Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата03.03.2017
өлшемі2,48 Mb.
#6082
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Резюме
В статье рассматривается применение  элементов национального воспитания на уроках историй и разви-
тие познавательного интереса учащихся.
Summary
In the article application of elements of national education at history lessons and development of informative 
interest of pupils are considered.

68
 Н.С. Сайлауова –
педагогика ғылымдарының кандидаты,
 Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университетінің доценті
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН  ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ 
ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Қазіргі  халқымыздың  бойынан  табыла-
тын  жақсы  моральдық  қасиеттердің  түп  негізі 
ғасырлар қойнауында қалыптасқан құндылықтар 
әлемінде деп білеміз. Ол құндылықтар ұрпақтан-
ұрпаққа  ауыз  әдебиеті  арқылы  берілген  эпос-
тарда,  фольклорда,  аңыз-әңгімелерде,  айтыс 
өнерінде,  халықтық  өнер  түрлерінде,  дәстүрлі 
дүниетанымдық түсінікте сақталып келді. 
Адамның  тұлғалық  идеялық-адамгершілік 
келбетінің  құрылымын  талдау  патриотизмді 
жаңа  қоғамға,  қызметке,  еңбекке,  Отанды 
нығайту  мен  қорғауға  белсенді  көзқарастан 
көрінетін, өз халқына, тілге, ұлттық мәдениетке, 
табиғатқа терең сүйіспеншілікпен және шынайы 
берілгендікпен, басқа халықтарға және олардың 
жетістіктеріне құрметпен қараумен ұштасып жа-
татын адамның идеялық-адамгершілік келбетінің 
негізгі бөлігі ретінде қарауға мүмкіндік береді. 
Бүгiнгi  мектеп  табалдырығын  аттаған 
әрбiр  бүлдiршiн  –  ол  ертеңгi  қоғам  иесi. 
Соңдықтан  оқытудың  алғашқы  сатысынан  ба-
стап,  оқушыларға  сапалы  бiлiм,  саналы  тәрбие 
беру,  халықтық  педагогиканы  нәрлi  қайнармен 
сусындату  үшiн  ұстаздар  қауымы  ғасырлар 
бойы  қалыптасқан  педагогикалық  шеберлiктiң, 
тәжiрибенiң  негіздерiн  дұрыс  қолдана  бiлуi 
тиiс.  
Сондықтан  бастауыш  сынып  оқушыларына 
білім  мен  тәрбие  беруде  рухани  даму  жетекші 
орынға шыға отырып, тұлғаның рухани деңгейін 
көтеру  арқылы  оның  бойындағы  ақылдың 
терең қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді.  Ба-
стауыш  сынып  оқушыларының  батырлардың 
ерлігін,  халық  өмірі  мен  тұрмыс-тіршілігін 
арқау  еткен  қаһармандық  жырларындағы 
тәлімдік-тағылымдық  ойлары    жастарды 
ерлікке,  жомарттыққа,  адалдыққа,  туған  елге, 
халыққа,  Отанға    деген    сүйіспеншілікке 
тәрбиелеп, олардың бойында адамгершілік асыл 
қасиеттердің  негізін  қалауға  септігін  тигізері 
сөзсіз. Сонымен қатар, рухани ішкі жан дүниесін 
тәрбиелеу арқылы сыртқы дүниеге, көріністерге, 
құбылыстарға  жаңаша  қатынас  орнатып, 
жоғары  деңгейге  көтеруге  деген  ұмтылысын 
қалыптастыруға болады. 
Халық өзін өсірген анасын қалай құрметтесе, 
елін, жерін, Отанын да солай құрметтеген. Ата-
ананы таңдай алмайтындығымыз сияқты,  Отан-
ды да таңдай алмайтынын жақсы түсінген.  
Отан  адамның  бойында  патриоттық  сезімді 
туғызудың қажетті шарты деп қабылдаған. 
Патриоттық  сезімнің күшеюіне азаматтық бо-
рыш, азаматтық парыз арқау болған. Азаматтық 
парыз, борыш арқылы адамзатының патриотизмі 
көрініс  тауып  отырған.  Бұл  принцип  қазақы 
дәстүрде  өте  жоғары  әлеуметтік  мәртебеге  ие 
болған. Халық әр азаматтан өз еліне, жұртына, 
Отанына  қызмет  етуді,  азаматтық  борышты 
адалдықпен  атқаруды  талап  еткен.  Болашақ 
ұрпақты сан ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік 
тарихы бар құндылықтар негізінде тәрбиелейтін 
мазмұнды  ақпараттар  өте  мол.  Олар  ғұлама 
ойшылдардың,  педагогтар  мен  психологтардың 
еңбектерінде  түрлі  көзқарастарда  баяндалып, 
атадан балаға ұласатын құндылық сезім ниеттер, 
ұмтылыстар, тұлғаның тәрбиелігін анықтайтын 
ізгі қасиеттерді қамтиды. 
Мұның өзі халықтың барлық озық идеялары 
мен  тәрбиелік-тәжірибесі  мол    мәдениетімізде 
жинақталғандығын    және    ұлттық  мәдени 
құндылықтар  арқылы  оқушыларға  патриоттық 
тәрбие берудің қажеттілігін дәлелдейді. Өйткені, 
құндылық  адамды  тұлға  деңгейіне  көтеретін 
негізгі құрал болып саналады. Сондықтан  мек-
тептерге қойылатын талап  ұлттық рухани-мәдени 
құндылықтар негізінде бастауыш сыныптың оқу-
тәрбие үрдісінде берілген материалдарды пайда-
лану  арқылы,  оқушыларға  патриоттық  тәрбие 
беру,  дамыту  болып  табылады.  Өткен  тарихы-
мызды  таразылап,  болашағымызды  айқындауға 
бағытталған мемлекеттік деңгейдегі мұндай  іс-
шаралар  әрбір  азаматтың  ел  тағдырына  деген 
жауапкершілігін  арттырып,  патриоттық  сезімін 
нығайта түсері даусыз.
Құндылықтар әлемі – сөздің кең мағынасында 
мәдениет  әлемі,  адамның  рухани  әрекетінің 

69
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
саласы,  тұлғаның  рухани  байлығы  өлшемін 
білдіретін,  оның  адамгершілік  санасының, 
басылымдықтарының  саласы.  Құндылықтар 
адам  болмысының  әр  түрлі  формаларына  де-
ген қатынасты білдіретін адамзат мәдениеті бо-
лып  табылады.  Құндылықтар    өмірге,  еңбекке, 
шығармашылыққа,  адамгершілік  насихаттарға, 
адам өмірінің мәніне деген бағалаушы қатынас. 
Құндылықтар  –  материалдық  және  руха-
ни  қажеттіліктерді  өтеу  үрдісіндегі  қалыпты 
нәрселер.  Қалыпты  мәнге  қайырымдылық, 
сұлулық, әділеттілік идеялары ие болуы мүмкін», 
– деп атап көрсетеді. 
Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар 
қарым-қатынастардан,  қоғамдастықтан  тыс 
жеке-дара қалыптаспайды Ұлттық сезім – ерек-
ше  әлеуметтік-психологиялық  құбылыс,  ол 
сыртқы  әсерлерге  тез  бой  алдырып  отырады 
деп дәлелдейді зерттеуші ғалымдар. Сондықтан, 
ол  үнемі  тәрбиелеуді  және  ақыл-парасат  тара-
пынан  бақылауды  қажет  етеді.  Жеке  тұлғаның 
ұлттық  сезімін  тәрбиелеу  айналасындағы  орта-
да  қалыптасқан,  олар  үшін  өмірлік  қағида  бо-
лып  табылатын  белгілі-бір  құндылықтармен 
толықтыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс. 
Жалпыадамзаттық  құндылықтар  халықтық 
дәстүрлерде,  адамгершілік  принциптерде,  діни 
мәдениетте  жақсы  жазылған  және  әлеуметтік 
ойдың озық белгілері, жеке тұлғаның қасиеттері, 
адамгершілік  үлгілері  жинақталған  күйде, 
әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде 
көрінеді. Жалпыадамзаттық құндылықтар – түрлі 
халықтың,  түрлі  діннің,  түрлі  дәуірдің  рухани 
мақсаттарын  жақындастыратын  құбылыс.  Сол 
себепті де ол жалпыадамзаттық деп аталады. 
Қазақтың  ұлттық  дәстүрінің  тәрбиелік  мәні 
теренде.  Соның  тәрбиелік  мәнін  ашып,  бастау-
ыш  сынып  оқушыларына  меңгерту  де  біздің 
міндетіміз. Бастауыш сынып оқушыларын жалпы 
ұлттық мәдени құндылықтар негізінде бәсекеге 
қабілетті,  ұлттық  санамен,  ұлттық  намыспен, 
отансүйгіштікке,  мәдениетті  қоғам  мүшесі  етіп 
тәрбиелеу  қазіргі  педагогика  ғылымының  түп 
мақсаты болып отыр. Патриоттық тәрбие беруде 
ұлттық мәдени құндылықтардың тәлім-тәрбиелік 
маңызы, атқаратын рөлі зор. 
Ұрпақтан-ұрпаққа  ауызша  жалғасып,  күні 
бүгінге  дейін  жеткен  бала  тәрбиелеуде  пайда-
ланатын  ұлттық  тәжірибелі  қағидаларымыз 
жеткілікті-ақ. Елдің   патриот  ұрпағын тәрбие-
леуде сол ұлттың мәдени мұрасының рөлі ерекше 
және патриоттық тәрбие беруде ұтымды екенін 
айта кеткен жөн. Ерлікке, батырлыққа баулудың 
озық жүйесін, қажетті әдіс-тәсілдерін батырлар 
жырлары,  аңыз-әңгімелер,  шешендік  сөздер, 
мақал-мәтелдер  т.б.  фольклорлық  мәтіндерден 
табуға  болады.  Оның  маңызды  ұйытқысын 
біз  сонау  Орхон-Енисей  ескерткіштерінен  ба-
стап,  VII-ХІІ  ғасырлардағы  ғұламаларымыз 
Қорқыт  ата,  әл-Фараби,  Қожа  Ахмет  Яссауи, 
Махмұд  Қашқари,  кейіннен  Ы.Алтынсарин, 
Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев т.б. еңбектері арқылы 
танып білеміз. «Әр тәрбиенің қолданатын жолы 
−  ұлт  тәрбиесі»  дейді  ақын.  Әрбір  халықтың 
тарихи  тіршілігі  мен  рухани  тәжірибесі  бар. 
Ұлттық мәдени құндылықтар жөнінде айтқанда, 
біріншіден, тарих тезінен өтіп, өзіндік сипатын 
сақтап келген халықтың рухани қазынасын айта-
мыз. Патриоттық тәрбие Отанмен, туған жермен, 
ұлтпен байланысты. «Отан» ұғымының бірнеше 
мағыналық  мәні  бар:  Отан  деген  сөзінің  үлкен 
тарихы бар ұлы мемлекет, ол өзінің туып өскен 
жерің, ата-бабадан қалған жер! «Отан от басынан 
басталады»  деп  ұққан  ата-бабамыз  отбасының, 
ананың,    рудың,  отанының  намысын  қорғауды,  
қарттарға көмектесудi, басқа ұлт өкiлдерiн сый-
лауды  отбасы  тәрбиесiнiң  өзектi  принципi  деп 
бағалаған.  Алайда,  патриоттық  тәлім  тек  қазақ 
тілінің тұғыры биік болуы үшін емес, мұнымен 
6ipre  халықтың  тарихын,  мәдениетін,  тұрмыс-
дәстүрін  таза  жүрек,  көңілімен  сезінуі,  сөйтіп 
оны қорғауға тіpeк болуы керек.
Ерте  заманнан  халқымыз  келер  ұрпақтың 
ақылды, намысқор, арлы, өмiршең азамат болуын 
тiлеп, ұлттық рухани көзқарасын қалыптастыруда 
бала тәрбиесіне үлкен мән берген. 
Ұлттық игі дәстүрлер, ата-бабаларымыздың 
ұрпақтан  ұрпаққа  қалдырған  асыл  мұралары, 
әділетсіздікке  қарсы  күресі  елін,  жерін  сүйген 
батыр  болуға,  сыртқы  жауларға  мейірімсіз 
болуға  баулиды.  XVIII  ғасырдағы  ерлік  және 
жауынгерлік  тарихына  көз  жүгіртсек,  ата-
дан  балаға  жалғасқан  игі  дәстүрлер  молы-
нан  кездеседі.  Мысалы,  Бөгенбай  батырдың 
әкесі  Ақша  батырдың  ақ  туын  ұрыстарға  алып 
шығып,  жеңіспен  оралуы  дәстүрге  айналған. 
Ұрысқа  кірерде  қаруымен,  астына  мінген  аты-
мен  серттесуі,  сондай-ақ  атты  ердің  жанына 
балап,  қадірлеп-қастерлеу  –  түркі  халқының 
негізгі  дәстүрлері.  Қабанбайдың  сенімді  серігі 
Қубас  атқа,  Ақан  серінің  Құлагерге  деген 
құрметінен осы дәстүрдің жалғастығын көреміз. 

70
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Сондықтан,  бастауыш  сынып  оқушыларының 
бойында  патриоттық  тәрбиені  қалыптастыруда 
халқымыздың игі дәстүрлерінің ықпалы мол.
Патриоттық  тәрбиенің  міндеті  туған  жерді, 
табиғатты  сүйе  білу  қабілетін  қалыптастыру, 
оны  қорғауға,  гүлдендіруге  қамқоршы  болу,  өз 
халқымен  бірге  өзге  ұлттарға  да  силастықпен 
қарай  білуге,  өз  халқының  туған  өлкесінің  та-
рихын  білу  болып  табылады.  Сонымен  қатар, 
Отанын  сүю  және  өзінің  азаматтығын  мақтан 
тұту,  өз  Отанының  болашағы  үшін  қызмет  ету, 
ана  тілін  жетік  меңгеріп  сүйе  білу,  халқының 
дәстүрін,  салтын  және  ерекшеліктерін  білу, 
сақтау  және  байыту,  дінге,  тарихи  мұраларға 
құрметпен қарау.
Патриоттык тәрбие үдерісі бастауыш сынып 
оқушыларының  қоғамдық  іс-әрекетінде  жүзеге 
асады.  Мысалы,  қазақтың  батырлар  жыры 
оқушыларды  белсенділікке,  шығармашылыққа 
ынталандыра  отырып,  туған  жерін  үлкен 
сезіммен сүйе білуге тәрбиелейді. Қазақтың ба-
тырлар  жырының  өз  халқының  салт-дәстүрін, 
талап-тілектерін,  мәдениетін,  әдептерін  та-
нып  білу  арқылы  туған  еліне,  мәдениетіне, 
дәстүріне  деген  сезімін  арттыруда  орны  ерек-
ше.  Өзінің  отбасына,  еліне  деген  жақындық 
сезімін  қалыптастыруда  Д.С.  Лихачевтің  «... 
патриотизмге ұлт арқылы жету жеткіліксіз, оны 
қамқорлықпен  тәрбиелеу  қажет  –  туған  жерге 
махаббаты,  рухани  отырықшылықты  тәрбиелеу 
қажет» деп пайымдаған.
Тұлғаның 
бойындағы 
патриоттық 
құндылықтарды  қалыптастырудың  негізгі  көзі 
отбасы, әулет, әлеуметтік орта, аймақ, мемлекет, 
әлемдік  кеңістік  болса,  тұлғаның  бойындағы 
патриоттық  құндылық  –  қазақ  патриотизмі, 
ұлттық патриотизм,  Қазақстандық патриотизм,  
жалпыадамзаттық  патриотизм  арқылы  көрініс 
бере  отырып,  тұлғаның  бойында  құндылықтың  
жоғары  көрсеткіштері  –мемлекет  және  ұлт 
алдындағы  міндет,  парыз,  намыс,  ұлттық  рух, 
ұлттық сана,  және ұлттық тарихқа, салт-дәстүрге 
деген сүйіспеншіліктері  қалыптасады.     
Патриоттық  тәрбие  процесінде  идеялық 
сенімділік,  өз  Отанына,  ана  тіліне,  еліне, 
жеріне,  мәдениеті  мен  салт-дәстүріне  деген 
сүйіспеншілік,  жалпы  ұлттық  мақтаныш,  өз 
халқының тағдыры үшін жоғары жауапкершілік, 
туған  Отанның  экономикалық,  ғылыми, 
моральдық-саяси  және  әскери  әлеуеттерін 
дамытуға ұмтылыс, оны идеологиялық және сая-
си жағынан қорғауға даярлық қалыптасады.
Біз  болашақ  жастардың  бойына  әрбір  адам 
ең  алдымен  өз  халқының  перзенті,  өз  отанына 
бар  жан-тәнімен  берілген  азаматы  болуы  керек 
екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты 
болатынын  естеріне  ұстауын  үйрете  отырып, 
тәрбиені ұлттық мәдениетке бағдарлауымыз ке-
рек. Болашақ ұрпақтың рухани байлығының өзі 
ең алдымен, олардың білімділігі, ана тілін білуі 
және мәдени деңгейі, адамгершілік сезімталдығы, 
эстетикалық  жағынан  дамыған  жеке  дүние 
танымдық  өрісі  болып  табылады.  Сондықтан, 
бүгінгі жастардың алдына қойған басты міндеті, 
ең  алдымен,  өз  халқының  ұлттық  мұрасын 
игеру.  Ұлттық  санамен,  ұлттық  намыспен, 
отансүйгіштікпен байланысты ұлттық сезімдерді 
дамытуда тәрбиені халық даналығының көзінен 
іздеуіміз керек. Даналардың ұрпаққа қалдырған 
асыл сөз мұралары арқылы жастардың санасына 
ұлттық тәрбиемізді жеткізуіміз тиіс.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Алтаев  Ж.,  Қасабеков  А.,  Ғабитов  Т.  Философия  және  мәдениеттану.  Оқу  құралы.  –Алматы: 
Жетіжарғы,  1998. 
2.  «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2004.
3.  Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік философиялық талдау. – Алматы, 2000.
4.  Жарықбаев Қ. Қалиев С. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы – Алматы: Рауан, 1998.
Резюме
В статье рассмотрены основы патриотического воспитания младших школьников посредством знакомства 
с культурным наследием народа
Summary
In the article bases of patriotic education of younger schoolchildren by means of acquaintance to national cultural 
heritage are considered. 

71
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Г.К. Бекбосынова –
ЦДЕ «Балдаурен», г. Талдыкорган
Г.Букурова –
  старший преподаватель, 
Академии имени М.А. Жолдасбекова
ШАГИ НА ПУТИ ВОСПИТАНИЯ ПАТРИОТИЗМА И ГРАЖДАНСТВЕННОСТИ
Родина — это город, в котором родился, 
аул где ты вырос, школа, где ты учился, 
одним словом, это среда, которая способствовала 
твоему формированию как человека. 
Если это так, ты должен знать
их, они нужны тебе, как воздух и вода…
М. Ауэзов
На современном этапе развития Республики 
Казахстан существуют весьма актуальные вопро-
сы – вопросы патриотического воспитания. Вос-
питание в подрастающем поколении «казахстан-
ского патриотизма» –  гражданский долг каждого 
взрослого.  Патриотическое  воспитание  –  это, 
прежде  всего  воспитание  важнейших  духовно-
нравственных и культурно-исторических ценно-
стей. В одном из своих посланий народу Казах-
стана глава государства Назарбаев Н.А. отметил: 
«Мы  должны  построить  общество,  где  ценят 
честь, достоинство и репутацию каждого граж-
данина, где присутствует высокая мораль, этиче-
ские стандарты и духовные ценности ...».
Огромные изменения, произошедшие за по-
следние  годы,  новые  проблемы,  связанные  с 
воспитанием  подрастающего  поколения,  обу-
словлены  переосмыслением  сущности  патрио-
тического воспитания, его места и роли в обще-
ственной  жизни.  Патриотическое  воспитание 
выступает  неотъемлемой  частью  всей  деятель-
ности по подготовке подрастающего поколения 
к выполнению важнейших социальных функций 
в различных сферах жизни
При  формировании  гражданских  ценностей 
важно  воспитывать  подрастающее  поколение, 
основываясь на культурных и исторических до-
стижениях многонациональной Республики Ка-
захстан.  Следует  без  преувеличений  отметить, 
что  от  воспитания  детей,  маленьких,  но  уже 
граждан, зависит судьба любой страны.
С  нашей  точки  зрения  патриотическое  вос-
питание  в  любой  стране  строиться  на  основе 
гуманистических идей, свободы личности, нрав-
ственности и знании истории своей Родины. Та-
кие  ценности  как  беззаветная  любовь  к  отече-
ству, преданность ему, гордость за его прошлое 
и  настоящее,  стремление  защищать  интересы 
своего государства – важнейшие факторы граж-
данственности.
Дабы  развить  в  подрастающем  поколении 
чувство  патриотизма,  честности  и  справедли-
вости следует изучать историю народа, так как 
история не просто информирует и учит, но поу-
чает и, самое главное, воспитывает. Не зная про-
шлого  страны  сложно  представить  её  будущее. 
По  нашему  мнению,  педагогам  следует  вести 
более целенаправленную работу с детьми по из-
учению истории Казахстана, воспитывая и взра-
щивая при этом в учениках любовь и уважение к 
традициям, культуре, к государственному языку 
и символике. 
Немаловажное значение в данном контексте 
приобретает  ежегодный  праздник  «Ассамблея 
народов», проведение которого вносит свой ин-
формативный и воспитательный вклад, где дети 
могут всеобъемлюще знакомиться  с традиция-
ми и культурой разных народов. 
"Патриотическое  воспитание  -  это  систе-
матическая  и  целенаправленная  деятельность 
ор¬ганов государственной власти и организаций 
по  формированию  у  граждан  высокого  патрио-
тического  сознания,  чувства  верности  своему 
Отечеству,  готовности  к  выполнению  граждан-
ского долга и конституционных обязанностей по 
защите интересов Родины".
Правительство  Казахстана  на  сегодняшний 
день уделяет большое значение вопросам воспи-
тания «казахстанского патриотизма» и укрепле-
ния чувства гражданского долга среди молодежи 

72
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
посредством  обучения  учащихся  правовой  го-
сударственной  системы,  символики,  биографии 
известных деятелей, национальных традиций и 
культуры народов республики. Разрабатываются 
такие программы дополнительного образования 
как «Историко-литературный кружок», где дети 
изучают  историю  Казахстана,  знакомятся  с  об-
разами  героев-батыров,  которые  и  по  сей  день 
должны  служить  примером  для  подражания 
нынешнему поколению, с жизнью выдающихся 
личностей,  с  интересными  деятелями,  которые 
были репрессированы в годы советской власти. 
Знакомство подрастающего поколения с дея-
тельностью акынов, жырау, биев, политических 
и общественных деятелей Казахстана, изучение 
подвигов  казахских  батыров  играют  большую 
роль в воспитании казахстанского патриотизма. 
Как уже говорилось выше, в патриотическом 
воспитании подрастающего поколения, большую 
роль играет изучения истории своего края, свое-
го города, жизни своих земляков. С этой целью 
в областном музеи имени И. Жансугурова про-
водятся внеклассные мероприятия для школьни-
ков на тему «Родина в лирике И. Жансугурова». 
Учащиеся многое узнают о жизни и творчестве 
великого  сына  Казахстана.  Так  же  проводятся 
экскурсии по памятным местам города Алматы. 
Ученики возлагают цветы к памятникам, изуча-
ют историю возведения данных памятников.
В воспитании патриотизма у подрастающего 
поколения  большая  роль  отводиться  ветеранам 
Великой Отечественной Войны. Ежегодно про-
водятся  конкурсы  чтецов  «День  Победы»,  кон-
курс песен военных лет, конкурс патриотической 
песни, конкурс плакатов ко Дню Независимости 
Казахстана, а так же в честь праздника Победы.
Накануне  празднования  «Наурыз»  проводи-
лась  познавательно-развлекательная  программа 
«Наурыз – думан», цель которой заключалась в 
изучении и соблюдении обычаев, обрядов и тра-
диций казахского народа.
Некогда  в  областной  библиотеке  имени  С. 
Сейфулина  состоялся  «Вечер  памяти»  в  честь 
115-летия  С.  Сейфулина.  Под  тихую  игру  дом-
бры  были  заслушаны  доклады,  стихи,  песни  в 
исполнении учеников школ. Стоит отметить, за-
нимательные лекции на тему патриотизма про-
водят  профессор,  доктор  филологических  наук 
Жетысуйского  Государственного  Университета 
имени И. Жансугурова, Садыков Турсын, и жур-
налист,  акын,  заведующий  отделом  областной 
газеты «Жетысу» К. Кайранбай.
Большое значение для воспитания у учащих-
ся  чувства  гражданского  долга  имеет  изучение 
общего вклада Казахстана в мировую науку, при-
знание  Казахстана  мировым  сообществом,  раз-
витие  экономики  республики,  развитие  науки, 
производства,  культуры  и  спорта,  достижения 
страны в области космонавтики, все вышепере-
численное, безусловно, развивает чувство гордо-
сти за успехи развития нашей страны. 
Главная  педагогическая  задача  воспитания 
состоит  в  том,  чтобы  подрастающие  граждане 
нашего государства выросли личностями, обла-
дающими  патриотизмом,  интернационализмом 
и  высокой  моралью.  Цель  же  патриотического 
воспитания  заключается  в  развитии  у  граждан 
Казахстана  активного  и  заинтересованного  от-
ношения  к  отечественной  истории,  культуре, 
государственности  в  единстве  национально-
самобытных и общих цивилизованных начал.
В  заключении  хотелось  бы  отметить,  что 
все  упомянутые  мероприятия,  разработанные 
программы  являются  немаловажными  шагами 
на  пути  развития  патриотического  воспитания. 
Мы добились многого, и в дальнейшей следует 
предусмотреть  систему  мероприятий,  направ-
ленную на утверждение в обществе, в сознании 
подрастающих граждан патриотических ценно-
стей,  уважения  к  старшим,  к  историческому  и 
культурному  прошлому  Казахстана,  повысить 
престиж воинской службы и защиты Отечества. 
Среди программных мероприятий считаем, что 
следует двигаться по следующим направлениям: 
издание литературы, демонстрация кино- и ви-
деофильмов, организация экскурсий по родному 
краю,  привлечение  учащихся  к  познанию  его 
истории,  героического  прошлого  и  ряд  других 
мероприятий.
Резюме
Бұл мақалада «отансүйгіштік және азаматтық тәрбиенің жолдары» қарастырылған. Мемлекетіміздің жас 
өсіп келе жатқан азаматтарын отансүйгіштікке, ынтымақтастыққа және биік адамгершілікке тәрбиелеу  негізгі 
педагогикалық міндет болып табылады.

73
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Summary
In  article  the  theme  «steps  on  a  way  of  upbringing  of  patriotism  and  civilization»  is  mentioned.  The  main 
pedagogical problem of upbringing consists in growing up citizens of our state have grown the persons possessing 
patriotism, internationalism and high morals.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет