Резюме
В настоящей статье автор обращается к проблеме познания сущности человека как био-психо-социально
космической системы. Вместе с тем, в качестве важнейшего фактора этнической социализации личности ав-
тор выдвигает этносоциальноролевой подход.
Summary
In the present article the author considers a problem of knowledge of essence of the person as bio-psiho-socially
space system. At the same time, as the major factor of ethnic socialisation of the person the author puts forward the
ethnic-social-role approach.
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
87
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Ж.Сейсенбаева –
филология ғылымдарының кандидаты,
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Жаңартпа технологиялар және
білім беру мазмұнын ҒЗИ оқу үдерісін жетілдіру
бөлімінің басшысы
ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
БЕРУДЕГІ КӨРІНІСІ
Бала – ата-анасының, отбасының айнасы.
"Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілесің" дегенді
жиі айтамыз. Десек те, қазір сол айнаға қараған
сайын жан ауыртар жағдайлар көп болып ба-
рады. Мұндайда "Бетің қисық болса, айнаға
өкпелеме" деген сөз еске түседі. Қоғамның,
қоршаған ортаның бет-бейнесін жасайтын адам.
Заманның да, уақыттың да иесі сол. Онда неге
біз, адамдар бойынан өзіміз күткен кісілікті көре
алмаған кезде "заманына қарай" деп заманды
кінәлаймыз. Ата-аналарымыз қай заманда бол-
сын тәлім-тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Және
ұл мен қыздың тәрбиесіне бөлекше қараған.
"Қызың өссе ұлы жақсымен, ұлың өссе, қызы
жақсымен ауылдас бол" деген де біздің баба-
ларымыз. Осы сөздердің тамырына үңілсек,
тәрбиенің ананың құрсағы, отбасының бесігінен
басталатынын аңғару қиын емес. Ал қазір осы
тәрбие деген қасиеттің қадірі неге кетіп барады?
Неге жастардың, әрине, барлығының емес, әйтсе
де, көпшілігінің бойынан кемшіліктерді көбірек
көріп жүрміз.
Адам тәрбиені, дүниедегі бар жақсы бол-
сын, жаман қасиеттерді болсын дүниеге келген
отбасы – алтын бесігінен, білім алған алтын
ұя – мектебінен, өмір сүріп отырған ортасынан
алатыны белгілі. Өйткені, адам қоғамнан, қоғам
адамнан тыс өмір сүре алмайды. Ал, қоғамда
адам тәрбиесі атамыздан қалған ұлттық тәрбие
негізінде үйлесе берілгені дұрыс. Қазақ тари-
хында адам баласын соттау сынды үкім ешқашан
болмаған. Сол кездегі «тентек» баласын халық
өзіндік үкіммен ақылмен дұрыс жолға қоя білген
халық. Ал, бүгінде небір жаза түрлері заң жүзінде
қарастырылғанымен, қылмыс түрлері азаяр емес.
Себебі неде? Әрине, жаһандану кезеңінде даму
үрдісі дұрыс сипатта болуы қажет. Сол үшінде
білім мен ғылым түрлері даму үстінде. Бірақ,
неге бүгінде жастардың азғындауы өсу үстінде.
Бұрынғы атамыз қазақтың тәрбие үлгісінің сыры
неде деген сұрақ көкейге ұялайды. Қазақ ұл мен
қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, «Қызға
қырық үйден тыйым» деп, бала тәрбиесіне бір
отбасы емес, барлық ауыл болып көңіл бөлген.
Сол себепті де, тәрбие жайттары дұрыс қалыпта
болған. Міне, сол бабаларымыздың ұлттық
тәрбиесін отбасы тәрбиесі мен білім ошақтарында
жалғасын тауып оқыта білсек, жастарымыздың
ертеңіне деген сенім дұрыс жолда болары анық.
Бүгінгі білім алушы жас – ертеңгі ана немесе әке.
Ол алған ұлттық тәрбиелік білімін өз санасында
қалдырып қана қоймай, отбасында балаларға
құйып елітер болса, егеменді еліміздің жарқын
болашағы айқын.
Қазақ отбасында ұлттық тәрбиенің негізі
– халықтық педагогика болғандықтан баланы
ұлттық салт-дәстүрлер аясында да тәрбиелеген.
Яғни, құрсақ тойы, шілдехана, сүйінші,
қырқынан шығару, бесік тойы, тұсау кесер,
сүндетке отырғызу тағы басқа салт-жоралғылар
қатаң ұсталып, басшылыққа алынып отырған.
Отбасы – адам баласының тарихи дамуының
барысында қалыптасқан және үздіксіз дамып
келеді. Ол алғашқы қауымдық құрылыстың
ыдырау кезеңінде пайда болған әлеуметтік
топ. Әрқашанда қоғаммен, оның көпсалалы
қатынастарымен, рухани байлығымен тығыз
байланыста өмір сүріп келеді. Сол себепті, от-
басы қоғамдық мақсат негізінде өмір сүретін
адамның алғашқы адамгершілік әліппесін
үйрететін мектеп болып есептеледі. Осы киелі
ұяда тәрбиеленген баланың тәртібі, өзін-өзі
ұстай алуы, өзгелерге деген көзқарасы, өзін-
өзі тәрбиелеуі, мінез-құлқы ата-анасының бер-
ген тәрбиесіне байланысты болмақ. Бала үшін
дүниедегі ең қымбат жандар ата-анасы. Ата-
ананың аялы алақанын, ыстық құшағынан балаға
дүниенің есігі ашылады, ал оның дүниетанымы,
олардың берген тәлім-тәрбиесіне де қатысты
болмақ.
ХХ ғасырдың 30-жылдарында халықтық пе-
дагогика ғылымының дамуына ерекше мән беріп,
88
оның дамуына және ұлттық тәлім-тәрбие ілімінің
қалыптасуына зор үлес қосқан қазақ халқының
ағартушы-педагогтары А.Байтұрсынов, М.
Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов сынды
тағы басқа ұлт жанашырлары еңбектеріндегі
отбасы тәрбиесіне байланысты ой-пікірлері
болашақ жастарға мұра.
А.Байтұрсыновтың мына бір пікіріне назар
аударыңыз: «Баланы бастан тәрбиелеу деген –
баланы жас басынан дұрыс тәрбиемен өсіру де-
ген сөз. Дұрыс тәрбиемен өскен бала тіршілік
ісіне икем, бейнетіне берік болып өспек. Дұрыс
тәрбиенің асылы – баланың жанымен, тәнімен
керек деп танылған істерді бала табиғатының
әуенімен істеу, сол дұрыс тәрбие болады» [1. 28
б.] деп ой бөліседі.
Ал, М.Жұмабаев болса, тәрбиені төртке
бөлген, олар: дене, жан, ақыл және сұлулық пен
құлық тәрбиесі. «Егер адам баласына осы төрт
тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны.
Егер де ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық
сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді
елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлай-
тын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды бол-
са, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты
жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам
болғандығы. Балам адам болсын дейтін ата-ана
осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын...» [1. 32 б.]
деп ата-аналарға үлкен талап қойған.
Отбасынан алған тәрбие балабақшадағы
тәрбиемен, одан мектеп тәрбиесімен жалғасын
табады. Мектеп тәрбиесінде ұлттық тәрбиеге,
мемлекеттік тіл мен қоғамдық ой-мақсаттарға
ерекше көңіл бөлінеді. Мектепте ақыл-ой, дене,
адамгершілік тәрбиесіне, еңбек тәрбиесіне,
экологиялық тәрбиеге, эстетикалық тәрбиеге,
отансүйгіштік тәрбиеге, халықаралық достық
тәрбиесіне көбірек көңіл бөлініп, бәрі ұлттық
тәрбиемен (халық педагогикасымен) байла-
нысты жүргізіледі. Қалай тәрбие берсең бала
соған қарай бейімделіп, сол арнаға түсіп жүре
береді. Оны көп ерік-жігердің, қажыр-қайраттың
арқасында түзеуге тура келеді.
Отбасындағы бала тәрбиесі бүгінгі таңда
ғылым мен технологияның даму әсерінен
өзгеріске ұшырап бара жатқаны белгілі. Бала
ата-ана тәрбиесінен гөрі теледидар мен интер-
нет тәрбиесін алып жатыр десек те болады.
Сонда біз болашақ ұрпағымызды тәрбиелерде
нендей бағыт ұстауымыз қажет деген ой көкейге
ұялайды. Осы жолда бұрынғы дана Абайды
тәрбиелеген әже тәрбиесі, Шоқанға әсер еткен
Айғаным тәрбиелері бүгіндегі ата-ана мен әже
аталарымыздың ескеруінде болмауы. Яғни, біз
балаға ертегі айта отырып, жаттау жаттатқызып,
білім мен тәрбиені егіз ұғымда қатар жолға
қояр болсақ, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі дұрыс
жолға негізделері анық. Соынмен бірге отбасы
тәрбиесіне байланысты бүгінгі тұрғыда ұлттық
тәлімдік тәрбие жолының біраз түрлерін ұсынып
отрымыз. Ол үшін біріншіден, балаға әсер ететін
тартымды әуен екенін ескеріп, ұлттық аспаптар-
мен орындалатын әндерді, күйлерді ақырын ғана
қосып қойып, санасына әсер ететіндей, құлағын
үйрете берген дұрыс. Одан кейін әртүрлі ою-
өрнектермен әшкейленген суретті кітапшаларды
халықтық музыка әуенімен біртіндеп ашып,
көзін жаттықтыра беру. Үшіншіден, халық
жырауларының термелерін, ертегілерді тыңдату.
Бұл балаға әсер ететіні соншалық патриоттық
сезім оған қалай ұялағанын өзі де байқамай
қалады. Одан кейін қазіргі кезде бала тәрбиесіне
келгенде ата мен әженің ролі сәл төмендеп кетті
деп жатамыз. Бұрын баланы бүкіл ауылы, руы
болып тәрбиелесе, қазір ата мен әженің ролі
шынымен де тәрбиеге келгенде сәл бәсеңсіген.
Бұл ауылда болсын, қалада болсын байқалып
жатқан соңғы құбылыс. Алдына отырғызып,
еркелете ертегісін айтып, жетектеп жүргенінің
өзінде де онша көңілін тола бермейді. Себебі
кейде, әсіресе қалалық жерде қасынан өтіп бара
жатып немересімен орысша шүлдірлесіп бара
жатқанын көріп, қарның ашады, бас шайқайсың.
Ал, ауыл болса, оның жайы мүлде басқа. Орысша
сөйлемегенмен, ақылдың майын тамыза өнеге,
өсиетін, ертегісін сарыла айтатын ата мен әжелер
де азайған. Әркім өзінің жан тыныштығын ой-
лайтын заман болып кеткен тәрізді. Тәрбиені шал
мен кемпірге бердік деп, артынан көңілдері тол-
май кінәлап жатқан жастарды да кездестіреміз.
Бұл жерде біз мәселені шал мен кемпірдің
тәрбиесінің нашар болуында деп емес, қандай
шал мен кемпірде екендігінде деп айтар едік.
Қалада да, ауылда да немересіне ертегі айтып,
ән-жыр, күй тыңдатып, өсиет-өнеге беріп отыра-
тын ата, әженің қатары сирегені рас. Өйткені,
қазіргі 60-70 жасқа толған ата-әжелеріміздің
өздері Кеңес заманында тәрбиеленіп халық
тәрбиесінен оқшау қалған жандар. Сондықтан
сексен сөз сөйлеп, артына сегіз ауыз сөз
қалдырмаған ата, әженің кебін өзіміз киіп от-
ыратынымызды ескеріп, қазірден көшті түзей
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
89
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
беру керек. Бұл көшті түзеу үшін жас балаларға
және ата-аналарға арнап республика көлемінде
көп тиражбен халықтың ата-мұрасынан қалған
құнды ертегілер, мақал-мәтелдер жалпы ауыз
әдебиеті үлгілерін бала сана-сезіміне лайықтап,
қалыптасқан шығармаларды сұрыптап, шағын
Сызба №1. Отбасындағы бала тәрбиесі.
кітапшалар етіп шығару қажет.
Отбасындағы
бала
тәрбиесін
қалыптастырудағы жас ерекшелігіне қарай
төмендегідей ақыл-кеңестер қатарын ұсынып
отырмыз.
Қараңыз: Сызба №1
Отбасындағы
бала тәрбиесі
Балаңыз мектеп табалдырығын аттап, ес
біле бастағаннан оны өзінің ебі бар
белгілі бір мамандыққа икемдеңіз.
Нәтижесінде, балаңыз рухани тірегі
берік, кәсіби жетілген маман ретінде
қалыптасады. Бұл келтірілген жүйе –
қатып қалған жүйе емес, өзгертулер мен
толықтырулар енгізуге құлқыңыз болса,
құба-құп.
6-7 жасқа келіп, қаріп таныған
уағынан
бастап,
батырлық
жырлар мен қисса-дастандар
жаттатыңыз. Бұл жырлар мен
қисса-дастандар өскелең ұрпақ
санасында елдік, патриоттық
сананы нығайтып, халықтың
салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының
мол қайнарынан сусындатады.
Өз үйіңізде тек қана қазақша
сөйлесіп, күнделікті тұрмы-
сыңызда салт-дәстүрлер мен
әдет-ғұрыптарды
тұтыныңыз.
Нәтижесінде, оны көріп өскен
балаңыз сол нәрселерді өзі де
өмірде тұтына бастайды.
4-5 жасында жұмбақ
шешкізіп,
ой-өрісін
өсіру керек.
Балаңыз
дүниеге
келгенде, оны бесікке
бөлеп, бесік жырымен
тербетіңіз.
Балаңыз 2-3 жасқа келіп,
тілі
шыққан
кезде
тілашар,
санамақ,
жаңылтпаш
жаттатып,
оның
дүниетанымын
арттыру
үшін,
үнемі
ертегі айтып беріңіз.
90
Бала тәрбиесінің бастауы отбасындағы
ұйытқылық пен ұлттық қадір-қасиетпен
негізделеді. Ата-бабамыздың бала тәрбиесіне
жіті мән беріп, дүниеге келген нәрестені бесік
жырымен бөлеп, нәрсеге кезінен ертегімен су-
сындата тәрбиелеуінде үлкен мән жатыр. Сондай
тәрбие нәрімен сусындап өскен бала ойы жетік,
тіл байлығы қалыптасқан саналы, өз ұлтының
нақыштарын жете түсінетін ұрпақ осындай тәрбие
негізінде қалыптасады. Әрине, бұрынғы кезеңде
де тәрбие беру әрқилы болғаны анық. Себебі, ұлы
Абай атамыз қазақ отбасында баланы жасынан
алдап түбінде өтірікшілікке, сұм адамшылыққа
баулып үйрету сынды тәрбиеге қайшы келетін
тұстарды айтып өткен. Ондай кемшіліктерді
ол өз қара сөздерінде былай деп сынға алады:
«Әуелі балаңды өзің алдайсың, «ананы берем,
мынаны берем» деп бастап, балаңды алдағаныңа
бір мәз боласың. Соңыра балаң алдаушы болса,
кімнен көресің? «Боқта» деп біреуді боқтатып,
«кәпір қияңқы, осыған тимеңдерші» деп, масат-
тандырып тентектікке үйретіп қойып, сабаққа
бергенде молданың ең арзанын іздеп, «хат та-
ныса болды» деп, «қу, сұм бол» деп тірі жанға
сендірмей, жат мінез қыласың. Осы ма берген
тәлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе?» [2. 235
б.] – дейді. Бұндай келеңсіздіктер бүгінгі таңда
да көзі ашық, көкірегі ояу отбасыларында да
кездесіп жатаныны рас. Біз бала тәрбиесіне кей-
де тереңнен қарамай үстірт қарайтын кездеріміз
болады. Яғни, баланың тіліне қызықтап небір
жаман сөздерді үйретіп жатамыз. Баланың
сана-сезімі, ақыл-ойы осы нәресте кезінен
қалыптасатынын естен шығаратын тұстарымыз
кездеседі. Ал, біздің ата-бабамыздың ұлттық
тәрбиесі – осындай бала тәрбиесін жете ойлап,
жан-жақты қарастырып, тәрбие бастауларын
нақтылап, негіздей білгеннен көрінген. Ше-
ген Ахметов: «Ежелгі Қазақстандағы тәрбие
ісі негізінен, басты-басты сегіз түрлі мәселені
қамтыған. Біріншіден, тәрбие басы әдептілікке
үйретуді көздеп, әдепті бол дегенді басты
міндет етіп қойған. Екіншіден, мейірімді болуға
тәрбиелейді. Үшіншіден, тілалғыш, елгезек бол
деп үйретеді. Бұл еңбекке баулудың алғашқы
көрінісі болатын. Төртіншіден, адалдық пен
шындыққа баулуды көздеген. Бесіншіден, білгір
бол, ұстаз бен ғалымдардың, көпті көрген да-
нышпан қариялардың сөзін тыңда, ақпақұлақ
болма, құйма құлақ бол дегенді бойларыңа сіңіре
берді. Алтыншыдан, үлкенді, ата-ананы сыйлауға
үйретуді басты міндет етіп қойған. Жетіншіден,
кісі айыбын бетіне баспа – дейді халық тәрбиесі.
Бұл кемшілікті айтпа деген сөз емес, қаріп-
қасерлердің табиғи кемдігін (мұрны пұшық, көзі
қисық, аяғы ақсақ деген сияқты) көрсетпе деген
сөз. Сегізіншіден, ел қорғаны батыр бол, халық
алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса
дегенді үйретеді [2. 235 б.] – дейді.
Бала тәрбиесіне байланысты көптеген
ғалымдар еңбектер жазып, білім беруде. Ұлттық
тәлім-тәрбие беру ісін қоғамдық бірлестіктер
мен ұйымдық жүйелер арқылы ұйымдастыру
және басқару жолдарының педагогикалық мәні
мен әдістемелік қырын дамыта түсу жағы әлі де
өз деңгейінде қарастырылмай отырғаны белгілі.
Сол себепті, баланы ұлағатты азамат – «толық
адам» етіп тәрбиелеу үшін ата-аналардың
өздерінің де сол дәрежеге сай, үлгілі, өнегелі
болуын талап етуіміз қажет. Баланың өмірінің
басым бөлігі отбасында өтеді. Сондықтан да,
тәрбиені – алдын ала жасалған арнаулы жоспар
бойынша бағыттап және ұйымдастыра жүргізген
дұрыс. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя, ал
бас ұстазы – ата-ана. Бала мектеп табалдырығын
аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы да ата-
анасы. Отбасы тәрбиесінің ерекшелігі сонда,
оны қоғамның ешқандай саласы да ауысты-
ра алмайды. Сәбиді тек дүниеге келтіріп қана
қоймай, оған елімізге пайдалы, саналы етіп
тәрбиелей отырып, мәдени-әлеуметтік ортаның
құндылығын қабылдату, ата-бабасының, ақыл-
кеңес тәжірибесін бойыңа сіңіру, қоршаған
ортасына, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп
тәрбиелеу бүгінгі күннің талабы. Баланы өсіріп,
оны азамат етіп тәрбиелеу – елдік мәселе. Қазіргі
кезеңдегі саяси, экономикалық жағдайдың
тұрақсыздығы, тұрмыстағы күйзеліс, ұлтаралық
қатынастардың шиеленісе түсуі, адамгершілік
құндылықтардың құлдырауы, білімге, адал
еңбекке деген ынтасының азаюы, отбасын
құруға жауапкершілікпен белсенді қарамауы,
зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің бел алуы
т.б. мәселелері жастар тәрбиесіне жаңаша
қарауды талап етіп отыр. Сонымен қатар, қазақ
халқының әріден келе жатқан мәдениетін тәрбие
нақыштарымен білім беру жүйесімен негіздеу
бүгінгі күннің басты бағдары, талабы десек те
болады.
Тәуелсіз елдің ұрпағына мәдениет пен
ғылым, тәрбие мен білім берудің жолында жеткен
жетістіктері жеткілікті. Және де ол үздіксіз даму
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
91
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
үстінде. Олай болса, егеменді еліміздің туын
биіктетер жастардың ұлттық білім мен тәрбие
құндылықтарын меңгеруі Қазақстанның жа-
лынды жігерін, ұлттардың жомарт жарастығын
әлемге паш етері сөзсіз.
Қорыта келгенде, тәуелсіз, тұғырлы мемлекет
өз ұлттық тәрбиесін ұрпағына еркін дарыта оты-
рып, танытар болса, ол елдің болашағы жарқын
деген сөз. Ендеше, бүгінгі егемендігімізді алып
отырған заманда мақтан тұтарлық өз ұлттық
тәрбиемізді насихаттап, халыққа таныту жолында
ұстанып отырған жолымыз дұрыс деп ойлаймын.
«Отан отбасынан басталады» деген де жанұядағы
ұлттық тәрбиенің түп төркіні. Ел келешегі жас
ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. Өйткені,
бүгінгі күннің жастары ертеңгі халқына қызмет
ететін азаматтар болады. Сондықтан да, намы-
сы, қажыр-қайраты бар ұрпақ тәрбиелеуіміз
қажет. Жаңа ұрпақтың көкірегіне тәрбие, білім
нәрін еге отырып, елдігімізді қайта жаңғыртып,
адамгершіліктің дәнін ексек, ана тілін бойына
дарытып, ұлттық рухта тәрбиелесек, нұр үстіне
нұр жауып, еліміз көркейіп дамитынына сенім
молаяры сөзсіз.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Бөлеев Қ. Қазақ этнопедагогикасы – ұлттық тәрбие берудің негізі. – Алматы: «Нұрлы әлем», 2008. – 160
б.
2. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. ІІ-том (ХХ ғасырдың 20-жылдары мен 1995 жылға дейінгі
кезең); Құраст: Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. – Алматы: «Рауан», 1998. – 416 б.
Резюме
В статье освещены вопросы семейного воспитания подрастающего поколения. Определены некоторые со-
ставляющие акценты семейного воспитания, их значение и роль в формировании национального духа.
Summary
In the article questions of domestic education of rising generation are taken up. Some compose accents of family
education, their value and a role in formation of national spirit are defined.
Б.Б. Жантемірова –
Абай атындағы ҚазҰПУ
колледжінің оқытушысы
ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ
Бүгінгі таңда бала тәрбиесіне жан-жақты
көңіл бөлу қажеттігі, ұлттық тәрбиені жас
ұрпақтың санасына сіңдіріп, бойына дарыту
өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Соның
негізі баланы өз ұлтының тілімен ауызданды-
рып, әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен рухтандырып,
бабалардан қалған асыл мұра тарихын, әдебиетін
білуге, еліне, жеріне деген сезімін оятуда
әдептің басы тіл десек, әр адамның бойына осы
үлгілі қасиеттердің болуы өз ұлтының ана тілін
білуімен тікелей байланысты. Біз жетпіс жыл
бойы ұлттық дүниетанымнан қол үзіп қалдық.
Қай елдің ұрпағы болсын өз елінің құрметті
ұланы болып тәрбиеленуі, өз елінің ғасырлар
бойы көзінің қарашығындай сақтап, ұрпақтан-
ұрпаққа беріліп келген тіршілік өміріндегі бай
тәжірибесін бойына сіңіріп өсуінен бастау ала-
ды.
Тәрбиенің негізгі өзегі – ұлттың рухани
қазынасы десек, қазіргі кезде ұрпақты ұлттық
мәдениетке сай, халықтық дәстүрде тәрбиелеу
маңыздылығына көңіл бөлінбей отыр.
Жалпы, баланы өмірге келгеннен бастап,
біртіндеп адам ретінде қалыптастыратын құрал –
тәрбие. Тәрбиенің алғашқы кірпіші отбасында ка-
ланады. Ата-ана баланың қамқоршысы, еститіні
жақсы болсын, жаман болсын, солардың ақылы,
істейтіні солардың тәрбиесіз, жақсы-жаман бо-
лып өсуі ата-анаға байланысты. Әке-шеше бала
алдындағы айна іспетті, соған қарап бала бой-
ын түзейді, ойын тәрбиелейді. Баланы өмірге
әкелгеннен кейін дұрыс баға білу ата-ананың
92
міндеті. Бала өмірге келгенде не көруді, не естуді
білмей, ақыл есі әлі кірмеген, еш нәрседен ха-
барсыз адамның кішкентай бөлшегі ғана. Жарық
дүниенің есігін алғаш ашқан нәрестені жаңа
өмірдің алғашқы баспалдағын қалай басудан
бастап тәрбиелейтін әке-шеше. Ата-ана баланы
материалдық жағынан қамтамасыз етіп отыру-
мен қатар, балаға үнемі жол көрсетіп, әр ісін
қадағалап, әрекетке жұмылдырып, жақсы әдетке
үйрету, жаман әдеттен жирендіру, оңын-солын
таныту, әр істің дұрысына баға беріп, көзден
таса қылмай қадағалап отыру, қалай сөйлесу,
қалай дұрыс жүріп-тұру керек, үлкенді сыйлау,
алдынан қия өтпеу керектігін ақыл ретінде ай-
тып отырса, айтқанда да ертеңнен кешке дейін
отырғызып алып, құлағына қақсай беру емес,
сол ақыл сөзін жүріс-тұрысымен, әдемі сөзімен
көрсете білсе, осы жақсы қасиеттер баланың
құлағына сіңе береді. Үлкейген сайын есі кіріп,
ақылы жетілгеннен кейін, құлағына сіңген
ақыл бойына дарып, қанына бойлап, жаман істі
істеуден аулақ жүреді. Бала әр нәрсеге еліктегіш
келеді. «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» де-
ген аталы сөз бар. Бала, әсіресе жаман әдетті
қағып алуға бейім тұрады. Баланың бағын аша-
тын жақсы тәрбие болғандықтан, жақсы тәрбие
бере білудің өзі үлкен бақыт. Бір үйде қанша
бала болса да баланы өсіріп, адам ғып шығару
оңай іс емес. Қанша күш-қайрат жұмсалады.
Бірақ әр қиыншылықтың бір жақсылығы бар.
Сол ауыртпалықтың бір қуанышы бала жақсы
тәрбиеленсе әке-шешенің бағы, қоғамның
жақсылығы, ал жаман болса ата-ананың да,
қоғамның да соры емес пе?!
Қазақта «Бала берсең сана бер, сана
бермесең ала бер» деген мағыналы ұғым бар.
Әрине, баланың санасына да байланысты, дей
тұрғанмен де тәрбиенің негізі отбасынан баста-
латыны тарихи-әдеби еңбектерде анықталған.
Бала ата-анасына еліктейді, солардың
мінезіне салып сөйлеуге тырысады.
Солар сияқты жүріп-тұрғысы келеді.
Баланың арқасүйерлері ата-ана болғандықтан
отбасының үлгілі болуы бірінші орында тұру
керек. Бірақ бес саусақ бірдей емес. Көпшілік
болған соң кездесуі мүмкін. Өкінішке орай,
балалардың алдында өздерін үлгі тұтар тұлға
екенін сезініп, алдымен өздерінің тәрбиелі
болуын түсіне бермейтін, бала тәрбиесіне
немқұрайды қарайтын ата-аналар кездеседі
(Әрине, бәрі сондай деп көпшілікке топырақ ша-
шудан аулақпын). Бала отыр, шаға отыр демейді,
арақ ішеді, мас болғаннан кейін аузынан бы-
лапыт сөз шығуы мүмкін. Темекі тартады. Ол
тартылған темекінің далада жатқан қалдығын
ойнап жүрген бала аузына салып көреді. Осын-
дай істерді істеп отырған әке-шеше баласына
«сен мынаны істеме» деп қалай айта алады. Бала
мұндай іске ата-аналарынан қорыққанынан бар-
мауы мүмкін. «Көрген көргенін істейді, көсеу
түрткенін істейді» демекші, бала өз еркімен
бас тартпағаннан кейін үлкейе келе әке-шешеге
көрсетпей істеуі мүмкін. Осындай жаман әдеттер
баланың қасіретіне айналмасына кім кепіл.
Қазір жастардың арасында, әрине, бәрі
емес арақ ішу, темекі тартуы, анашаға бой ал-
дыруы, үлкенді тыңдамау, сыйламау, әсіресе,
қыздардың темекі тартып, қарындарын ашып
жүру, тырнақтарын барынша сояудай ғып өсіруі
кездесіп қалады. Арақ бүкіл жаманшылықтың
анасы екенін біреу түсінсе, біреу түсіне бермейді.
Ол аз болғандай, көшеде тапайдың тал түсінде
қыз жігітке асылып, сүйісіп тұрады. Жаны-
нан өтіп бара жатқан үлкеннен имену, кішіден
қысылу дегеннен жұрдай, оған қарап аузы ашы-
лып қызық көріп бара жатқан бала одан қандай
тәрбие алады. Бала өсіп тұрған тал сияқты, оған
күнде су құйып, күтіп, баптап, қарап тұрмасаң
қисық өседі. Бала да тал сияқты күтімді ке-
рек етеді. Күнделікті қарамаса бала да қисық
өседі. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», –
дейді. Дұрыс тәрбие алмаған баладан барлық
жамандықты күтуге болады. Қыздардың тырнақ
өсіруі денсаулыққа әсер етіп, тазалыққа зиянын
тигізеді. Әрине, тырнақтың жан-жағын әдемілеп
өзіне лайық боясың, оған қарсылық жоқ.
Адамның жиі қимылдайтын негізгі мүшесінің
бірі қол болғандықтан, әр нәрсені ұстаған сай-
ын тырнақтың астына кір, шаң, тозаң жинала-
ды. Ол барып тамаққа түседі. Жалпы, тырнақ
өсіру қазақы ұлттық дәстүрде жағымсыз әрекет
екені, әсіресе балаларға арналған ертегілерде
көрсетілгендей адамдарға қастық жасайтын
ұнамсыз кейіпкерлердің мыстан кемпір, жал-
мауыз кемпірлердің тырнақтарының аюдай
болып суреттелуі жайдан-жай емес. Қыз бала
ертеңгі – ана. Өмірге келер ұрпағына қалай үлгі
көрсетпек, үй шаруасын қалай атқармақ? Немесе
қазақ өзіне ұнамаған, азып-тозған адамды шашы
өскен, тырнағы өскен деп айтып жатпаушы ма
еді?! Тырнақ өсіру пасықтықтың, салақтықтың
белгісі.
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
93
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Қыз баланы атамыз қазақ «жатжұрттық» деп
құтты орнына қондырғанша сыйлап, әлпештеп
«Қызға қырық үйден тыю, қала берсе, есіктегі
қара күңнен тыю» деп жаман әдеттерден тыйып
отырған. Жастардың осындай жаман әдеттерге
баруы әке-шешенің о бастағы бала тәрбиесіндегі
жіберіп алған қателігінің көрінісі деп түсінуге
болады.
Баланың жас кезінен алатын жақсы әдет, үлгі-
өнегесінің бәрі халықтың өзі қалыптастырған
бесік жыры мен ертегісінде жатыр. Тәрбие –
тал бесіктен басталады десек, баланың бойына
өз халқының рухын сіңіріп, тілімен сарқылмас
бай мұрасын дарытуда бесік жырының атқарар
қызметі орасан зор. Бірақ, бесікке бөленген бала
жырдың сөзін түсінбегенімен жайымен тербел-
ген бесікке «Бесік әуені» үйлесімді келсе, бала
естиді, тыңдайды, ләззат алады, балқып ұйқыға
кетеді. Бірте-бірте соған дағдыланған баланың
есту қабілеті дамиды. Бесікке бөленген баланың
дене мүшелері де мығым, тік, сұлу болып өседі,
таза, жылы жатады. Бесік жырынан нәр алған
бала үлкейе келе ой-өрісі кеңейіп әжелер айтып
отыратын ертегіні естуге құмарланады.
Халықтың өмір тіршілігінің қайнар бұлағы
болып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе
жатқан ертегі, аңыз-әңгімелерде баланың ой-
қиялын ұштайтын, дүниетанымдық қасиеттерін
жетілдіретін,
баланы
әлемдік
деңгейде
тәрбиелейтін маңызды тәжірибелердің бәрі
орын алған. Халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі,
еңбексүйгіштік, өз халқына, отанына, жеріне деген
бауырмалдық, ізгілік, адамгершілік, имандылық,
бақытқа жетудің жолдары, қиыншылықты жеңе
білу, батыр болып өсу, адалдық т.б. қасиеттер
мол көрініс тапқан.
Өз ана тілімен сусындамаған, бесік жырын
естімеген, ұлттың тарихынан хабары жоқ, өз
салт-дәстүрін білмеген бала өз елін, өз жерін
қорғай да алуы, азаматы да болып қалыптасуы
екіталай. Өйткені, оның тілі о баста қай ұлттың
тілімен шықса, сол халықтың тілімен сөйлейді,
сол халықтың тілімен ойлайды. Сол халықтың
тілімен жазады. Содан кейін оның бойынан
халқын қастер тұтар түйсік, жерін құрметтейтін
құдіретті күш қайдан болсын.
Қазіргі қазақ педагогикасының басы болып
саналатын ақын Мағжан Жұмабаевтың 1992
жылы «Ана тілі» баспасынан жарық көрген «Пе-
дагогика» атты кітабында бала тәрбиесін кең
мағынасында қарастыра келіп, тәрбиені төртке
бөледі: «дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық
тәрбиесі, құлық тәрбиесі. Егер адам баласына
төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел
болғаны... Балам адам болсын дейтін ата-ана осы
төрт тәрбиесін дұрыс орындасын», – дейді [1.14
б.]. «Бесік жыры» мен «ертегіден» бастау алған
төрт тәрбиенің негізгі қоры ары қарай молайып,
жанданып, баланың дұрыс жолмен есеюіне жол
ашатын орта балабақша мен мектеп екенін де
естен шығармауымыз керек.
Қорыта келгенде, ұрпағымыз ұлағатты, өз
ұлтының тағдырын таразылайтын, елін елейтін
жанашыры болсын десек, бала тәрбиесін ұлттық
мәдениетке қарай бағдарлау қазіргі таңдағы
ауқымды мәселенің бірі болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |