Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата03.03.2017
өлшемі2,48 Mb.
#6082
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Резюме
Рассматривается историческая роль казахской национально-этической, народно-педагогической и социо-
логической категории «тектілік» в унаследовании образцов поэтико-эпического героизма, высокой нравствен-
ности в поведении и общении, а также – в сохранении и умножении народной культуры. В советский и постсо-
ветский периоды такие смысловые значения «тектілік» были сильно ослаблены, а многие из них в настоящее 
время забываются. Автор показывает актуальность их возрождения во всех сферах жизни, особенно в системе 
воспитания молодежи.  
Summary
The  historical  role  of  the  Kazakh  national-ethical,  national-pedagogical  and  sociological  category  «тектілік» 
in inheritance of samples of poetical-epic heroism, high morals in behavior and dialogue, and also – in preservation 
and multiplication of national culture is considered. During the Soviet and Post-Soviet periods such semantic values 
«тектілік» have been strongly weakened, and many of them are forgotten now. The author shows an urgency of their 
revival in all spheres of a life, especially in a youth educational system.
Ұ.К. Исабекова – 
филология ғылымдарының кандидаты, 
доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ
«ҚҰДАТҒУ БІЛІК» – ТАҒЫЛЫМЫ ТЕРЕҢ ТАРИХИ МҰРА
Түркілік  өркениеттің  ұлы  мұрасының  бірі 
болып саналатын Жүсіп Баласағұнидің «Құтадғу 
білік»  жазба  ескерткіші  XI  ғасырдың  ең  ірі 
құбылысы. Орта Азия мен Қазақстан мәдениетінің 
орта  ғасыр  кезеңімен  байланыстырамыз. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә. 
Назарбаев    халқымыздың  өткен  ғасырлардағы 
асыл  мұраларын  жоғары  бағалай  отырып:  «...
Осынау  апайтөс  даланы  ежелден  мекен  етіп 
келе жатқан халқымыздың тарихи тамыры тым 
тереңде  жатыр.  Оның  өзіндік  терең  танымы, 
қалыптасқан халықтық салт-дәстүрі, өркендеген 
зор мәдениеті бар. Беймәлімі көп көне ғасырлар 
қойнауына  үңілмей-ақ  бергі,  тарихқа  танымал 
Түрік  қағанаты  заманынан  түйдегімен  жеткен 
тарихи-мәдени жәдігерлердің үлкен шоғырының 
өзі-ақ әлем алдындағы түрік өркениетін айғақтар 
төлқұжаты  іспеттес.  Жүсіп  Баласағұнидің 
«Құтты  білігі»,  Махмұт  Қашқаридің  «Түрік 
сөздігі»,  Қожа  Ахмет  Йассауидің  «Даналық 
кітабы»,  Ахмет  Йүгінекидің  «Ақиқат  сыйы» 
секілді ұлы шығармалары, әлемнің екінші ұстазы 
атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің бұған дейінгі 
біршама игерілген ғажайып мұралары тұғырлы 
тарихтың, ұлы мәдениеттің, мол біліктің мәңгілік 
мәуесіндей»,  –  деп,  бұл  жәдігерліктердің  жас 
ұрпақты  тәрбиелеуде  тағылымы  терең  екеніне 
баса назар аударды [1. 2 б.].
Мәдениетіміздің ерте дәуірінің ұлы мұрасы 
болып  саналатын  «Құтадғу  білік»  ескерткіші 
Орта  Азия  мен  Қазақстан  мәдениетіндегі 
ортағасырлық  дәуірдің  мәдениетінің  өлшемі 
болып  табылатындықтан,  оның  дүниеге 
келуінде  белгілі  бір  тарихи  жағдаяттың, 
тарихи-әлеуметтік  орта  мен  қоғамдық-саяси 
жағдайлардың  алғышарттарының  болғаны 
күмән тудырмайды. «Құтадғу білік» сынды алып 
ескерткішті  тудырған  заман  қандай  еді?  Соған 
аз-кем тоқталсақ...
IX-XV 
ғасырлар 
аралығында 
Орта 
Азияның  мәдени  даму  дәрежесі  Батыс  Евро-
па  елдерінен  биік  тұрғаны,  бұл  кезең  түркі 
халықтары  үшін  Ояну  дәуірі  болғаны  тарих-
тан  мәлім.  Әсіресе,  X-XII  ғасырлар  Орта  Азия 
мен  Қазақстан  халықтарының  ана  тілі  мен 
әдебиетінің  өркендеп-өсуіндегі  жаңа  басқыш, 
мұсылмандар үшін «өрлеу дәуірі» болған-ды [2. 
4  б.].  XI-XII  ғасырларда  Қарахан  мемлекетінің 

51
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
күшеюімен бірге мәдениет пен әдебиет жаңа бір 
даму  деңгейіне  көтерілді.  XI  ғасырда  түркілер 
елі  –  Түркістанның  мәдени  даму  дәрежесі 
биік  тұрғанын  сипаттайтын  жәдігерліктер  аз 
болмаған.  Осы  ғасырларда  өмір  сүрген  түркі 
халықтарының ата-бабалары кейінгі ұрпақтарына 
орасан  зор  әдеби-мәдени  мұралар  қалдырып 
кетті.  Түркі  халықтарының  рухани-мәдени,  та-
рихи өмірінде бұл ғасырларда өмір сүрген ақыл-
ой  мен  білімнің  алып  тұлғалары,  көркем  сөз 
зергерлері  мен  тілші-ғалымдар  түркі  тіліндегі 
көркем  әдебиеттің  шарықтап,  өсіп-өркендеуіне 
мол үлес қосты. Атағы дүниежүзіне мәшһүр ұлы 
ғұламалар  әл-Фараби,  Ахмет  Йегүнеки,  Жүсіп 
Баласағұни,  Махмуд  Қашғари  еңбектері  сол 
замандағы  ақыл-ой  жетістігінің  биік  шыңдары 
еді.  Сонау  ғасырларда  «түрікшілдік»  туын 
көтеріскен  ғұламалар  өз  еңбектерімен  әлемдік 
әдебиет  жұртшылығына  кеңінен  танылды.  Дәл 
осы  ғасыр  ішінде  түріктер  әлемі  дүниежүзінде 
теңдесі  жоқ  шығармалар  тудырғанын  мақтан 
ете алады [2. 3 б.]. Ұлан-байтақ атырапты алып 
жатқан  Қараханид  мемлекетін  нығайту,  оның 
сыртқы  және  ішкі  саясатын  дұрыс  жолға  қою, 
мемлекеттің  әрбір  тұрғынының  бақытты  өмір 
сүруін  қамтамасыз  етуді  мақсат  еткен  дастан 
желісіне, мақсатына сай мемлекет, ел басқару, ел 
басқарушының  міндеттері  мен  құқығы  туралы, 
халыққа ізгі өмір сыйлау, бақытты, әділетті қоғам 
құру,  жалпыадамзаттық,  халықтық  мәселелер 
арқау  болады.  Бұл  еңбек  түркі  династиясының 
аса  гүлденген  кезеңі  –  Қараханидтер  дәуірінде 
жазылған. Түрік және парсы мәдениетінің нәрлі 
ұйтқысында  туындап,  араб  дүниетанымының 
қуатты  ықпалымен  толысқан  Жүсіп  өз 
шығармашылығында 
адамның 
қоғамдағы 
орны  мен  қызметін  түсінуге  ұмтылып,  мінсіз 
қоғам  жайындағы  өзінің  биік  философиялық 
мұраттарын дүниеге келтірді [4. 58 б.]. «Құтадғу 
білік»  –  халықтың  құты,  ырысы  болған  ілім. 
Ұрпақтарға,  адамға  бақыт  берген,  құт  әкелген 
ілім.  Ғасырлар  бойы  көзі  ашық,  көкірегі  ояу 
ұрпаққа адамдық, азаматтық қасиеттерін, әдеп-
адалдық дәстүрін сіңірген кітап [3. 9 б.]. 
Дастан  төрт  ізгі  қасиеттің:  Әділ,  Дәулет, 
Ақыл,  Қанағаттың  арасындағы  сұхбатқа 
құрылады.  Адам,  қоғам  қайткенде  бақытты  за-
ман  кешпек?  Құтты    ел  құру  үшін  не  істемек 
ләзім?  Жүсіп  өзегін  өртеген  заман  шындығын 
ашына  жырлайды.  Надандық  жайлаған  елде 
қайтіп  ел  болмақты  жырлайды.  Автор  шын 
бақытты  адамгершіліктен,  қайырымдылықтан, 
ізгіліктен,  әділеттен,  білімнен  іздейді.  Адам 
бойындағы қандай да бір қасиет жеке-дара адам-
ды  бақытқа  жеткізе  алмайды.  Тек  бірлік  пен 
ынтымақ  бар  жерде  ғана  шын  бақыт  орнайды. 
«Құтадғу  біліктің»  төрт  кейіпкері  де  кішілік, 
ізет, қарапайымдылықты сақтай отырып, сұрақ-
жауап жолымен тілдеседі. Жүсіп Баласағұн да-
станда  кейіпкерлер  аттарына  да  терең  мағына 
сыйғызған.  Күнтудыны  құтқа,  Айтолдыны  бақ-
дәулетке балайды. 
Адам  бойындағы  кісілік  қасиеттер  қай 
заман  үшін  де  қажет.  Дастанда  айтылған 
Адам  болмысындағы  кездесетін  түрлі  ада-
ми  қасиеттермен,  мысалы,  ар-ұят,  жомарттық, 
шүкіршілдік,  сол  сияқты  адамшылыққа  жат 
сараңдық,  сабырсыздық,  өзімшілдік,  ашкөздік, 
адамдар арасындағы қарым-қатынас қағидалары, 
мінез-құлық,  адамгершілік,  ұрпақ  тәрбиесі, 
үйлену, тамақтану әдебі, білім, тіл әдебі туралы 
айтылған даналық ойлар Пайғамбар хадистерімен 
сабақтасып жатыр. Дастан желісіне арқау болған 
адамзаттық  басты  ұғымдар  –  қанағат,  даналық, 
сабыр  т.б.  қағидасы.    Жүсіп:  «Сабыр  етсең  – 
іс  байлыққа  басады,  шүкір  қылсаң  –  байлық 
асып-тасады,  Шүкіршілік  қылғанның  ырысы 
артады»,  «Сабырлы  кісі  тілегіне  жетеді»,  «Са-
бырлы ер аққу ұстайды» немесе «Ұстамсыздық 
–  бар  бәленің  көзі»,  «Асығыс  түбі  –  өкініш» 
деп  бірнеше  бәйітте  жырласа  [5],  осы  қасиет 
Әнас ибн Малик (р.л.ғ), Имам Әбу Мансур Ад-
Дәйләми  риуаят  еткен  Пайғамбар  хадисінде 
«Имандылық екі жартыдан құралады. Бір жарты-
сы – сабырлылық, екінші жартысы – шүкірлік»  
деп берілген. 
Жүсіп  Баласағұни  дастанының  ұрпақты 
мәдениеттілікке  тәрбиелеуде  де  ықпалы  зор. 
Қоғамдағы  тіршіліктің  әрбір  құбылысына 
ғұлама ақын өз көзқарасы мен байламын білдіріп 
отырған.  Терең  пайымдаулар    жасаған.  Ғұлама 
өз  еңбегінде  Тіл  өнеріне,  Тіл  әдебіне  ерекше 
орын  беріп,  жеке  тарау  арнаған.  Жамандық  та, 
жақсылық та – тілден. Тілді тыйып ұстап, орын-
ды  жұмсау  –  білімділік,  тәртіптілік.  Тіл  әдебі 
–  барлық  уақытта    да  бар  әдептің  басы  болып 
саналаған.  Саф  алтындай  асыл  сөз,  орнымен 
айтылған  қадірлі  сөз  қай  заманда  да  қастерлі. 
Абайлап, ойланып барып сөйлемесең, тілге сақ 
болмасаң,  өз  тілің  –  өз  басыңның  жауы  екенін 
ескертеді,  дастанның  тілге  арналған  тарауын-
да  қасиетті  тілге  байланысты  «Тіл  –  арыстан, 

52
есік  баққан  ашулы,  Байқамасаң  жұтар,  ерім, 
басыңды»,  «Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын, 
Тіліңді  бақ,  тісің  сынып  қалмасын»,    «Басқа 
бәле – тілден» деп, жамандық та, жақсылық та – 
тілден екенін ескертеді. 
Осыдан он ғасыр бұрын да, қазір де адамның 
мінез-құлқын  айқындайтын  құндылықтар  бар. 
Ол  –  ізгілік,  қайырымдылық  жасау,  адамды 
сүю.  Ізгі  іс  жасағанда  ғана  адам  өмірдің  мәнін 
түсінеді. Ізгі іс ешқашан тозбайды. Ізгі іс, жақсы 
адам  ешқашан  ұмытылмайды.  Ізгілікті  қылық 
ана сүтімен сіңсе, ол адам өмір бойы ізгіліктен 
айнымайды.  Бақытты  жан  әрдайым  мейірімді, 
ақ  жарқын,  ізгі  жан.  Ол  сүйкімді.  Бақыт  пен 
қайырымдылық  –  адам  өмірінің  мәні.  Адам 
өлмек, бірақ оның шапағаты мәңгі жасайды.
Тірі өлер, ақыры жер жастанар
Жақсы кісі өлсе, жақсы ат қалар [6].
Немесе, 
Әсілі оңды кісі ізгілік жасар да,
Мәңгілікке аты қалар жаһанда, – дейді [6].
Адам  шапағаты  арттағы  ұрпағына  тисе, 
мұра  болса,  оның  рухани  өлмейтіндігі  сөзсіз. 
Адамгершілік  ізгілік  жолға  апарады.  Ақын 
адамдықты  пір  тұтқан,  көзі  қарақты,  сөзі  шын 
адамдарды ардақ тұтады. Адам бойындағы жақсы 
мінездің пайдасы туралы да бірнеше бәйіттерде 
кездеседі. Жаманды-жақсылы мінездер ерте кез-
ден бері айтылып келеді. Дастанда:
Ізгі мінез, түзу құлық болғанда,
Пайда түгел екі бірдей жалғанда.
Екінші – ұят, сосын шындық –үшінші,
Үшеуімен ер көгерер (түсінші!)
Биязыны халқы сүйіп, ұғады,
Ісі түзу кісі төрге шығады. 
«Құтадғу 
біліктің» 
алдында 
ерте 
ғасырлардағы  түбі  бір  түркілердің  өркенді 
мәдениеті мен барлық болмысы тұр. Дастанның 
әр жолына үңілген сайын халық даналығының, 
халық  байлығының  өшпес  қайнар  көздерін 
сезінеміз.  «Ауыз  әдебиетіміздің  әр  түрлі 
жанрлық нақыштарын, шешендік сөздер, жұбату 
мен  жоқтау,  естірту,  көңіл  айту,  мақал-мәтел, 
афоризм, өсиет сөз, батырлық жырдың алғашқы 
белгілерінің  «Құтадғу  білік»  дастанындағы  да 
бір маңызды қызметін аша түскенін осы дастан-
ды тұңғыш рет поэтикалық тұрғыда қазақ тіліне 
аударған  ақын, ғалым А.Егеубаев айтып кеткен 
еді  [6.  24  б.].  Қанатты  сөз  тіркестерін,  мақал-
мәтелдерді, тұрақты тіркестерді оқығанда түркі 
халықтарының  құнарлы  топырағынан  бастау 
алған бір кездегі көне дәуірдегі дәні болып табыла-
тынына түйсінеміз. Халық даналығына, көкіректі 
жарып  шыққан  асыл  сөздің  ғасырдан-ғасырға 
жалғасып, мәңгілікке ұласқанына көңіл қуанады. 
Академик А.Н. Кононов «Құтадғу біліктің» ав-
торы  өзінің  дидактикалық  мақсаттарына  халық 
даналығын, түркі халықтарының ақындық ауыз 
әдебиетін,  мақалдарды,  мәтелдерді,  қанатты 
сөздерді және тағы басқаларды кеңінен пайдала-
нады», – десе [6. 14 б.], қазақ әдебиетінің ежелгі 
дәуірін  зерттеуші  ғалым  Н.Келімбетов  «Құтты 
біліктің» авторы түркі тектес халықтардың ауыз 
әдебиетінің  кәусар  бұлағынан  еркін  сусында-
ды.  Сол  арқылы  ақын  халық  фольклорының 
қыруар  мол  мүмкіндіктерін  жазба  әдебиеттің 
тәжірибесімен  ұштастыра  білді»,  –  деп  жаза-
ды [2. 174 б.]. Бұдан біз мұның түп-тамырында 
халық 
тұжырымдарының 
талай-талай 
принциптері мен талаптарының  орайластығын, 
халық    ауыз  әдебиетімен  түркі  жазбаларының 
арасында тұтастық, әлеуметтік бір тамырластық, 
пікір сабақтастығын жатқанын аңғарамыз. Осы 
мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, сонымен қатар, 
тұрақты тіркестер сонау IX-XI ғасырлардан күні 
бүгінге  дейін  жалғасып  жатыр.  Ж.Баласағұни 
шығармасының  негізгі  сюжеттік  ауқымы 
дидактикалық  ойларға  құрылған  дүнияуи 
философиялық  толғау.  Сондықтан  да,  бұл 
шығармада нақыл түріндегі аталы сөздер, мақал-
мәтелдер  көптеп  кездеседі.  «Халық  даналығы» 
деп аталатын бұл ғибраттар «атадан балаға ми-
рас болып келе жатқан қазына» деген сөз. Әрбір 
мақал-мәтелдің авторы өз дәуірінің перзенті, өз 
кезінің  таным-түсінігі  мен  наным-сеніміне  бой 
ұрып,  дәстүрлі  тұжырымдарын  насихаттайды. 
Әр  түрлі  формацияларға  байланысты  кейбір 
мақалдардың  мән-мазмұны  өзгеріп  отыруы 
мүмкін, заман елегінен өтпей қалғандары ескіріп 
немесе  жаңа  дәуірге  сай  жаңаланып  отырады. 
Халық қазынасы ылғи да кемерленіп толып от-
ырады. 
Жүсіп  Баласағұн  дастанына  адамзат 
бойындағы күллі жағымды мінез-құлықты, жақсы 
адами  қасиеттерді,  биік  моральды,  қоғамдағы 
ізгілік, мейірімділік, қанағат, адамгершілік, білім, 
қайырымдылық, этиканы бәрі-бәрін отбасылық, 
қоғамдық тәрбиемен ұштастырады. Сондықтан, 
бала жастайынан білімділікке, парасаттылыққа, 
ізгі мінезділікке тәрбиелеуді үндейді. Айталық,
Бала білім жолын қусын десеңіз
Бесігінде-ақ білім жолын көсеңіз
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

53
Білім үйрет, сәбиіңе сарылма
Уыздайын, сүттей сіңер қанына
Сәбиінде көкірекке түйгені
Өлгенінше  санасында  жүреді  (1495  бәйіт) 
[6].
Бұдан халқымыздың «баланы – жастан» де-
ген  қағидасын  түйсінеміз.  Яғни,  ұрпақтың  көп 
жылдарға алар тәлімі, тәрбиесінің негізі бесікте.  
Ұл өсіргің келсе дана, жүректі
Қатты ұстап, үйрет білім, ізетті  (1221бәйіт) 
[6].
Кім ұл-қызын шолжаңдатса бетімен
Тартар  күйік,  ет  кескендей  етінен  (1223 
бәйіт) [6].
Отбасы  тәрбиесі  адами  биік  қасиеттерді 
қалыптастырудағы  негізгі  алғашқы  саты 
болғандықтан,  ата-ананың  әрекеті,  моральдық 
сапасы  ұрпақтарға  зор  әсер  қалдыратынын, 
егер ата-ана жоғары мораль иесі болса, таным-
талғамы  биік  болса,  перзентіне  жақсы  әдет-
ғұрып үйретсе, онда бұл бала қоғамға жарамды 
болып шығатынын айтады. Қоғам мүшелері эти-
каны, әдеп-ибаны білетін, сөзі, әрекеті сыпайы, 
шыншыл болса, адамдар мұндай қоғамнан руха-
ни жоғары ләззат алады.
Ұл-қызыңа үйрет білген білімді
Қолына ұстат кеудеңдегі күніңді
Сонда ұл-қызың адамдықтан таймайды
Көңілі түзу, көзі шоқтай жайнайды [6].
Ақын ұрпақ тәрбиесін тал бесіктен бастауды 
ұсынады. Осы ретте қазақ халқының ғұлама ұлы 
М.Әуезовтің «Ел боламын десең, қазақ, бесігіңді 
түзе!»  деген  қанатты  сөзі  ойға  оралады.  Яғни, 
ұрпақтың көп жылдарға алар тәлімі, тәрбиесінің 
негізі  бесікте.  Тәлім-тәрбие  –  сапалы  білім, 
әдеп-иба  өлшемімен.  Білімді  адам  ғана  ақыл-
парасатын  жоғары  көтере  алады.  Моральдық 
сапасы  жоғары,  білімі  мол,  іс-әрекеті  ұқыпты, 
адамгершілігі  үлкен  моральдық  мінезі  жан-
жақты жетілген адамдардан үйренуге үгіттейді: 
Білім білсең күнің нұрлы етеді,
Қанша кішік болсаң да ұлы етеді [6]. 
Адамды  моральдық  жақтан  тәрбиелеу, 
моральдық  мінез  қалыптастыру  –  тәлім-
тәрбиенің  мәңгілік  міндеті.  Адам  баласы, 
әсіресе,  ел  басшысы  жақсы  мораль  арқылы 
халыққа  үлгі  көрсете  алады.  Жақсы  мінез  – 
ұқыпты  іс-әрекетте  болудың  негізі.  Баласағұн 
неден  безініп,  неден  неге  ұмтылу  керектігін 
белгілейтін моральдық ұғымдарды береді. Ақын 
жақсы  мінез-құлықты  бала  туғаннан-ақ  бойға 
сіңіру  керек  екенін  ескертіп,  ата-ана  үйдегі, 
түздегі моральдық мінез-құлық этикасымен үлгі 
болуға, баласына халықтық дәстүрден тағылым 
беруге,  үлкенді  сыйлауға,  аруақты  ардақтауға, 
қоғамдағы салт-дәстүрлерді қастерлеуге, кіммен 
қалай  қатынас  жасауға,  өткенге  парасатпен, 
терең  құрмет  сезімімен  қарауға,  салт-дәстүрді 
қастерлеуге  үйретуі  тиіс,  –  дейді.  Баланың 
жаман-жақсы қылықтарын кіші күнінен ажыра-
тып, жаман әдеттерден бойын аулақ салып, тек 
жақсы, әділетті істерге ғана баулуы шарт.  Бала 
тәрбиені өз отбасынан алуға тиіс.
Ай маңдайлы ұл-қыз туса алдыңда
Үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма [6].
Яғни,  баланың  көз  алдындағы  әрекеттер, 
жағдайлар 
оның 
күнделікті 
өмірінде 
қолданылатын мінез-құлық үлгісін беруі тиіс.
Ұл-қызыңа әдеп үйрет, білім бер,
Қос жалғанда бірдей көріп күлімдер [6].
Тән  мен  жан  тазалығын  сабақтастыра  білу 
керек. Дұрыс тәрбие мен білім парасатты ұрпақ 
өсірудің мәнін ашады. Өнегелі тәрбие жас адамға 
өмір  жолын  табуға  мүмкіндік  береді.  Өмір  жо-
лын дұрыс таңдаған әр адам салауатты қоғамның 
саналы мүшесі.  
Баласағұнның  әлеуметтік  этикалық  идея-
сы  жоғары  парасаттылыққа,  адамның  рухани 
толысуы,  ақыл-ой  білімі  арқылы  қол  жеткізуге 
болады.  Білім  арқылы  тек  қана  адамды  емес, 
бүкіл  қоғамды  түзетуге  болады.  Білім,  тәрбие, 
адамның  өзін-өзі  ұстай  білуі  салауаттылыққа, 
моральдық және рухани толысуға алып келеді. Ж. 
Баласағұнның айтуынша, адамның ақыл-ойымен, 
білімімен адамның мінез-құлқын анықтауға бо-
лады.  Білім  жауыздыққа,  рухани  кемтарлыққа, 
бұзықтыққа,  зұлымдыққа  қарсы  күресу  үшін 
қажет. Халық ежелден надандыққа ақыл, білімді 
сезімді қарсы қояды. «Білімді мыңды жығар» де-
ген  мақалдың нәрлі тамырының сонау көне за-
мандарда жатуы міне осыдан. 
Ілім білген дана атанар ақыры
Білім елге пайда бере ашығы (21-бәйіт) [6]. 
Білімсіздік жайлы: 
Білімнен әзіз не бар дейсің жаһанда,
«Білімсіз, надан!» десе, қорлық адамға [6]. 
Бақытты  қоғамды  жырлаған  түркілік 
өркениеттің  ұлы  мұрасының  бірі  болып  сана-
латын  Жүсіп  Баласағұнидің  «Құтадғу  білік» 
жазба  ескерткіші  әлемдік  мәдениеттің  ал-
тын  қорынан  орын  алады.  Уақыт  өткен  сай-
ын  қарапайым  даналығымен  таңдандыратын  
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

54
ұлы  мұра  түркі  мәдениетін,  оның  ішінде  қазақ 
жерінде осыдан он ғасыр бұрын ғұмыр кешкен 
бабамыздың ұлылығын, даналығын, сана-сезімі 
мен  арман-мұратының  қазіргі  заманмен  терең 
сабақтастығын дәлелдейді. 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Келімбетов Н.  Қазақ әдебиеті бастаулары.  – Алматы: Ана тілі, 1998.  – 378 б.    
2.  Орынбеков М. Қазақ даласының ойшылдары. – Aлматы: Ғылым, 1995. – 289 б. 
3.   Келімбетов Н.  Қазақ әдебиеті бастаулары.  – Алматы: Ана тілі, 1998. – 378 б.    
4.  Қашқари М. Түрік сөздігі. – Алматы: Хант, 1997. – 251 б.
5.  Құрышжанұлы Ә. Ескі түркі жазба ескерткіштері. – Алматы: Дәуір, 2001. – 369 б.
6.  Егеубаев А.Ж. Баласағұн:  ол туралы. – Павлодар: Арда, 2005. – 389 б.
Резюме
Статья посвящена памятнику письменности «Құтты білік». В статье рассматриваются ценности и роль 
воспитания подрастающего поколения. Исторический памятник был написан в ХІ веке и по сей день остается 
актуальным. 
Summary
The article is devoted to a writing monument «Құтты білік». In article the values and a role of upbringing of rising 
generation are considered. The historical monument has been written in ХІ century and till nowadays remains actual.
Н. Кенжеғараев  –
 
 
 
 
 
 
 
филология ғылымдарының кандидаты,
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің
«Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының 
жетекші ғылыми қызметкері
АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ДИСКУРСЫ
Жаһандану  заманында  тәуелсіз  қазақ  елі 
үшін өткір тұрған мәселенің бірі – ұлттық тәрбие 
мәселесі.  Көп    жылдар  бойына  бодандықта,    
жоспарлы  түрде  отарланудың  нысаны  болған 
ұлт үшін әлемдік кеңістікте дербес мемлекет бо-
лып, қадамын нық басу үшін өзіндік идентифи-
кация  үдерісін  жаңғыртуы  орынды.  Жаһандық 
ынтымақтасудың  араңына  жұтылып  кетпей, 
ұлтымыздың  төлтумалығын  сақтап  баруымыз 
үшін  алғашқы  кезекте  қолға  алуымыз  керек 
дүние тағы да ұлттық тәрбие.
Ғалымдар әлі күнге дейін ұлттық тәрбие де-
ген ұғымға бір ізді анықтама берген жоқ. Ұлттық 
тәрбие  тұжырымы  қаншалықты  түсініліп, 
зерттелініп  жүр  деген  сұрақтардың  туындауы 
заңды. Ұлттық тәрбие жалпы, жинақтаушы ұғым 
ба, жалқы, бір ғылым саласындағы ұғым ба? Ұлт 
тәрбиесі мен ұлттық тәрбие ұғымдарының ара-
сында айырмашылық бар ма, әлде екеуі бір ұғым 
ба? Осы сұрақтарға жауап табылуы қажет.
Қазіргі таңда қазақстандық педагогтар, оның 
ішінде  этнопедагогика  саласымен  айналысып 
жүрген  ғалымдар  бірқатар  бастамалар  көтеріп, 
қызу еңбектеніп жүр. Этнопедагогика ұғымына 
мынадай анықтама берілуде: «Этнопедагогика – 
ұлттық  тәлім-тәрбиенің   қайнар   бастауынан  
бастап, осы уақытқа дейінгі болмысын айқындап, 
оның  болашағын  белгілеп  беретін  ғылым.  Ал, 
ұлттық тәлім-тәрбиенің түпкі негіздері сол ұлттың 
ұлт  болып  қалыптасуына  дейін  бастау  алып, 
ұлттық қасиеттерге сәйкес дамып, қалыптасты» 
[1.  103  б.].  Этнопедагогика  ғылымының  негізі 
– халық педагогикасы дегенге келісетін болсақ, 
ұлт  тәрбиесі  мен  ұлттық  тәрбие  ұғымдарының 
айырмашылығын  терең  түсініп  алуымыз  ке-
рек.  Ұлт  тәрбиесі,  не  халық  педагогикасы, 
ғасырлар  бойына  қалыптасып,  өмір  сүріп  келе 
жатқан  халықтың  салт-дәстүріне,  әдет-ғұрпына 
негізделген  халық  тәрбиесі.  Ұлттық  тәрбие 
ұғымы  тәрбиенің  прагматикалық,  қолданбалы 
жағын  ғана  қамтымай,  дүниетанымдық, 
моральдық,  этикалық,  эстетикалық,  руха-

55
ни  аспектілерін  түгел  қамтитын  және  ұлттық 
мүдде, ұлттық позиция тұрғысынан байыптала-
тын, идеологиялық қыры басым, ұлттың өзін-өзі 
сақтауы мен дамуына негізделетін, ұлттың даму 
стратегиясына сәйкес өрбитін қондырма. Ұлттық 
тәрбие  ұлт  тәрбиесіне  қарағанда  өзгермелі, 
үнемі даму, өзгеру, жетілу үстінде болады. Ұлт 
тәрбиесі,  не  халық  тәрбиесі  этностың  жады-
на,  архетипіне,  автохтондылығына  байланы-
сты,  диахронды.  Этностың  даму  тарихындағы 
жүріп  өткен  жолдарының,  қалыптасқан 
тәрбиесінің  көрсеткіші.  Ұлттық    тәрбие  өз 
бойына  сол  ғасырлар  бойына  қалыптасқан  ұлт 
тәрбиесін  сіңіре  отырып,  бүгінгі  күннің  тала-
бына,  мақсатына,  мүддесіне  орай  бейімделу, 
ұлт  тәрбиесін  одан  әрі  қарай  жалғастыру, 
дәстүршілдік аясында жаңғырту дегенге келеді. 
Ұлттық  тәрбие  –  дүниетаныммен,  ұлттық 
санамен,  ұлттық  ділмен,  тілмен,  ұлттық 
мәдениетпен,  жалпылай  алғанда  ұлттық 
құндылықтармен астасып жатқан ұғым. Ұлттық 
тәрбиені  синтетикалық,  пәнаралық,  симби-
оз  дүние  деп  қарағанымыз  абзал.  Ұлттың 
қалыптасқан  дәстүрлі  дүниетанымы,  ұстанған 
моралдық-этикалық  кодекстері,  тұрмыстық-
шаруашылық  формасы,  кәсіптік,  заттық 
мәдениетімен  қатар  рухани  мәдениеті,  саяси-
идеологиялық мүддесімен бірге, болашақ страте-
гиясы қазір өз алдына жекелеген ғылымдардың 
зерттеу  нысаны.  Пәнаралық  ұлттық  тәрбие 
мәселесі  –  қазіргі  таңдағы  педагогика,  психо-
логия,  филология,  мәдениеттану,  философия, 
теология,  тарих,  әлеуметтану,  саясаттану  т.б. 
сынды ғылымдардың түрлі салалары бас қосып 
қарастыратын мәселесіне айналуы керек. 
Халқымыздың  дана  ұлы,  классик  ақын 
Абай  Құнанбайұлы  шығармаларында  ұлттық 
тәрбие  мәселесі  сөз  болған  ба,  сөз  болса, 
қаншалықты дәрежеде, қай қырынан тілге тиек 
етілген  деген  сауалдарға  тоқталуымыз  орын-
ды. Абай ақын ретінде сөз өнерінің табиғатына 
тиесілі  танымдық,  таңбалық,  коммуникативтік, 
эстетикалық, идеологиялық, этикалық, тәрбиелік 
қырларын  пайдалана  отырып,  өзінің  халыққа 
айтқысы  келген  идеяларын,  ойларын  поэзия 
және қара сөз түрінде жеткізген. Әдеби тектердің 
жанрлық ерекшеліктеріне сәйкес, лирикада ақын 
ойын көркем бейнелер, суреттеумен, жанамалап, 
тұспалдап қысқа айтып, көп ой туғызуға тырыс-
са,  ғақлияларында  ұлт  мүддесінен  туындаған 
ойларын  қара  сөз  арқылы  таратып  айтып, 
публицистикалық,  ғылыми-публицистикалық 
стилді ұстанады. 
Ойшыл  ақын  өз  өлеңдерінде  қазақтың 
бұрыннан  келе  жатқан  халық  педагогикасын 
мансұқтамайды,  бодандыққа  дейінгі  қазақтың 
ділі  мен  дәстүрін,  ұлттық  мәдениетті  жоғары 
бағалап  отырады.  Ұлттық  мәдениеттің  негізгі 
саласы  ауыз  әдебиеті  мен  халық  ауыз  әдебиеті 
болса, «Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол» деген 
өлеңінде халықтың бай ауыз әдебиетіндегі түрлі 
жанрларды  сөз  етіп,  олардың  ұлт  тәрбесі  мен 
мәдениетіндегі орнын көрсетеді:
Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,
Қыз таныстыр – қызыққа жұрт ыржаңшыл.
Қынаменде, жар-жар мен беташар бар,
Өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?
 
 
Бала туса, күзетер шілдехана,
Олар да өлең айтар шулап жана.
Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған,
Биде  тақпақ,  мақал  бар,  байқап  қара  [2.  92 
б.].
Абай  өлеңдерінен  халық  педагогикасы-
на,  ұлт  тәрбиесіне  байланысты  ұлт  перзенті 
ретінде  жағымды  пікірлерді  көптеп  теріп 
келтіре беруімізге болады. Бірақ, Абай мәселені 
тереңінен  көріп,  тек  халық  педагогикасының 
шеңберімен шектеліп қана қоймайды. Ақынның 
алдында  тұрған  күрделі  мақсат  –  мінезі 
сұйылып,  адам  танымастай  өзгерген,  бодандық 
қамытында  деформацияға  ұшырап  отырған 
халқының ойын, мінезін, қалыбын өзгерту бол-
ды. Ал бұл мәселенің тамыры тереңде жатыр, ол 
ұлттық  идентификация,  мемлекеттік  дербестік, 
қоғамдық  формация,  сыртқы  қарым-қатынас, 
сыртқы фактор, отаршылдық жүйе, отаршылдық 
саясат дегендермен қатар, ұлттың ішкі саясаты, 
мәдениеті, менталитеті деген мәселелерге келіп 
тірелді.  Сондықтан  Абай  шығармашылығының 
жүгі өте ауыр болды, оқу, білім, бала тәрбиесі, 
өнер,  ақындық,  шынайы  поэзия,  шынайы  поэ-
зия  эстетикасы,  ән,  күй  эстетикасы  деген  сын-
ды  ұлт  мәдениетінің  озық  тіректерімен  қатар, 
қоғамдық-саяси,  әлеуметтік,  идеологиялық, 
психологиялық,  діни-дүниетанымдық,  тари-
хи  мәселелерге  де  баруға,  ізденуге,  зерттеуге, 
қорытынды  шығарып,  ой  айтуға,  жол  табуға, 
жол көрсетуге тура келді.
Қазақ  қоғамының  мүшкіл  халін,  саяси-
әкімшілік  жүйенің  шын  бет  пердесін  «Қалың 
елім, қазағым, қайран жұртым», «Болыс болдым, 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

56
мінекей»  сынды  классикалық  өлеңдері  арқылы 
суреттеп  беруінен  ақынның  қоғам  дертінің  бір 
парасын қайдан келіп отырғандығын аңдатқанын 
көруімізге болады. Абай өз қара сөздерінде саяси-
әкімшілік,  басқару  жүйесін  өзгертуді  ұсынуы 
жайдан-жай емес. Ел мінезін бұзып отырған ба-
сты саясаттың бірі екендігін көре біліп, мәселені 
түбірінен өзгертуді көксейді. Қазақ мәселесінің 
Абай заманындағы бір шоғыры саяси-әлеуметтік 
мәселелермен  қатар,  рухани-діни,  моралдық-
этикалық, танымдық  мәселелер құрайды. Ақын 
қазақ  қоғамын  саяси  тұрғыдан  өзгерте  алмай-
тынына көзі жеткендіктен, халықтың өз ішінде 
санасының  өзгеруін  қалады.  Сондықтан  да, 
ақын  ағартушылық  саясатты  дәріптеуі,  кәсіпке 
шақыруы,  діни,  моралдық  құндылықтарды  оя-
туы, насихаттауы орынды. 
ХІХ  ғасыр  жалпы  әлемде  үлкен  жаһандық 
үдерістердің    қарқын  ала      бастаған  кезеңі. 
Орыс  экспанциясы  қазақ  қоғамын  құлдыратты. 
Жаһанданған  заманда  ерте  оянған  Абай  орыс 
ықпалының  оңды  жақтарын,  мәдениеті  мен 
ғылымын,  білімін  игеруге  иек  артты.  Орыс 
мәдениеті мен ғылымы арқылы Батыс мәдениеті 
мен  ғылымын  сіңіруді  көздеді.  Жаһанданған 
әлемде  қазақ  томаға-тұйық,  тек  тозығы  жеткен 
салт-дәстүрлер мен жаһанданған бүгінгі күннің 
талабына  жауап  бере  алмайтын  стеоретиптер-
ден, жалған құндылықтардан, мінездерден бой-
ды үзіп, дамудың жолына бет алуды үндеді.
Абай  өте  дарынды  ойшыл  тұлға,  даныш-
пан  ғалым.  Оның  орасан  ғалымдығы    ұлтты 
үшін  дұрыс  позицияны  көре,  ұстана  білуінде. 
Нигилистік,  маргиналдық  көзқараспен  ұлттың 
өткен  құндылықтарын  балтамен  шауып, 
теріске шығарып тастаған жоқ. Диалектиканың 
заңдылығымен  терісті  терістеді.  Жаһандану 
үрдісі  деп  орыстық,  батыстық  қондырма  үлгіні 
сап еткізіп қазақтың қордалы ауылына қондыра 
салған  жоқ,  оған  тырыспады  да.  Абай  барлық 
құндылықты  қазақтың  төл  мәдениетінен,  ары 
кетсе,  түрік  және  шығыс  мәдениетінен  тапты. 
Орыстың  озық  ойлы  күрескер-жазушыларынан 
өз идеясын, қоғамға қалай жеткізудің тәсілдерін, 
қоғамдық-саяси, 
танымдық 
аспектілерін 
үйреніп,  қазақ  қоғамының  ойын  қозғауға 
ұмтылды.  Түптеп  келгенде,  Абай  қоғамдық-
саяси,  әлеуметік,  танымдық  мәселелермен 
қатар,  негізгі  басымдықты  руханият  дүниесіне, 
ішкі жан дүниенің тазалығына береді. Ұлы ақын 
М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде 
жалпы педагогиканы екіге бөліп, дене және жан 
тәрбиесі  деп  қарастырып,  жан  көріністерін  үш 
топқа топтастырады: «білу, яки ақыл көріністері, 
ішкі  сезім  көріністері  һәм  қайрат  көріністері. 
Қазақтың  данышпаны  Абай  бұл  үш  тапты 
ақыл, жүрек, қайрат деп атайды. Біз бір заттың, 
яки  көрінісінің  сынын  белгілейміз,  заттар,  яки 
көріністер  арасындағы  байламды,  яки  айыр-
маны табамыз. Бұл – ақыл ісі. Біз қайғырамыз, 
қуанамыз.  Бұл  –  ішкі  сезім  ісі.  Біз  бір  істі 
істемекші  боламыз,  бір  мақсатқа  жетпекші  бо-
ламыз.  Бұл  –  қайрат  ісі»  [3.  122  б.].  Адамның 
діліне сыртқы факторлар қаншалықты әсер етіп, 
оның  іс-әрекетін  басқарады,  қалыптастырады 
дегенімізбен,  адамның  субъективті  қасиеттері, 
ішкі  жан  дүниесінің  тетіктері  шешуші  орында 
тұруы керек. Бірақ, адамның өзінің субъективті, 
жеке  тұлғалық  қасиеттерін  қалыптастыруы, 
жетілдіруі  бірден  бола  қоятын  дүние  емес.  Ол 
үшін жан көріністерінің үш табы: ақыл, жүрек, 
қайрат  аздық  етеді.  Абайдың  жіктеуіндегі 
«нұрлы ақыл», «жылы жүрек», «ыстық қайрат» 
қалыптастырылуы  керек.  Ол  адамның  тектік 
нышандарымен  қатар,  алған  тәрбиесіне,  өскен 
ортасына,  қоғам  мораліне  байланысты.  Адам 
өзінің адамгершілік қасиеттерін үнемі оқу-білім, 
иман,  таным  арқылы  жетілдіріп  отыруы  қажет. 
Абай адамгершілік қағидаларын жетілдіру бары-
сында діни философияға, дін этикасына, мораль 
философиясына  баратыны  жайдан-жай  емес. 
Адамның  қоғамдық-әлеуметтік  қалыбы  ішкі 
мінезінен,  моральдық  ұстанымдарынан  туын-
дайды. Ақынның догмалық, ортадоксалды діннің 
шеңберінен шығып, еркін ойға, дін мен ғылымның 
түйіскен  саласына  бой  ұруы,  әл-Фараби,  ибн 
Сина,  Ж.Баласағұни,  А.Яссауи,  Ә.Науаи, 
Ғ.Диуани, Кейқаус  діннің этикалық, моралдық, 
адамгершілік,  танымдық  қырын  басшылыққа 
алатын ғалымдардың ұстанымдарына иек артуы 
шынайы діннің адамның өзін-өзі тәрбиелеуіндегі, 
өзін-өзі  қолға  алуындағы,  жетілдіруіндегі, 
дамытуындағы орнын пайдалануы өте орынды. 
Әрбір жеке адам өзінше дара, қайталанбас әлем, 
монада. Ұлт тәрбиесі сынды объективті фактор 
болғанымен,  адам  өзінің  ішкі  дауысы  арқылы 
әрекеттенеді.  Сыртқы  фактор,  қоғамдық  сана, 
әлеумет  психологиясы  әсер  еткенімен,  өзіндік 
«менге»  ие,  өзіндік  «мені»  қалыптасқан,  жеке 
тұлға деңгейіне жеткен, ойлана білетін адамның 
өз  қөзқарасы,  ұстанымы  болатыны  белгілі. 
Жеке  тұлғаның  білімі,  танымы  артқан  сайын 
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

57
субъективизмі басымдыққа ие болып, қоғамдық 
санадан  алыстай  түседі.  Абай  жеке  тұлғаның 
аталмыш  қасиеттерін  жетілдіруді  қолдайды, 
соған  әрекет  етеді.  Шығыс  ойшылдарының  дін 
мен ғылымның буданынан шыққан адамгершілік 
ілімін қазақ қоғамына сіңіруге тырысады. Әрине, 
бұл  адамгершілік  ілімі  біз  ойлағандай  дайын 
күйінде,  арнайы  пән  ретіндегі  дүние  емес  еді. 
Абай көп ойдың ішінен өз халқына, қоғамына ең 
қажет тұстарын аршып алып келген. Халықтың 
санасына жететіндей етіп өңдеп, жаңартып, ау-
зына шайнап берген. 
Адам жаһанданған қоғамда өз орнын тауып, 
кәсіп етіп, бақытты өмір сүру үшін, адамның да, 
қоғамның да, Алланың да алдыңда таза, адал бо-
луы үшін қандай қасиеттерді басшылыққа алуы 
керек?  Адамгершілік  тәрбиесі  ұлттық  болады 
ма, әлде адамгершілік тәрбиесі ұлт шеңберінен 
шығып кетеді ме? Жалпы, адамгершілік тәрбиесі, 
адамгершілік  ілімі  ұлт  шеңберінен  шығып 
кетеді,  жалпыадамзаттық  қалыпты  ұстанады. 
Түптеп  келгенде,  мәселенің  осылай  қойылуы 
ақиқат,  дұрыс.  Ал,  жеке  ұлттар  мен  мемлекет-
терге бөлінген адамзат қоғамы бұл құндылықты 
дұрыс  түсіне  алмайды,  бәленің  бәрі  осы  жер-
ден шығады. Дегенмен, шығыс менталитетінің, 
шығыс моралінің жетістігі деп қарауымыз керек 
бұл  дүниені.    Абай  айтатын  «иманигүл»,  «үш 
сүю»,  «жәуанмәрттілік»,  «толық  адам»  нағыз 
адамдық кемелділік концепциялары. Ал, Абай бұл 
концепцияларды қазақтық, түркілік адамгершілік 
ілімінен  алып  отыр.  Жаһандық  соғыстарды  ба-
стап отырған дүниеқоңыз  батыс мемлекеттерінің 
ұлттық  стратегиялары  мен  идеологияларын-
да  адамгершілік  іліміне  орын  жоқ.  Тек  пайда 
мен дүниеқоңыздық идеямен кеткен. Ал, біздің 
ұлттық  стратегиямыздың  ерекшелігі  қанағат 
философиясына, адамгершілік іліміне негізделуі 
болса  керек.  Адамгершілік  іліміне  негізделген 
саясат,  идеология  бейбітшілікке  ұмтылады, 
адамдарды алаламайды, «Адамзаттың бәрін сүй, 
бауырым деп» дана Абай айтпақшы, ұлтаралық 
келісім, 
толеранттылық, 
бейбітсүйгіштігі, 
ешқашан  агрессия  жасамауы  қазақ  халқының 
қанына түркілік дүниетаныммен сіңіп, ғасырдан 
ғасырға  ең  басты  артықшылығы  болып  кел-
ген  қасиеті.    Абай  айтқан  адамгершілік  ілімін 
қолға алатын болсақ, біз жеке адам тәрбиесінде 
де,  қоғам  тәрбиесінде  де  ұтамыз.  Абайдың 
адамгершілік  ілімінің  негізінде  ұлттық  сана-
сезім, ұлттық дүниетаным, ұлттық құндылықтар, 
ұлттық мәдениет жатыр. Ол көне түркі дәстүрлі 
дүниетанымы,  ортағасырлардағы  ислам  фило-
софиясынан  туындаған  сопылық  дүниетаным, 
«жүрек», «ішкі дүние», «хәл» және «қал» ілімдері 
(сопылық дүниетанымның өзі дәстүрлі түркілік 
дүниетанымнан  көптеген  нәрселерді  бойына 
сіңіргендігі туралы қазір көп айтылып, жазылып 
жүр),  сопылық  дүниетанымды  прагматикалық 
түрде тұтынған ақын-жыраулардың «адам бол» 
қағидасы  Абай  шығармашылығында  «толық 
адам»  іліміне  келіп  құяды.  Ішкі  жан  дүние 
тазалығы, ішкі жан дүниені жетілдіру, арлы болу, 
қанағат,  терең  ой  концепциялары  –  қазақтың 
ұлттық  тәрбиесінің  негізгі  категориялары, 
тіректері.  «Пайда  ойлама,  ар  ойла»,  –  дейтін 
Абай  аузымен айтылған халық түсінігі қазақтың 
ұлттық менталитетінің көрінісі. 
Ұлттық  тәрбие  –  тірі  организм  сияқты. 
Ол  үнемі  өсіп,  өзгеріп,  жетіліп,  дамып  оты-
рады,  яғни  қоғамдық  базиске  бейімделетін 
қондырма.  Ұлттық  тәрбиенің  идеологиялық 
аспектісі  болғанымен,  ұлттық  тәрбиені  идео-
логиямен  шатастыруға  болмайды.  Идеоло-
гия  саяси  өзгермелі  болатыны  белгілі.  Ұлттық 
тәрбиеде  –  ұлттық  мүдде  болуы  керектігін  де 
естен  шығармау  керек.  Ұлттық  тәрбие  ұлттық 
менталитеттен туындайды дегенімізбен, ұлттық 
тәрбиені  қоғаммен  тепе-теңдікте  ұстап  отыру 
керек.  Екеуінің  арасында  баланс,  үйлесімділік, 
сабақтастық  орнаған  кезде  нәтижелі  болмақ, 
қоғам өркендемек. Ұлттық тәрбиенің құралы бо-
лып саналатын ұлттық тілмен, ұлттық мәдениет 
мансұқталып  жатқан  жерде  қандай  баланс, 
үйлесім болмақ. Қазіргі қазақ қоғамы мемлекеттік 
тілге толық көшпейінше бұл баланс орнықпайды. 
Ділі  шала,  руханияты  шала  ұрпақтан  ұлттық 
сана-сезімі де дүбара адам қалыптасады. Дүбара 
адам  ұлттық  құндылықтарды  мойындамайды, 
идеалды сырттан іздейді, табады. Ұлттық тәрбие 
жалқыдан  жалпыға,  жалпыдан  жалқыға  екі 
жақты икемді қатынас жасауы керек қондырма. 
Сол  тұрғыда  алғанда,    ұлттық  тәрбие  деген 
терминнің  өзі  шартты,  абстрактілі  дүние  деп 
қарауымызға болады. Тұтастай ұлтты бірыңғай 
деңгейде  тәрбиелеуді  жүзеге  асыру  қиын  ша-
руа.  Ол  үшін  балабақшалар  мен  мектептерден 
ұлттық тәрбиенін негіздерімен таныстыру қолға 
алынып,  қазақ  халқының  ұлттық      тәрбиесінің 
бастауында адамгершілік ілімі жатуы керек.
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

58
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет