Сабақ дайындағАН: хуан г. Бабровка жоббм асанова д. Е. Агрономия ом



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі0,49 Mb.
#6089

                          Павлодар педагог кадрларының біліктілігін арттыру институты 

 

 



 

 

                       Ашық сабақ 



 

 

ДАЙЫНДАҒАН: ХУАН Г. БАБРОВКА ЖОББМ 



                                    АСАНОВА Д.Е. АГРОНОМИЯ ОМ 

 

 

 

 

 

 

2012-2013 ОҚУ ЖЫЛЫ 

 

Ашық сабақтың тақырыбы: « Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы.» 

Білімділік мақсаты: Оқушыларға ғұн мемлекетінің ерте кезеңі, мемлекеттік құрылымы, ғұн 

тайпаларының бірлестігі  туралы мағлұмат беру, ғұндар туралы 5-сыныпта өткендерін,  білетіндерін 

толықтыру 

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың пәнге деген ынталарын арттыру, ой- өрістерін  кеңейту, 

есте сақтау, ойлау, шапшаңдық  қабілеттерін дамытуТәрбиелілік мақсаты: білімділікке, 

достыққа, татулыққа, Отанын, елін,  жеріне деген сүйіспеншілікке,  туған елінің  тарихын білуге, 

азаматтық- патриоттық тәрбие беру. 



Сабақтың түрі: аралас сабақ 

Көрнекіліктер, құрал-жабдықтар: электронды оқулық, слайд, плакаттар, карточкалар, 

компьютер, интерактивті тақта, карта, шарлар 



Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, математика 

Барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі ( Сәлемдесу, түгендеу) 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау    Дұрыс па, бұрыс па? ойыны ( слайдта гүлдердің  астында 

жасырылған  сұрақтар беріледі. Оқушылар дұрыс болса, дұрыс екенін, бұрыс болса дұрыс 

жауабын айтып жауап береді) Қойылатын сұрақтар:                                  1.      Қаңлылар  б.з.б. 3-

2 ғасырлар-б.з. 5-ғасыры аралығында өмір сүрді (дұрыс) 

«Вэсаканың ер жүрек ұлдары Канха қамалының алдында  құрбандық берді деп жазған 

қытай тарихшысы Сыма Цянь( бұрыс. Ежелгі Ираннның  б.з.б. 6 ғ жазылған «Авеста» қасиетті 

кітабы) 


Қаңлылардың өмірі мен тұрмысы туралы қытай тарихшысы Сыма Цяньнің «Тарих 

жазбаларында», қытайдың «Цянь Ханьшу» атты тарихи деректерде  жазылған (дұрыс) 

Тарихшы ғалымдар қаңлы ескерткіштерін зерттей келе 4- ке бөлді: Қауыншы, Отырар-

Қаратау, Жетіасар, Көк- Мардан ( бұрыс, 3-ке Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар) 

Қаңлылардың негізгі  қонысы Әмудария өзенінің орта ағысы,  қазіргі Бішкек жерінен 

Қаратау жеріне дейінгі аралықты алып жатыр ( бұрыс,Сырдария өзенінің  орта, төменгі ағысы, 

қазіргі  Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласы, Қаратау бөктерінен Талас өзеніне дейінгі 

аралықты алып жатыр) 

Қаңлы елінің билеушісі- хан, Астанасы- Битянь қаласы (дұрыс) 

 Алтын-асар, Көк-мардан, Пұшық-мардан деген қалалары болды? ( дұрыс) 



ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 

Сабақтың мақсатымен жоспары мен таныстырып өту (слайд арқылы) 

Жоспары:  

1.      Ғұндар тарихының ерте кезеңі 

2.      Мемлекеттік құрылымы 

3.      Ғұн тайпасының бірлестігі 

(6-сыныпқа араналған электронды оқулықты қосып, тыңдау) Б.з.б.  1 мыңжылдықта қазіргі 

Моңғолияның  оңтүстігінде Каспий өңіріне  дейінгі  Орталық Азияны  көптеген тайпалар 

мекендеген. Солардың бірі  ғұн тайпасы. Қытай  деректерінде ғұндар туралы б.з.б. 3 ғасырдың 

аяғынан бастап айтылады. Ғұн сөзі сунну,  гун руң,  хун ю т.б. атаулармен берілген. 



Ғұндар кезеңі:  б.з.б 4 ғасыр б.з 3 ғасыры аралығын қамтиды 

Орналасқан жерлері, территорияларын картадан көрсету 

Сол қанат 

Оң  қанат 

Орталық қанат 



Ғұн мемлекетінің әскери жүйесі 

Мемлекеттің ең жоғарғы басшысы –шаньюй деп аталды. Одан кейінгі  орында түменбасылар 

шаньюйдің  жақын- туыстары тұрды.  Ғұндар 24  рудан тұрған. 24 түменбасы , олардың 

әрбіреуінде 10 000 атты әскері болған. 

Шаньюй 

24 түмен басы 

Әрбіреуінде  (10 000 атты әскер) 

мыңбасы 

жүзбасы 

онбасы 

 ғұндардың қанша әскерлері болғанын шамамен  есептеп шығарыңдар241 110 әскері 

болған                                                                                                                   жылына 3 рет 

аксакалдар кеңесі болып тұрды.  Б.з.б. 3 ғасырда Цинь патшалығы солтүстіктегі көршілерінен 

қорғану мақсатында Ұлы Қытай қорғанын салды. Сендер Ежелгі дүние тарихынан  бұл туралы 

Ежелгі Қытайды өткенде 

оқыдыңдар                                                                                                                                          – 

Қорғанның  биіктігі  қанша, ұзындығы қанша? 

-           Қорғанның  үстінен қанша адам, немен жүре алады дедік? 

-           Жаудан қорғану үшін   60-100 метр сайын нелер орналастырылды? 

Ғұн тайпасының бір мемлекетке бірігіп,  күшейген кезі б.з.б. 2-ғасырмен 1 ғасыр аралығында 

Мөденің  билік тұсында болды. Оның жасаған әскери реформалары арқасында Ғұн мемлекеті 

қытайдың Хань әулетінің  негізін  қалаушы Лю-банды да жеңіп байкал көлінен  Тибет тауына дейін, 

Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзені  орта ағысына дейінгі  аралықты 

иемденді.үйсін,   қаңлы,алан.т.б. тайпаларды басқарды 

б.з.б. 1-ғасырдың ортасында, яғни б.з.б 55 жылы 


Оңтүстік 

Хань әулеті қол астында  

Солтүстік Чжи-чжи шаньюйдің  басқаруымен батысқа қарай жылжыды. 1ғ аяғында  

Ғұндар қаңлылармен бейбіт келісімде болды, бірақ тұрақтап тұрмай б.з.б   2 ғасырдан бастап б.з. 

4-ғасыры аралығында Батыс Европаға дейін қоныс аудара бастады. 

Бекіту кезеңі:       Бас қатырғыш сұрақтар: 

1.Ғұндар туралы қандай деректерде айтылған. Оларды қалай атады? 

2. Ғұн мемлекетінің өмір сүрген кезеңі 

3. Картадан ғұндардың мекендеген жерлерін көрсет. 

4.Мемлекеттің құрылымы 

5. Ғұн мемлекеті қай уақытта, нешеге бөлінді? 

6. Қай ханның  тұсында мемлекет жерін кеңейтті, қай тайпалармен соғысты, басып алды?  

 Сабақты өзіндік бағалау:  

Білемін 

Білдім 

Білгім келеді 

Сабаққа қойылған 

баға 

  

  

  

  

Ү. Сабақты қортыныдылау, бағалау  

Үйге тапсырма : §20 оқу,  ғұндардың қыш ыдыстарының суретін салып келу, өзіндік  бағалауды 

аяқтау 


 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет