Тәңірдей батыр ата сыйынамын
…Жер ана ел нәсібі сенен болмақ,
Қҧрбы-қҧрдас, аман жҥр тәңір қолдап.
Кӛкшелінің бӛктеріне кӛзім тҥссе,
Тҧрғандай жалғыз зират жерін қорғап.
94
Зираттың айта кетсем қҧпиясын,
Кӛңілді қуаныш кернеп қҧлпырасың.
Ел қорғаны Әлібек батырымнан
Аруақ аттап, қайда қашып қҧтыласың.
Тәңірдей батыр ата сиынамын,
Сәлем беріп зиратыңа қиыламын.
Жебей жҥр аруағыңмен бір мені емес,
Атығай-Қарауылдың ҧл-қыздарын.
ҚҦРЫМСЫ БИ
Кейбір деректерде «Қҧрмысы» деп бҧрмалап
атайды, ал кӛпшілік басылымдарда «Қҧрымсы»
делінеді. Әрине, негізі соңғысы дҧрысқа келеді.
Қҧрымсы Жылғараға ӛте жақын адам. Андағҧлдың бір
баласы Ӛтемістен Табынбай туады (Қҧрымсының әкесі).
Андағҧлдың екінші баласы Сасықтан Жолдыбай, одан
Байтоқа
туады
(Жылғараның
әкесі).
Аталас
ағайындылардың арасы 7 жас, яғни Қҧрымсы
Жылғарадан жеті жас ҥлкен екен. Бҧл шындыққа
жақындайды. Қҧрымсы Табынбайҧлы (Шалқарҧлы) 18
ғасырдың 1759 жылдары Солтҥстік Қазақстан облысы
Есіл ауданында Алуа кӛлінің маңы Қаратал аулында
туған. Ол бала кезінен алғыр, шешен, ӛжет болып ӛседі.
Кӛре-кӛре кӛсем болады, сӛйлей-сӛйлей шешен болады
деген халық мақалы бар. Қҧрымсы да есейе келе ӛскен
ортасына орай сӛзі дуалы, кҥміс кӛмей, жез таңдай,
сӛйлесе келгенде алдына жан салмайтын «Қҧрымсы би»
атанып, ел аузында аңыз болып қалады.
Дегенмен кӛкірегі ояу қарттарымыз кеткен соң
Қҧрымсы би сияқты адамдар жӛнінде қалған аңыз,
95
әңгімелер суысып, ӛшіп бара жатқандай кӛрінеді.
Қҧрымсы би жӛнінде баспа беттерінде жарияланбады.
Тек 1993 жылы Алматыда «Жалын» баспасынан
шыққан «Қазақтың би – шешендері» атты екі томдық
жинақ шыққан еді. Соның бірінші томында Қҧрымсы
биге арналған аздаған беттер бар. Бҧған да шҥкіршілік.
Қҧрымсы бабамыз билік айтуға, шешендік ӛнерге ӛте
ерте бой ҧрған адам екен.
Андағҧлдың бір топ игі-жақсылары мал дауымен
қыпшақ еліне аттанады. Елдің ділмәр би-шешендерімен
бірге Табынбайдың (Шалқарҧлдың) тоғыз жасар баласы
да барған екен. Екі жақ сӛз жарыстыра бастағаннан-ақ
қыпшақтың бір биі: «Елдеріңде аталы сӛз айтарлықтай
кісі таба алмаған соң бала-шағада қалған екен-ау
кҥндерің», - деп кекетеді. Сонда Қҧрымсы бала
іркілместен мына сӛзді айтқан екен:
Арғынның ҧлы арыспын,
Азуым кере қарыспын.
Жақсылыққа қаныспын,
Жамандыққа шалыспын.
Берсең – бітем,
Керсең – кетем,
Дӛнен, бесті ӛгіздің
Терісінен істеген
Шикі баспақ талыспын.
Баланың бҧл сӛзінен кейін қыпшақ жағының жҥні
жығылып, мал дауы Аңдағҧлдың пайдасына шешіліпті.
Қҧрымсы есейе келе бҥкіл Есіл ӛңіріне, маңайдағы
алыс-жақын елдерге жайылған, дау-дамайды әділдікпен
96
бітірген би атанады. Керей Тоқсан би билік айтуға енді-
енді ғана кірісе бастаған кезінде ӛзінен кӛп жас ҥлкен
атығай биінің атақ даңқын сырттан естіп, ӛзін бір
кӛруге, шешендік сӛздерін тыңдауға қҧмартып жҥреді
екен.
Бір жерде болған ҥлкен тойдан қайтып келе
жатқанында әдейі ат басын Қҧрымсы ауылына бҧрады.
Қотанда жҧпынылау кӛрінген адамнан:
-Қҧрымсы бидің ҥйі қайсы? – деп сҧрайды.
-Қҧрымсыны танитын ба едіңдер? – дейді жҧпыны
кісі.
-Сыртынан естуші ек, ӛзін кӛрген емеспіз.
-Қҧрымсыда не шаруаларың бар еді?
-Не шаруа болушы еді, әңгімесін тыңдасақ деп ек.
-Анау шеткері тҧрған қараша ҥй, ӛзі ҥйінде жоқ
шығар. Ҥйіне қайтып оралғанша, сендер анау байдың ақ
боз ҥйіне тҥсіп, аттарыңды отқа қойып, ӛздерің етке
тойып, кешке қарай барарсыңдар, - деп сілтеп жібереді.
Тоқсан би қасындағы жігіт-желеңдерімен ауыл
ортасындағы байдың ҥйіне тҥсіп, ас-су ішіп, манағы
айтқан қараша ҥйге келсе, қотанда кездескен жҧпыны
кісі тағы да алдарынан шығыпты.
-Қҧрымсының ҥйі осы ма?
-Иә, осы.
-Ӛзі ҥйде ме?
-Иә, мына алдарыңда тҧрған сол Қҧрымсың мен
боламын.
-Япырмай, сенейік пе, сенбейік пе? «Жақсының
ӛзін кӛр де, ҥйін кӛрме, бәйтеректің басын кӛр де тҥбін
кӛрме», - дегендей болды-ау, - деп әлгілер
ыңғайсыздана бастайды.
97
-Ҧялмаңдар, - дейді Қҧрымсы, ҥйге кіріңдер,
сыйғаның ҥйде, сыймағаның сыртта отыра беріңдер.
Менің даусым қайда отырсаңдар да жетеді.
Сонымен Тоқсан би Қҧрымсының қара лашығына
бас сҧғыпты. Қҧрымсы оларды айран, шалаппен
сусындатыпты. Тоқсан би: «Қайран, айран, айырылып
майдан, келдің қайдан?», - деп айранды сіміріп
салыпты. Қҧрымсы оның сӛзін жалғап: «Тоқсан би
келеді дегенді Қҧрымсы білсін қайдан, сендер отыра
беріңдер, мен бір қой сҧрап келейін байдан», - деп
орнынан тҧра бергенде Тоқсан би:
-Алла риза болсын, керегі жоқ, әңгіме айтыңыз,
бізге сіздің дана сӛзіңіз керек, - деп тоқтатып, әңгімеге
тартыпты.
Бір кҥні керей Тоқсан би қасына ерген бір топ кісісі
бар, кезекті бір дауға бара жатып па, әлде даудан
қайтып келе жатқан жолда ма, жасы ҥлкен қадірменді
қария еді, әдейі бҧрылып сәлем бере кетейін деп
Қҧрымсы бидің ауылына соғыпты. Бірақ Қҧрымсы ҥйде
жоқ екен. «Томар жаққа кетіп еді, қазір-ақ келіп қалар,
ҥйге тҥсіңіздер», - дейді бидің кемпірі. Тоқсан би
тҥспейді, атының басын бҧрып алып, томарға тартады.
Тегінде, не болса да, атығайдың ділмәрін, тҧтқиылдан
ҥстінен тҥсіп, сӛзден тосылдырайын десе керек.
Қҧрымсы бір тізерлеп, бір тҧрып бҥгежеңдеп, әлде
бірдеңелерді жинап, теріп, қолындағы дорбасына салып
жҥр екен. Кәрілікке бой алдыра бастаған кезі ғой,
қҧлағының мҥкісі де болуы мҥмкін, желке тҧсынан сау
ете тҥскен аттылы кісілерді байқамапты. Тоқсан би
қатты дауыстап сәлем бере сала Қҧрымсыға тиісе
кетеді. Бҧрынғының би, шешендері, сӛз жҥйесін білетін
98
айтқыр адамдары әдетте тақпақтап сӛйлеген ғой. Тоқсан
да сӛйтсе керек, бірақ ӛкінішке қарай, оның тап сол
жерде не дегені, қалай ҧйқастырып, атығайдың пір
тҧтқан шалын қандай сӛздермен тҧқыртпақ болғаны
бізге жеткен жоқ. Алайда Қҧрымсының қайтарған
жауабына қарасақ, керей биінің сӛз ыңғайы оп-оңай
аңғарылатын сияқты.
Уа, Қҧрымсы, сен дҥйім елге даңқың жайылған би
едің, Жылғарадай аға сҧлтан інің бар, соның намысын
жыртам деп, қасына ере жҥріп, талай-талай шиеленіскен
дауларды бір сӛзбен бітіріп кетуші едің, енді саған не
кӛрінді, ҥсті-басың жадау, қара қҧрым ҥйіңді кӛргенім
анау, қыс болса әлі тҥскен жоқ, сонда да
тышқаншылаған тҥлкідей томар ішінде тоңқаңдаған бҧл
тірлігің не тірлік?».
Сонда Қҧрымсы би іркілместен: «Теріп жҥргенім –
кермек, бай кісінің кӛзіне кӛрінер бір ермек. Мен
сияқты кедейлер тоңқаңдап мҧны жимаса, қыс тҥскенде
артының ашылғанын кӛрмек!» – депті.
«Кермек» - ӛсімдік тамыры, тері бояйтын зат.
Тоқсан би сәлем беріп, қҧшақтасып кӛріскеннен кейін
былай дейді:
- Уа, Қҧреке, жатырмысың томар қазып,
Сӛзіне бір әйелдің кеттің бе азып?
Кӛңілін бір әйелдің табамын деп,
Қиналып жатырмысың жерге жазып?
Сонда Қҧрымсы би былай деп жауап қайтарған
екен:
- Уа, Тоқсанжан шырағым! Томар емес, қазғаным –
кермек. Жҧмыссыз отырғанға бҧл да ермек. Қой терісін
киім қылып киер болсаң, бетіне салатын бҧл - ӛрнек.
99
Қой терісін киім қылып кимегенге ақпан мен қаңтар
сыбағасын бермек. Дҥние қадірлесең қадірлейді, адамға
бір уақытта, бҧл да керек. Жҥргенім – тірліктің қамы
ҥшін, әйел ҥшін жҥргем жоқ босқа терлеп.
Сонда Тоқсан би:
- Уа, Қҧреке, пана едіңіз кӛлеңкең тиген кӛпке,
бҧлбҧл едіңіз шығармайтын сӛзді шетке. Қартайып кетті
ме деп сынауға айттым, шҥкір, жақсы екенсің, сӛзімді
айып етпе», - деп Қҧрымсының қолын ҧстап, ғапу
сҧрап, ҥйіне барып, қонақасы ішіп аттанған екен.
Жылғара мен Қҧрымсының бір-біріне ет жақын
туыс екендігінде ешбір дау жоқ. Жылғараның әкесі
Байтоқа мен Қҧрымсы – тетелес кісілер, екеуі де
Андағҧлдың шӛбересі, аталары ағалы-інілі кісілер
болған.
Қазақта ҥлкенді сыйлау – парыз, Жылғара да би
ағасын қадір тҧтып, әр кез болып жататын дау-
дамайларға барғанында оны қасынан тастамайды екен.
Сӛз ӛнерін қуған Қҧрымсы би мал жиюды мансап
етпеген кедей кісі болса керек, осыны ескерген
Жылғара қайсыбір даудан тҥскен олжадан оған ҥлес,
сыбаға беріп тҧрған кӛрінеді.
Мынадай бір әңгіме бар ел арасында. Қҧрымсы би
ҥйіне келген қонаққа соятын мал таба алмай жиі-жиі
қысыла береді екен. Жылғараның ҧйымдастыруымен
бидің жақын ағайын-туыстары оған бір-бір қойдан мал
жинап беріпті. Қарасы елу шақты екен. Қҧрымсы осы
малын ӛріске шығарып, ӛзі бағып жҥреді.
Бір кҥні Жылғара қорығына бӛтен біреудің малы
тҥскенін әлдекімдерден естиді де, ыза кернеген бойы
атына міне сала тҧра шабады. Келсе, қой жайып жҥрген
100
Қҧрымсы екен. Ашуын басып ҥлгермеген екпінмен
Жылғара: «Мҧның қалай, енді шалғы салайын деп
отырған пішендігіме малыңды жайып жібергенің,
немене, басқа жайылым қҧрып қалды ма?» – депті.
Сонда Қҧрымсы:
- Жылғаражан, ағаң қалып еді суалып,
Қонақ келсе сасып қалушы еді ҧялып.
Біраз ғана қой жиып беріп едіңдер.
Кісі келгенде отырсын деп жҧбанып.
Ағаңа бір аз ғана қой бітті деп
Шауып келгенің бе сонша қуанып, - депті.
Бҧдан соң Жылғара: «Тілің кесілсін, тілің,
сайрауын қара» – депті де атының басын бҧрып алып
кете беріпті.
Ел ішіне кең тараған аңыздарға қарағанда Қҧрымсы
би сәуегей де кісі болғанға ҧқсайды. Оның айтқан
болжамдары кейін расқа шығып жатады екен. Соның
бір мысалы мынадай. Би атамыз бір сӛзінде: «Уанастың
жерін Тоқа алар, Тоқаның жерін соқа алар» – депті.
Мҧның жайдан-жай айтыла салмағаны, тҥбінде бір
ҥлкен уақиға жатқаны кӛрініп-ақ тҧр. Уанас кім, Тоқа
кім? Оның жерін «соқа алар» дегеннің мәнісі не?
Жҧмбақ сияқты айтылған бҧл сӛзге арнайы тҥсініктеме
бермейінше болмайды.
Біздің облыстың қазіргі аумағында Есіл бойындағы
жерлер тҥгелімен дерлік Атығайға жататын рулардың
мекені болған. Атығай Қалқаш батырдың балалары
Қҧдайберді мен Бәйімбеттен тараған ҧрпақтар да кҥні
бҥгінге дейін осы ӛлкеде қоныс қҧрып отыр. Ал қазіргі
Явленка, Покровка, Петровка селолары тҧсындағы
жерлерді әуелде Бәйімбеттің Уанасі иемденген екен. Ал,
101
енді оның жерін алған Тоқа. Қҧрымсы бидің айтқаны
Бәйімбеттің Тоқасы емес. Ол – Бәйімбеттің ағасы
Қҧдайбердінің
ҧрпақтары.
Атап
айтқанда,
Қҧдайбердінің Андағҧлынан туған Сасықтың баласы
Жолдыбай болса, оның екі ҧлы Қаратоқа мен
Байтоқаның ҧрпақтары. Қҧрымсы бидің айтқаны – осы
Тоқалар. Шынында да, мҧны дәлелдейтін деректер
мемлекет тарихи қҧжаттарында бар.
Уанас әулетінен алынған жерлер Байтоқаның
немересі, Жылғара баласы Мҧсаның еншісіне тиген
екен. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Орталық
Ресейден қоныс аударып келген орыс мҧжықтары бҧл
жерлерді ӛз тілінде «Мусино урочище» деп атапты.
Кейін
осы
арада
Явленка
селосының
іргесі
қаланғандығы ілгеріде айтылды.
Мҥсіннің іргесін қалаушы мҧжықтар сол тӛңіректі
жыртып, егін сала бастайды. Бҧл, әрине, Қҧрымсы би
дҥниеден ӛтіп кеткеннен кейінгі болған іс. Осыған
байланысты ел қариялары «Тоқаның жерін соқа алар»
деген осы емес пе деп, Қҧрымсы бидің кӛрегендігіне
қайран қалады.
Қҧрымсы би айтты деген тақпақ, нақыл сӛздердің
ел аузында сақталған кейбір ҥлгілері тӛмендегідей:
Мҧқалған жаман дейді жақыныңнан,
Ез болма ақыл сҧрап қатыныңнан.
Бойында берекесі бар жігіттің
Шықпайды қатын, бала ақылынан.
Жабағы, тайды қорлама,
102
Жазға шықса ат болар.
Жас жігітті қорлама,
Жҧртыңа ертең бас болар.
Кӛрген сайын «сіз» десіп
Сыйласқанға не жетсін.
Шашылғанды бірлесіп
Жинасқанға не жетсін.
Желі тҧрған оңынан
Жеті ӛзеннен ӛтеді.
Адаспаған жолынан
Жеті таудан ӛтеді,
Арманына жетеді.
Адамды алдау –
Арыңның алдында қылмыс.
Ағаңды алдау –
Анаңның алдында қылмыс.
Жол жҥргенде
Шабанға кіріптар қылмасын.
Жолдас болсаң,
Наданға кіріптар қылмасын.
Ел аузындағы аңыздарды саралағанда және бҧларда
кездесетін
кейбір
тарихи
тҧлғалардың
ғҧмырнамаларына
қатысты
аз-кем
деректермен
салыстырғанда, Қҧрымсы биді кӛп жасаған кісі деп
жобалауға болатын сияқты. Бірақ оның нақты неше жыл
ғҧмыр кешкені белгісіз. Тек бір анығы – би атамыз
ХҤІІІ ғасырдан аман ӛтіп, ХІХ ғасырдың орта шенінде
103
кӛз жҧмған. Қартайған шағында Тоқсан бимен сӛз
қағысуы, ӛзінен 7 жастай кіші Жылғараның екінші
әйелінен туған Әлібек дейтін баласының дҥниеге
келгеніне кӛзі тірісінде куә болғаны жоғарыда айтылған
тҧжырымды қуаттап бергендей.
Ерте замандарда Андағҧл елі ӛздерінің қайтыс
болған адамдарын Алуа кӛлінің дӛңіндегі ҥлкен зиратқа
жерлейді екен. Басына қос қайың ӛсіп тҧрған бҧл зират
қазір де бар, бірақ ол ескірген, маңайдағы ауылдар
ӛлген кісілерін мҧнда қоймайды. Ал Қҧрымсы биге
келетін болсақ, оның сҥйегі осы ескірген ҥлкен зиратта
жатыр деуге толық негіз бар. Ендеше оған туған жерден
топырақ бҧйыруы, сҥйегінің Алуа дӛңіндегі ҥлкен
зиратта жатуы әбден мҥмкін.
ЖЫЛҒАРА ЖӚНІНДЕГІ ЕЛ
АУЗЫНДАҒЫ ӚЛЕҢДЕР
Жылғараның ӛлең жазғандығы, айтысқаны жӛнінде
тарихи дерек жоқ. Дегенмен ел аузында Жылғара айтты
деген ӛлеңдер, әңгімелер баршылық. Оларды Ҧлттық
Ғылым Академиясының кітап қоймасында әркімдер ел
аузынан жинастырып тапсырған. Әрине, Жылғара
шығарды ма, әлде Жылғараға арнап басқа біреу
шығарды ма ол жағы белгісіз. Дегенмен екі-ҥш ӛлеңді
беріп отырмыз.
Жылғараның қартайғандағы айтқаны
Лақтайын секірген әттең он бес,
Бҧлақтайын тасыған отыз бес,
104
Отызда орда бҧзған ойран салып.
О дәурен енді айналып қайта келмес.
Қырықта қыран қҧстай қалықтадым,
Елуде алды, артты ойлап тҧрақтадым.
Алпыста әрлі-берлі тәуір едім.
Жетпісте жер таянбай тҧра алмадым.
Ей, жігіттер, енді сексен деген бір жас бар,
Секіріп атқа міне алмас.
Тоқсан деген бір жас бар,
Толық аяқ ас іше алмас,
Ауыл ҥйге кіре алмас.
Кәрілік шіркін жат дейді, тҧрма дейді,
Қыдырып ауыл ҥйге барма дейді,
Қыдырып ауыл ҥйге бара қалсаң.
Тҥрегеп салып бермес тӛрге тӛсек,
Теріс қарап кҥңкілдер келін-кепшек,
Осы ҥйде алары жоқ берері жоқ,
Осы шал не қып жҥр деп артынан.
Қылады ӛсек.
(Папка № 573, № 3, Жинаған Жақпаев Бозтай 1946).
Жылғара өзі туралы
Ӛзім бай, ӛзім батыр Жылғара едім,
Алмаған адам тілін қиқар едім.
Халқымның қанын жауға сорғызбаған
Айтқанын ақ сҥйектің болғызбаған
Арғында менен ӛткен кім бар едің?
Базардан алып келген сары қауын,
Ӛседі сары қауын жауса жауын.
Басыңа кеңес қҧрар Жылғараң жоқ,
105
Тҧрмысың адыра қалып Кӛкшетауым.
Сәлем айт Арғын, Қыпшақ адамына,
Би сӛзім болсын сана заманына
Ҥй тігіп, асау сойып отырушы еді-ау
Қақ жарып халық аралап барғанымда.
Ауылдың қонған жері қырадан-ай,
Ӛрнек іс табылады ақылдан-ай,
Халқымның қара мойын серкесі едім
Кҥнелтер қайда барып серкесіз-ай.
Ӛзім бай, ӛзім батыр Жылғара едім,
Және де сӛйлер сӛзге ділмар едім.
Кӛшкенде сексен нарды бос айдаған
Артында менен ӛткен кім бар едің?
Ат міндім алма мойын дӛңгелентіп,
Жиырма бес не тапты менен ӛтіп
Жарлының жалғыз қара бҧзауындай,
Сексен бес ҧстадың ба мӛңіретіп.
Жақсыға зар болсын деп қой бермеген,
Жаманға қор болсын деп ой бермеген.
Сҧңқардай бауыры шҧбар жиырма бес
Бір ажалдан басқаға бой бермеген.
Мен жҥрдім жиырма бесте салып ойын
Саналы адам білер сӛздің жайын.
Сексен бес кӛк желкеге мінгеннен соң
Халқымның кӛре алмадым жиын тойын.
Халқыма бізден сәлем кӛп айта бар,
Ӛлімнен кәрлік екен берген хабар.
Мал тапқан аттай желіп жиырма бес
Тапты екен менен де ӛтіп не мархадар?
Жайлайды арғын барып Тобылменен
Домбыра тарттым сырнай қобызбенен.
106
Басыма анық тоқсан мінгеннен соң
Жарыстым от басында қоңызбенен.
Жау келсе ел шетіне қамданатын
Сӛзіне ит дҧшпанның шамданатын.
Сексен бес кӛкжелкеге мінгеннен соң
Берік ҧстап керегеден зарланамын.
Кӛшеді ауылым тура тепсеңменен
Жылғара жолдас болды сексенменен
Басыма анық сексен мінген жылы-ақ
Тоқалдар араз болды бӛксемменен.
(Папка 573, № 1. Жинаған Қуанышалиев М. 1938).
Жылғараның Әлібекке ескертуі
Жҥрмісің аман-есен Әлібегім,
Секілді атаң сҧңқар, асыл тегің.
Аралап елдің ішін біліп жҥрсің
Кӛп болар кӛргеніңнен кӛрмегенің.
Халыққа әкім болып ел аралап
Біреудің алдың зорлап бермегенін.
Жасым бар 85-е жылым тауық,
Жатырмын кәрілік пен есім ауып.
Хан болып таққа мініп ел аралап
Халқыңды қҧртып барасың қойдай сауып.
Адамға жаман екен мынау тоқсан,
Балаларға ақыл болмайды менің бопсам.
Сӛзімді насихаттап мен сӛйлесем
Келіңдер мазақ етеді, қылып сыпсаң.
Бҧрын да би болып еді дара-дара,
Бҧл кҥнде билер сияқты егеу ара.
Болғанын егеу ара мҧнан деп біл
107
Қиналмай ҥстінен жейді пара.
Болғанда таңда машқар тәңірі алдында
Қор болып ӛзің қаларсың жҥзі қара.
(573 папканың № 5 дәптерін арабшадан аудартқан
Мҧсатай Ғалым).
ЖӘПЕК БАТЫР
Жылғара Жәпек батырдың ҧрпағы, оның жалғасы
іспеттес. Атығай Қҧдайберді руынан шыққан атақты
батыр қолбасшы Жәпек жоңғарлар шапқыншылығы
кезінде ел қорғап кӛзге тҥскен, Абылайдың сенімді
серігі болған адам. Бҧл тарихи шындық, оны Шоқан
Уәлиханов, Мағжан Жҧмабаев, Шал ақын т.б. дәлелдеп
айтып, жазып кеткен ӛз шығармаларында.
Мәселен Шал ақын былай дейді:
Қҧдай жақсы жаратқан нҧр екіні айт,
Елде жақсы бар болса бір-екіні айт.
Атығайда тӛрт қасқа батыр ӛткен,
Жантелі, Жәпек, Қҧлеке, Тілекені айт.
Бҧндағы Қҧлеке батыр Шал ақынның әкесі, ал
Тілеке батыр олардың ағайыны, естектермен соғыста
қаза болған. Ал, Мағжан Жҧмабаев ӛзінің атақты
«Батыр Баян» поэмасында мына жолдарды жазып
кеткен.
Жолдасы Абылайдың батыр Жәпек, Қалданға
ханмен бірге тҧтқын болған…
Шоқан Уәлиханов ӛзінің қалдырып кеткен
еңбектерінде Абылай мен Жәпек жӛнінде мынадай-
108
әңгіме айтады. Жоңғарлар мен қазақтардың ҥлкен бір
ҧрысында Абылай жоңғар ханы Галдан Череннің (кей
жерлерде Қалдан Церен дейді) баласы Чарчамен жекпе-
жекке шығады. Абылай Чарчаны ат ҥстінен қағып тҥсіп
ӛлтіреді. Жоңғар ханы бҧған ызаланып, баласын
ӛлтірген адамды қайтсе де ҧстаңдар, алдыма алып
келіңдер деп бҧйрық береді. Аңдыған жау алмай қоймас
дегендей Абылай ӛзінің жақын жолдастарын ертіп аң
аулауға шыққанда қапыда қалмақтардың қолына тҥседі,
қасында Жәпек батыр да болыпты. Галдан Черен
алдына келген Абылайдан:
- Баламды қайда, қалай ӛлтірдің? – деп сҧрақ
қояды.
- Кінәні маған артып отырсыңдар, балаңды
ӛлтірген халық, мен тек халық тілегін орындаушы ғана
– деп жауап берген екен Абылай.
Галдан мҧндай жауапты кҥтпеген еді, Абылайдың
батылдығына, батырлығына, ақылдылығына іштей разы
болады. Біраз қамауда-тҧтқында болған Абылай
жолдастарымен босап, елдеріне қайтады. Бірақ Жоңғар
ханы Жәпектің Сарықазақ деген баласын кепілдікке
алып қалады. (Ш.Уәлиханов, 5 томдық шығармалар
жинағы, орысша І-том 217-218 бет, Алматы. 1984).
Жәпектен Қарасай, Сейтен, Сарықазақ (Қҧткелді),
Жауқай, Жарты, Жортушы деген ҧрпақтар тарайды.
Сейтен батыр болған. Сарықазақтың қалмақтарға бес
жасында кепілдікке берілгендігін алда айтып кеттік.
Қалмақтың ханы бҧл баланы ҧлы жоқ бір қалмаққа
асырауға береді. Содан Қҧткелді бала Сарықазақ атанып
кетеді. Бала есейіп, ер жетеді, әрі мерген, әрі ӛжет жігіт
болып шығады. Асырап алған әке бала жігіттің қайдан
109
шыққан тегін айтып, еліне қайтуға ҧлықсат береді. Тҥн
ішінде ат-кӛлігін, бір қызын қоса беріп шығарып
салады.
Сарықазақтан
тараған
ҧрпақ
Айыртау
маңындағы Қоскӛл, Қаратал, Кирилловка т.б. елді
мекендерінде тҧрып жатыр.
Жәпек батыр жӛнінде ел аузында басқа да кӛптеген
аңыз-әңгімелер сақталған. Оның заманы, ӛмір сҥрген
ортасы белгілі болғанымен нақты қай жылы туып, қай
жылы ӛмірден ӛткені туралы дерек сақталмаған. Бар
шындығы – Абылаймен тҧстас болған (18 ғ.). Ӛткен
(2003) жылы Айыртау ауданы Казанка селосы (Жарағаш
ауылы) маңында Жәпек батырға ескерткіш орнатылды.
Осы жерде де, Саумалкӛл маңында да Жәпек батырдың
ҧрпақтары мекендеп жатқан кӛрінеді.
ЖЫЛҒАРА МЕН ТУЫСТАРЫНЫҢ
ШЕЖІРЕСІ.
Әңгіме ата тегі жайында болып отыр. Бірақ шежіре
қҧрастыру қиынның қиыны екені бәрімізге белгілі. Ел
ауызындағы дҥниелерді, тҥрлі зерттеулерді бір тҥйінге
тҥйістіру әр кез мҥмкін бола бермейді. Әр тҥрлі
нҧсқалар (варианттар) кездеседі, бәрін де пайдаланып,
кӛрсеткеннің артықшылығы болмайды. Қайта келешек
зерттеушілерге бҧның ӛзі ҥлкен септігін тигізері сӛзсіз.
Арғын, Атығай тарихын, шежіресін жазу ҥшін
алдыменен бҧрынғы ӛткен атышулы Сегіз сері, Шал
ақын, Шоқан Уәлиханов, Қожамбет Ордабайҧлы, Сәбит
Мҧқанов, Мағжан Жҧмабаев сияқты ҧлылардың еңбегін
оқып, белгілі бағыт алумен айналысуға тура келді.
Ҥйткені олардың бәрі дерлік шежіреге кезінде жанаспай
110
ӛткен емес. Одан соң шежіремен нақты айналысқан
ақсақалдардың ӛз ауыздарынан жазып алған Қаратай
Биғожин (ауыз әдебиетін зерттеуші), Ахметжан
Нҧртазин (облыс ақыны), Дҥйсенбі Әуелбеков (белгілі
журналист) т.б. жазғандары пайдаланылды.
Қҧдайбердіден тарайтын Жылғараның тегі жӛнінде
біршама жазып, жинастырған сол рудың тумалары
Дҥйсенбі Әуелбеков пен Жоламан Сақыпкереев.
Олардың жазғандарын да пайдаланып, арасында
тҥзетулер мен толықтырулар еңгізілді. Сегіз серінің
Атығай руы жӛнінде жазған шежіресінен де қыруар
деректер алынған еді. Ӛз заманында жазылған дҥниенің
шындыққа жақындайтындығы сӛзсіз. Сол деректерді
бізге дейін жеткізген қарияларды атасақ, олар: Шақан
Жақыпҧлынан (1966 ж. жазылды, Жамбыл ауданы),
Салық
Әлмҧхамбетҧлынан
(Қызылжар
қаласы),
Қожахмет Дәрібайҧлынан (Петровка селосы, 1978 ж.),
Еламан Ибатҧлынан (Жылғара ҧрпағы Смирново
селосы, 1956 ж.) т.б. алынған еді. Еламан Жылғараның
шӛбересі, яғни Жылғарадан Тҧрлыбек, одан Ибат
туады, Ибаттың баласы Еламан. Елекең ӛзінің аталары
жӛнінде кӛп білетін, тоқығаны, мол адам. Қаныкей,
Шопан, Есеней, Сегіз сері т.б. жайында қызықты
әңгімелер білген, Мҧсаны кӛзімен кӛрген қария. Қорыта
айтқанда Жылғара және оның туыстарының шежіресі ел
аузынан, тарих пен әдебиет зерттеушілерден, кешегі
ӛткен қариялардан жиналғандығы белгілі. Әр жерден
жиналған дҥниенің бір сымға тізгендей тізіліп, тҥзу
шығуы мҥмкін емес. аз да болса кем-кетік кездесер
болса кешіріп, ӛз пікірлерімен оқырмандар тҥзетіп,
толықтырар деген ҥміттеміз.
111
Орта жҥзде Арғынның бір тармағынан тарайтын
Атығай руы негізінен Солтҥстік Қазақстан ӛңірінде
мекендеген. Атығайдан Дәуіт, одан Қалқаш батыр туды.
Бҧл жерде Атығай мен Дәуіт, Дәуіт пен Қалқаш
арасында қанша тума болған десек әртҥрлі нҧсқаларға
кездесеміз. Арғы аталарымыз Арғын мен Атығайдың
арасында қаншама аталарымыз болған? Біз он екі ата
Атығай екенімізді жиі естиміз. Бірақ кейбір деректерде
Дәуітте он екі бала болған дейді. Енді тікелей бізге
белгілі бергі атамыз Қалқаштан бастасақ Жылғара мен
оның тҧқымдарының ата-тегіне жақындай тҥсеміз.
Қалқаш
↓
↓ ↓
Қҧдайберді Бәйімбет
↓ ↓
↓ ↓ ↓ ↓
Қҧлымбет Андай Уанас Тӛбет
Достарыңызбен бөлісу: |