Филологическая серия



Pdf көрінісі
бет2/30
Дата03.03.2017
өлшемі3,45 Mb.
#6080
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

14
15
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
ақынның діни сауаттылығын көрсетеді. Ақынның айтқан бұл ойлары Ислам 
қағидаларымен үндес. Құран-Кәрімде «Бақара» сүресінің 29-шы аятында: 
“Алла Адамды топырақтан жаратып оған жан салды” делінген [5, 6 б.]. Бұл 
алынған дәйектеме жоғарыда айтқан пікірімізді дәлелдесе керек. 
М.  Ж.  Көпейұлы  Ислам  дінін  мойындап,  Аллаға  шүбәсіз  сенген 
адам. Ол Алланың бар екенін танытатын шығармалар мен хикметтер жаза 
отырып,  Пайғамбарлар  мен  сахабалардың  уағыз-насихаттарын  саралай 
келе, халқының санасына жетерлік салмақты ой айтады. «Құдай туралы» 
жазбасында: «Әй, адам баласы! Құдіретті Ақыл мен Киелі рухтың Иесі - 
Құдайды жалғыз жаратушы да жасаушы жарылқаушымыз деп ұғайық та, 
бұған кәміл сенейік! Бұл – Ұлы ақиқат! Өйткені Жиһандағы ұлылы-кішілі, 
қарапайым-күрделі жасалыстар мен құбылыстардың бәрі Құдай барлығының 
айқын дәлелі», - деп, осы айтқандарының бәрі жалғыз Аллаға ғана тән екенін 
ескертеді.
М.  Ж.  Көпейұлы  өзінің  шығармаларында  имандылық  жолын  іздеп 
Аллаға иман келтіру адамзат баласының парызы екенін айтып, шын көңілмен, 
көркем мінезбен мұсылман болуға шақырады. Қандай ой, түйінді сөз айтса 
да шариғат шеңберінен аспай, «Ата-тегіміз маймыл» деп, Дарвинизмнің 
жетегінде кеткен ұрпағының санасын емдеуге бар күшін салады. Ақиқаттан 
ауытқып, надандықтың құрсауында қалған халқын адамдықтың ақ жолына 
жетелейді. 
Ақынның Ислам дінін насихаттауы, халықты Аллаға құлшылық етуге 
үгіттеуі – дінді ғана емес, сонымен бірге жақсы адам болудың, жалпы ұлттық 
болмысты сақтаудың ең пәрменді құралы болғанын аңғару қиын емес.
Ақынның мақсаты – адамды жөндеу, қоғамды түзету, адамды нағыз 
адам  қылу.  Бұл  мәселені  көптеген  туындыларына  арқау  етеді.  «Табиғат 
ғибраты» деген шығармасында: «Адам қалай қылғанда адам болады? деген 
сұрақ қойып, оған өзі былайша жауап береді: «Ұшқан құс, жүгірген аңнан 
ғибрат алып, солардың мінезіменен мінезденбесе, аш арыстан жүректі болып 
келсе, палуан жолбарыс білекті болып келсе, досы көп болып, дұспаны жоқ 
адамнан осы екеуінің жүрегі, білегі табылады»,- деп, әрі қарай ақын: «Жігіт 
адамның қырағылығы бұркіттей болсын. Зеректігі байғыздай болсын. Жүрісі 
маймылдай болсын. Он екі қырлы, бір сырлы, отыз аяқты болсын. Орнына 
қарай мінез қылсын. Сонда адам болып, адам қатарына кіреді”, - деген ой 
түйеді [2, 81 б.]. Осы айтылған нәрселерден ғибрат, үлгі алуға үндейді.
М. Ж. Көпейұлы адам жақсы болу үшін алдымен жаман әдеттен тыйылу 
керек деп білді. Сөйтіп өзі өмір сүрген дәуір шындығын ақтара зерттеп, ішкі-
сыртқы сырларына, елдің әлеуметтік жайына, тұрмысына үңілді. Қоғамға сын 
көзбен қарап, барлық қайшылықтарды көре отырып, елдің берекесін алып, 
дау-жанжалды қоздырып, бүліктен пайда тауып жүрген қулардың зұлымдық 
бетін ашып, қатты сынға алады. Ақын:
“Халықтың жақсысының өнері - зорлық, жаманының өнері - ұрлық. 
Бұл екеуі қолынан келмейтінінің өнері өтірік болып, қара пұл үшін жанын 
сатып,  тірінің  түгін  қоймай,  жұлып  алып,  өліктен  кебін  дәметіп,  жақсы 
арын сатып, жаман жарын сатып, шешен сөзін сатып, ата-ана ұл мен қызын 
сатып, ишандар - Құдайға қылған құлшылығын ғауамлардың нәзіріне сатып, 
моллалар білген ғылымын дүниеге сатып (жүр).
«Ал», «Бер» - деген екі ағайынды: «ал» - деген сөз өліп, «бер» деген сөз тірі 
қалып жүр. «Бар», «жоқ» - деген екі ағайынды еді. «Бар» - деген сөз өліп, «жоқ» 
- деген сөз тірі қалып, жыртақой мысалды хәкімдер қасқыр болып, екі даугер - 
шарылдаған бақа сықылды. Оны жыландай билер сорып жатыр. Бар малынан 
айырылып, жоқ жанынан айырылып, біреу қасқырдай жан-жағындағысын 
талап, біреу иттей көрінгенге көзін сүзіп, біреу түлкідей құйрығын бұлаңдатып, 
біреу маймылдай әркімге бір еліктеп, біреу жыландай сыртынан жылтырап, 
ішінен зәрін төгіп (жүр). Кейбіреу қабыршығы жоқ балықтай, қолға тұрмай 
желпілдеп; біреу қарғадай бір боқтан бір боққа ұшып, қонып; біреу сауысқандай 
шықылықтап, өсек ғылымына маһыр (әуес) болып, сау жылқының арқасын 
тесіп, қанатып; біреу күйкентайдай тышқанға төніп жүр (жүр).
Кейбіреу  тауықтың  қоразындай  тұмсығындағысын  -  «тәж»  -  деп 
мақтанып; Кейбіреу тырна сықылды: «Басқаныма жер ойылып кетеді», - 
деп, өзін-өзі әлдеқандай ауыр көріп», кейбіреу оқпантайдай: «Күндіз үшсам, 
көз тиеді», - деп, өзін-өзі түнекке жасырып жүр. Кейбіреу өгіз шағаладай: 
«Ішкеніме  көл  таусылып  қалады»,  -  деп,  дүниені  ішпей-жемей  жинап; 
кейбіреу  көк  кептердей  дән  үшін  көрінгенге  құл  болып  жүр.  Кейбіреу 
шыбындай  біресе  қантқа,  біресе  мәжасатұа  қонып;  кейбіреу  келемеж 
қоңыздай тезек жинап әуре борлып; кейбіреу кекілікше өз атын өзі шақырып, 
ақымақ болып жүр», - деп әшкерелейді [2, 82 б].
Байқап отырсақ, ақын адам бойындағы жағымсыз әрекеттерді әшкерелеу 
арқылы бүкіл қоғамның шынайы келбетін, ащы шындықты танытып отыр. 
Тіпті оқып отырып ақынны тап қазір жаныңызда тұр ма деп те қаласыз. 
Бұл ақынның көрегендігін танытса керек. Ақынның ойы - адамды жаман 
әдеттерден арылту арқылы бүкіл қоғамды түзеу.
М. Ж. Көпейұлы «Адам екі түрлі» деген өлеңінде жоғарыдағы айтқан 
ойларын саралай келе адам баласын істеген ісіне қарай екіге бөледі: 
Мысалы адамзаттың ағаштай-ды,
Қу ағаш мәуесі (миуасы) жоқ, жараспайды...
Терек қанша аспанмен таласқанмен,
Бұлттан биік болып, бойы аспайды. 
...Мәуесі басқа ағаштан көп болғаннан,
Көтермес үзім ағаш жерден басын.
Қайырсыз болсам бәхил, болдың терек,
Басқаға бір отыннан қылмас керек..., -

16
17
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
деген  жолдармен  жақсы  адамды  мәуелі  жеміс  ағашына,  жаман  адамды 
отын  болудан  басқаға  жарамайтын  терекке  теңеу  арқылы  бейнелейді. 
Яғни жақсы мен жаманның парқын халқына пайдасы тиетін азамат пен 
қоғамға зияннан басқа берері жоқ наданмен салыстыра отырып түсіндіреді. 
Олардың адамгершілік деңгейінің бірдей еместігін сипаттап, адамгершілікті 
байқататын басты ерекшелікті «кісілік» ұғымы арқылы көрсетеді:
Жақсылық, қайыр, ихсан қылған кісі,
Адамның қымбат баға сол жұмысы.
Табылмас көзге тотия - ем дәрідей,
Қолынан әр жақсылық келген кісі, - [3, 148 б.]
деп «кісілік» мағынасын жақсылық жасау арқылы, яғни қолынан іс келетін, 
біреуге көмек беруге дайын адамды сипаттау арқылы ашады. «Пайдасы көпке 
тисе әне – кісі» деп, ал «Қолынан келер іске болыспаса, Болмайды одан асар 
жаман кісі» деп, қарабасынан басқаны ойлмайтын адамдарды суреттейді.
Ал,  «Қалмады  ойлай-ойлай  басымда  ми»  өлеңі  ақынның  өзі  айтып 
отырған адамды кісілікке жетелейтін өсиет секілді. Мұнда ақын адамды 
жақсы, жайдары, жұмсақ мінезді болуға, кек сақтамай көпшіл болуға, кісілігі 
жоғары адамдармен дос болуға шақырады: 
Жүрерсің жайлы болсаң, жұртпен тату,
Жұмсақ бол, жұғымды бол, болма қату.
Кісілігі жоқ жанмен үйір болма,
Жолдас болсаң, жолдас бол кісіменен.
Мақтаулы жұрт алдына болам десең,
Біреудің ауызға алма жамандығын.
Дос, жолдас қылым десең, қауым көпті,
Бойыңа үйір қылма өкпе, кекті.
Жамандыққа жақсылық мінез қылып,
Бола бер бәріне де ыңғайлы, епті [6,10 б.].
Ақын  бұл  жерде  кісілікке  жетудің  негізгі  жолдарын  анық  көрсетіп 
отыр. Бұл ойын әрі қарай «Бес қымбат» өлеңінде жалғастырады: «Ең әуелі 
керек нәрсе иман. Егер жүректе иман болмаса, «Құдай кешірер» дегенмен іс 
бітпейді; Екінші керек нәрсе – ғақыл. Ғақылсыз адам дінін бұзады; Үшіншісі 
– сабыр. Сабырлы адам мұратына жетеді; Төртінші – шүкіршілік. Бесіншісі 
– әдеп. Әдеп бар жерде иман бар» [6, 69 б.] деген толғамдардан халқы үшін 
тереңнен толғап сыр тартқан сыршыл да сыншыл ақын тұлғасын көреміз.
Қарап  отырсақ,  М.Ж.Көпейұлы  адам  және  оның  қоғамдағы  орны, 
олардың жақсы-жаман істері жайлы ой толғағанда, «жақсы адам деп кімді 
айтамыз,  жаман  адам  деп  кімді  айтамыз?»  деген,  бір  қарағанда  жеңіл 
көрінгенімен,  шын  мәнісінде  ауыр  сұраққа  жауап  іздейді.  Жақсы  мен 
жаманның  ара  жігін  ажыратып,  адам  бойындағы  жағымсыз  мінездерді 
әшкереліп,  жақсы  адам  болудың  жолдарын  насихаттайды.  Бұл  ретте, 
жалпы қазақ әдебиетінде ақындардың көбісі аталмыш мәселе турасында 
философиялық-діни  ой,  жыр  толғағаны  белгілі.  Солардың  бірі  -  Абай 
Құнанбайұлы.
Негізінен,  ақындарды  толғандырған  мәселе  –  адамның  барлық 
жағынан жетіліп, нағыз адам болуы. Мұны Ұлы Абай «Толық адам» десе,  
М. Ж. Көпейұлы «Түгел адам» деп қарастырады. Бұл сөзінің мағынасын 
«Төрт асыл, бес береке» өлеңінде ашып беруге тырысады: 
Бірі – төрт, бірі – бесеу – болсын тоғыз,
Ат тезегін әуре боп жинар қоңыз,
Тоғызын түгендемей ұстағанды
Обалсыз, адам демей, деуге - доңыз. 
Бірі – тілде, біреуі – көңіл-ойда,
Енді бірі теп-тегіс түгел бойда.
Бұл үшеуін жүргізсе, қара жолмен,
Бәйге алады жарқырап үлкен тойда.
«Құдай-бір, жоқ, - деп басқа!»- айтса тілің,
Шын білсе, тіліңдегін-жан-ділің.
Дініңмен (денеңмен) аянбастан қылып ғамал,
Пайғамбар сүннетімен өтсе күнің!
Төрт асыл – анық осы бойыңдағы,
Орнына келе бермес ойыңдағы.
Түгендеп бұл төртеуін қыла алмасаң,
Жүре бер тамағыңды тойын-дағы. 
Мұндағы төрт асылы – Хақты тану, көңіл, тән, тіл тазалығын сақтау. 
Ақын Құдайдан безген заманда адамға алдымен керегі осы деп біледі. Бұған 
қоса әрі қарай:
Береке – өз қарақан басыңдағы,
Әдетің (ғадетің) – ұзын өмір жасыңдағы.
Оқылған уақытымен бес намазың - 
Болатын көрде жолдас қасыңдағы!..
Бұл басты әр нәрсеге бастайтын көз,
Оңбаймыз көзден, тілден тыйылмай біз.
Бойыңа келер мұнан бір береке,
Аузыңнан шығармасаң несие сөз.
...Бұ да адамның басының берекесі,
Берілсе – қайыр, ықсан, зекет – малдан!
...Адамға келер мұнан мол береке,
Екі аяқ арасына ие болса!
...Уағда айтқан жерден сөз табылып,
Ұстаған жерден қолы тұрса кетпей!..
Береке мұнымене болады бес,

18
19
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Түсерсің енді сөзге, болмасаң кес!
Дап-даяр бұлар ойда болмағаны,
Хабары болмағаны Құраннан еш! - 
деп, айтқан сөз, уәдеде тұруды, көз, тіл, нәпсіге берік болуды қатаң ескертіп, 
бес  уақыт  намаз  оқу  мен  жетімдерге  қайыр-садақа  беруді  міндеттейді. 
Осыларды санамалай келе, бес берекеге жатқызады: 
...Төрт асыл, бес береке, бір бойынан, 
Табылса түгел болып әне кісі!, - [7,157 б.]
деп «Түгел адам» мәнісін осылайша түсіндіріп береді. М. Ж. Көпейұлы 
осыларды бойында жинаған адамды «Түгел адам» десе, Абай Құнанбайұлы 
өзі айтқан «Толық адам» сипатын «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде: 
Бес нәрсеге асық бол, 
Адам болам десеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой – 
Бес асыл іс, көнсеңіз, - [8,31]
деп бес асылды, ал «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінде: 
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек.
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. 
Тоқтаулық, талапты, шыдамдылық –
Бұл қайраттан шығады білсең керек, - [9,95]
деп үш қасиетті сипаттап, осы сегізін бір бойына жинаған адамды «Толық 
адам» деп есептейді.
Абай Құнанбайұлы әрі қарай 38-ші қара сөзінде: «Қашан бір бала ғылым, 
білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады» 
- [10,124 б.] десе, жоғарыда айтылған үш қасиет туралы түйінді ойларын17-
ші қарасөзінде қайрат, ақыл, жүректің өзара диолог-айтыс ретінде беріп, 
қарапайым тілмен оқырманға ұсынады. Алдымен қасиеттерге сипаттама 
беріп, толық адам болу үшін бірінші орынға жүректі қояды. Себебі қайрат 
пен ақыл кейде жақсылықты, кейде жамандықты берік ұстап кетеді. Ал жүрек 
жамандыққа баспай, тек жақсылық, ізгілік, әділет жолына тартады. “Толық 
адам болу үшін осы үшеуінің басын қос, оны жүрекке билет... - осы үшеуі 
бір кісіден табылса «толық адам» - деп көрсетеді [10,103 б.]. 
А. Құнанбайұлы өзінің ойын: “Сен малды сарып қылып, ғылым табуың 
керек. Өзің таба алмасаң, балаң тапсын. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан 
ораза,  қылған  қаж  ешбір  ғибадат  орнына  бармайды”,  -  деп  [10  124  б.] 
түйсе, М. Ж. Көпейұлы: “Ғылым-білім немен болады? Ең алды құдайды, 
құдайтағаланы танымақ. Ол құдайды қайтсе таниды? Әркім өзін таныса, 
сонда  тәңірісін  таниды.  Ғылым-білімге  талап  қылушылар  алдымен  өзін 
тануын мақсат қылу керек”, - дейді. [7, 75 б.].
Мұндағы ақындардың ой-толғамдары бір-бірімен үндес. Алайда екі 
ақынның насихатында бірінші орынға қойылған түйінді ойлары екі түрлі 
болғаныменен, мақсаттары - біреу. Ол - нағыз адам болу, Алланы ұлықтау, 
адаспай адал, хақ жолында жүріп, дұрыс ғұмыр кешу.
Қорыта  келгенде,  М.  Ж.  Көпейұлы  мұрасының  түп  қазығы  ақыл 
иесі – түзу адамды қалыптастыру. Әдебиеттің ежелден бергі нысаны адам 
болмысы, адамды түзету болса, ақын бұл тұрғыда қазақ қоғамының азаматын 
тәрбиелеудің  үлгісін  сомдап,  жеке  адамды,  қоғамды  түзету  мәселесін 
қозғайды. Адам баласының өмір сүру жолында ізденіп, өзін-өзі жетілдіре 
білсе ғана тіршілікте үйлесімдік боларын шеберлікпен жеткізе біледі.
Мәшһүр Жүсіп тағылымы бүгінгі күннің басты тақырыбына айналып 
отырған адамның өзін-өзі тану мәселесін насихаттаумен құнды. Бүгінгі ХХІ 
ғасырда ақынның адамтану мәселелері қамтылған шығармалары мектеп 
оқулықтары мен жоғары оқу үрдісіне енгізіліп, кеңінен оқытылса, бүгінгі 
ұрпақтың өзге діннің жетегінде кетуне бірден-бір тосқауыл болары анық, 
ұлт құндылығы сақталары сөзсіз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Биолог анықтамалығы. Алматы. - 2014ж.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 13 том. - Павлодар: «ЭКО» 
ҒӨФ, 2008. - 385 б.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. - Павлодар: «ЭКО» 
ҒӨФ, 2003. - 436 б.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. - Павлодар: «ЭКО» 
ҒӨФ, 2003. - 320 б.
5  Халифа  Алтай.  Құран  Кәрім  қазақша  мағына  түсінігі.  Сауд 
Арабиясының Уақыфтар министрлігі, Һіжри 1412, Мілади 1991 ж.
Көпеев, М. Ж. Екі томдық. 1 т. - Алматы, Ғылым, 1992 ж.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 4 том. - Павлодар: «ЭКО» 
ҒӨФ, 2004. - 400 б.
Абай. Қалың елім, қазағым... Өлеңдер. - Алматы: Атамұра, 2002. - 
224 б.
Абай Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. - 
Алматы: Жазушы. - Т.1: Өлеңдер мен аудармалар. - 2005 - 296 б.
10 Абай Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 
- Алматы: Жазушы. - Т.2: Өлеңдер мен аудармалар. - 2005 - 296 б.
С. Торайғыров атындағы 
Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қ.
Материал 04.08.14 редакцияға түсті.

20
21
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
К. М. Абдуллаева 
Проблемы  человековедения  в  произведениях  Машхура  Жусупа 
Копейулы
Павлодарский государственный университет 
имени С. Торайгырова, г. Павлодар.
Материал поступил в редакцию 04.08.14.
K. M. Abdullayeva 
The problems of human being in Mashkhur Zhusup Kopeyuly’s writings
S. Toraighyrov Pavlodar State University, Pavlodar.
Material received on 04.08.14.
Объектом данной статьи является исследование произведений 
Машхура Жусупа Копейулы, в которых проанализированы проблемы 
челевековедения.  В  этой  статье  рассмотрены  вопросы  создания 
человечества,  плохие  и  хорошие  черты  характеров  людей,  были 
сравнены высказывания Абая Кунанбайулы и Машхура Жусупа.
The object of this article is research of the works of Mashkhur Zhusup 
Kopeyuly, where are analyzed  the problems of human being. This article 
describes  how  was  created  humanity,  good  and  bad  traits  of  human 
characters, were compared Abay Kunanbayuly’s and  Mashkhur Zhusup’s 
statements about human.
ӘОЖ 882.151.212.2
Г. Т. Әбікенова 
КӨРКЕМ МӘТІНТҮЗУШІ ФОНОСЕМАНТИКАЛЫҚ 
ФАКТОРЛАР
Мақалада көркем мәтін түзуші фоносемантикалық факторлар 
анықталады.  Автор  фоносемантикалық  факторлардың  түрлі 
қызметін, дыбыс бейнелеуіш сөздер мен дыбыстық символикалық 
сөздердің тұтас мәтінді түзудегі орнын анықтайды.
Тілдегі  сөздердің  дыбыстық  тұлғасы  мен  олардың  мағынасы 
арасындағы  байланыс  мәселесі  өте  ерте  заманнан  бері  зерттеушілердің 
назарын аударып келе жатқаны белгілі. Фоносемантика бағыты тіл білімінде  
ХХ  ғасырдың  80-ші  жылдарынан  бастап  қалыптаса  бастады.  Бұл 
бағытта  зерттеулер  С.  В.  Ворониннің  еңбектерінен  бастау  алады.  
С. В. Воронин ұсынған фоносемантикалық талдау, сараптау әдісі түрлі тілдер 
негізінде К. Ш. Хұсайын, А. Ю. Афанасьев, Е. И. Кузнецова, И. В. Братусь,  
О.  А.  Казакевич,  Т.  Х.  Койбаева,  Э.  А.  Вельди,  И.  А.  Мазанаев,  
Л. Ф. Лихоманова және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде жалғасын тапты. 
Дыбыстық еліктеуіш сөздер туралы қазақ тіл білімінде зерттеу жүргізген 
ғалымдар А. И. Ысқақов, Ш. Ш. Сарыбаев, А. Т. Қайдар, Б. Ш. Қатембаева,  
С. Р. Ибраев дыбыс еліктеуіш сөздерді лексика-семантикалық, морфологиялық, 
синтаксистік тұрғыдан сөз тобы ретінде қарастырады.
Дыбыстық  бейнелеуіш  (дыбыс  еліктеуіш)  сөздердің  зерттелу 
тарихының  екінші  кезеңі  К.  Ш.  Хұсайынның  зерттеулерінде  бүгінгі  тіл 
білімінің жаңа талаптарына сай, озық әдістемелер негізінде жаңа қырынан 
зерттелінді. Қазақ тілінің бейнелеуіш сөздері фоносемантиканың теориялық 
қағидалары мен әдістемелері негізінде 9500-ден астам бейнелеуіш түбір 
және  негіз  дериватив  сөздердің,  қырықтан  астам  туыс  және  туыс  емес 
тілдердің  (түркі,  тұңғыс-манчжур,  үндіеуропалық,  семиттік  тілдер) 
негізінде  олардың  экстралингвистикалық  сипаты  ескеріле  отырып, 
салыстырмалы-типологиялық түрде зерделенген. Қазіргі уақытта қазақ тіл 
біліміндегі фоносемантика теориясы саласындағы зерттеулер қатарында  
С. А. Өткелбаева, М. Жұбанова, Б. Жонкешов еңбектерін атауға болады.
А.  М.  Газов-Гинзберг  өзінің  «Был  ли  язык  изобразителен  в  своих 
истоках?»  [1]  атты  монографиясында,  сондай-ақ  басқа  да  ғылыми 
еңбектерінде семит тілдерінің туыс емес төрт тілдік семьяларындағы дыбыс 
бейнелеуіш түбірлерді салыстыра келе, тілдің пайда болуындағы дыбыс 
пен мағынаның байланыстылығын көрсеткен. Г. Е. Корнилов идеофон және 
имитативтер символикалық түрде дыбыс бола тұра, жанды немесе жансыз 
объектілерді бейнелей алады деген пікір білдіреді [2, 14]. Дыбыс бейнелеуіш 
сөздер  фоносемантика  теориясы  бойынша  екі  түрге  бөлінеді:  дыбысқа 
еліктеуіш сөздер (звукоподрожательные слова), екінші түрі – дыбыстық 
символикалық сөздер (звукосимволические слова). 
Дыбыс  бейнелеуіш  сөздердің  фоносемантикалық  сипаты,  әсіресе, 
дыбыс еліктеуіш сөздерде айқын көрінеді. Дыбыс символикалы сөздердің 
фоносемантикалық табиғатын анықтаудың өз қиыншылықтары бар, себебі 
аталған  сөздердегі  дыбыстар  табиғи  нысандардың  дыбыстарына  емес, 
дыбыстан бөтен түрлі сипаттарға еліктеуден пайда болған. Дыбыс еліктеуіш 
сөздер  өзара  екі  түрге  бөлінуі  мүмкін:  1.  Жанды  нысандар  шығаратын 
дыбыстарға еліктейтін сөздер. 2. Жансыз табиғи нысандар дыбыстарына 
еліктейтін сөздер.
Дыбыс бейнелеуіш сөздер мен дыбыстық символикалық сөздердің тұтас 
мәтінді түзудегі орны - бүгінгі таңда тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселе. 

22
23
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №3
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Көркем мәтіндегі дыбысқа еліктеу сөздердің микромәтіндердегі ойды 
дамыту қызметін атқаруы кездеседі:
1-ші микромәтін: 
Тырма сықырлай орынан қозғалған. Аттың аяқ алысы байсалды. Тырма 
доңғалағы қиыршық тас аралас топырақты шықырлата дөңгелеп келеді. 
Он, он бес, жиырма қадам жүрді. Тыныштық.
2-ші микромәтін:
...Жиырма  қадам...  Жиырма  бес  қадам...  Отыз...  Тырманың  бір 
жақ доңғалағы жол үстінде жатқан тасқа соғылды. Қужауырын қалт 
тоқтады. Құлағын тікірейте мойнын артқа бұрды. Мертік жауырыны 
мүлде күдірейіп кеткендей. Едіге де демін ішіне тартып тына қалды. Бірақ 
Қужауырын делбе қағылмаса да жүгін алға тартты. Тырма жұдырықтай 
ғана сопақша тастың үстінен аттап өтті. Аттап секіргендей болды. 
Тырманың  алып  тарақтың  жүзіндей  қатар-қатар  тізілген  темір 
тырнауыштары сыңғыр-сыңғыр, салдыр-салдыр етіп, біріне-бірі соғылды. 
Қужауырын үрейлене көкке шапшыды да ала жөнелді (М. Мағауин).
1-ші  микромәтіндегі  сықырлай,  шықырлай  деген  дыбысқа  еліктеу 
сөздер 2-ші микромәтінде сыңғыр-сыңғыр, сылдыр-сылдыр деген дыбысқа 
еліктеу сөздерге ұласады. Яғни алдыңғы микромәтіндегі еліктеу сөз келесі 
микромәтінде ойды дамыту мақсатында, ой жалғастығы үшін қолданылған.
Сол сияқты сарылдау, сылдырлау, сырылдау, шарылдау, шұрылдау 
т.б.  құрамындағы  сар/шар/шұр/шор  деген  түбірлер  судың  сарылдап, 
шарылдап, сорылдап, шорылдап, яғни қатты немесе баяу екпінмен қуыс, 
тар жермен ағуына еліктеу түрінде сипатталады. 
Өзен түбі таза құмайт, қатқыл керіш болғандықтан, су айнадай мөлдір 
болып сырғиды. Күзгі шөптің сәл сарғыш, буалдыр бойын жағалап, кейде 
майда жасыл шалғынды ақырын сілкіте тербетіп бауырлай сылдырлайды 
(М. Әуезов).
Зерттеушілердің  пікірінше,  С  дыбысы  судың  жылжитын,  ағатын, 
сылдырайтын, сырғанайтын, сорғалайтын, жылтылдайтын, жалтылдайтын 
т.б. сипаттарын бейнелеген. 
Кей жағдайда дыбысқа еліктеу сөздер бір микромәтін бойында бірнеше 
рет қайталанып келеді.
Қимылдаса  болды  —  аяғындағы  құрым  етігі  сықыр-сықыр  сарнап 
қоя береді. Сықыр-сықыр, сықыр-сықыр. Қойбағардың құлағына сол бір 
жексұрын үн майдай жага ма... қойқаң-қойқаң етіп, байыз тауып отыра 
алмағаны. Сықыр-сықыр... Қойбағар ырғала басып сыртқа шықты. Сықыр-
сықыр... Қойбағар хан ордадан ұзап барады. Сықыр-сықыр» (Ә. Кекілбаев)
Мұндағы  сықыр-сықыр  дыбыстық  еліктеу  сөзі  мәтіндегі  астарлы 
ойды білдіреді. Үзіндіде автордың айтайын деген негізгі ойын символдық 
мағынада жұмсалған сықыр-сықыр сөзі өзіне жасырып тұр. Сол арқылы 
мәтін семантикасына қызмет етеді. Мәтін құрылымындағы дыбыс еліктеуіш 
сөздер мәтін семантикасына қызмет етеді. Олар микромәтіндегі негізгі ойға 
екпін түсіру мақсатында, мәтіндегі ойды дамыту үшін қолданылады. 
Т / д дүрсілдейтін, дүңкілдейтін, тарс – тұрс ететін, тарсылдайтын, 
тақылдайтын, соғу, қағу әрекеттерінен туындайтын кешенді табиғи дыбыстар 
шығаратын нысандарды символдайтын сөздерде кездеседі. 
Дауыссыздар дыбысталғанда түрлі кезеңдерден (тіл, тіс, ерін, т.б.) өтеді, 
яғни “қатты” денотаттарды символикалық түрде бейнелей алады. Әсіресе, 
шұғыл дауыссыздар (қ, т, п т.б.) “қатты” кедергілерді, яки нысандарды атау 
құбылысында жиі қолданылады. 
Бұл төре Абай сияқты, Қаракесек Бошанның жиені болатын. «Бөлем» 
дегенде, соны еске алып айтқаны. Өлеңнің аяғын ұйқастыра алмай, «өлер ме 
еді» деген сөзді әдейі «өле ме еді» деп айтқанын, өзінің ерен тапқырлығындай 
танытты. 
Сол бір олақ сөзді, әсіресе қатты даурығып айтып, елден бұрын өзі 
тарқылдап күлген- ді (М. Әуезов). 
Осы үзіндіде келген тарқылдау, қарқылдау деген сөздер микромәтіндегі 
ой жүйесіне өзіндік әсер етеді. Жиылған топтың сылқылдап немесе сылдырай 
күлмей,  тарқылдап,  қарқылдап  күлуінің  өзі,  күлкінің  қатқылдығын, 
дарақылықты  сездіріп  тұрғандай.  Сонымен  қатар  бұл  жерде  автордың 
жақтырмаушылық  көзқарасы  да  сезіледі.Көркем  мәтінде  тарқылдау  – 
тырқылдау (күлу); қарқылдап күлу - күркілдеп күлу т.б. дыбысқа еліктеуден 
туған сөздер кездеседі.
Қорыта келе, дыбысқа еліктеуіш сөздер мен дыбыстық символикалық 
сөздердің мәтінтүзімнің фоносемантикалық бірліктері ретіндегі қызметін 
былайша саралап көрсетуге болады:
1 дыбысқа еліктеу сөздер және дыбыстық символикалық сөздер мәтіннің 
композициялық құрылымын түзуге қатысады;
2 дыбыстық символикалық сөздер мәтін семантикасына да қызмет етеді;
3 микромәтіндерді байланыстыру қызметін атқарады.
4 мәтіндік үзінділерде жұмсалған дыбыстық еліктеу сөздер мәтіндегі 
астарлы ойды беру үшін жұмсалады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Газов-Гинзберг, А. Был ли язык изобразителен в своих истоках?  
- М., 1965.
Корнилов, Г. Е. Имитативы в чувашском языке. – Чебоксары, 1984.
Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті, Семей қ.
Материал 13.08.14 редакцияға түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет