субъектісі, 

қарым-қатынас  құрылымы,  оның  басқа  адамдар  мен  қоғамға 

қатынасы  және  әлеуметтік  өмірдің  құндылықтары  ретінде 

бейнелейтін  категориялар  қалыптасады.  Оларға:  адам,  қоғам, 

мен, басқалар, еңбек, сана, жақсылық, сұлулық, сенім, үміт, па-

рыз, ұят, ақиқат, еркіндік т. б. категориялар жатады. 

Дәстүрлі  дүниетаным  –  рулық  қауымдасу,  туыстық  бірлікті 

көрсететін, адам өмірі түгел бір дәстүрмен, әдет-ғұрыппен ретте-

летін дүниетаным. Қазақ философиясының ерекшелігі мәдениет 

әмбебаптары мен философия әмбебаптарының бірлігінде. 

Кез  келген  халық  әдебиетіндегі  дәстүр  жалғастығы  сол 

қоғамдағы  тарихи  жалғастықтың  құрамдас  бөлігі  болып  та-

былады.  Ал  тарихи  жалғастық  дегеніміздің  өзі,  ең  алдымен, 

ақыл-парасат жалғастығы екені белгілі. Мәселен, Әл-Фарабидің 

философиялық,  әлеуметтік-этикалық  ой-тұжырымдары  өзінен 

кейінгі дәуірлердегі ойшыл қаламгерлердің шығармаларынан өзі-

нің дәстүрлі жалғастығын тапты. Әл-Фараби өзінің «Интеллект 



I Казахстанский философский Конгресс 

439 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

(сөзінің) мағынасы жайында» деп аталатын зерттеуінде адамның 

ақыл-парасат  мүмкіндігіне  жан-жақты  талдау  жасай  келіп,  оны 

«потенциалды  интеллект»,  «актуальды  интеллект»,  «жүре  келе 

дарыған  интеллект», «әрекетшіл интеллект» сияқты философия-

лық  категорияларға  бөліп-бөліп  талдайды.  Әл-Фарабидің  ин-

теллект  жөніндегі  осы  философиялық  ой-тұжырымын  араға 

тоғыз ғасырдай уақыт салып барып, қазақ қауымының жаңа та-

рихи жағдайында Абай Құнанбаев зор білгірлікпен жалғастыра 

түскен  сияқты.  Абай  өзінің  «Он  тоғызыншы  сөзінде»: 

«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, та-

тып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан 

білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің сөз-

дерін естіп жүрген кісі өзі де есті болады. Сол естілерден естіп, 

білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда 

іске жарайды, сонда адам десе болады», – деп жазады [5, 114 б.]. 

Ақын-жыраулардың  пікірінше  адамгершілігі  өте  күшті,  жо-

март,  ақкөңіл,  парасатты,  қарапайым,  адал  адам  ғана  бақытты 

бола  алады,  ал  пасық,  өркөкірек,  сараң  адамның  бақытты  бо-

луы  мүмкін  емес.  Ақын-жыраулар  табиғат  пен  қоғамдағы 

жақсы-жаман құбылыстарға тоқталып, терең философиялық ой 

туғызады. Мысалы, Шал ақынның: 



Жамандар өзін-өзі зорға балар

Бір өзінен басқаны төмен санар

Жақсылар ағын судай, асқар таудай, 

Жаймалап қайда жақсы орын алар [6, 12 б.] – 

деген  жырында  жақсылықта  мақтап,  дәріптейді,  жамандықты 

сөгіп,  елге  жиіркенішті  етіп  көрсетеді.  Адамның  аласы  да, 

құласы да бар, жаманы да, жақсысы да бар, адалы да, арамы да 

бар. Жақсы өзін кең ұстайды. 

Ұждан адам бойындағы әділдік, мейірімділік, шыншылдық, 

жауапкершілік  сияқты  қасиеттердің  өлшемі  деуге  болады. 

Шәкәрім  ұждан  жанның  азығы  ретінде  екі  өмірде  де  керек 

деп  ұғынады.  Ол  ұжданды  ынсап,  әділдік,  мейірімнің  бірлігі 

ретінде қарастырады. «Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, 

адалдық ақ жүректен шығады» дейді Шәкәрім. Ұждан – тәңірі 

мен  дүние,  шексіз  бен  уақытшаның,  объект  пен  субъектінің 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

440 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

арасын  жалғастырушы  жан  қажеті,  сұранысы.  Онтологиялық 

жағынан қарасақ, ұждан – жаннан, жан алғашқы себептен тара-

тылады. Бірақ, әрбір адамнің міндетті түрде жаны болғанымен, 

бәрі  бірдей  ұжданды  болмауы  мүмкін.  Кей  адамдар  «жанның 

неге  ұмтылатынын»,  «ұжданды  тілейтінін»  надандықпен  біле 

бермейді. Шәкәрім адамның негізгі қозғаушы күші де, оған қуат 

беруші де – жан екендігін, ал жанды жаратушы оған қозғау са-

лушы жоғары күш, яғни, құдайдың бар екендігін бекіте түседі. 

Таза ақылдың арқасында адам абстрактылықты меңгереді, пай-

далыны  зияндыдан  ажырата  біледі.  Жанның  тірегі  бар.  Ол  – 

ұждан. «Жанның екі өмірде де азығы – ұждан». Ұждан деген – 

ынсап, әділет, мейірім, «жан – тіпті жоғалмайтын, бұзылмайтын 

нәрсе, барған сайын жоғарылайтын нәрсе», – дейді Шәкәрім өз 

толғанымында.

Ынсап  –  қанағат  пен  қарапайымдылықтың  көрінісі.  Қазақ 

халқы  ынсап  пен  ашкөздік,  байлық  пен  дүниеқоңыздық, 

ұстамдылық пен қанағатсыздық мәселелеріне көп көңіл бөлген. 

Ынсап Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи ілімдерінде мол 

кездеседі.  Құдатғу  біліктің  төрт  қағидасы:  әділ,  дәулет,  ақыл, 

қанағат  болып  келуі  тегін  емес.  Дәулет  қашан  да  байлық,  ал 

байлық үнемі дәулет бола бермейді. Байлықты адал жолмен тап-

са, сараңдыққа салынбай, жинай, жұмсай білсе сонда дәулет бо-

лады. Білімді адам дәулетті байлықтан ажырата алады. Ақылсыз, 

ынсапсыз  жан  байлықтың  құлы  бомақ.  Бұқар  жырау  Абылай 

ханға айтқан толғауында:



Бұл қылықты қоймасаң,

Құдайдың бергеніне тоймасаң,

Көрерсің сонан теперіш, –

дейді  [6,  105  б.].  Өзіңде  барға  қанағат  қыл,  сонда  жаның  жай 

тауып,  бақытқа  кенелесің  деген  мәнді  сөзді  түсінуге  болады. 

«Қанағат қарын тойғызады, қанағатсыз жалғыз атын сойғызады» 

деген мақал да ойшылдарымыздың пікірімен үндесіп жатыр. 

Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адамгершілік 

құндылықтарды  жоғары  дәріптеген.  Имандылық,  әділеттілік, 

ізгілік, мейірімділік мұраттарын терең игеруге күш салған. Мал 

–  мүлкінен,  дәулетінен  иманын  жоғары  бағалаған  қазақ  «Ер 


I Казахстанский философский Конгресс 

441 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы, екінші – ырысының 

тұрағы, үшінші – дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған.

Шешен жігіт дүрмен тең, 

Имансыз көңіл кірмен тең, –

дейді  Шал  ақын  [6,  187  б.].  Иман  –  қазақ  халқының  рухани 

дүниетанымындағы  парасат  пайымымен  сабақтасып  жататын 

өте кең өлшемді ұғым. Ата – бабаларымыздың ақиқатқа жетелер 

сенімінің де басты тірегі – осы. Барлық бет – болмысының, мінез 

– құлқының айнасы. 

Иман  –  болмысты  танудың  мүмкіндігі.  Шәкәрім  иман-

ды  әрбір  адамның  жеке  басына  қатысты  іс  ретінде  түсінген, 

яғни  иман  танымдық  категория.  Шәкәрімнің  иман  туралы  ой-

толғамы да назар аударарлық. Ақын «сау ақыл менің иманым, 

аламын  соған  сыйғанын»  –  деп  ашық  айтқан.  Демек,  оның 

сенері – имандылық. Оған жетудің жолы ақыл. Иманға нанды-

ратын – ақыл. Әрине, имандылыққа тек ақыл арқылы жету де-

ген мәселе талас тудырары сөзсіз. Бірақ мәселе онда емес, сөз 

ақынның иман туралы өзіндік концепциясында. Шәкәрім иман-

ды  жалпы  халыққа  ортақ  мәнінде  емес,  әрбір  адамның  жеке 

басына  қатысты  іс  ретінде  түсінген.  Бұл  орайда  біз  Шәкәрім 

дүниетанымының ерекше қыры туралы сөз етеміз. Ол иманды 

жеке адамның қабылдауына қатысты мәселе деп түсінген. Яғни 

иман,  яки  имандылық  деген  дүниетаным  деген  сөз.  Адамның 

өз иманын тануы – онын дүниетанымының қалыптасуы деген 

сөз. Көп адамда дүниетаным емес, дүниеге көзқарасы ғана бо-

лады. «Сау ақыл менің иманым» – дейтін Шәкәрімнің ақыл мен 

болмысты тануға мүмкіндік алдым дегені деп түсінуге болады. 

Шәкәрім сау ақыл арқылы сол рухымен тану мүмкіндігіне, яғни 

иманға жетіп отыр. Шәкәрім айтуында иман – гносеологиялық, 

яғни  танымдық  категория.  Имандылық  деген  бір  ғана  сөздің 

бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер 

түгел сыйып тұр. Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтыра қалса, 

«бетінен  иманы  төгіліп  тұрған  адам  екен»  немесе  «иманжүзді 

кісі екен» дейтіні де сондықтан. Тіпті адам ғұмырының мәні бо-

лып саналатын махаббат сезімінің де негізі имандылықтан бас-

талады. 


I Қазақстандық философиялық Конгресс 

442 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

 Қазақ халқы рухани құндылықтарға өте бай, мысалға адал, 

адалдық деген ұғым, ол адам іс-әрекетінің өлшемі, яғни ардан ат-

тамай, ешкімнің ақысын жемей, біреуге қиянат жасамайтын адам, 

сонымен бірге «таза» деген мағынада, ішіп-жеуге арналған таза 

азық дегенді білдіреді. Адалдық руханилық ретінде қалыптасқан 

құндылық. Ол өз-өзінен қалыптаспайды, оны болашақ ұрпақтың 

бойына сіңіру қажет. Адалдық – өмірдің барлық жағдайларында 

адамның  өз  уәдесінде  тұрып,  қалыптасқан  адамгершілік  нор-

маларына  сай  әрекет  ететін  талап.  Егер  күнделікті  тіршілікте 

адалдық  пен  арсыздықты  шатастырып,  рух  тазалығын  жаман 

мінездердің құрбаны қылсаң, онда ешқандай өнегелілік, ізгілік 

жолына  түсе  алмайсың  дейді  қазақ  ойшылдары.  Олардың 

шығармаларынан  жақсы  мінез  қалыптастыратын  кісілік, 

жомарттық,  кішіпейілділік,  төзімділік,  әділдік,  инабаттылық, 

шыншылдық,  сабырлылық,  қанағатшылдық  сияқты  көптеген 

категориялар  көрініс  береді.  Қанағатшылдық,  шүкіршілік, 

тәубашылдық  қазақ  жырауларының  есептеуінше  ұстамдылық, 

сабырлық, тоқтамдылық сияқты абзал қасиеттердің үлгісі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет