Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата03.03.2017
өлшемі2,48 Mb.
#6082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Нысанбаев А., Сулейменов Ф. Социокультурный выбор модели образования//Мысль, 1993. №12. – 58-
62 с.
 2.  Давыдов  В.В.  Воспитание  молодежи  в  новых  социально-экономических  условиях//Советская 
педагогика. – 1991. – 2.
3.  Нысанбаев Ә.Н., Нұрмұратов С.Е. Қазақ халқының мәдениеті. –Алматы: Білім, 1988. – 36 б.
4.  Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. Оқу құралы. –Алматы: Санат, 1997. – 464 б.  
Резюме
В  данной  статье  отношение  школьников-подростков  рассматривается  как  субъект  любого  вида 
деятельности  и его формирование на основании национального воспитания как основная задача, и именно 
поэтому рассматривается избавления от политики державшей человечество как исполняющий инструмент и 
подъём молодых людей на уровень культурных личностей. 
Summary
      
In  this  article  the  relationship  of  young  schoolchildren  considered  as  the  subject  of  any  activity  type  and  its 
formation on the basis of national upbringing, that’s why there also considered deliverance from policy which kept 
people only as executive instrument and to raise young people to the level of cultivated people.

28
Қ.Бөлеев
педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының
«Педагогика және этнопедагогика» кафедрасының меңгерушісі 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 12-ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ 
БЕРУГЕ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ 
МЕН НОБАЙЫ
12-жылдық  мектеп  оқушыларына  ұлттық 
тәрбие беруге болашақ мұғалiмдердi кәсіби дай-
ындау  белгiлi  бағдарламаға  сай  «Қазақ  этнопе-
дагогикасы» және «Қазақ этнопедагогикасының 
тарихы» атты оқу пәндерiн оқыту арқылы оларға 
этнопедагогикалық  бiлiм  мазмұнын  берумен 
жүзеге асырылады.
«Ұлттық  тәрбие»  терминiн  ендiру  пе-
дагогика  ғылымында  әлi  өз  шешiмiн  тапқан 
жоқ.  Ол  этнопедагогика  ғылымында  ендiрiлуi 
тиiс.  Өйткенi,  этнопедагогика  –  ұлттық  тәлiм-
тәрбиенi  жинақтайтын,  оны  қорытындылап, 
жүйелейтiн  теориялық  сипаттағы  ғылым  сала-
сы. Философия, саясаттану, мәдениеттану, пси-
хология ғылымдарында соңғы жылдары ұлттану 
терминдерiне  жан-жақты  әртүрлi  анықтамалар 
берiле бастады.
Ұлт  –  адамдардың  тарихи,  әлеуметтiк, 
этникалық  тұтастығы.  Ал,  ұлттық  –  белгiлi 
бiр ұлтқа тән, оның ерекшелiктерiн көрсететiн, 
қамтитын  дәстүр.  Ұлттық  ерекшелiктер  оның 
тiлiнен,  тарихынан,  мәдениетiнен,  салт-
дәстүрiнен  көрiнiс  бередi.  Егер,  осы  ұлттық 
ерекшелiктердi  ескере  отырып,  жеке  тұлғаны 
тәрбиелесе және оқытса, ол ұлттық тәрбие ала-
ды. Сонда ғана оның ұлттық мiнезi, санасы, на-
мысы,  дүниетанымы  ұлттық  сипатта  дамып, 
бiртұтас болып қалыптасады.
Ұлттық  мiнез
1. 
  деп  ұлттың  барлық 
психикалық  ерекшелiктерiнiң  жиынтығын;  
ұлттық сана – ұлттан ұлтты айыратын, тарихи 
себептердiң ықпалымен қалыптасқан субъективтi 
құбылыс; ұлттық намыс – өз ұлтының «мен» 
дегiзерлiк  қасиеттерiн  қызғыштай  қорғайтын, 
ұлтты  iргелi,  жоғары  деңгейге  көтерудi 
аңсайтын  да  қолдайтын,  iсiмен  де,  күшiмен 
ұлттық  намыс  туын  көтерiп,  қара  басын,  керек 
болса,  мәңгiлiкке  жолдайтын  қаракет;  ұлттық 
дүниетаным  –  ұлттық  болмыс  көрiнiсi,  саяси, 
адамгершiлiк,  эстетикалық,  дiни  наным-сенiм, 
тәрбие, тарихи сана, басқа да дәстүрлi мәдени-
рухани көзқарастар жүйесi, ал ұлттық бiлiм – 
бiлiм  мазмұнындағы  ұлттық  дүниетаным.  Сон-
да  ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық 
сана-сезiмi,  намысы  мен  мiнез-құлқының  және 
ұлттық дүниетанымының ана тiлiн, ата тарихын, 
төл  мәдениетiн  және  ұлттық  салт-дәстүрлерiн 
меңгеруi негiзiнде қалыптасуын айтамыз.
Мектеп  оқушыларына  ұлттық  тәрбие  отба-
сында  және  мектепте  берiлуге  тиiс.  Өкiнiшке 
орай,  қазiргi  отбасындағы  тәрбие  және 
мектептегi  тәрбие  мен  оқыту  кеңестiк  пе-
дагогика  және  шетел  педагогикасы  арқылы 
жүргiзiлуде.  Оқушыларға  ұлттық  тәрбие  бе-
руге  мектеп  мұғалiмдерi  даярланбаған,ол 
этнопедагогикалық бiлiм алмаған, өйткенi, этно-
педагогика педагогтiк оқу орындарында пән бо-
лып оқытылмады. Сондықтан ертеңге қазақ ұлты 
сақталсын  десек,  болашақ  мұғалiмдерге  қазақ 
этнопедагогикасы  мен  оның  тарихын  жүйелi 
оқытып, оларға этнопедагогикалық бiлiм берудi 
тезiрек  жүзеге  асырып,  солар  арқылы  отбасы 
мен  мектепке  қазақтың  ұлттық  педагогикасын 
енгiзу  керек.  Сол  үшiн  болашақ  мұғалiмдерге 
этнопедагогикалық бiлiм беру тұжырымдамасын 
жасау және оны iске асыру қажет болды.
Тұжырымдаманың  мақсаты  –  ұлттық 
құндылықтарды  ескере  отырып,  болашақ 
мұғалiмдерге  этнопедагогикалық  бiлiм  беру 
арқылы  оларды  оқушыларға  ұлттық  тәрбие  бе-
руге даярлау. 
Қазақтың ағартушы-педагогтары мен ғалым-
педагогтарының  көп  жылғы  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының  нәтижесiнде  қазақ  этнопеда-
гогикасы  және  оның  тарихы  жеке-жеке  ғылым 
ретiнде өз статустарын алды. Олардың осылайша 
қалыптасуы  оларды  оқу  пәндердi  етiп  оқытуға 
жол  ашты.  «Қазақ  этнопедагогикасы»  оқу 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
1. Тұжырымдаманың қажеттiгi және оның мақсаты

29
пәнiнiң мақсаттары, мiндеттерi, объектiсi, пәнi, 
құзыреттерi, әдiстерi, факторлары, принциптерi, 
заңдары,  заңдылықтары,  теориялары,  көздерi, 
ұғымдары,  терминдерi  мен  категориялары 
анықталып,  оның  әдiснамасы,  теориясы  мен 
практикасы жасалды.
«Қазақ  этнопедагогикасы»  –  жалпы  пе-
дагогика  ғылымының  құрамдас  бөлігі,  оның 
саласы,  ол  қазақ  этнофилософиясының, 
этносаясатының, этномәдениетінің, тарихының, 
этнографиясының, 
этнос 
теориясының, 
фольклористикасының,  этнопсихологиясының, 
этнопедагогика тарихының тоқайласуы арқылы 
педагогика  ғылымының  аясында  қалыптасқан, 
біртұтас жүйелі этнопедагогикалық білім беретін 
дербес оқу пәні, оның өз пәні – қазақтың ұлттық 
тәрбие процесі.
Болашақ  мұғалiмдердi  оқушыларға  ұлттық 
тәрбие беруге даярлау үшiн қазақ этнопедагогика-
сы мен оның тарихының әдiснамалық, теориялық 
және  практикалық  проблемалары  бойынша 
арнайы  курстар,  арнайы  семинар  мен  факуль-
тативтер  ұйымдастырып  өткiзуге  болады.  Мы-
салы,  «Қазақ  этнопедагогикасының  теориялық 
негiздерi»,  «Қазақ  этнопедагогикасының  даму 
тарихы»,  «Қазақтың  ағартушы-педагогтарының 
этнопедагогикалық 
ой-пiкiрлерi», 
«Қазақ 
этнопедагогикасындағы  отбасылық  тәрбие», 
«Қазақ  этнодидактикасы»,  «Қазақ  ғалым-
педагогтарының  ғылыми-зерттеу  жұмыстары», 
«Қазақстан  халықтарының  этнопедагогикасы» 
т.б.
2. Этнопедагогикалық бiлiм  
беру мазмұны
Этнопедагогикалық бiлiм деп этнопедагоги-
ка  ғылымының  теориялық  негiздерiн  айтамыз. 
Ал,  этнопедагогикалық  бiлiм  беру  –  болашақ 
мұғалiмдерге  сол  бiлiмдердi  жүйелi  меңгерту 
арқылы олардың этнопедагогикалық iскерлiктерi 
мен  дағдыларын  қалыптастыру  процесi, 
нәтижесiнде олардың оқушыларға ұлттық тәрбие 
беруге даяр болуы.
Болашақ  мұғалiмдерге  этнопедагогикалық 
бiлiм берудiң мiндетi – оларды ұлтжанды ұстаз 
етiп  даярлау,  яғни  олардың  ұлттық  санасы  мен 
ұлттық дүниетанымын өз халқының тiлiне, тари-
хына, мәдениетi мен салт-дәстүрлерiне бiртұтас 
етiп қалыптастыру.
Болашақ  мұғалiмдерге  этнопедагогикалық 
бiлiм  мазмұны  арнайы  этнопедагогикалық 
бағдарламалар  арқылы  берiлетiндiктен  бiз 
«Қазақ  халқының  этнопедагогикасы»  және 
«Қазақ  этнопедагогикасының  тарихы»  атты 
оқу  бағдарламаларын  жасап,  оларды  ғылыми 
талқылаулардан өткiзiп, оқу процесiне ендiрдiк.
Болашақ  мұғалiмдерге  этнопедагогикалық 
бiлiм  мазмұны  жоғары  мектепте  оқытуды 
ұйымдастырудың  әртүрлi  формалары  мен 
әдiстерi арқылы жүзеге асырылады.
Этнопедагогикалық 
бiлiм 
берудiң 
аудиториялық  формаларына:  лекциялар,  се-
минарлар,  зертханалық  және  практикалық 
сабақтар,  арнайы  курстар,  арнайы  семинарлар 
мен факультативтер жатады. Ал аудиториядан 
тыс  формаларына:  экскурсиялар,  рефераттар, 
конференциялар,  диспуттар,  конкурстар,  олим-
пиадалар,  курстық  және  дипломдық  жұмыстар 
т.б. жатады.
Этнопедагогикалық бiлiм беру әдiстерiне: 
әңгiмелеу,  әңгiмелесу,  түсiндiру,  пiкiрлесу, 
көрсету, талқылау, жаттығу, сұрақ-жауап т.б. жа-
тады.
Этнопедагогикалық бiлiм беру құралдары: 
ұлттық  тiл,  ұлттық  әдет-ғұрыптар  мен  салт-
дәстүрлер,  ауызекi  халық  шығармашылығы, 
халық тарихы, ұлттық сәндiк-қолданбалы өнер, 
ұлттық ойындар, ұлттық өнер т.б.
Этнопедагогикалық 
бiлiм 
берудiң 
нәтижесiнде 
болашақ 
мұғалiмдердiң 
оқушыларға  ұлттық  тәрбие  беруге  даярлығы 
қалыптасады, яғни, олар ұлтжанды ұстаз болып 
шығады.
3. Этнопедагогикалық бiлiм беру  
кезеңдерi
Болашақ 
мұғалiмдердi 
оқушыларға 
ұлттық  тәрбие  беруге  дайындау  оларға  жүйелi 
этнопедагогикалық  бiлiм  беру  арқылы  жүзеге 
асырылады.  Этнопедагогикалық  бiлiм  жал-
пы  педагогикалық  бiлiмнiң  құрамдас  бөлiгi 
болғандықтан,  оны  студенттер  педагогика 
ғылымының  теориялық  мәселелерiмен  та-
нысып  болған  соң,  екiншi  курстың  екiншi 
семестрiнен  бастап  берудi  ұсынамыз.  Сон-
да  бiрiншi  кезең  –  II-курста  болашақ 
мұғалiмдердiң  этнопедагогикалық  даярлығы 
«Қазақ этнопедагогикасы» атты оқу пәнi бойын-
ша жүргiзеледi. Екiншi кезең – III-курста сту-
денттерге этнопедагогикалық бiлiм беру «Қазақ 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

30
этнопедагогикасының тарихы» атты оқу пәнi бой-
ынша, арнайы курстар мен семинарлар арқылы 
берiледi, ал этнопедагогикалық iскерлiктерi мен 
дағдылары  ғылыми-зерттеу  жұмыстар  орын-
дауда  және  педагогикалық  практика  кезiнде 
қалыптастырылады. Үшiншi кезең – IV-курста 
болашақ мұғалiмдерге этнопедагогикалық бiлiм 
арнайы курстар мен семинарлар, факультативтер 
арқылы берiледi, ал олардың этнопедагогикалық 
iскерлiктерi  мен  дағдылары  ғылыми-зерттеу 
жұмыстар орындауда және педагогикалық прак-
тика кезiнде қалыптастырылады.
4. Этнопедагогикалық бiлiм беру 
тұжырымдамасын жүзеге асыру жағдайлары 
мен жолдары
Болашақ  мұғалiмдерге  этнопедагогикалық 
бiлiм  берудi  жүзеге  асыру  үшiн  1992  жылы 
Жамбыл  педагогтiк  институтының  ректораты 
мен  педагогика  кафедрасы  мына  төмендегiдей 
ұйымдастыру-педагогикалық жағдайлар жасауға 
мiндеттендi:
1)  Педагогика  кафедрасының  жанынан 
«Қазақ  тәлiм-тәрбиесi»  атты  ғылыми-зертхана 
және оқу-әдiстемелiк iсбөлме ашу;
2)  Кафедра жанынан этнопедагогика бойын-
ша  мамандардың  бiлiктiлiгiн  арттыру  үшiн  ар-
найы курс ұйымдастыру;
3)  Педагогика  кафедрасын  қазақ  этнопе-
дагогикасынан  көрнектi  құралдар,  оқу  және 
әдiстемелiк  құралдар,  оқытудың  техникалық 
құралдарымен қамтамасыз ету;
4) Тұжырымдаманы жүзеге асыруды ғылыми-
әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету үшiн:
болашақ  мұғалiмдерге  этнопедаго-
– 
гикалық бiлiм беру жүйесiн жасау;
«Қазақ  халқының  этнопедагогикасы» 
– 
және  «Қазақ  этнопедагогикасының  тарихы» 
атты бағдарламалар жасап шығару;
«Қазақ  этнопедагогикасы»  және  «Қазақ 
– 
этнопедагогикасының  тарихы»  оқу  пәндерi 
бойынша  лекциялар  курсы,  оқулық  және  оқу-
әдiстемелiк құралдар шығару;
қазақ  этнопедагогикасынан  және  оның 
– 
тарихынан  арнайы  курстардың,  арнайы  семи-
нарлар  мен  факультативтердiң  тақырыптарын 
анықтап, олардың бағдарламаларын жасау;
қазақ  этнопедагогикасынан  және  оның 
– 
тарихынан  студенттердiң  оқу-ғылыми  зерт-
теу  және  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының 
тақырыптарын жасау;
қазақ  этнопедагогикасынан  педаго-
– 
гикалық  практика    кезiнде  студенттер  арнайы 
орындайтын тапсырмалар жүйесiн жасау;
қазақ этнопедагогикасы және оның тари-
– 
хы бойынша курстық және дипломдық жұмыстар 
орындауға студенттердi көптеп тарту.
5)  Кафедра  оқытушыларының  бiлiктiлiгiн 
арттыру бойынша:
педагогика 
кафедрасының 
оқыту-
– 
шыларын  этнопедагогика  мәселелерi  бойынша 
дайындық курсынан өткiзу;
кафедрада  бiрнеше  iзденушiлер  мен 
– 
аспиранттар этнопедагогика проблемасы бойын-
ша ғылыми жұмыстармен айланысу.
5. Болашақ мұғалiмдердi оқушыларға 
ұлттық тәрбие беруге дайындаудың нобайы
«Қазақ  этнопедагогикасы»  және  «Қазақ 
этнопедагогикасының  тарихы»  оқу  пәндерінің 
мектеп  мұғалімдері  мен  болашақ  мұғалімдерді 
оқушыларға  ұлттық  тәрбие  беруге  кәсіби 
дайындаудың  негізі  екенін  жасау  үшін  қажетті 
«Қазақстанның  педагог  мамандар  даярлайтын 
оқу орындарында болашақ мұғалiмдердi ұлттық 
тәрбиеге  дайындаудың  кезеңдік-мазмұндық  но-
байын» ұсынамыз (сурет 1).
«Тұжырымдаманы»  және  нобайды  жүзеге 
асыру  үшiн  ғылыми-зерттеу  зертхана  қажет 
екендiгiне  көзiмiз  жеттi.  Содан  Жамбыл 
педагогикалық,  қазіргі  Тараз  мемлекеттік 
педагогикалық  институтының  «Педагогика 
және  этнопедагогика»  кафедрасының  жаны-
нан  «Қазақ  тәлiм-тәрбиесi»  атты  зертханалық 
iсбөлме  ұйымдастырдық,  ал  ондағы  мақсат  – 
жас ұрпаққа және жастарға ұлттық тәлiм-тәрбие 
берудiң мазмұны мен әдiстемесiн жасау, ол үшiн 
мектеп  мұғалiмдер  мен  болашақ  мұғалiмдерге 
этнопедагогикалық бiлiм беру қажет.
«Қазақ  тәлiм­тәрбие»  зертханасының 
мiндеттерi:
балабақша,  жалпы  бiлiм  беретiн  мек-
– 
теп,  кәсiптiк-техникалық,  орта,  арнаулы  бiлiм 
беретiн түрлi оқу орындарының тәрбиешiлерiн, 
мұғалiмдерiн,  оқыту шыларын,  жоғары  мектеп 
оқытушыларын    этнопедагогикалық  дайын-
дықтан өткiзу;
педагогтiк  жоғары  оқу  орындарының 
– 
студенттерiн  этнопедагогикалық  дайындықтан 
өткiзу;
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

31
Бастапқы 
I кезең
Проблема-1: Жалпы бiлiм беретiн қазақ мектептерiнiң 
оқушыларына ұлттық тәрбие беру
II кезең
Мектеп мұғалiмдерiн этнопедагогикалық
дайындау мазмұны
III кезең
Педагогика кафедраларының оқытушыларын 
этнопедагогикалық дайындау мазмұны
IV кезең
Проблема-2: Болашақ мұғалiмдердi оқушыларға ұлттық 
тәрбие беруге кәсіби дайындау
V кезең
Қазақ этнопедагогикасының 
мазмұны
Қазақ этнопедагогикасы 
тарихының мазмұны
VI кезең
Қазақ этнопедагогикасынан және оның тари-
хынан арнайы курстар, арнайы семинарлар және 
факультативтердiң мазмұны
VII кезең
Қазақ этнопедагогикасынан және оның тарихы-
нан студенттердiң оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының мазмұны
VIII кезең
Қазақ этнопедагогикасынан және оның тарихынан студенттердiң 
педагогикалық практика кезiнде iстейтiн жұмыстарының мазмұны
Соңғы
IХ кезең
Болашақ мұғалiмдердiң оқушыларға ұлттық 
тәрбие беруге даярлығы
қазақ 
этнопедагогикасынан 
– 
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу.
Зертхананың  жұмыс  жоспары:  үздiксiз 
бiлiм беру жүйесiне арнап қазақ этнопедагогика-
сынан  бағдарламалар  жасау;  рефераттар,  баян-
дамалар,  лекциялар,  семинарлар,  конференция-
лар  тақырыптарын,  олардың  жоспарлары  мен 
мазмұндарын  жасау;  курстық  және  дипломдық 
жұмыстардың  тақырыптарын,  жоспарларын 
жасау,  оларды  орындауға  болашақ-ұстаздарды 
үйрету;  библиографиялық  көрсеткiштер  құру; 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстарына 
болашақ-
ұстаздарды, 
тәрбиешiлердi, 
мұғалiмдердi, 
оқушыларды  кеңiнен  тарту;  түрлi  әдiстемелiк 
нұсқаулар,  дидактикалық  материалдар,  түрлi 
көрнекiлiктер  жасау;  ата-аналар  мен  жалпы 
Сурет 1. Болашақ мұғалiмдердi оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың кезеңдiк­
мазмұндық нобайы
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

32
көпшiлiкке, мектептерде ұлттық тәлiм-тәрбиелiк 
мазмұнды iс-шаралар өткiзу.
«Қазақ  тәлiм-тәрбие»  зертханасына  ар-
нап  институт  ректораты  шешiмiмен  12х6  м 
бөлме  жөндеуден  өткiзiлдi.  Зертхананың  iшкi 
құрылымы  үш  бөлiмнен  тұрады.  Бiрiншi  бөлiм 
«Қазақ  тәлiм-тәрбиесiнiң  мазмұны»  деп  ата-
лады.  Онда  өлшемдерi  2х1,5  м  төрт  стенд  бар. 
Оларда  қазақ  этнопедагогикасынан  әр  түрлi 
кестелер  сызылып  салынған.  Бiрiншi  стендте 
«Қазақ  халық  педагогикасы,  этнопедагогика  – 
ғылым, оның пәнi, мiндеттерi, құрылымы және 
негiзгi ұғымдары», «Қазақ этнопедагогикасының 
зерттеу көздерi, асыл-арналары мен бұлақтары», 
«Халық педагогтары» кестелер түрiнде берiлген. 
Екiншi  стендте  «Қазақтың  отбасы  тәрбиесi», 
«Қазақтың  мәдени  өнерi»,  «Қазақ  халқының 
ауыз  әдебиетi»,  «Қазақ  халқының  этногра-
фиясы»  кестелер  арқылы  көрсетiлген.  Үшiншi 
стендте  «Қазақ  этнопедагогикасындағы  тәрбие 
түрлерi»,  «Қазақ  этнопедагогикасындағы  бiлiм 
беру мазмұны», «Қазақ этнопедагогикасындағы 
тәрбие  мен  оқытудың  әдiс-тәсiлдерi»  кесте-
лер  арқылы  берiлген.  Төртiншi  стендте  «Қазақ 
халқының  салт-дәстүрлерi»  деп  аталып,  онда 
«Қазақ  халқының  салт-дәстүрлерiнiң  түрлерi», 
«Қазақтың  бала  тәрбиесiне  байланысты  салт-
дәстүрлерi»,  «Қазақтың  тұрмыстық  салт-
дәстүрлерi»,  «Қазақтың  әлеуметтiк-мәдени 
салт-дәстүрлерi», «Жаңа заман салт-дәстүрлерi» 
кестелерi  арқылы  берiлген.  Осы  бөлiмнiң  екi 
жағында  тарихи-педагогикалық  әдебиеттердегi 
«Халықтық  педагогика»  мен  «Этнопедагогика» 
ұғымдарына берiлген 10 түрлi анықтамалар жеке-
жеке екi стендте жазылған. Мысалы, профессор 
Қ.Жарықбаев «Этнопедагогика – халықтық тәлiм-
тәрбиенi,  оның  тәжiрибесiн  қорытындылап, 
жүйелейтiн теориялық  сипаттағы ғылым сала-
сы» т.б.
Зертхананың  екiншi  бөлiмi  «Қазақ  тәлiм-
тәрбиесi  тарихынан»  деп  аталады.  Онда  30-
дан  аса    ортағасыр  ғұлама-ойшылдарының, 
ағартушы-тәлiмгерлердiң,  ақын-жыраулардың, 
ғалым-тәлiмгерлердiң 
суреттерi 
салынған 
өлшемi  100х60  см  портреттерi  iлiнген,  яғни, 
әл-Фарабидiң,  Шоқан  Уәлихановтың,  Ыбырай 
Алтынсариннiң,  Абай  Құнанбаевтың,  Шәкәрiм 
Құдайбердиевтiң,  Ахмет  Байтұрсыновтың, 
Жүсiпбек 
Аймауытовтың, 
Мағжан 
Жұмабаевтың,  Мiржақып  Дулатовтың,  Бау-
ыржан  Момышұлының,  Мұхтар  Әуезовтің, 
Мәлiк  Ғабдуллиннiң,  Төлеген  Тәжiбаевтың  т.б. 
түрлi  түстi  суреттерi,  олардың  туылған  және 
қайтыс  болған  жылдары  мен  тәлiм-тәрбиелiк 
ой-пiкiрлерiнен  үзiндiлер  жазылған.  Мысалы, 
әл-Фараби  (870–950):  «Тәрбиелеу  дегенiмiз 
халықтардың  бойына  бiлiмге  негiзделген 
этикалық iзгiлiктер мен өнерлердi дарыту деген 
сөз»; Шоқан Уәлиханов (1835–1865): «Халықтың 
кемелiне  келiп  өркендеп  өсуi  үшiн  ең  алдымен 
азаттық  пен  бiлiм  қажет»;  Ахмет  Байтұрсынов 
(1873–1938): «Ең әуелi мектепке керегi – бiлiмдi, 
педагогика, методикадан хабардар, оқыта бiлетiн 
мұғалiм»;  Мағжан  Жұмабаев  (1893–1938): 
«Әрбiр  тәрбиешi  сөз  жоқ,  ұлт  тәрбиесiмен  та-
ныс болуы тиiс»; Бауыржан Момышұлы (1910–
1982):  «Қазақ  халқының  өткен  тарихындығы 
барлық  жақсы  дәстүрлерi  бүгiнгi  таңда  қайта 
салтанат  құруы  тиiс»;  Мәлiк  Ғабдуллин  (1915–
1973):  «Қазақ  халқының  өмiрiнен  орын  алған 
тәрбиенiң  тарихын  жан-жақты  қарастыру  өз 
алдына  зерттелетiн  мәселе»  т.б.  Портреттер 
астында  алты  шкаф,  олардың  ортасындағы 
жетiншi  сөрелерi  45
о
  етiлiп  орналастырылған 
шкаф  қойылған.  Шкафтарда  дидактикалық  ма-
териалдар, кестелер, суреттер, газеттер, кiтаптар 
тұрады.  Ал  ортаңғы  шкафта  этнопедагогика-
дан  жарық  көрген  әдебиеттер,  бағдарламалар, 
студенттердiң  рефераттары,  баяндамалары, 
курстық  және  дипломдық  жұмыстары,  озық 
ұстаздардың 
iс-тәжiрибелерiн 
жинақтаған 
еңбектер  көрмесi  орналастырылған.  Үшiншi 
бөлiм «Қазақ халқының тәлiмгерлерi», Абылай 
мен Әбiлхайыр хандардың, Төле, Қазыбек және 
Әйтеке  билердiң,  бiрнеше  ақын-жыраулардың 
түрлi түстi суреттерi салынған өлшемдерi 70х45 
см портреттерi iлiнген.
Зертхананы  жасауға  және  жабдықтауға 
сурет-графика және филология факультет терiнiң 
студенттерi кеңiнен тартылды. Олар эскиздер, ке-
стелер, суреттер, көрнекi құралдар жасады. Зерт-
ханада  «Қазақ  этнопедагогикасы»  мен  «Қазақ 
педагогикасының  тарихы»  оқу  пәндерiнен  лек-
циялар, семинарлық және зертханалық сабақтар 
өткiзiледi.  Сонымен  қатар,  онда  облыстық 
мұғалiмдер  бiлiмiн  жетiлдiру  институтының 
тыңдаушылармен дәрiстер, әр түрлi ғылыми се-
минарлар, конференциялар, кездесулер тұрақты 
өткiзiлуде. Осындай зертхананы балабақшаларда, 
орта  мектептерде,  кәсiптiк-техникалық  оқу 
орындарында, әр түрлi орта арнаулы оқу орын-
дарында, жоғары мектептерде жасап, оны тәрбие 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

33
орталығы ретiнде пайдалануға болады.
Сонымен,  «Қазақ  тәлiм-тәрбие»  зертханасы 
ұстаз-тәлiмгерлердi  және  болашақ  ұстаздарды 
этнопедагогикалық  дайындықтан  өткiзетiн 
ғылыми орталыққа айналды. Нобайдағы бiрiншi 
проблеманы  шешу  үшiн  мектеп  мұғалiмдерiн 
оқушыларға  ұлттық  тәрбие  беруге  дайын-
дау  мақсатында  «Ұлттық  тәлiм-тәрбие»  атты 
бағдарламаның мазмұнын жасадық. Бағдарлама 
Ақтөбе қаласында 1993 жылы мамырдың 17–20 
жұлдыздарында  өткен  «Озат  педагогикалық 
тәжiрибе  –  бiлiм  беру  мазмұнын  жаңартудың 
негiзi» атты шығармашылықпен жұмыс iстейтiн 
мұғалiмдердiң слетiнде талқыланып, пайдалануға 
ұсынылды.  Оны  барлық  облыстық  мұғалiмдер 
бiлiмiн  жетiлдiру  институттарына  тараттық,  ол 
олардың оқу процестерiне ендiрiлдi. Ал екiншi 
проблема  –  болашақ  мұғалiмдердi  оқушыларға 
ұлттық  тәлiм-тәрбие  беруге  дайындау  үшiн 
«Қазақ  халқының  этнопедагогикасы»  атты  оқу 
бағдарламасын жасадық. Ол 1992 жылы мамыр 
айының  19-20  жұлдызында  Алматы  қаласында 
Бiлiм Министрлiгi мен Ы.Алтынсарин атындағы 
педагогика  ғылымдарының  ғылыми  зерттеу 
институты  бiрiгiп  өткiзген  «Халық  педагоги-
касы  мен  психологиясы  дәстүрлерiнiң  оқу-
тәрбие  iсiнде  қолданылуы»  атты  ғылыми-
практикалық  конференциясында  талқыланып, 
оны  жоғары  педагогтiк  оқу  орындарының  оқу 
процесiне    ендiру  туралы  шешiм  қабылданды. 
Бағдарлама баспадан шығарылып, Қазақстанның 
барлық  жоғары  педагогтiк  оқу  орындарын-
да  таратылды.  Қазiр  ол  болашақ  мұғалiмдердi 
оқушыларға  ұлттық  тәрбие  беруге  дайындау-
да  кеңiнен  пайдаланылуда.  Ал  үшiншi  «Қазақ 
этнопедагогикасының тарихы» атты бағдарлама 
Алматы  қаласында  1994  жылы  қарашаның  22-
23  жұлдызында  өткен  «Қазақстандағы  этнопе-
дагогика  мен  этнопсихология  ғылымдарының 
теориялық және қолданбалы проблемалары» атты 
ғылыми-теориялық конференцияда талқыланып, 
оны да жоғары педагогтiк оқу орындарының оқу 
процесiне ендiрiп, пайдалану ұсынылды.
Бағдарламаларға  қажеттi  библиографиялық 
көрсеткiштер,  оқу  құралдары,  оқу-әдiстемелiк 
құралдар  және  көрнекiлiктер  жасалынып, 
олар  баспадан  шығарылып,  оқытушыларға, 
мұғалiмдерге және студенттерге таратылды.
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет