Семинар өткізілді 2-бетте 6-бетте 7-бетте Ғаламшар болашағы өз қолымызда



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата03.03.2017
өлшемі11,86 Mb.
#6086
түріСеминар
1   2   3   4

Таңшолпан ТАШАЙ,

Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті

«Тарих» мамандығының

3- курс студенті

көрсету, әлеуметтік қызмет көрсету, салауат­

ты өмір салтын ұстануы, дұрыс тамақтануы 

хақында бірқатар мәселелер көтеріп, білікті 

мамандар пікір алмасты. 

Ұлыбританиялық профессор Мартин Вуд­

хед «Балалық шақтың ерте саласын кешенді 

жүргізу: өмірлік жолды қалыптастыратын, 

құқыққа негізделген холастикалық, әділ және 

инклюзивті қызметтер» («К комплексному 

ведению области раннего детства: услуги, фор­

мирующие жизненный путь, холастические, 

основанные на правах, справедливые и ин­

клюзивные») атты баян дамасында балалардың 

сәби шағынан бастап дамуының төрт бағытын 

көрсетіп берді. Ал, Ирландияның Дублин 

университеті колледжінің әлеуметтік ақиқат 

факультетін басқаратын маман Кэтлин Линч 

өз баяндамасында мектепке дейінгі балаларды 

оқыту мен қамқорлықтағы теңдіктің мәнін, 

оның негізгі ұстанымдарын атап көрсетті. 

АҚШ­тың RISE институтынан Эмили Вар­

гас­Барон, Техасс университетінен Ларри Пи­

ерс білім беру бағдарламасын әзірлеу, ұлттық 

жүйе құру маман дайындау мәселелерінің жаңа 

бағыттарын айқындап берді. Американың 

балабақшасындағы өткізілетін сабақтарын көре 

отырып, балалардың дамуындағы өзгешеліктері 

мен қолданылған технологиялары  бізге ой 

салды. Бізді таң қалдырғаны – тәрбиешілердің 

басым көпшілігі ер азаматтар. Балалар өз 

үйлерінде жүргендей сезінеді, тәрбиешілер 

әрқайсысын үйіріп алып кетеді, өз істеріне 

шығармашылықпен қарайтындықтары және 

еркіндікті басты ұстам ретінде ұстайтындықтары 

байқалды. 

Әлемдік басқосуда әрбір өкіл өз еліндегі 

білім беру мен тәрбиенің ерекшеліктері жайын­

да ақпарат беріп, өзара тәжірибе алмасты. Ерте 

жастан тәрбиелеу, балабақша, отбасы және 

жоғары оқу орындарындағы маман дайындауда 

байланыс орнату туралы мәселелер көтерілді.

Конференциядан алған тәжірибе негізінде 

Қыздар университетінің мектепке дейінгі 

және бастауыш білім беру мамандығының 

оқытушыларына, магистранттар мен студент­

терге семинар­тренинг өткізу жоспарда бар. 

Сонымен қатар, конференцияда шетелдік ЖОО 

мамандарына академиялық ұтқырлықты дамы­

ту негізінде, Қыздар университетінің білім алу­

шылары үшін арнайы дәрістер өткізу, бірлесе 

отырып жобалар құрып, олардың жүзеге асыру 

мәселелері ұсынылды.

Сайра ЖИЕНБАЕВА, 

педагогика ғылымдарының 

докторы, профессор, 

Педагогика және психология 

факультетінің деканы 

А.И. Даньшин – автор более 100 

научных работ (в т.ч. соавтор более 10 

монографий и учебников). Им разра­

ботаны подходы к оценке взаимодей­

ствия сельскохозяйственного произ­

водства и природной среды, сельской 

местности и городского пространства, 

влияния сельского хозяйства на разви­

тие экономики. Значительное внима­

ние им уделяется анализу современной 

трансформации постсоветского про­

странства.

На лекциях А.И.Даньшина были 

освещены такие темы как: «Совре­

менная география: наука естественная 

или общественная»; «Предпосылки 

развития современной географиче­

ской науки»; «Региональная полити­

ка – важнейшее направление науки 

для больших государств», «Вопросы 

геополитики», «Новые идеи в эко­

номической географии», «Простран­

ственная проекция волновых процес­

сов в географии», «Географические 

информационные системы в эконо­

мической и социальной географии», 

«Мир в третьем тысячелетии», «Совре­

менные проблемы мирового сельского 

хозяйства», «Важнейшие направления 

развития географии на постсоветском 

пространстве», «Актуальные вопросы 

географии Центральной Евразии», 

«Россия и Казахстан: взгляд на со­

вместное развитие», «География для 

школьников: пути решения накопив­

шихся проблем». Наряду с лекциями 

были и практические занятия, где 

слушатели выполняли задания на кон­

турных картах.

Практические занятия были на та­

кие темы как: «Современные взгляды 

на геополитические районы», «По­

строение и анализ эквидемической 

карты постсоветского пространства 

как элемента ГИС», «ВВП стран пост­

советского пространства». На данных 

лекциях освещались вопросы глобаль­

ного характера, каждая тема лекции 

была своеобразна и интересна. На 

каждой лекции мы открывали для себя 

что то новое, узнали много интерес­

ных фактов касающуюся географии 

мира, глобальных проблем, вопросов 

геополитики, развитие современной 

географической науки и т.д. На своих 

лекциях он показывал презентации, 

где в виде таблиц, формул, интересных 

фактов были освещены вопросы раз­

личных тематик.

На занятиях аудитория рабо­

тала очень активно, читая лекции, 

А.И.Даньшин также задавал вопросы, 

касающиеся темы. Студенты отве­

чали на вопросы, высказывали свое 

мнение. Нам были очень интересны 

темы охватывающие историю нашей 

республики, стран СНГ и Россию. На 

лекциях говорилось не только об исто­

рии государств, но и также их развитии 

на современном этапе. Также рассма­

тривались вопросы о предпосылках 

развития современной географической 

науки, о новых идеях экономической 

географии (т.е. идеи видных ученых и 

лауреатов нобелевской премии),о ин­

формационных системах в экономиче­

ской и социальной географии. Наряду 

с темами экономической и социальной 

географии, также охватывались темы 

глобального характера, о современ­

ных проблемах мирового сельского 

хозяйства.

Индира КОЖАНИЯЗОВА,

Рахат САРСЕМБАЙ,

магистранты 1 курса

кафедры географии

ӘЛЕМ НАЗАРЫ – 

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ

Дүниежүзі тарихының дәрісі



Қазіргі таңда өтіп жатқан әлеуметтік­

экономикалық өзгеріс жағдайында 

Қазақстанның әлемдік білім беру 

кеңістігіне енуі кезінде педагогтың 

жеке тұлға ретіндегі, оның кәсіби 

біліктілігі айрықша мәнге ие 

болып отыр. Себебі педагог – білім 

беру саласындағы дәстүрдің 

жалғастырушысы мен жаңаруының 

кепілі. Осы тұрғыда 8­12 қазан 

аралығында Венгрияның Будапешт 

қаласында өткен мектепке дейінгі білім 

беру мәселесіне байланысты «Қоғамды 

барлығы үшін құрамыз: балалық 

шақты қайта ойлау» («Создаем 

общество для всех: Переосмысливая 

детство») атты халықаралық 

конференцияға Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық университеті де 

қатысты. 

4

4

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№12 (119)

29 қазан


2014 жыл

М І Н Б Е Р

С о н ы ң   і ш і н д е ,   Е у р а з и я л ы қ 

эко   номикалық  одақ  мәселесіне 

тоқталып өтсем, баршамызға мәлім 

егемендігімізді алып, тәуелсіз ел 

атанғаннан кейін, Елбасы 1994 жылы 

экономикалық одақ құруды ойға алған 

болатын. Міне, арада жиырма жыл 

өткен соң бұл ой жүзеге асуда. Алай­

да, осы төңіректе қоғам екі жікке 

жарылуда. Бір топ өкілдері еліміздің 

экономикасының тұрақты әрі сенімді 

болуына Еуразиялық одақ тиімді десе, 

бұл бірлестікке екінші топ өкілдері 

үрке қарайды. 

Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан құр­

лықтың дәл ортасында орналасқан.

Теңізге шығатын жолымыз жоқ... 

Біздің «теңізіміз» – Ресей территория­

сы. Біздің «теңізіміз» – Қытай тер­

риториясы, біз солардың жағасында 

тұрмыз», – деп сұхбатында ашық айт­

ты. «Жақын көршілермен экономика­

лық қатынас жасау маңдайымызға 

жазылған нәрсе. Мүмкіндігіміз осын­

дай, басқа амалымыз жоқ. Сондықтан 

экономикалық одақ құрдық. Саяси 

емес, экономикалық одақ», – деп өз 

ойын шегелей түсті.

Шынымен де, дәуірлер бойы өзге 

елдің отарында болып, талай ғасыр 

бодандықта бұғаулаған, енді ғана 

еркіндіктің самал лебін сезінген жұрт 

«Ресей бізді қайтадан басып алмай 

ма?» деп секемденелі. 

Алайда, бұл одақта консенсус деген 

ұғым бар екенін айта кету керек. Одақ 

мүшелерінің құқық теңдігін білдіреді. 

Мәселен, үш ел Президенті мәселе 

қараған кезде, біреуі қарсы болса, 

шешім қабылданбайды. Одақтың 

осы сынды талаптары тәуелсіздік пен 

еркіндіктің кепілі бола алады деп ой­

лаймын. 

Жалпы, Қазақ елінің бұл одаққа 

мүше болғаны ел экономикасын да­

мытуда өз септігін тигізеді деп ой­

лаймын әрі сенемін. «ЕАЭО – ХХІ 

ғасырдағы мыңжылдықтың ғажайып 

жобасы». Ғажайып жоба атанған ЕЭО 

ең бастысы Қазақстан үшін нағыз 

пайдалы экономикалық одақ болады. 

Бұл одақ Қазақстанның мәңгілік 

Тәуелсіздігіне, Мәңгі ел болуына және 

оның мемлекеттік тіліне, діліне, дініне 

еш нұқсан келтірмейді. Сондықтан 

да бұл Еуразиялық экономикалық 

одақтың жолы даңғыл деген ойдамын.

Гүлім САДЫРБЕК,

 Студенттік медия клуб мүшесі

Ел болашағының баянды болуы мен 

болашақтың кемел дігін қамтамасыз ету 

жолындағы Елба сының атқарған ісі мен 

еңбегі айтар ауызға жеңіл болғанымен, 

сал мағы ауыр.Сондай бір маңызды ше­

шімдердің бірі Ұлытау төрінде тарқата 

айтылды. 

Н.Ә.Назарбаев сұхбатында алдағы 

уақ ы т та қа жет ті, маң ызд ы бірқатар 

мәселелер қозғады. Қалың тарихымыз, 

қасиетті дініміз, тіліміз бен ел эконо­

микасы сөз болды. Елімізді отыз елдің 

қатарына жан­жақты бағытта өркендетіп, 

биік тұғырға шығару үшін әр азамат жеке 

тұлға ретінде ж ұмыла атса лысуымыз 

керек. 

«Жезқазған­Бейнеу», «Арқалық­



Шұбаркөл» теміржол  магистральдары 

ашылғандығы, темір жол бойында тіршілік 

түзеліп, елдің әл­ауқаты артатындығын 

с ұ х б а т   б а р ы с ы н д а   а н ы қ   а ң ғ а р т т ы . 

Халықтың тұрмысын жақсарту, дамыту 

бағытында қолға алынып жатқан шаралар 

жұртшылықтың көңіліне медеу, еңбегіне 

серпіліс беретіні сөзсіз. 

Қазақстан егеменді ел екендігін жа­

риялағаннан кейін біршама өзгерістер 

орын алды. Дербес саясат ұстана отырып, 

дара даму жолына бағыт алды. Осы тұста 

төл теңге айналымға шықса, жаңа Астана 

бой көтерді. Қым­қуыт тірліктің арасын­

да  көпұлтты мемлекеттің халқы түрлі 

дінді ұстанатыны, діни ұйымдардың саны 

артқаны байқалды.Ұлтына, дініне, тіліне 

қарамастан, тату­тәтті өмір сүріп, бейбіт 

қоғам құруды ұстанамыз. Сонда ғана 

бірлігіміз берік болмақ. 

« Б і з д і ң   д і н і м і з   к е р е м е т ,   б а с қ а 

діндер керегі жоқ демеген жөн. Біздің 

дініміз – өзіміздің дініміз. Бірақ басқаны 

да құрметтеуіміз, сыйлауымыз керек. 

Сонда мұсылманның діні де құрметтелетін 

болады» , – дейді Елбасы сұхбатта. Діннен 

алар дүниелерді де атап өтті.Кемтарларға 

көмектесу, бір­бірімізге жанымыз ашу, 

бауырмал болу, үлкенді сыйлау, баланы 

тәрбиелеп өсіру, Отанды, елді қорғау, 

бірлікке шақыру арқылы дінді өркендеткен 

жөн деп есептейді. Бұл ойды құптау, 

дәріптеп, дамыту керек. 

Елбасы әрбір  басқан қадамын, қа­

былдаған шешімін, әр айтқан сөзін ой 

елегінен өткізіп, ел болашағының жарқын 

болуының жолында «жеті рет өлшеп, 

бір рет кесіп» қабылдайды. Нәтижесінде 

бүгінде еліміз аман, жұртымыз тыныш, 

тату­тәтті ғұмыр кешіп жатыр. 

Сұхбат барысында тіл мәселесі жөнінде 

де бірқатар шешілуі тиіс жайттарды атады. 

Заңды тұрғыда әр азамат тек қазақ тілінде 

сөйлесін дейтін болсақ халық қарсы шығуы 

мүмкін, елімізден тыныштық кетеді. Осы 

ретте Елбасы үш тұғырлы тіл саясатының 

ұтымдылығы мен артықшылығын ерекше 

атап өтті. Өзге тілдерді үйрене отырып, 

қазақтың тілін, мәдениетін, салт­дәстүрін 

сол тілде өзге елдерге барып үйретер 

болсақ, тілдің де елдің де мәртебес ар­

тары сөзсіз. Болашақта сондай болары­

на сеніміміз мол. Елбасының мақсатты 

қадамдары – жарқын болашақ жолындағы 

алғашқы баспалдақтары, сол жарық 

сәулеге ашылған жол. 



Мөлдір  ЖАҢБЫРБАЙ,  

Студенттік медиа клуб мүшесі

Қазақ елінің тарихы тереңде жатыр. Ата­

бабаларымыздың мекені, Елбасымыз айтқандай, 

бүкіл қазақ елінің тоғысып, қыз алысып, қыз 

беріскен құт мекені болған Ұлытау – қазақ 

жеріндегі киелі жерлердің бірі. Қазақ халқының 

тарихының куәсі, қаншама жылдардан бергі 

қазақ басынан өткен қиыншылықтардың 

куәгері – осынау Алтайдан Атырауға дейінгі 

аймақтың тоғысар тұсы. 

Елбасымыз Ұлытау төріндегі сұхбатында 

қазақ елінді диалект сөздердің болмауы, батыс 

пен шығыс, оңтүстік пен солтүстік бір­бірінің 

сөздерін түсінуі – кең­байтақ жерде көшіп­

қонып, араласып­құраласып жатуында екендігін 

атап өтті.

Тіл – ұлттың жаны. Тіл болмаса, ел бол­

майтыны белгілі. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл 

мәртебесіне ие. Елбасы айтқандай, кім қазақша 

сөйлеймін десе, өз еркі, оған ешкім қой демейді. 

Орыс тілі мен ағылшын тілі өркениетке жол 

ашатын тіл екені рас. Қазақ жерінде тұратын 

қазақтардың үлесі 65 пайыз. Сондай­ақ қазақ 

жерінде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері осын­

шама жыл ішінде мемлекет басшысының халықа 

Жолдауын, арнап айтқан сөздерін ұғынып, 

Қазақстанның біртұтастығына, қазақстандық 

ұлт қалыптастыруға өз үлестерін қосатынына 

сенімім мол. 

Себебі Қазақстанда тұратын, осы жердің 

тұр ғылықты тұрғынымын деген адам міндетті 

түрде осы елдің тілін, дінін, салт­дәстүрін, әдет­

ғұрпын, таным­түсінігін білуі және құрметтеуі 

керек. Ол парасат биіктігіне көтеріледі. 

Сонымен қатар, қазақ жастар қазақ тілінің 

дамуына, кең қолданыста болуына атсалыса 

алады. Отбасынан бастап, кез келген қоғамдық 

орында қазақ тілінде сұрақ қойып, қазақ тілінде 

жауап беруде талап ететін болса, барша жұрт 

мемлекеттік тілді білуге, қазақ тілінде сөйлеу   ге 

ұмтылатын еді. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді 

құрметте» деген. Біз шет тілдерін меңгере оты­

рып, өз еліміздің байлығын таныта аламыз. 

Нұргүл КЕҢЕСҚЫЗЫ, 

Студенттік медиа клуб мүшесі 

Елбасының Ұлытауда берген сұхбаты қазақ 

елінің келешегінің кемел, тәуелсіздігінің мәңгі, 

ана тіліміздің ардақты боларын тоқсан ауыз 

сөздің тобықтай түйінімен келтіргендей. Елбасы 

сұхбат барысында, ұлт мәселесі ұлықталып, ана 

тіліміздің абыройы мен ата дініміздің діңгегін 

саралап, елдің бүгіні мен болашағын бағдарлай 

отырып, Еуразиялық одақ жайындағы күрделі 

мәселелерді тарқата айтты.  Талайлар таласқа 

түскен өзекті ойлар да, көптің көкейінде жүрген 

сансыз сауал дар да өз шешімін тапқан секілді. 

Түйіні шешілмеген мәселе, ана тіліміздің 

қазіргі жай­күйі болып отыр. Елбасы бұл 

мәселені де жоспардан тыс қалдырмады. 

Мемлекеттік тілдің тағдырын әр қазақтың 

қолына тапсырды. «Қазақпен қазақ қазақша 

сөйлессін» деген мәтелге айналған сөзін баса 

айтып өтті. Шынымен де, қазақ тіліне қазақтан 

артық ешкімнің жаны ашымайды. Қазақ тілі 

қазақтан басқа ешкімге керек емес. Сол себепті, 

оның болашағын бағамдап, бағалайтын өзіміз. 

Елбасымыз айтқандай, «Біз қазақ тілінің көк ту­

ымыз секілді көкте желбіреп тұруы үшін жұмыс 

істеуіміз керек».

Еліміздегі дін туралы өзекті  ойлар да сұхбат 

барысында қозғалды. Елбасы алғашқы шыққан 

заң бойынша діни конфессиялардың барлығына 

рұқсат беру дұрыс болмағанын, соның зардабын 

қазір көріп жатқанымызды атап кетті. Салда­

рынан діни ұйымдардың саны күрт артып кетті. 

Ұлытау төрінде Елбасының сұхбаты естіген 

құлаққа мәні­мағынасы өте зор әңгіме болды. 

Мемлекет басшысы ертеңгі істелер істің оң­ со­

лын айқындап берді. Басшы берген бағдардан 

адаспай, кемел келешектің тұтқасына айналуы­

мыз керек.

      


Маржан ӘБІШ, 

 Студенттік медиа клуб мүшесі

ЕЭО Қазақстан 

үшін тиімді 

Елбасының Ұлытау төріндегі ұлт туралы 

толғаныстары, өзекжарды сұхбаты бүгінгі 

таңда өзекті тақырыптардың біріне айналып, 

жағымды пікірлер туындап отыр. Әсіресе, 

Нұрлан Оразалиннің «Ұлытау сұхбаты – 

ұлтты тәрбиелеудің, бағыттаудың шын 

мағынасындағы ұстаздық сөзі. Қабырғалы 

қазақ жұртының өлшем­таразысына салып 

айтар болсақ, Ұлытау сұхбаты – Бүгіннің 

сөзі, болашақтың кепілі» деген ойына толық 

қосыламын. Бұл сұхбаттың мен үшін бір 

ерекшелігі – Н.Ә.Назарбаев тек Президент 

қана емес, елін сүйген ер, ұлт үшін қам жеген 

перзент ретінде қоғамдағы хал­ахуал, 

экономика, тіл, дін, тарих жайында кеңінен 

толғанды. 

Жарқын болашақтың жарық сәулесі жағылды

Көп тіл білу парасат биігіне көтереді 

Елбасы өзекті мәселеге дәйекті пікір берді 

ТОЛҒАУЛЫ МӘСЕЛЕГЕ


5

5

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№12 (119)

29 қазан


2014 жыл

«Қазақ мемлекет болмаған, 

қазақ елі жай ғана көшпелі 

халық» деген сыңайдағы сан 

алуан пікірлердің айтылып, 

біраз әңгімелердің бұқара ара­

сына қозғау салғаны белгілі. 

Осы тұста мемлекет басшы­

сы Н.Ә.Назарбаевтың 2015 

жылы Қазақ мемлекеттігінің 

550 жылдығын ерекше атап өту 

керектігі жайлы ұсынысы орын­

ды айтылып, Қазақ елінің мем­

лекет ретінде тарихтағы өз ор­

нын айшықтап, күмән келтірген 

жандардың санасына оқшау ой 

салғандығы анық. 

Сонымен қатар мемлекет 

басшысының тамылжыған тамыз 

айында табиғаты тамаша Ұлытау 

жерінде берген салиқалы сұқбаты 

қаншама мәселенің басын ашып, 

себебі мен салдары түсіндірілген 

әңгіме болды. Елбасы сұхбаты 

баспасөз беттерінде жарияла­

нып, қалың бұқараға кеңінен 

тарады. Ал осы ретте жастардың 

айтар ойы қандай? Қыздар 

университетінің белсенділері 

қоғам тынысынан хабардар ма?

Иә, біз елімізде болып 

жатқан оқиғалардан әрдайым 

хабардармыз. Жастар үшін, 

болашақ үшін жасалып жатқан 

іс­шараларды қолдап, жүзеге 

асыруға атсалысамыз. Ұлық ме­

кен Ұлытауды таңдағанының 

өзі ерекше әсер қалдырды. 

Алтай мен Атыраудың атыра­

бына кең жайлаған халықтың 

басын қосып, маңызды жиын 

өткізген киелі мекенінде елдік 

жайлы сөз қозғаудың өзі игі 

бастама. Себебі, қазақ тілінің 

мәртебесін көтеру, қолданыс ая­

сын кеңейту туралы, үш тұғырлы 

тіл саясатының неліктен қолға 

алынғандығы жайлы жан­жақты 

талдау, түсіндіру жұмыстары 

әсіресе жастардың білім алуға 

деген құлшыныстарын артты­

рып, патриоттық сезімдерін 

асқақтатын, рухтандырғаны 

сөзсіз. 


Тағы бір, мән беретін ақ­

парат – қазақ мемлекетінің 550 

жылдығын атап өту. Жағымды 

ақпаратты дүйім жұрт сүйіншілесе 

жеткізіп жатыр. Елдіктің ру­

хын асқақтататын, мерейді 

асыратын дүбірлі тойдың бола­

ры анық. Осы ретте «хандық», 

«ел», «мемлекет» атауларының 

қайсысы дұрыс екендігін әркім 

өзінше дәлелдеген тағы бір 

мәселе туындап жатыр. Ал менің 

ойымша Қазақ ел болып хан 

сайлап жатқанда жазира дала­

да өз мемлекетін құрған. Сол 

себепті де «Қазақ мемлекетінің 

550 жылдығы» деп ерекше атап 

өту орынды болар. Қазақ халқы 

қаншама кезеңдерді басынан 

өткеріп, жүздеген жылдар бойы 

тағдыр тезіне шыдап, талай сын­

нан өтті. Ендігі мақсат, Елбасы 

айтқандай, Тәуелсіздікті көздің 

қарашығындай сақтау. 

  

Ақару ӘБСЕЙІТ,

Студенттік медиа клуб мүшесі

Әр елдің жері, өзіне тән тынысы 

мен тұрмысы болары хақ. Қазақ стан 

атты киелі мекеннің орталық ордасы-

нан орын алып, елдің елдігі, ердің ерлігі 

сынға түскен небір қысылтаяң шақта 

қазақтың игі жақсылары бас қосып, үш 

биі бәтуә жасап, үш жүзі мәңгілік бірлікті 

қалайтынын білдіріп, тасты қашап, таңба 

салған ұлы мекен – Ұлытау.

Тарих беттерінде есімі алтын 

әріптермен зерленген бұл мекенді 

«Ұлттың тауы – Ұлытау» десіп, хал­

қымызбен бірге жасап келе жатқан 

көненің көзін көрген жер. Тарихи 

мәліметтерге көз салсақ бұл жерде Ре­

сей патшасы бекініс орнатуға жарлық 

бергеннен бұрын да ел қоныстанып, 

мекен еткені белгілі. 

Ол бәз біреулер айтып жүргендей, 

1843 жылы ғана өмірге келген ме­

кен емес. Ұлытаудың өз басында ел 

қоныстанғанына үш мың жыл артта 

қалғанын белгілі ғалым академик Әлкей 

Хақанұлы Марғұлан өз зерттеулерінде 

толық ашып көрсетіп, дәлелдеп берді. 

Демек, мұнда ұлтымыздың үш мың 

жылдық тарихы жатыр.  Ал, ондай ай­

тулы оқиғалар мен тарихи тұлғаларға 

қатысты мағлұматтар мен мұрағаттар 

Ұлытауда жеткілікті. 

Ұлытаудың төріне ел билеген 

көсемдер, тілінен бал тамған шешендер, 

білегінен күш саулаған батырлар малдас 

құра отырып келелі кеңес өткізгенін, 

елдің ертеңін болжап, болашағына 

көз жібергенін көреміз. Ел қамын же­

ген Едіге деп халқымыз айтатын Едіге 

батырдың ақтық демі шыққан жері, 

мәңгілік мекені болған жері де осы – 

Ұлытау. Таудың ең бір биік шыңы осы 

батыр Едігенің атымен аталуы да оған 

деген халықтың құрметінің белгісі. 

Ұлытаудың өткені туралы қанша айтсақ 

та артық болмас. Сөздің бетін бүгінгі 

күнге бұрсақ. Ел басымыз айтқандай, 

Ұлытау  – қазақтың көне ғасырлық та­

рихында ұлан­асыр оқиғаларды бастан 

өткерген, ел басына күн туған шақтарда 

халқымызға пана болған, хандарымыз 

өз ордаларын тіккен, билеріміз бен 

батырларымыз бастарын қосып, елдік 

мәселелерді шешкен, киелі де құнарлы 

әрі қазыналы өлке. Осы сөздерді тіліне 

тиек ете отырып, Елбасының Ұлытаудың 

төрінде ұлы толғамдар айтуының өзінде 

бір мән жатыр. 

Елбасының көркі бөлек Ұлытау 

өңірін сұхбаттасуға таңдап алуы – 

ежелден ел түріктің мекеніне айналған 

жердің қадір­қасиетін арттыра түскені 

анық.  Отандық туризмді дамыту үшін 

Ұлытау көркі мен тарихи деңгейі тап­

тырмас орын. Ұлылықтың үлгісі бола­

тын қадірлі мекен – Ұлытау. Қойнауы 

құтқа, тарихи маңызы зор оқиғаларға 

бай қазақ жерінің ең бір қасиетті мекені 

талай ғасыр халық жадында жаңғырып 

тұрары  да, салтанаттың жиынның куәсі 

болары сөзсіз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет