Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет13/16
Дата03.03.2017
өлшемі2,48 Mb.
#6082
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Резюме
Статья посвящена профессору КазНУ им.Аль-Фараби Зейнол-Габден Бисенгали. В статье говорится о 
его ценных качествах как человека и преподавателя, о его вкладе в сферу преподавания и науки.
Summary
Article is devoted to a professor of KazNU named after Al-Farabi Zeynol-Gabden Bisengali. In the article the 
author talks about professor’s valuable qualities as a person and as a teacher, about his contribution in teaching and 
science sphere.
Жақсының жақсылығын айту-ізгі жанның нұрын 
тасытып қана қоймайды, адам мен адамды, ұлт пен 
ұлтты жақындастырудың дәнекері.
Д. Қонаев

80
К.Ж. Қожахметова – 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
ғылым және халықаралық байланыстар бойынша проректоры
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ ӘДІСНАМАСЫНДАҒЫ 
ЭТНОӘЛЕУМЕТТІК-РӨЛДІК ТҰРҒЫ
Әлемде  өмір  сүру  мәдениетін  тәрбиелеудің 
өзекті міндеті – қоғамда тек қана жаһандық жер 
беті мәселесіне кірісіп қана қою емес, сондай-ақ 
ғарыштың ғаламдық үрдістеріне де қатысу.
Адамды өмір сүру кеңістігінде кең ауқымда 
педагогикалық  талдау,  оны  бүкіл  әлеммен 
байланысқан біртұтастық деп түсінуге, сондай-
ақ  адамды  жер  шарының  ғана  емес,  ғарыштың 
бір  бөлігі  деп  ұғу  мүмкіндігін  береді.  Мұндай 
талдау адамның полюстік-өрісті өмір сүру тео-
риясы  тұрғысынан  қарастырғанда  болашағы 
бар  (В.Шубинский).  Оның  мәні  –  қазірше 
гипотетикалық  дәйектерде.  Адам  негізгі 
4  өлшемдерде  өмір  сүреді:  биологиялық, 
психологиялық, әлеуметтік-технологиялық және 
табиғи-ғарыштық.
Биологиялық 
тұрғысы 
адамның 
физиологиялық «тән-дене» ерекшеліктері, оның 
тірі ағза әлеміне кірісетіндігін сипаттайды.
Психологиялық  өріс    –  өмірде  кездесетін 
адамдарға ғана тән емес, басқа да жан иелеріне 
қатысты  психикалық  үрдістерге  енген  (саналы 
және санадан тыс) психиканы сипаттайды.
Әлеуметтік-технологиялық өріс адамдардың 
тарихи  үрдістерге,  техника  әлеміне,  ғылыми-
техникалық  прогреске  қатынасын,  әлеуметтік 
(қоғамдық)    және  технологиялық  өмір  өлшем-
дерін сипаттайды. 
Табиғи-ғарыштық  өріс  адамның  барлық 
табиғи  ортамен,  барлық  әлемдік  үрдістермен 
байланысын анықтайды.
Философтар  көрсеткен  адам  –  біртұтас 
биопсихо-әлеуметті табиғи ғарыштық жүйе деген 
теориясымен келісе отырып, полюсті-өрісті тео-
рия келешекте педагогикалық теориялар жасау-
да  адамның  өмірінің  философиялық  танымдық 
негізі  болады.  Оқыту  мен  тәрбиелеу  негізгі 
полюсті  тіршілікте  өмірге  адам  дайындауға 
бағыт ала отырып, тұрмыстық қайшылықтарды 
саналы қабылдап, жолын табуға үйретеді. Әзірше 
теорияда  да,  тәжірибеде  де  мұндай  бағдар  алу 
қаралмаған.
«Этнопедагогика», 
«Этнопсихология», 
сондай-ақ, 
«Өзіндік 
таным» 
пәндерінің 
мазмұнын  негіздеуде  ғалымдар  соңғы  жылда-
ры жетілдіріп келе жатқан адамның био-психо-
әлеуметтік  мәні  туралы  идеясының  мағынасы 
зор  (В.Созонов).  Адамда  өзінің  мінез-құлқына 
әсер ететін, ештеңеге бағынбайтын өзіндік даму 
көздері: өзінің міндеттері, өзінің механизмдері, 
өзінің  тетігі  сияқты  үш  сала  тұжырымда 
қарастырылған.
Осы үш құрамдастықтың бірлігінде адамның 
жеке  адамдық  өзіндік  даму  көзі  қалыптасқан. 
Онда әрқашан «істей аламын», «керек етемін», 
«қажет» деген үш күш өмір сүреді және күреседі. 
Субъектінің  мінез-құлқының  ерекшеліктері 
қандай да бір салада өте жақсы және өте төмен да-
муына байланысты. Бұл бөлімдерді құрылымдық 
пирамида түрінде көрсетуге болады:
-  Төменде    салмақты  биологиялық  бөлім 
(«істей аламын»);
-  Жоғарыда  (оның  астында)  аздап 
психикалық бөлім («керек етемін»);
-  Ең  жоғарыда,  жұқа  қабатта    әлеуметтік 
бөлім («қажет»).
Бұл  осындай  шешім,  нәтиже,  сондай-ақ 
қоғамнан  берілген,  алынған  өзіндік  тұлға  деп 
аталатын биіктік. 
Темперамент биологиялық саланың маңызды 
құрамдас  бөлігі  болып  табылады  (және  оның 
ішінде  хал-жағдайы).  Темперамент  адамның 
мінез-құлқына  және  оның  үдемелі  конфи-
гурациясына  өзін  көрсету  үлгісіне  өзіндік  із 
қалыптастырады.  Өмір  ағымында  темперамент 
өзгермейді,  сондай-ақ,  күшті  мызғымайтын 
іргетас  іспетті  біздің  мінез-құлқымыздың 
тұрақтылығы мен қалыптылығын, өміршеңдігін 
қамтамасыз  ете  отырып  «бүкіл  қабаттардың» 
жүгін арқалайды. Бұл біздің туа бітті қасиетіміз. 
Жалғыз-ақ,  мұғалімнің  қолынан  келетіні 
тәрбиеленушінің  жаны  мен  тәнінің  саулығын 
нығайту. Адамның ішкі дүниесі өзінің ішкі әлемі 
мен  өзіне  қымбатты  «Мен»  деген  психикалық 
сезімі биологиялық іргетасқа тірек болады. Бұл 
жерде өзін көрсету, өзін байқату, өзін өзі жүзеге 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

81
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
асыру сияқты ішкі жағдайларды қалыптастыруда 
туа  және  жүре  қалыптасқан  талпыныстар, 
қажеттіліктер,  себептер,  қызығушылық  пен 
сезімталдық жетекшілік етеді.
Адамның  психикалық  жағдайын,  мінез-
құлқының  қалыптасуы  мен  психикалық  даму 
үдерісін  анықтауда  тіректі  био-психико-
әлеуметтік 
қажеттілігін 
қанағаттандыру 
(қорғануға, мойындатуға, өзін іске асыруда және 
т.б.)  дәрежесінің  зор  маңызы  бар.  Осы  аталған 
қажеттіліктердің  қаншалықты  толық  және 
жақсы  орындалуы,  субъектінің  өзіндік  қарым-
қатынасы  мен  «Мен  –  тұжырымдамасына» 
байланысты.  Психикалық  адамның  негізі  оның 
мінез-құлқының  ауқымды  бөлігін  анықтайтын 
«Мен – тұжырымдамасы». Оның үйлесімді және 
үйлесімсіз  «Мен  –  бейнесінде»  біздің  барлық 
құпия  мінез-құлықтарымыз,  ерлік  істеріміз  бен 
пасық  сатқындығымыз  жасырын  жатыр.  «Мен 
–  тұжырымдамасы»  адам  өмірінің  алғашқы 
күндерінен  қалыптасады,  солай  бола  тұрса  да 
оны  түзетудің  өзі  қиын.  Бұл  үдерісте  маңызды 
орын тәрбиеге тиесілі. 
Ақырында әлеуметтік сала қоршаған ортаға 
қарым-қатынасы сияқты психикалық «бөлімге» 
бейімделеді, 
дүниеге 
көзқарас-сенімдері, 
көзқарастар, идеялар сияқты жүйе ретінде адам-
ды іс-әрекетке саналы түрде шешімдер шығаруға 
жетекшілік  жасайды.  Бұл  «бөлім»  «Тұлға»  де-
ген атаудан тұрады. Бұл кезінде К.Маркс айтқан 
«барлық  қоғамдық  қатынастар  жиынтығы». 
Адам болып туады, ол тұлға болып өзінің күші 
мен еңбексүйгіштігінің арқасында қалыптасады. 
Сондықтан  да  біз  оны  табиғи  таланты  мен 
қабілетін арттырып, даралығын өркендете оты-
рып, тәрбиелеуіміз қажет. 
Қазақ  этнопедагогикасы  әдіснамасындағы 
этноәлеуметті-рөлдік тұрғы. Оның маңыздылығы 
адамды  жастайынан  бастап,  өмірінің  соңына 
дейін  этноәлеуметтік  рөлдерге  тарту  бо-
лып  табылады.  Негізгі  құрал    –  салттар  мен 
этноәлеуметтік  рөлдердің  мазмұны.  Бұл  жерде 
біз қазақ халқының «Жігіттің үш жұрты бар» де-
ген қағидаға негіздей алып отырмыз. 
Біздің  тұжырымдамалы  тұрғыда  әр  адам 
белгілі бір этностың өкілі ретінде этноәлеуметтік 
рөлдерді  игерудің  арқасында  өзінің  дамуында 
көптеген  этникалық  сатылардан  өтеді.  Әрбір 
этноәлеуметтік  рөл  белгілі  бір  этнос  өкілінің 
тұлғалық  сапасы  мен  қызметі,  осы  рөлді 
орындауға қатысты міндеттерінің бір түрі болып 
табылады. 
Қазақ  халқы  –  туыстық  қарым-қатынасты 
бағалайтын  және  ардақтайтын  халық.  Осы-
лайша,  әрбір  қарым-қатынас  және  іс-әрекеттің 
өзара  қарым-қатынастың  белгілі  нормаларына 
(салт-дәстүрлерге)  сай  қарапайым  негізделуі, 
сырттай  салттар  мен  рәсімдерде  көрініс  табу 
арқылы өзінің сабақтастығын көрсетеді. Демек, 
байланыстың  туысқандық  түрлері  туысқандық 
қарым-қатынас арқылы, өзінің рөлдік қызметіне 
сай  келетін  іс-әрекеттер  –  бұл  этноәлеуметтік 
рөлдер. 
Бұдан шығатын нәтиже, осы кезеңде қазақтың 
этникалық  тәрбиесін  жаңғырту,  өз  халқының 
ішінде  тамырын  тереңге  жіберіп,  мәдениет  бо-
лып  қалыптасқандығы,  оның  этноәлеуметтік 
рөлдер жүйесінде, «Жігіттің үш жұрты бар» де-
ген ұстамында, «Қарға тамырлы қазақ» мәтелінде 
және т.б. көрініс береді деп ойлаймыз. 
Осылайша,  этникалық  тәрбие  аясында 
тұлғаның  дамуы  этностың  субъектісі  ретінде 
этноәлеуметтік  рөлдер  жүйесін  игеру  өмір 
ағымында өмірлік қызмет пен үдемелік үдерістер 
қалыптастыру болып табылады. 
Әлеуметтік  рөлдерді  этноәлеуметтік  рөлдер 
жүйесінде  диалектикалық  бірлікте  игеру, 
тұлғаның  қалыптасу  үрдісі  мен  оның  дамуы 
нәтижесінің  негізі  болып  табылады.  Кез  кел-
ген этноәлеуметтік рөлдерді игеру мен орындау 
үдерісі тұлға дамуының кіріктірмелі даму сипат-
тамасы  болып  табылады.  Тұлғаның  рационал-
ды,  әсершіл,  жігерлі,  адамгершілікті,  сыпайы, 
тәжірибелі болуы оның этноәлеуметтік рөлдерді 
орындауда  және  игеруінде  өз  көрінісін  табады. 
Бұл  жерде,  ниет,  талап,  іс-әрекет  және  нәтиже 
біріге біртұтастықты білдіреді. Демек, тұлғаның 
этникалық тәрбиесінің өлшемі оның белгілі бір 
этноәлеуметтік  рөлдерді  толыққанды  орындау 
қабілеті мен дайындығының нысаналы сипатта-
масы.
Тәрбиенің этноәлеуметтік рөлдерінің ықпалы 
қазақта  сақталған  туыстық  қатынастарға  және 
этикалық  тәрбиеге  өз  әсерін  тигізе  отырып, 
қазақтың этникалық тәрбиесінің кешенді құралы 
болып табылады. 
-  этноәлеуметтік  рөлді  жақсы  игерген 
адам  өзін  кез  келген  ортада  жақсы  сезінеді, 
өйткені  тұлғалы-рөлдік  бағыт  бұрынғыдан 
бері  қазақтардың  қарым-қатынасының  ұлттық 
этикеті болып табылады. Этноәлеуметтік рөл – 
адамның өзін-өзі көрсетудегі мінез-құлық және 

82
қарым-қатынас нормасының кешені;
-  әр адам туғаннан-ақ этнос мүшесі;
-  әр адамда этнос өкілі ретінде туысқандық 
қатынастың үш арнасы бар:
- өз жұрты;
-  нағашы жұрты;
-  қайын жұрты.
Солардың негізгісі – «үш жұрт». «Үш жұрт» 
ұғымы туысқандықты сақтайтын этноәлеуметтік 
тұтастық. «Жігіттің үш жұрты» болып патриар-
халды  түсінікке  сай  айтылғанымен,  мейлі  ер, 
мейлі әйел болсын, отау тігіп отбасын құрғаннан 
бастап, туысқандық қарым-қатынасты үш жұрты 
арқылы  өрбітеді.  Үш  жұрттың  біріншісі  –  өз 
жұрты.  Оған  әкесінен  тараған  бірге  туған  ба-
уырларымен  қатар,  әкесінен  арғы  аталарынан 
қосылатын  ағайындарына  дейінгі  туысқандары 
жатады.  Оларды  жеті  атаға  дейін  санай 
бастағанда  бір  қауым  ел  болатын  ағайын-жұрт. 
Өз отбасыңдағы әке мен шеше, ата мен әже, аға 
мен іні, апа мен қарындас немесе сіңілі, сондай-
ақ, өз бауырларыңның жарасты жұптары: жеңге 
мен келін, жезде мен күйеу бала, абысындар бір 
шаңырақ  астында  туысқандық  қарым-қатынас 
арқылы  өз  міндеттерін  –  әлеуметтік  рөлдерін 
атқарады.
Екіншісі  –  нағашы  жұрты:  туған  анасының 
төркін-жұрты. Яғни, жиеннің танымы бойынша 
шешесінің туған әке-шешесі, ата-әжесі, аға-інісі 
мен апа сіңлілері және олардың жұптары мен ба-
лалары. Осы орайда, нағашы ағаның баласы да 
нағашы іні болып, туыстық қалпын сақтағанмен, 
нағашы  апаның  баласы  «бөле»  деп  аталады. 
Өйткені, оның сүйегі басқа жұрттыкі.
Үшінші  –  қайын  жұрт:  жігіт  үшін  алған 
әйелінің төркіні немесе әйелдің келін боп түскен 
жері.  Келген  келін  үшін  қайын  ата  мен  қайын 
ене, қайын аға мен абысын, қайын апа мен жез-
де, қайын іні мен келін, қайын сіңлі мен күйеу 
бала т.б. Ал, жігітке қайын ата мен қайын ене, 
қайын аға мен жеңге, қайын апа мен үлкен бажа, 
балдыз бен келін, балдыз бен кіші бажа сияқты 
қайын жұрт деп аталатын туыстар тобы.
Этноәлеуметтік  рөлдер  «үш  жұрт»  аясында 
өз қызметін жан-жақты өрістетеді. Халқымызда 
«Ағайын жұрт – күншіл, қайын жұрт – міншіл, 
нағашы  жұрт  –  сыншыл»  деген  сөз  бар.  Бұл 
бір  жағынан  әлеуметтік-психологиялық  сипат-
тама  болғанымен,  әлеуметтік-педагогикалық 
жағынан  үш  жұрттың  адамды  тәрбиелеудегі 
ұстанатын  қағидасын  көрсетеді.  Демек, 
қазақтың жігіті немесе қызы үш жұртына жағу 
үшін үш түрлі ұстанымға сай әлеуметтенуі тиіс. 
«Күншіл», «міншіл», «сыншыл» ұстаным адам-
ды шыңдайтын аса өткір талаптар.
Өз жұртын күншіл деудің өзі ағайын жұрттың 
өз адамына деген талабының жоғарылығы. Қазақ 
тілінің сөздігінде «күншіл – іші тар, қызғаншақ» 
деген  түсінікті  береді.  Қазақ  өз  туысы  мен  өз 
ағайынына  әр  ісімен  есеп  беріп  отыруы  қажет. 
Жолға  шығарда  қоштасып,  келсе  барып  сәлем 
беріп,  іс  бастарда  ақылдасып,  өз  тойыңда 
ағайынға ерік беріп, олардың тойы мен азасын-
да басқа жұрттан мол үлес қосуы қажет.  Бұл та-
лаптан шығу өте  қиын, екінің бірінің қолынан 
келе бермегендіктен де өз жұртыңның өкпесіне 
қаласың.  Ағайын  арасындағы  араздық  осы 
міндеттердің  дұрыс  орындалмауынан  шығады 
да,  «күншіл»  деген  айып  тағылады.  Деген-
мен, бұл да ағайынмен арадағы этноәлеуметтік 
қарым-қатынасын реттеудің биік талабы.
«Міншілдік»  пен  «сыншылдық»  талабы 
жоғары,  басқа,  өзге  жұрттың  үлесі.  Міншіл 
саналған  қайын  жұрт  туралы  «Жағаңның 
қызылдығы мен қолыңның ұзындығына қарайды, 
жуас болсаң жүндейді, мықты болсаң күндейді» 
дейді.  Әлеуметтік  тұрғыдан  қойылған  бұл 
талапқа төтеп беру, өмір сүру салтында ыңғайын 
алу,  ығына  жығылу  психологиялық  шеберлікті 
қажет етеді. Құдаласу мен құдандалы-жекжаттық 
қарым-қатынастың  реттелуі  –  тұтастықты 
сақтаудың басты кепілі. Этноәлеуметтік рөлдер 
мен  этноәлеуметтік  қарым-қатынастардың  аса 
қажеттілігі мен сынға түсер жері осы.
«Нағашы  жұртың  –  сыншыл,  Жақсыңа 
сүйінеді,  жаманыңа  күйінеді,  әрдайым  тілекші 
тілеуқор  болып  жүреді»  дегендейін,  сынаудың 
түбі адал ниет екендігін байқауға болады. «Жиен 
ел болмас» деп, қайрай сынағанымен, «Қыздан 
туғанның  қиығы  жоқ»  деп,  сыртқа  теппей  бау-
ырына  тартқан.  «Қыздың  баласын  кезек  сүй» 
десе, оның сүйегі басқа екендігін ескерткендігі. 
«Жиен  неге  ел  болмасын,  малы  болса»  деу 
арқылы өмірге ынталандырады. Жиен нағашыға 
еркін,  «Жиенді  ұрғанның  қолы  қалтырайды» 
деп, нағашы жиендер үшін еркіндік педагогика-
сын  қолданады.  Демек,  нағашы  жұрт  баланың 
кішкентайынан тәрбиеленуі мен әлеуметтенуіне 
өзіндік үлес қосатындығынан да адамның тәрбие 
мектебінен лайықты орнын алады.
Бұл  «үш  жұрттың»  жігітті  немесе  қыз  ба-
ланы  тәрбиелеуде  өзіндік  өмірге  бейімдеу, 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

83
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
әлеуметтендіруде,  тәрбиелеуде  өзіндік  педаго-
гикасы, өзіндік психологиясы бар екендігіне көз 
жеткіздік. Демек, «үш жұрт» мүшелерінің де өз 
рөлі, өз үлесі бар екендігіне де көз жеткізуге бо-
лады.
«Өз  жұртың»  өзіңді  өмірге  әкелген  әке-
шешең  немесе  ата-анаң.  Бұл  жерде  «әке»  мен 
«ата»  атауы  шатыстырылмауы  керек.  «Ата» 
да  әкенің  бір  кездегі  ресми  атауы.  Абай:  «Ата-
дан  алтау,  анадан  төртеу,  жалғыздық  көрер 
жерім жоқ», – деп айтқандай, ата – бұл күнде де 
әкеге  ресми  атақ.  Бірақ,  ата    ана  сөзімен  қатар 
тұрғанда,  әкені  ұқтырады  да,  ата-әжемен  қатар 
тұрып үлкен әкенің атауын береді. Отбасындағы 
әлеуметтік  рөлдерді  анықтау  үшін  толық  отба-
сын түсіндіруден бастайық. 
Қазақ отбасында тәрбиеге мейлінше ықпалды 
ата  мен  әже  рөлдері.  Әкеге  әке  болып  келетін 
тұлға, отбасы педагогикасына ерекше ықпалды 
бейне  –  Ата.  Беделі  жағынан  әкеден  жоғары, 
өмірлік тәжірибесі бай, эмоциялық-мейірімділік 
тұрғыда  тәрбие  беруді  меңгерген,  отбасының 
тірегі.  Бала  тәрбиесіне  үлес  қосуға  мүмкіндігі 
бар. Отбасындағы ең үлкен рөл – атаныкі. Өз от-
басы  мен  басқа  балаларының,  ағайын-туыстың 
әлеуметтік  мәселелерін  шешуге  атсалысатын 
ақсақалдар  этноәлеуметтік  қарым-қатынастың 
реттеліп,  этноәлеуметтік  рөлдердің  сақталуына 
басшылық жасап отырады. Отбасындағы неме-
ре тәрбиесіне ата педагогикасының қосар үлесі 
мол болмақ. Атада әке мен шешеге қарағанда та-
лап қоюшылықтан гөрі, еркіндік пен мүмкіндік 
берушілік  көп.  Ізіне  ертіп  жүріп  үйрету 
мүмкіндігі көбірек. Ауыз әдебиетімен танысты-
ру  мен  табиғат  пен  қоршаған  ортаға  бейімдеу 
арқылы  танымын  кеңейтетін  ата  педагогика-
сы  рулық  шежіре  мен  жеті  атаны  түгелдеуге 
үйретеді.
Әже  –  жанұядағы  ғана  емес,  өзінің  басқа 
балаларының  отбасындағы  қарым-қатынасты 
реттейтін,  балаларды  өмірге  бейімдеудің 
қарапайым  түрлерін  мейірім  арқылы  жеткізе 
білетін  ақылшы,  отбасының  алтын  қазығы. 
Салт-дәстүр  мен  әдет-ғұрыпты  сақтау  арқылы, 
отбасылық  құндылықтарды  дәріптеу  арқылы 
этноәлеуметтік  қарым-қатынастарға  ықпалды 
жол  көрсетуші.  Үй-ішілік  жұмыстарды  рет-
теу, 
ағайын-туыстармен 
қарым-қатынас, 
сыйластықты 
сақтаудың 
әлеуметтік-
педагогикалық  орталығы  іспеттес.  Әке  – 
отбасының  иесі,  ерекше  беделді  тұлға.  Алай-
да,  беделдік  пен  биліктің  басымдығынан  әке 
педагогикасы  тәрбиелеуші  қызметтен  көрі 
басқарушылығы басым түсіп жатады.
Ата мен әже педагогикасы арқылы отбасын-
да тәлім алған, өмірлік дағдылары қалыптасқан 
баланың 
жан-жақты 
әлеуметтенгендігі 
мен  әлеуметтік  рөлдерге  бейімделгендігі 
адамгершілік сипаттарымен көрініс береді. Бұл 
бір  жағы  тәжірибелілік  нәтижесі  болса,  екінші 
жағынан, тұрақты да ерінбей-жалықпай мейірім 
арқылы берілген тәрбиенің жемісі.
Әке  –  шаңырақ  иесі.  Отбасы  мүшелерінің 
жауапкершілігі 
толығымен 
ер-азаматқа 
жүктеледі.  «Отағасы»  деп  аталуының  себебі 
де осында болса керек. Үйге табыс кіргізу, жан 
басы  мен  мал  басының  қамқорлығы,  өз  бала-
ларын  өсіріп-тәрбиелеуге  мүмкіндік  жасау, 
ағайын-туыс арасындағы байланыс ер адамның 
басшылығымен жүзеге асырылуы тиіс.
Әйел  –  отбасының  ұйытқысы.  Өмірге  бала 
әкелуден  бастап,  уақтылы  емізіп,  бағып-қағып, 
өсіріп-тәрбиелеу – әйел-ананың тікелей міндеті. 
Үй-ішінің, отбасы мүшелерінің тазалығы, тамақ 
дайындау,  үй-іші  тірліктерін  ұқсату,  туған-
туыстармен әлеуметтік қарым-қатынастар орна-
ту сияқты көптеген мәселелер әйелдің араласуы-
мен атқарылады.
Әке  мен  шеше  –  отбасында  бала-
ны  әлеуметтендіретін  басты  тұлғалар.  Өз 
перзенттерінің  заманға  лайық  білім  алып, 
тәрбиеленуіне  жағдай  жасайды.  Барлық  істе 
өздері үлгі болады. Шын жанашырлық та туған 
ата-ананың көңілінен табылады.
Отбасындағы  ер  баланың  рөлі  үйде  басқа 
балалардың  да  болуына  байланысты,  ата-
ананың  талабына  сай  жүктеледі.  Ұлдың  үлкені 
отбасындағы  балаларға  жаппай  қамқорлық  жа-
сайды.  Ұлдың  кенжесі  «қара  шаңырақ»  иесі. 
Ата-анаға етене жақын өседі, себебі, өскенде ата-
анамен бірге тұратын кенже ұл. Үйдегі жалғыз ұл 
анасынан  әлпештеу  көргенімен,  әкенің  бірден-
бір сенімді көмекшісі болуға тиіс.
Сырттың  жұмыстары:  отын-су  әкелу,  малға 
қарау,  жем-шөп  дайындау,  қора-қопсы,  аула 
тазалықтарын  реттеу  жүктеледі.  Егер  үйде 
қыз  бала  болмаған  жағдайда  анасының  да  үй-
ішіндегі  жүгін  жеңілдетуге  тырысады.  Базарға, 
дүкенге барып азық-түлік әкелу, тұрмыстық зат-
тарды қозғау сияқты жұмыстарға, сынған жеңіл-
желпі  заттарды  шегелеу,  бекіту,  жалғау  тәрізді 
істерді атқаруға үйренеді. Үйде ешкім болмаған 

84
жағдайда  өзіне  өзі  қызмет  ете  білетіндей  (ас 
пісіріп ішу, кірін жуып-үтіктеу, ине ұстап, түйме 
қадау т.с.с.) дағдылар қалыптасса айып емес.
Қыз  бала  табиғатынан-ақ  отбасылық 
жұмыстарды  атқаруға  бейім  болып  келеді. 
Сәби жасынан қуыршақпен ойнатудың маңызы 
зор.  Өз  ыдысын  жинап  үйренгеннен  бастап-
ақ,  дастарқанға  не  қойылу  қажеттігін,  қандай 
ыдыстарға  не  салыну  керектігін  білу  арқылы 
үстел  жасау,  кір  жуу,  шаң  сүрту,  гүл  өсіру,  үй 
тазалығы  сияқты  жұмыстарды  бірте-бірте 
меңгеруі тиіс. 12-13 жастан бастап тамақ даяр-
лауды  үйреткен  дұрыс.  Іс  тігу,  үй-ішін  көңілге 
қонымды үйлестіре қою сықылды жұмыстардың 
қыз  балаға  тікелей  қатысты  екенін  ұғындыру 
қажет. Қыз балаға өмірде жүктелер жауапкершілік 
аз емес. Отбасындағы басқа балаларға көмекші 
болып, болысып жүреді. Қызы бар үйдің өзіндік 
қызығы  бар.  Сезімталдық  пен  мейірімділікті 
отбасындағы өз рөлін меңгеруге негіз ету керек. 
Қыз баланы балиғат жасына, табиғи өзгерістерге 
дайындау  өте  қажет.  Ананың  немесе  отбасын-
да  жеңге  мен  үлкен  қыз  балалардың  оңаша 
әңгімелесуі, құпия ұстауы, сыр сақтауы маңызды. 
Бұл үлкен жауапкершілікті сезіндіру өте қажет.
Отбасындағы  келіннің  рөлі  өзінің  келген 
ортасын  сыйлау,  құрметтеу  арқылы  үй-ішінің 
тірліктерін  атқаруды  меңгерумен  басталып, 
отбасылық қарым-қатынастың реттелуі келіннің 
іс-әрекетінен  көрініс  табады.  Қайын-жұрттың 
атын атамау – ат тергеу, үлкенге құрмет көрсетіп, 
бата алу, сәлем жасап алғыс алу сияқты сыйластық 
кілті келінде болуға тиісті. Басты мақсат: келген 
жерінде орнын табу, сыйлай білу, сыйымды болу 
арқылы өз тамырын жайып, өсіп-өну.
Жеңгелік  рөл  келіннің  келген  жеріндегі 
өзінен кішілерге қамқорлығын көрсетуі арқылы 
іске асады. Өзінен үлкен болғанымен, күйеуінен 
кішінің бәрін «қайны-қайынсіңлілер» қатарында 
қарап,  оларға  жарасымды  да  ұтымды  және 
өздеріне ұнамды ат қоюы жеңгенің келген орта-
сына сіңісуінің басты шарты. Қайныларына қыз 
таңдауға  бағыт-бағдар,  кеңес  береді.  Өйткені, 
бір шаңырақ астында өзімен абысынды-келінді 
жақын жүретін, қызметті бөліп атқаратын әйелдің 
дұрыс  адам  болып  келуіне  немқұрайлылық 
танытпайды.  Ақылдасып,  қыз  көңілін  табуға 
психологиялық нұсқаулар, ұсыныстар жасайды. 
«Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» 
деген  мәтел  қайыніні  шын  қолдаушылардың 
бірі  екендігі.  Қыз  бала  үшін  жеңге  таптырмай-
тын  жанашыр.  Өз  тәжірибесінен  көргені  мен 
түйгенін  айта  отырып,  сыр  бөлісетін  жеңгелер 
институтының әлеуметтік мәні биік болуы тиіс. 
Этноәлеуметтік  рөлдің  ішінде  жауаптылығы 
жағынан  да,  жақындығы  жағынан  да  жеңгенің 
рөлі жоғары.
Қазақ  отбасында  күйеу  бала  рөлін  алып 
жүрудің  де  өзіндік  қырлары  бар.  Күйеу  балаға 
ғана қатысты қайын-жұрттың үлкенінен-кішісіне 
дейін тіл табысу, көңілінен шығу – құдалық қарым-
қатынасты реттеудің басты факторы. Үлкен жи-
ындарда күйеу балаға тапсырылатын жұмыстар 
оның қарымдылығына сай жүктеледі. «Күйеу аты-
мен күл тасы» деген мәтел күйеу баланың қандай 
тұрмыстық жұмыстарға дейін көмектесетіндігін 
көрсетсе, оның сыйласымға ие болуын «Әкенің 
жақсылығы жездедей-ақ» деп бағалаған. Күйеу 
баланың рөлі қайын-жұрттың ортасында жүзеге 
асып,  баға  беріледі.  Халқымыз  күйеу  балаға 
ағайын  арасындағы  той-қазада  арнайы  тапсыр-
малар жүктегенімен, «Пайғамбарымыз да күйеу 
баласын  сыйлаған»  деп,  сый-құрмет  көрсетіп 
отырады. Мал сойылғанда күйеу бала үшін ар-
найы  мүше  –  төс  тартып,  жеңгелер  тарапынан 
этноәлеуметтік  қарым-қатынастықты  жүзеге 
асырып, сыйластықты дамытып жатады.
«Өкіл  әке»  мен  «өкіл  шеше»  рөлдері  де  ел 
ішінде бүгінге дейін сақталған. Төркіні алыс қыз, 
кәсіп іздеп келген кірме жігіт немесе туған-туысы 
жоқ жетім-жесірге қазақтың бауырмалдығы мен 
қайырымдылығы  туысқандықтың  осындай  бір 
жасанды  жолын  қарастырады.  «...өкіл  ағайын 
болғандар туған әке, туған баладан кем қатынаста 
болмаған. Өкіл ағайындардың бір рудан болмағы 
міндетті  емес.  Кез  келген  жарлы-жақыбайға, 
жетім-жесірге өкіл әке болады да, өкіл баласының 
өз қолы өз аузына жеткенше қамқорлығына ала-
ды.  Өкіл  ағайындардың  балалары  бір-біріне 
үйленуге  болмайды.  «Әкемнің  өкіл  баласы 
еді» деп Сисембей деген кісіні әкем өмір бойы 
қатты  құрмет  тұтып  өтіп  еді»,  –  дейді  белгілі 
сәулетші  С.Назарбекұлы.  Қазақ  отбасындағы 
әлеуметтік рөлдер мен этноәлеуметтік рөлдердің 
өз  қызметін  дұрыс  атқаруы  өзара  туысқандық 
қарым-қатынастарды нығайтып, әулет ішінде, ру 
мен ел ішінде, жұртшылық қауым мен қоғамның 
ынтымағына,  этномәдени  ерекшелік  пен  ұлт 
тұтастығына  мүмкіндік береді.
Ер  бала  өз  үйінде  ата-анасына  ұл,  ата-
әжесіне немере, сырт көз әлеуметке балиғат жа-
сында бозбала, кәмелеттік жасында жігіт, өзінен 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

85
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
үлкендерге  іні,  кішілерге    аға,  нағашыларға  
жиен, қыздың балалары өзара бөле, жеңгелерге 
қайны, келіндерге қайын аға, жезделерге балдыз, 
құда-жекжатқа  құда  бала,  қалыңдық  қасында 
күйеу  жігіт,  қайын-жұртындағы  келіншегінен 
үлкендердің бәріне күйеу бала, қайын-жұрттағы 
келіншегінен кішілерге жезде, қайын-жұртының 
күйеу  балаларына  бажа,  әйеліне  күйеу,  балалы 
болған соң әке, қыз ұзатып, келін түсірсе  қайын 
ата,  құда-жекжатқа  құда,  немерелі  болса  ата, 
жиеніне  нағашы  ата,  шөберелі  болса  үлкен  ата 
болып әлеуметтік және этноәлеуметтік рөлдерді 
атқарады.
Қыз  бала  өз  үйінде  ата-анасына  қыз,  ата-
әжесіне  немере,  балиғат  жасына  келген  соң 
бойжеткен,  өзінен  кішілерге  апа  (әпке),  өзінен 
үлкен  қыздарға    сіңлі,  өзінен  үлкен  ұлдарға 
қарындас, нағашыларына  жиен қыз, қыздың ба-
лалары өзара бөле, жездеге  балдыз, келіндерге 
қайын апа, күйеу балаға қайын бике, жеңгелерге 
қайын  сіңлі,  құда-жекжатқа  құдаша,  ұзатылар 
кезде қалыңдық, келін боп түсер үйдің есігін ат-
тап, бетін ашқан соң келін, қайын-жұртындағы 
күйеуінен жасы кішілерге жеңге, балалы болған 
соң ана, өзінен кіші келіндерге абысын, күйеуіне 
әйел, келін түсірсе не қыз ұзатса келіні мен күйеу 
баласына ене, құда-жекжатқа  құдағи, немерелі 
болса  әже, жиеніне нағашы әже, шөберелі болса 
үлкен әже болмақ.
Демек,  қыз  бала  да,  ер  бала  да  отбасылық 
өмірде немерелік туысқандықты есептемегеннің 
өзінде  жиырмадан  астам  рөлдерді  меңгеруге 
тиісті  екен.  Бұл  рөлдер  зерделеп  отырсақ,  «үш 
жұрттың»  аясында  қызмет  атқарады.  Егер 
қыздың  да,  жігіттің  де  үш  жұрты  болатынын 
ескерсек, алты жұрт болады. Ал, жұптасқан екі 
жастың жұрттары төрт жұрт болып қысқарады. 
Қазақтың  дүниетанымында  «Алтау  ала  болса, 
ауыздағы  кетеді,  төртеу  түгел  болса,  төбедегі 
келеді»  деуінің  негізінде  үш  жұрт  жатқан  бол-
са  керек.  Халқымыз  әлеуметтік  рөлдердің 
маңыздылығын осы мақалдың аясына сыйдырған 
сыңайлы.  Қазақтың  тұрмыстық  өміріндегі 
әлеуметтік рөлдер осылайша ерекшелене түседі. 
Туыстық  жақындықтарға  байланысты  қазақы 
этноәлеуметтік  рөлдер  өз  сипаттарын  заманға 
сай жақсарта отырып, ұлттық ерекшеліктерді де 
жоғалтпауға,  құндылықтарын  бағалауға,  оның 
тәрбиелік маңызын арттыруға үлес қосады.
Біздің  этноәлеуметтік  рөлдерге  көңіл 
аударуымыздың себебі, балалар қайта жаңғырып 
келе  жатқан  этникалық  мәдениет  жағдайында 
қазақ ұлтына бұрыннан-ақ тән туыстық сезімді 
бойына сіңіріп өссе деген ниет. Әсіресе, соңғы 
уақыттардағы  ұлттық  бірігу  туралы  әңгіме 
бой  көтерген  кезде,  ұлттық  мәдениеттің 
маңыздылығын  мойындай  бастаймыз.  Бала 
өзінің этноәлеуметтік рөлін, өзіне: «Мен кіммін? 
Менің қызметтерім қандай? Менің міндеттерім 
қандай?» деген сұрақтар қоя, басқалар алдындағы 
жауапкершілігін сезіне отырып, түсінеді. Әр рөл: 
ұл, жалғыз ұл, тұңғыш ұл, ортаншы ұл, кенже ұл 
деген  атаулармен  бөлініп,  кімнің  кімнен  кейін 
туылғандығын  білдіреді.  Бұл  оларға  артқан 
жауапкершіліктің  бір  өлшемі,  мысалы,  тұңғыш 
ұл  соңындағы  іні-қарындастарына  қамқоршы 
болуға  жауапты.  «Ағасы  бардың  жағасы  бар», 
«Ағаның үйі – ақ жайлау» деген мақалдар осы 
ойды  дәлелдейді.  Сондай-ақ,  кенже  ұлға  да 
үлкен  жауапкершілік  артылады,  өйткені  ол  – 
болашақ «қара шаңырақ» иесі, әкесінің тікелей 
мұрагері. Қазақ халқы ер баланың өмірге келуіне 
зор  көңіл  бөлген  халық.  Өйткені,  ұл  –  ата-
текті  жалғастырушы,  ұрпақ  сабақтастырушы, 
ерлік  пен  күштің,  ақыл  мен  жігердің  кені, 
отбасының иесі. Отбасына табыс кіргізу, иелігі 
мен  үстемдігін  қамқорлығы  арқылы  дәлелдеу 
ер-азаматқа  артылатындығы  қазақ  халқында 
көбірек сақталып қалған. Осы дәстүрлі аманат-
ты  ұрпақтан-ұрпаққа  мұра  ретінде  қалдырсақ, 
нұр үстіне нұр болар еді.
Қазақта үлкен жауапкершілік келінге де ар-
тылады.  Қыз  баланы  тәрбиелегенде  оның  қыз 
рөлінде болуына баса мән берген. Қазақ қызы! 
Қазақ  қызының  тәрбиесіне  аса  көңіл  бөлу,  бұл 
тек қана оның басқа ұлттың қыздарымен салыс-
тырмалы түрде, оның  ұлттық  ерекшеліктеріне 
құрмет  көрсету  емес.  Қыз  баланың  әлеуметтік 
рөлі ғасырлар бойы сақталған. Бұл «Отаныңды 
сақтаймын  десең  ұлыңды  тәрбиеле,  ұлтыңды 
сақтаймын  десең  қызыңды  тәрбиеле!»  деген 
Платонның  сөзінен  көрініс  береді.  Сондықтан 
болар,  қазақ  қыздары  нәзіктік  пен  махаббат, 
мейірім аясында тәрбиеленді.
Ұядан ұшпай тұрып, қазақ қыздары өздерінің 
ертеңгі «келіндік» рөлін: үлкен келін, кенже келін 
немесе жалғыз ұлдың әйелі сияқты міндеттерді 
игеруге  даярланды.  Қосылған  қосағымен  бірге 
ата-енені құрметтеу міндеттерін бөліп атқаруға 
психологиялық  тұрғыда  дайындық  жасады. 
Осындай  рөлге  ену  үшін  оған  қазақ  халқының 
ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері мен 

86
әдет-ғұрпы көмектеседі. 
Бала  өзінің  этноәлеуметтік  рөлін  түсіне 
отырып,  әрбір  жас  ерекшелігі  баспалдағынан 
өткен  сайын,  бір  этноәлеуметтік  рөлден 
екіншісіне  өтетін-ді.  Бірақ  та,  ол  бір-біріне 
сәйкес  келе  бермейді,  өйткені,  әр  отбасының 
әлеуметтік  жағдайы  әр  түрлі  және  әр  баланың 
физиологиялық  тұрғыда  жетілуі  де  әр  келкі, 
сондықтан  да  кейбірінің  этноәлеуметтік  рөлі 
өзгеріп,  отбасын  құрады,    ал  біреулерде  бұл 
құбылыс кейін болады.
Педагогикалық 
көзқарас 
бойынша 
этноәлеуметтік  рөл  этникалық  тәрбиеде 
маңызды  рөл  атқарады.  Этноәлеуметтік  рөлдік 
тұрғы  идеясын  қолдана,  қазақ  халқының 
этникалық  тәрбиесінің  ерекшеліктері  мен 
маңыздылығын анықтай отырып, этноәлеуметтік 
рөлдік  тұрғы  қазақ  халқында  ерте  заманнан-
ақ  бар  екендігіне  және  оның  дұрыс  нәтиже 
беретіндігіне көз жеткіздік. Этнопедагогтардың 
міндеті  –  этноәлеуметтік  рөлдердің  тәрбиелік 
маңыздылығын, оның белгілі бір дәстүрлер мен 
салттарға қатынасын терең зерттеу.
Қазіргі  қазақ  мектебіндегі  тәрбие  жүйесіне 
этноәлеуметтік  тұрғы  өте  қажет.  Ал,  тәрбиеге 
кешенділік  жағынан  талап  қойсақ,  онда  бір 
этноәлеуметтік  рөлді  меңгерудің  кешенділігі 
түрде  меңгеру  мен  іске  асыру  аясында 
төмендегіше шешіледі: 
-    адамгершілік  тәрбиесінің  міндеттері: 
адамилық, 
бітімгерлік, 
байсалдылық, 
мейірімділік, үлкенді сыйлау;
-    ақыл-ой  тәрбиесі  мен  дүниетаным 
қалыптастыру  мақсатында  әрбір  рөл  тек 
қана  табиғат  заңдарын  ғана  емес,  сондай-ақ, 
қоғамдық  өмір,  әлем  заңдарын  қатаң  сақтай 
білуді ұсынады;
-    дене  тәрбиесінің  мақсатында  белгілі 
бір  жас  деңгейінде  тәнін  жетілдіруде  межеге 
ұмтылуды  ұсынады.  Ер  балалар  үшін  бұл  атқа 
міну, садақ ату, ал қыздар үшін әсем де, сыпайы 
жүріс-тұрыс, сымбаттылық;
-    еңбек  тәрбиесі  мақсатында  әрбір  рөл 
сәби  жастан  бастап  белгілі  бір  іскерлік  пен 
дағдыларды игеруді қалыптастырады;
-    эстетикалық  тәрбие  мақсатында  рөлді 
игеру адамның сыртқы бейнесінде ғана әдемілік 
сезімін  қалыптастыру  емес,  сондай-ақ  өзін-өзі 
ұстауда, тіл табысуда, кез келген істі орындауда, 
деннің саулығы тек қана тәннің емес, сонымен 
қатар моральдық салауаттылық қалыптастыруды 
пайымдайды;
-    елжандылық  тәрбие  мақсатында  рөлді 
игеру  туған  жердің  экологиялық  жағдайын 
ойлау,  оны  жауығушылардан,  сонымен  қатар 
сезімсіздік қатынастардан қорғауды ұсынады.
Қазіргі  мектептерде  этноәлеуметтік  рөлдер 
мен  оны  әлеуметтендірумен  диалектикалық 
бірлікте байланыста қарау, әлеуметтік рөлдерге: 
адамзат,  еңбекқор,  отбасы  мүшесі,  Отан 
қорғаушы  ретінде  меңгерту  мен  орындауға  да-
йындау өте қажет.
Қазақ халқының тәрбиесінде ата-ананы асы-
рау жауапкершілігіне баса назар аударылды. Осы 
идеяның негізінде «Қара шаңырақ», «Кенже ұл» 
ұғымы жатыр. Бұл идеяларды қазіргі тәрбиенің 
тәжірибесіне  жан-жақты  зерттеу  мен  ендіру 
қажет. Бұл тұрғыны «Қазақ этнопедагогикасы», 
«Қазақ  этнопсихологиясы»  пәндеріне  арнайы 
тарау  ретінде  қарастырып,  сондай-ақ,  «Өзіндік 
таным» пәнінің «Мен – адаммын», «Мен адам-
дар  арасында»  бөлімін  оқып-үйрену  үдерісінде 
жеткілікті түрде пайдалануы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет